Садхгуру. Алғашқы 15 минут ешкіммен сөйлеспеңіз. Сананы өзгертетін цитаталар. Афоризмдер. Аудиокітап

  Рет қаралды 1,116

SANA5

SANA5

Жыл бұрын

Садхгуру-үнді мистигі,иог. Иша қайырымдылық қорының қалаушысы. Дүние жүзінде иога бағдарламасын жүргізушісі. Алғашқы 15 минут ешкіммен сөйлеспеңіз. Сананы өзгертетін цитаталар. Афоризмдар. Нақыл сөздер. Дәйексөздер.
Егер сен өз өзіңді қалай қолға алуды білмесең,онда сіздің өміріңізде кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Егер сіз осы шақта өзіңізге жауупкершілік алудан бас тартып,бәріне ата-анаңызды,жолдасыңызды,досыңызды,әйеліңізді,әріптесіңізді кінәлайтын болсаңыз,онда сіз алдын ала өз болашағыңыздан бас тартқаныңыз!
Садхгуру Джагги Васудев - 1957 жылы Үндістанда дәрігерлер отбасында дүниеге келген үндістандық йог, мистик. Үндістанның ең атақты 50 адамының бірі. Сонымен қатар New York Times басылымы ол әлемнің ең танымал авторы. 2017 жылы Садхгуру Үндістан Үкіметінің ең жоғарғы «Падма вибхушан» марапатымен мадақталды. Бүгінде дүниенің төрт бұрышын кезіп, адамзатты мазалаған сұрақтарға жауап беріп жүрген ол саясаткерлерді де, әртістерді де, қарапайым жұмысшыны да сөзімен иландыра алатын жан.
Садхгуру биографиясынан
Ол үздік оқыған, ағылшын әдебиеті бойынша бакалавр дәрежесін алған.
12 жасынан йога мен медитацияны тереңірек зерттей бастайды.
Ол тауда тұрып, йоганың күшімен жан дүниесінің жаңарғанын сезген сәтте өзінің құс фермасын тастап, йогадан сабақ беруге көшеді.
Садхгуру ақыл-ой туралы
«Бұрын егер сіздің бұлшықеттеріңіз қайратты, күшіңіз көп болса, басты доминант сіз болатын едіңіз. Себебі, ол кездегі көзіріңіз - күш-қайрат болатын. Сосын күнделікті өмірге механикалық машиналар ене бастады. Физикалық күштің қажеті де жоқ. Бүгінде миыңыздың қайраты сіздің кім екеніңізді анықтайды. Негізгі доминанттық фактор - ақыл-ой»
Садхгуру сағат 03:40 жайлы
«Біз өмірмен, табиғатпен үндестігімізді жоғалтып алдық. Сондықтан оятқышты қанша ерте қойсақ та ұйқымыздан тұра алмаймыз. 17 жылда бір оянатын жәндік бар. Оянады да ұрпақ қалдырады. Сосын қайтып ұйқыға кетеді. Ол ешқандай оятқышсыз-ақ тура 17 жылдан кейін қайта оянады. Сіз іштей дайын болмағандықтан 03:40-та ояна алмайсыз. 03:40 деген уақыт 33 градус ендік бойында орналасқан мемлекеттерге ғана қатысты. Сіздің тұратын елде уақыт басқаша болуы мүмкін.
Мен 12 жастан бастан йогамен айналыса бастадым. 8-9 айдан кейін өз өзімнен ерте оянатын болдым. Ал оған дейін менің ерте тұруым қиын еді. Мені мектепке дайындау бүтін бір рәсімге айналатын. Қазіргі таңда мен жиі сапарға шығамын. Қандай сағаттық белдеу болмасын тура 03:40-та оянып кетемін. Сіз де сезімталдығыңызды оятыңыз. Жер ғаламшарының өнімі екеніңізді түсініңіз. Құр көзіңізді ашып, ары қарай ұйықтап қалыңыз.
Басты мақсат - сезімталдықты ояту. Бұл өмірде бәріміз қонақпыз, компьютер бетінде ашулы тұрған мыңдаған терезенің біріміз. Сезімталдықты ояту десе, көбісі негативті ойлайды. Сезімтал қыз десек, көз алдымызға бір ауыз сөзге ренжіп қалатын бойжеткен келеді. Жоқ, эгоға емес, өмірге деген сезімталдықты ояту жайлы айтамын. Сонда ғана бар ғажайып сіздің назарыңыздан тыс қалмайды.
Өмірге сезімтал адам таңның атқанын, күннің батқанын, жаңа айдың туғанын сезеді. Білесіз бе, теңіздің толқындары белгілі бір уақытта көтеріледі де түседі. Адам ағзасының 72%-ы судан тұратыны шындық. Ендеше сіздің ағзаңыз да толқындай тулап көтерілуге тырысады. Сіздің міндетіңіз соны сезіну, сезімталдықты ояту. Соның арқасында сіз өміріңіздің бар аспектісін қадағалай аласыз. Сіздегі бар GPS-навигатор іске қосылады. Сіз қайда барсаңыз да, ол сізді адастырмайды. Өмірге сезімтал адам кім не десе де, қандай қиын жағдайға тап болса да, өзін-өзі жоғалтып алмайды».
Садхгуру түнде ұйықтамай жұмыс істеу туралы
«Түнде үш түрлі адам ұйықтай алмайды. Біріншісі - сырқат адам. Екіншісі - ләззат аңсаушы. Үшіншісі - йогин. Қараңғы түнде көп нәрсе байқалмайды. Сондықтан ләззат алушылар түн жамылғанда іске кіріседі. Бізге де білім алуға, шығармашылықпен айналысуға түнгі уақыт ыңғайлы сияқты көрінеді. Қараңғы түскенде бар ойымызды жинақтай алатын сияқтымыз. Көзге ешнәрсеге қатты түспегендіктен уайымымыз да, мазалаған ойларымыз да азайғандай болады. Сондықтан да жоғарыдағы үш категорияға жататын адамдар түнде ұйықтамайды. Сіз де түнде ұйықтамасаңыз болады. Онда тұрған ештеңе жоқ. Тек ертесіне жұмыста қалғып отырмасаңыз болды».
#садхгуру#мистики#рухани#аудиокітап#даналық#афоризмдер#қазақша#даналық
Құрметті оқырман! Алда ана тілімізде көптеген контенттерді жіберіп алмас үшін, Каналға тіркеліп кетіңіз. Рахмет. Төменде контенттердің сілтемесі арқылы өтіп, қарап шықсаңыз болады
• Садхгуру.
• Данышпандардың нақыл с...
• Әңгімелер,әпсаналар,оқ...
• Әңгіме,аңыздар. Қасқыр...
• Аңыздар. Қорқыт ата, А...
wkzbin.info?list... SLwpr_kxrf7UsnRTKt5XA
• Аудиокітаптар. О, маха...
• Абай Құнанбаев қарасоздер

