Садық Шерімбек: Біз тым ерте діншіл болып кеттік | BAS QOSU

  Рет қаралды 3,467

Бақытжан Бұқарбай Weekly

Бақытжан Бұқарбай Weekly

2 жыл бұрын

Садық Шерімбек - ізденуші, "Жүз кітабының" авторы. Бүгінде білім саласында қызмет етіп жүр. Бұл шығарылымда онымен пандемияның білім саласына берген әсері, қоғамдағы діншілдіктің рөлі, өзін қалай әке сезінгені және т.б. тақырыптар туралы сұхбаттастық.
______________
Каналды қолдаңыз / Поддержите канал:
Kaspi Gold 5169 4971 2428 3783
Бухарбаев Бахытжан Сагитжанович
AO Kaspi Bank CASPKZKA
KZ09722C000028020482
______________
Бақытжан Бұқарбайдың парақшалары:
Фейсбук - / bakhytzhan.b.... .
Инстаграм - / barkorn​​​​
«Меломан» интернет-дүкенінде Бақытжан Бұқарбайдың кітаптарын сатып алыңыз:
«Күміс кітап» - bit.ly/2F67kIv​​​​
«Күнкөрістен кет, байлыққа жет!» - bit.ly/2ENqBiq​​​​
«Қарызсыз Qazaq» - bit.ly/3jHx2SH​​​​
Михаил Саакашвили, "Пробуждение силы" bit.ly/3m6Ybze​​​​
Түсіру, монтаж жасау: Ербол Нургалиев
#БақытжанБұқарбай​​​​ #СадықШерімбек #ютуб​​​​ #жүз​​​​ #діншілдік​

