Саяхат немесе Дәрул-Куфр пәтуасы

  Рет қаралды 1,475

Daurenbek Shamidinov

Daurenbek Shamidinov

8 ай бұрын

Ислам үмметін артта қалдыруға себеп болған келесі мәселе - бұл Дәрул-Куфр болып табылады.
Дәрул-Ислам мен Дәрул-Куфр анықтамасын түсініп алайық. Ислам заңдары үстемдік құрған, мұсылман елдерінің жерлерін Дәрул-Ислам яғни Ислам аймағы деп атайды. Сәйкесінше мұсылман емес елдердің жерлерін Дәрул-Куфр яғни Күпірлік аймағы деп атайды. Аталмыш терминдер алғаш рет 9-10 ғасырларда пайда болған. Содан соң бұған қатысты мыңдаған пәтуалар шығып, том-том кітаптар жазылған.
Мысалы мәлики мәзхабының шейхі Абдуллах ибн әл-Әһдәл Хусейннің «әс-Сәйфул Баттар» кітабында: «Ширк адамдары билік ететін елге барған адамның үкімі - ауыр күнәға бой алдырған бұзақы болмақ. Егер ол күпірлікке разылық білдірмеген жағдайда ғана. Олай болмаған жағдайда, ол адам кәпір болады», - деп жазылған.
«Әл-Муқаддимәт уәл Мумаххидәт» кітабында (3-ші том, 374-ші бет): «Мұсылмандарға сауда жасау немесе басқа да себептермен ширк аймағына баруға тыйым салынады. Тек тұтқынға түскен мұсылмандарды сатып алу жағдайынан басқа. Сәйкесінше кімде-кім күпірлік жеріне мәжбүрліксіз өз еркімен барса, ол адам айыпталуы тиіс және имамдық қызметінен шеттетілуі қажет», - деп жазылған.
711-795 жылдар аралығында өмір сүрген әйгілі имам Мәлик пен оның шәкірттері де осыған ұқсас көзқараста болған. Ал басқа діни кітаптарда Дәрул-Куфр аймағында сауда жасаушы адам, өз еліне қарсы тыңшы болуы ықтималдылығы айтылады. Себебі кәпірлер олардан мұсылман елдеріндегі рухани, саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелер турасында сұрастырып білуі туралы қауіптенеді. Осылайша Дәрул-Куфр елдеріне саяхаттау былай тұрсын, тіпті сауда жасауға да рұқсат болмаған. Бұған бағынбаған адамды бұзақы немесе пасық деп жазалаған.
Көріп отырғандарыңыздай, бұл пәтуалар мұсылмандардың аяқ-қолына тұсау салып, өзге елдерге ғылым-білім игеру мақсатында баруға мүмкіндік бермеген. Осылайша жабық саясатты ұстанып, ғасырлар бойы Еуропадан оқшауланып өмір сүруге алып келген. Осының салдарынан ғылыми зерттеу жұмыстары бәсеңдеді. Әлемдік ғылыми зерттеулерге жол жабылып, интелектуалды изоляция басталды. Нәтижесінде 16-17 ғасырда басталған Еуропаның ғылыми-технологиялық прогресі әскери-экономикалық артықшылыққа айналғанға дейін мұсылмандар ұйқылы-ояу күйде өмір сүрді. Тіпті байқамай да қалды. Ақыры еуропаның отарында қалды.
#ОянМұсылман #ИсламиРенессанс #ҒылымнанАрттаҚалу #ЖәдидшілдікИслам

