Сабынды ауылына сапар

  Рет қаралды 3,567

Қарақат Әбден

Қарақат Әбден

Күн бұрын

Өңірлік іссапарым кіндік қаным тамған жер - Қорғалжын ауданынан басталды. Ат басын әуелі Сабынды ауылына бұрдық. Дәстүрден озбай, алдымен ауыл мешітіне соғып құран оқыттық. Жалпы, Сабындыда 1200 жуық халық тұрады. Түтіні түзу шыққан ауыл. Десе де, халықты толғандырған мәселе шаш етектен.Ұлт саулығы - еліміздің тұрақты дамуының кепілі. Сондықтан алдымен ауылдағы дәрігерлік амбулаторияға бардым. Халыққа алғашқы көмек көрсетіліп отырғанмен, терапевт, акушер сынды негізгі мамандар жетіспейді. Дәріхана жағдайы да мәз емес. Сабынды елордадан алыс емес - арақашықтық небәрі 70 км. Бірақ бұл елдімекен интернеті нашар ауылдардың қатарында. Көп ауылға ортақ бұл проблема үйреншікті нәрсеге айналғандай. Тұрғындармен «Әділетті Қазақстан - адал азамат» атты ұлттық құрылтайда айтылған мәселелерді талқылау барысында ауыл халқы жергілікті Мәдениет үйінің жағдайына ерекше тоқталды. Президент өз сөзінде балалар рухани, мәдени тұрғыдан дамуы қажет және мұндай шаруа бүкіл еліміз бойынша тұрақты түрде жүргізілуге тиіс деген тапсырма бергені мәлім. Сабындыда балалардың, жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін Мәдениет үйінің ахуалын ретке келтіру керек. 1974 жылы салынған ғимараттың тозығы жеткен. Бірақ аудан басшылығы бұл мәселе көп ұзамай шешімін табатынына сендірді.Жергілікті халықтың дені мал шаруашылығымен күн көріп отырғандықтан, жайылымды жерлердің мәселесі де өзекті. Ауылдағы 5800 гектар жекеменшікке берілген. Малды асылдандыру мақсатында жұмыс істеп отырған шаруа қожалықтары да бар, бірақ берілетін субсидия аз.Тіршілік нәрі -су мәселесі де өткір тұр. 1970 жылдары салынған трубалар қырық жамау, соның салдарынан айына 2 рет су болмай қалады. Әрине, бұл тұрғындар үшін де, шаруа қожалықтары үшін де үлкен проблема. Сабындының жалпы жағдайы осы. Бірақ қолдау болса және үкімет тарапынан көмек көрсетілсе, бұл ауылдың әлеуеті зор деп есептеймін. Бүгінгі айтылған проблемалардың барлығы сараланып, тиісті органдарға жіберілетін болады.

Пікірлер: 13
@КалдыбекЖумабаев-н5л
@КалдыбекЖумабаев-н5л Жыл бұрын
Сəттілік тілеимін еңбегің жемісті деніңе саулық халыққа қызымет етебер
@ИдирисовАрман
@ИдирисовАрман Жыл бұрын
Әкімдіктің төңірегіндегі адамдарды жинап алеан ғой. Халықты жинауға қорқа ма әкімдер? Халықтың, елдімекеннің проблемалары ашық айтылу керек қой. Оншақты адамды жинап алып... Үлкен ауылда осы-ақ адамды жинап алып депутатпен кездесу, масқара!
@КенжебекОрынбаев-в8я
@КенжебекОрынбаев-в8я 2 ай бұрын
🇰🇿🇰🇿🇰🇿👍
@kenjegul-h3h
@kenjegul-h3h Жыл бұрын
Мой родной. Ауыл Все как всегда боятся акима что то сказать против. Дорогая. Аким. Спасибо вам за то что вспомнили про наш ауыл который когда то был прекрасным там жили немцы татары Ингуши. И мы все жили дружно и относились с уважением но пришли времена там нужно менять Акима поставить. Молодого. Который живёт и знает проблемы этого ауыла нужно ставить молодых. Креотивных специалистов. И они изменят все .
@ЗибаАпа-ь2ф
@ЗибаАпа-ь2ф Жыл бұрын
Бәрін қысқартып өздеріне ыңғайлап қойған да тексеруден бастау керек тірлікті
@ЗибаАпа-ь2ф
@ЗибаАпа-ь2ф Жыл бұрын
Адамдары қорқып тұрған сияқты ғой
@nazerkemereke9082
@nazerkemereke9082 Жыл бұрын
Акимдиктер танитын Озинин тамыр танысын жинап аган гой паказуха кылып осы укиметтин адамдары не сиздер халыктан коркасындарма неге ашык жария истеп шакырмайсындар анда бари мектепте и акимдикте иститин адамдар Мен осы ауылда турам есличе
@ТалгатТалгат-о1д
@ТалгатТалгат-о1д Жыл бұрын
Саламатсизба аулды аралап осы денгеиди котерип аягынадеин жеткизсениз рахметин айтар халык акимдпрге сенбениз халыктан сураныз халык айтат ак карасын
@magzhan.kz.5421
@magzhan.kz.5421 Жыл бұрын
60 шақырымдағы ауыл тұрғой Астананың өзінде интернет жақсы емес. Кейбір аудандарда ұстамайды...
@ГарипулаХасенов
@ГарипулаХасенов Жыл бұрын
Бірдене шығама осыдан
@lggg1973
@lggg1973 Жыл бұрын
Мына депутат жаңа туғандай болып тұр ғой .Ауылдың куиi нашар .
@Аже-и9щ
@Аже-и9щ Ай бұрын
Бір сөзі қазақша жұз сөзі орысша нағыз саұатсыз бищәра аулбай депутат😮
@qazaqqazaq395
@qazaqqazaq395 Жыл бұрын
Дело было вечером, делать былл нечего...
"БІР КҮН" / "ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ, САБЫНДЫ АУЫЛЫ" / 10.09.2021
24:58
KOKSHE TV / Көкше телеарнасы
Рет қаралды 14 М.
Остановили аттракцион из-за дочки!
00:42
Victoria Portfolio
Рет қаралды 3,2 МЛН
POV: Your kids ask to play the claw machine
00:20
Hungry FAM
Рет қаралды 16 МЛН
«АУЫЛДАСТАР». Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Үшсарт ауылы
24:56
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 24 М.
Жители села Сарыоба Акмолинской области зафиксировали необычное явление
0:37
“Жобадан бірнеше қатысушыны шығару керек!”
24:29
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 27 М.
ИНФОРМБЮРО 20.09.2024 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ!
26:41
Информбюро 31
Рет қаралды 8 М.
Информбюро 17.09.2024 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ!
25:34
Информбюро 31
Рет қаралды 57 М.