Рет қаралды 81
«Сіз білесіз бе?» жобасы аясында «TURKIsTANYM» танымдық бейнероликтер топтамасы тағы бір туындымен толықты.
Жобаның бүгінгі саны Ақсу-Жабағылы қорығы жайлы. Ақсу-Жабағылы қорығы - Қазақстанның ең көне табиғи қорықтарының бірі, 1926 жылы құрылған. Талас Алатауы мен Өгем жотасында орналасқан бұл қорықтың ауданы 128,118 га. Мұнда 1400-ден астам өсімдік түрі мен 42 сүтқоректілер, 238 құс түрі, көптеген бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер мекендейді. Қорықтың ландшафттары таңғажайып: биік тау шыңдары, терең шатқалдар, сарқырамалар мен мұзды көлдер. Ақсу-Жабағылы ЮНЕСКО биосфералық қорықтар тізімінде!
#АқсуЖабағылы #табиғатқорғау #қорық