Пікірлер: 14
@user-ry5gy4cn9t
@user-ry5gy4cn9t 8 ай бұрын
Миға сыймайтын пәтуәлардың әсері әлі күнге өз жемісін беріп келеді. Кеше Түркияда доктрантура оқып жатқан ұстазым группасында доктрантураны оқуға келген ауған қызы жайлы айтты. Ол енді еліне қайта кіре алмайды екен. Себебі Талибандар шет елге шыққан әйелдерді қайта елге кіргізбейді екен. Бірақ ауған қызы оған өкініп тұрған жоқ. "Бастысы білім алсам, соны жеткізсем." дейді.
@shalkarnurkali9097
@shalkarnurkali9097 8 ай бұрын
Еее. Көбелек әсері. Қазір ғылымнің кілті батыста, мойындау керек. Және соны барып оқуымыз керек. Мен жастарға сенемін!
@Eshkim_myrza
@Eshkim_myrza 8 ай бұрын
Керемет жақсы түсіндіресіз, графиканыда жақсы дайындайсыз!
@user-tg5bc6ls1f
@user-tg5bc6ls1f 8 ай бұрын
@Janbolat_Designer
@Janbolat_Designer 7 ай бұрын
Керемет
@user-tz4pd1bh6w
@user-tz4pd1bh6w 8 ай бұрын
Бұл сол кездегі мұсылмандардың иман дәрежесінің деңгейі еді.Кез келген іс Алланың қалауымен болады деген,одан кейін бұл дүниеге деген махабаттың жоқтығынан. Ғылым білімді ертерек игергенде мұсылмандар бұлай болмас еді деген өкінішті айта бергеннен ештеңе өзгермейді.
@user-cv8uq8oo5m
@user-cv8uq8oo5m 6 ай бұрын
Мәдени майданға шыққан екенсіз . Лайык басып қолдау білдіреміз
@user-jw6qr6jf2i
@user-jw6qr6jf2i 7 ай бұрын
мусылмандар дамыбатыр еді мересе шықты куйреи бастады медесе болу алдын муштахиттер ғалымдар өте көп еді
@dosiktaukehanov3568
@dosiktaukehanov3568 8 ай бұрын
Даурен аға пәтуашылдарды жамандап жатсыз кәзіргі таңда. Бірақ кезінде сіз солардың сөзін сөйлеп жүрген едізғой Европаны жамандап надан халықтар деп.Хрестиан мен Еврейлерді мұсылманның жауы тағы сол сияқты. Мен әлі күнге дейін естіп жүрмін, Ислам дінінде адасқандардың көбі сіздің кезінде шығарған ведиоларыңыздағы сөздерді айтатынын.
@Eshkim_myrza
@Eshkim_myrza 8 ай бұрын
Жамандап жатқан жоқ қателіктерді, дұрыс емес пәтуаларды айтып жатыр
@shamidinoff
@shamidinoff 8 ай бұрын
Сөзіңіздің жаны бар. Сол кезде тек біржақты көзқараста болғанымды мойындаймын. Бірақ сонда да мен факттарды айттым. Мысалы мұсылмандардың елдеріне отарлап басып кіруі, 11 қыркүйек оқиғасы, қастандық теориялары, сионисттердің саясаттары бәрі-бәрі рас. Мұсылман үмметінің осы халге түсуіне тек Еуропаны кіналағым рас. Алайда тарихи факттерді зерттей келе, бұған өзіміз кінәлі болғанымызды түсіндім. Мысалы мұсылмандар 8-17 ғасырларда әлемге үстемдік еткен. Сол кездерде ғылымға көңіл бөлмей, үмметті кері тарту процесі жүрді. Ол туралы "кофе немесе интелектуалды революция", "қару-жарақ хронологиясы", "баспа білдегі" секілді видеоларда айттым және осы бүгінгі тақырыпқа себеп болған пәтуалар үмметті осы халге түсірді. Ақыр соңында отаршылдыққа түстік. Біз әлсіреген соң ғана, Еуропаның қастандығы басталды. Бұған өзіміз кінәліміз..
@user-jw6qr6jf2i
@user-jw6qr6jf2i 7 ай бұрын
мешіттер емес медреселер куйретті тусінгенім
@user-wp6ij4nm6x
@user-wp6ij4nm6x 7 ай бұрын
Пәтуа шығарған адамдардың надандығынан
Тоқал дерті немесе Үйленбеген данышпандар
14:16
UFC Vegas 93 : Алмабаев VS Джонсон
02:01
Setanta Sports UFC
Рет қаралды 226 М.
Luck Decides My Future Again 🍀🍀🍀 #katebrush #shorts
00:19
Kate Brush
Рет қаралды 8 МЛН
Ақшам намазы сүннетінің орындалуы
7:31
#men_o'zbekman OLIMLAR QARASHLARI...
10:17
FDU UNIVERSITY
Рет қаралды 9
Почему Арабы и Евреи всегда воюют?
19:22
Сложный Процент
Рет қаралды 1,1 МЛН
"Жат ағым - жақсылыққа апармайды"
32:45
Дін істері Алматы облысы
Рет қаралды 6 М.
UFC Vegas 93 : Алмабаев VS Джонсон
02:01
Setanta Sports UFC
Рет қаралды 226 М.