Саят Қамшыгер "Ана туралы өлеңдер"

  Рет қаралды 639

Рыскен Мусабалинова

Рыскен Мусабалинова

Күн бұрын

Пікірлер: 16
@КулшатКасенова
@КулшатКасенова 4 ай бұрын
Анамызды бір еске алдық , керемет айтылған
@ГулнарДжолдасбекова
@ГулнарДжолдасбекова 4 ай бұрын
Айналайын,кудагиым жанын жанатта болсын !!!❤
@ФатимаНургалиева-х8б
@ФатимаНургалиева-х8б 4 ай бұрын
Керемет ❤❤❤❤❤
@БерикКайдаров
@БерикКайдаров 4 ай бұрын
😢 Керемет
@MrUrsus007
@MrUrsus007 4 ай бұрын
@АйманКатранова-о1о
@АйманКатранова-о1о 4 ай бұрын
Саят! Көңілімізді бір толқыттың...😢
@ФатимаУсенбаева-щ1в
@ФатимаУсенбаева-щ1в 2 ай бұрын
Ана жаның жәннәттә болсын
@АйманКатранова-о1о
@АйманКатранова-о1о 4 ай бұрын
Мамамның орны толмайды ғо😢😢
@РыскенМусабалинова
@РыскенМусабалинова 4 ай бұрын
Аналар Домалақ пен Ұлпандардай баяғы, Аналар ғой тіршіліктің баяны. Алыстасақ армандардай аңсатқан, Аналардың алақаны-ай аялы! Сақтайды оны әрбір перзент, ер есте, Біз оларсыз шыға алмаймыз белеске. Әр жүректе гүл алқабын өсірген, Аналардың мейірімі емес пе? Олар барда қайғы баспас еңсені, Әр ұл мен қыз - аналардың бөлшегі. Аналар ғой сұлулықтың нақ өзі, Ана емес пе шыдам, төзім өлшемі? Жүректерде көктем орнап, жайласын, Көңілдерге құстар қонып, сайрасын. Апалардың әжім түспей бетіне, Аналардың жанарлары жайнасын! Қаһарлы қыс көңілдерді мұңайтты, Көктем келіп құлағыма сыр айтты. Толқып тұрмын анам қайтып келердей, Ал, көктемді ана емес деп кім айтты? Саят Қамшыгер
@АлияКатранова-з3д
@АлияКатранова-з3д 4 ай бұрын
Тындап көзге еріксіз жас келді анашымыз жаңы жәннатта болсың😢
@АкылбекИскаков-е7г
@АкылбекИскаков-е7г 4 ай бұрын
Керемет әдемі іштен шыққан сағыныш тылсым сөздерай ❤❤❤❤❤Құда құдағиымызды еске алып жылап алдым.Жандары жәннәттің төрінде болсын .🙏🤲🏻
@aruzhankamshyger2978
@aruzhankamshyger2978 4 ай бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻
@СаятКамшыгер-к7з
@СаятКамшыгер-к7з 4 ай бұрын
Әке-шешені бар кезінде, тірі кезінде ардақтайықшы. Барлық перзент ата-ананың үмітін ақтасын! Өзіміз де жақсы ата-ана болып, салиқалы ұрпақ тәрбиелейік!
@РыскенМусабалинова
@РыскенМусабалинова 4 ай бұрын
Сен кеткелі Сен кеткелі құлазуда көңілім, Жүрегіңмен тоқтағандай өмірім. Қайғы-мұңға жан дүнием жаншылды, Ал, сырт көзге күдірейген бөрімін. Сен кеткелі көтермедім басымды, Енді менің кім сүртеді жасымды? Бұл дүниеде қайдан сені табамын, «Құлыным» деп кім сипайды шашымды?! Сен кеткелі кеудем толды өксікке, Теңіздерім айналғандай көлшікке. Асыл анам кірмейінше жұмаққа, Алла, менің көңілімді көншітпе! Сен кеткелі өкпем қысып, тарылды, Ажал менің әкетіпті «барымды». Опыр-топыр, бір жеміс те қалдырмай, Біреулер кеп тонағандай бағымды. Сен кеткелі ой сан саққа бөлінді, Ұлың да енді көп ойлайды өлімді. Тағдыр мені бір бұрышқа тастады, Сығып-сығып шығарғандай сөлімді. Сен кеткелі жүрем босқа сабылып, Әкем кетіп, өзің боп ең бар үміт. Енді мені шығарып сап көзімен, Келерімді кім күтеді сарылып? Сен кеткелі есеңгіреп аспаным, Теректер де көтермей тұр бастарын. Бар кезіңде қадырыңды білдік пе, Өмір деген осылайша, қас-қағым... Саят Қамшыгер
@РыскенМусабалинова
@РыскенМусабалинова 4 ай бұрын
Бар кезіңде Сәби кезден өзіңе еркеледім, Көктемдейін, анашым көркем едің. Бар кезіңде құлындай ойнақтап ем, Сен кеткелі қайғыдан өртенемін. Өзіңменен ыстық ед ұям маған, Перзент пе екен анасын сүйе алмаған?! Шырылдайды көңілім бозторғайдай, Бір көрсем деп өзіңді қиялданам. Рухың көкте, анашым, сеземін мен, Ажал келер бізге де кезегімен. Ажыраған діңінен бір бұтақпын, Жас тамады қырқылған өзегімнен... Бар кезіңде келуші ем топтан да алда, Сен бар кезде күймеуші ем шоқтарға да. Түсінеді қазіргі хал-жайымды, Бұл өмірде анасы жоқтар ғана. Саят Қамшыгер
@НурзияРахметова
@НурзияРахметова 4 ай бұрын
Саят, арнаның өтк керемет, ия Балқия апай мен Хамит ағаның тәрбиесі сендерді осылай оқытып, адамгершілікке тәрбиелеген. Жандары жанатта болсын.
Шыдай алмадым. 3 баламен ажырастым
37:53
Anna Danchenko | Анна Данченко
Рет қаралды 412 М.
كم بصير عمركم عام ٢٠٢٥😍 #shorts #hasanandnour
00:27
hasan and nour shorts
Рет қаралды 9 МЛН
Өмір сыры егіз екен
4:27
Рыскен Мусабалинова
Рет қаралды 843
Еске алу Анашым 2024
7:00
Aqerke Smatullaqyzy
Рет қаралды 606
Адасу / Қазақша кино
17:30
Faza films
Рет қаралды 326 М.
Путиннің жаңа қаруы. Тоқаев  қауіпсіздікті неге күшейтпек? | Әлем тынысы
38:31
Басты жаңалықтар / Новости Казахстана
Рет қаралды 101 М.
Қосағыңмен қоса ағар | Алдараспан 2024 | Жаңа бағдарлама | 🔥🔥🔥
27:07
Алдараспан театры-Нуржан Толендиев
Рет қаралды 949 М.
Бесік жыры
4:17
Рыскен Мусабалинова
Рет қаралды 387