Пікірлер: 5
@user-ov1zn9cq8v
@user-ov1zn9cq8v Жыл бұрын
Керемет . Оқырман саны көбейе берсін .
@user-zl9jz6qj2v
@user-zl9jz6qj2v Жыл бұрын
Супер прекрасные цитаты.
@user-zj7jd1ky1j
@user-zj7jd1ky1j Жыл бұрын
Өте керек дүние, дұрыс бағыт, тыңдап жан дуниемызге үңіліп, есепбере бастаймыз
@zhannakulumbetova8702
@zhannakulumbetova8702 Жыл бұрын
Рахмеет,коп адамнын жанына жылу, омирине сабак, кенес бересиз тусинген жанга, керемет!
@user-yn4jm9nj4x
@user-yn4jm9nj4x Жыл бұрын
Керемет манызды ангиме
Каха ограбил банк
01:00
К-Media
Рет қаралды 2,8 МЛН
DELETE TOXICITY = 5 LEGENDARY STARR DROPS!
02:20
Brawl Stars
Рет қаралды 17 МЛН
Китайка и Пчелка 10 серия😂😆
00:19
KITAYKA
Рет қаралды 2,1 МЛН
Садхгуру қазақша Өз тағдырыңның суретін сал
12:47
ПЕРИЗАТ СУЛТАН
Рет қаралды 3,2 М.
Кеудесіне нан пісті
13:40
Talim TV online
Рет қаралды 62 М.
Будущее Садхгуру было предсказано?
7:21
Садхгуру — официальный канал на русском
Рет қаралды 25 М.