No video

Сабалақ саяжайын газдандыру басталды

  Рет қаралды 156

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

Күн бұрын

Қала іргесіндегі Сабалақ саяжайын газдандыру басталды. Ауқымды жоба үш кезеңнен тұрады. Одан бөлек, жарық пен жол, ауызсу мен аяқсу мәселесі де шешімін табатын күн алыс емес. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.
Сабалақ саяжайына қоныстынушылардың қарасы қалың. Қазір мұндағы халық саны 4,5 мыңнан асады. Тұрғындар біраздан бері көгілдір отын мәселесін көтеріп келеді. Биылғы жаңалық - аймақ басшысының қолдауымен саяжайды газдандыру жобасы бастау алды.
ГҮЛСӘНІМ АУКЕНОВА - САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ // Осы жерде мен 2006 жылдан бері тұрып келе жатырмын. Міне, 18-19 жыл болды. Бүгінгі үлкен қуаныш. Менің Сабалағыма көгілдір отын келіп жатыр. «қызыл отын қысырамасын» дейді қазағым. Біздің шаңырағымыздың оты жанайын деп жатыр. Бүгін ақ түйенің қарны жарылып, Сабалақ халқының қуанышында шек болмай жатыр.
ЕСЕНГЕЛДІ БЕКЕНОВ - САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ // Қазір енді Құдайға шүкір 10-15 жылдың көлемінде ел көбейді. Былтыр су келді. Көшеге тас төселді. Алдыңғы жылы свет келді. Биыл енді газ келіп жатыр. Адамға керегі осы үшеуі ғой.
Саяжайды газдандыру жобасы үш кезеңнен тұрады. Оны «Сырэнергогазстрой» серіктестігі іске асырады. Бұған 3 млрд теңгедей қаржы бағытталады. Бүгінде мердігер аталған аумаққа қажетті техникаларды орналастырып жатыр. Шаһар басшысы ел игілігіне бағытталған жобаны мерзімінде аяқтауды тапсырды.
СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ - ҚАЛА ӘКІМІ // Президент тапсырмасымен, үкімет қолдауымен халыққа өмір сүру деңгейін жақсартуға біраз жұмыстар жасалып жатыр. Демеуші есебінен жоба жасадық. 1:57-/ міндетті түрде келесі жылы осы Сабалаққа газ беру жұмысын аяқтаймыз. Қазір Сабалақ қаланың бір бөлігі болып қалыптасты. Сондықтан біз де проблемаларды рет-ретімен шешіп жатырмыз.
Саяжайдың инфрақұрылымын дамытуға соңғы жылдары ерекше екпін беріліп келеді. Қазір қалаға барыс-келісте ешқандай мәселе жоқ. Қоғамдық көлік тұрақты қатынап тұр. Жарық пен жол, ауыз су мен аяқсу мәселесі де басты назарда.
СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ - ҚАЛА ӘКІМІ // Жолды біз 18 көшеге тас төсеп бердік. Биыл тағы да төсейміз. Сосын асфальттаймыз. Су мәселесі жоқ емес бар. Осы мәселені шешу үшін былтыр 1 скважина бұрғыладық. Биыл жоспар бойынша қосымша 2 скважина, резервуар.
Шаһар басшысы ел тұрмысын түзеуге бағытталған жарқын жобалар жалғысын табатынын айтты.
Сайт - qyzylordatv.kz...
Facebook - / qyzylordatv
Instagram - / qyzylordatv
Telegram - t.me/qyzylords_tv
Tiktok - / qyzylorda_tv

Пікірлер: 1
@Bounty_08
@Bounty_08 Ай бұрын
Баймурат батыр ауылына келсе газ жаксы болар еді.
Төменарық ауылы табиғи газға қосылды
6:09
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 24
He bought this so I can drive too🥹😭 #tiktok #elsarca
00:22
Elsa Arca
Рет қаралды 9 МЛН
English or Spanish 🤣
00:16
GL Show
Рет қаралды 8 МЛН
Gli occhiali da sole non mi hanno coperto! 😎
00:13
Senza Limiti
Рет қаралды 22 МЛН
Мы сделали гигантские сухарики!  #большаяеда
00:44
29 тамыз 2024 жыл - 15:00 жаңалықтар топтамасы
15:32
Телеканал 24kz
Рет қаралды 1 М.
”Аруақ сияқты келе береді екенсің!”
54:52
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 176 М.
Түнгі рейд
2:14
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 917
Түнгі рейд
2:13
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 625
Конституция - фундамент развития Нового Казахстана
1:54
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 12
Теңізді тірілту маңызды міндет
5:10
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 1,8 М.
Әуежайға барар жол кеңейеді
4:13
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 1,1 М.
Таңдай қақтырған аула
3:11
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 1,4 М.
He bought this so I can drive too🥹😭 #tiktok #elsarca
00:22
Elsa Arca
Рет қаралды 9 МЛН