Пікірлер: 47
@rizabekbeksultanuly936
@rizabekbeksultanuly936 2 жыл бұрын
Ассалаумағалайкум, ҚАЗАҚ ЕЛІ. Менің есімім Ризабек Бексұлтан ұлы. Мүмкін біреуге мотивация болар деп , өз тәжіребеммен бөліскім келіп отырмын. Ауылда өскен, мал жайлаған, тай үйренкен, соғым сойғанда оттықта тұрып қарап,үйреніп тұратын балақайлардың бірі болып менде өскем. Көп жастар сияқты ,менде қалаға келіп, жұмыс іздеп, таппай, кайта ауылға кетіп, сосын қалаға қайтып келіп, электрик болып әйтеуір жұмысқа кірдім. Сонда электрды түсінбеймін де, алғашқы 1айда күнде тоқ соғатын мені. Сосын бұл мамандықты әбден үйрендім. Екі үш жыл КСКда жұмыс істедім. Осыдан шамасы 10жыл бұрын еді. Ол кезде жалақы 45.000₸. Бірінші күннен бастап ақша жинай бастадым. Калым жасадым , жалақымды жинадым, және сол кезден бастап көп әрекет жасадым. Пәтерлерді арзандау жалға алып, ОЛХтен арзан жиһаз сатып алып, техникасын орнатып кымбаттау қылып жалға бердім, электрик кызметі деп жарнама беріп жұмыс жасадым, стройкадан обьем алып электромонтаж жасадым, касыма жігіттерді қосып алып. Ол кезде казіргідей емес , ютюбтын енді шығып жатқан кезі, көп ұстаз ағаларымыз жоқ желіде, әртүрлі көп әрекеттерді сонда интуитивті түрде жасаған екенмін ғой деп қазір талдау жасап жатырмын ))). Сөйтіп жүріп ескі машина алдым, баяғы сол пассат б-3 ғой. Сөйтіп жүріп осы Астананың сыртынан жер алып үй салдым. Аке шешімді көшіріп акелдім, жасым 33ке келді. Осылай электрик болып, пассатпен жүре беремінбе деп те ойлап қоямын. Үй салардын алдында подвалда тұратынмын, КСКдан бір подвалды сұрап алып, ішін үй қылып, қолдан келгенше, солай тұратынмын, біріншіден тегін екіншіден жұмысқа жақын. Не керек, Сөйтіп жүріп үйлендім,әке болдым, үй салдым, жаңа машина алдым( баяғы гранта ғой салоннан)))) Одан кейін электроплита деген темамен айналыстым, КСКда істегенде подьездерде кездесетін солар, біреулер тегін береді, біреудікін 2-3мын тенгеге сатып аласын, тиімді багамен ОЛХтен де табасын, сосын оларды жөндеп, жуып тазалатып, майысқанын түзеп, сырлайтынын сырлап, САТАТЫНМЫН!!! Ютюбтан "қалай бай боламын" , "қалай дамуға болады " , деген видеоларды көре бердім. Сосын бинес бастау деген курсқа қатыстым. Ол жерден жарнаманы жақсылап жасауды үйрендім,тек қана ең пайдалы ісіңмен айналыс, фокусыңды шашпа деген сабақ алдым. Сосын , 40 жасқа келгенше мен өз армандарыма жетейін деп жоспар жаздым. Жоспарым 5 саланы жабады : Бақытты отбасым Білімімді арттыру Қаржылық байлық Денсаулығым Қоғамға пайда. Нақтылау қаржы туралы айтқым келіп тұр. Мен бұлай ойладым: маған ай сайын пассивті түрде ақша түсіп турса қанша тенге керек өзі деп. Оз , кара басыма, отбасыма, туыстарыма, және қоғамдық жұмыстарыма ай сайын кем дегенде бір миллион доллар керек екен. Ары карай былай ойладым: ай сайын 1млн доллар пассивті түрде түсіп тұру үшін қандай КАПИТАЛЫҢ болу керек деп. Ол үшін 100млн доллар керек екен. Сондықтан осы цифырды белгілеп қойдым. Енді қараңыз, грантаны сатып, газель алған болатынмын, газельмен бір жыл істеп, одан шаршап, оны сатып, үш ескі пассат алып , оларды жалға беріп тырысқанмында. Ол кәсіп жүрмегесін оларды сатып, 700мын тг кредитімді жауып, қолымда 1.440.000₸ қалып еді. Осы ақшаны жарты жылда екі есе көбейту керекпін деп жоспарыма жаздым, және одан шығатын 2.880.000теңгені келесі жарты жылда тағы екі есе көбейту керек деп жоспарладым. Солай геометриялық прогрессиямен 2026жылдын 20сентябіріне дейін 100млн долларға жетемін деп жоспарладым. 3ші жыл келе жатырмын осы жоспармен. 30-40млн теңгелік деңгейдемін кәзір. Жоспарымнан сәл қалып келе жатсамда, өз ғарыш кемемді тапқан сезімім бар. Алла бүйыртса, жоспарымнан асармында. Үшінші жыл мен тек электроплита, духовка , линия раздачи, холодильник , стол , стулья , диван деген және басқа кафеге арналған заттарды сатумен айналысамын. Менің ютюб каналымда осы кәсібім туралы видеолар бар. Былтыр карантинде отырғанда ютюбқа домбырамен әң айтып видео шығарғанмын. Бір талай әндерді жарияладым, тұтас бір кітап жырды жатқа айтып бір жыл үйреніп, оныда ютюбқа арнама шығардым, одан кейін бизнесім туралы мәліметтер шығара бастадым. Кәзір енді жағдайым жақсы, құдайға шүкір, мінгенім жаңа камри 70, мерседес 221, шетелге шығып турамыз, әке-шешемізді кымбат дәрігерлерге емдетіп тұрамыз, балаларымызды секция кружоктарга оқытып жатырмыз, қайырымдылықтыда ұмытпаймыз. Жағдайымыз тамаша, мақсатымыз бар, оміріміздің мәні бар. Әр қазағым жалғызым, сондықтан әр қазаққа ой сана, білім, дамуға құштарлық, денсаулық, рух, және мінез, және батылдық және күш берегөр деген тілектемін. Және менің арнама кіріп , подписаться етуге шақырамын))))). Бірақ кәзір каналды орысша жүргізем, оган үрыспаңыздар, және агылшын тілін үйреніп жүрмін, оныда қолдаңыздар, АҒАЙЫНДАРЫМ!!!! Біреуге болмаса біреуге мотивация бердім деген үміттемін. Жәнеде мен бизнесиме білесіздер ме қандай смысл беремін???))) Табиғатқа да экология жағынан пайда деп ойлаймын, үйткені қолданылған заттардың өмірін ұзартып жатырмын ғой. Сондықтан жаңадан шығатын бір электроплита болсын , бір диван болсын аздау шығады, сондықтан бір киллограм жерден қопаратын темір болсын , бір тал ағаш болсын аман қалады ғой))))) Мен сондай бақыттымын)))).
@user-tw1wi3tl6i
@user-tw1wi3tl6i 2 жыл бұрын
Керемет сұқпат болды! Ой саларлық. Діннен бәрін алуға ұмтылғанымыз өкінішті.
@gulshah_
@gulshah_ 2 жыл бұрын
Мидың қатпарын қозғайтын терең сұхбат болған екен. Екі мықтының әңгімесіне уақыт тапшы боп қалды👍
@akhmet60
@akhmet60 2 жыл бұрын
Қатаң сұхбат болды. Отасын жасатып реанимацияда жатқан адам жайлы айтылатын дәрігердің сұхбаты сияқты. Былай қарасаң операциялар жасалып жатыр, бірақ реанимациядамыз. Дұға жасаймыз ба, енді не істейміз?
@albertstoun53
@albertstoun53 2 жыл бұрын
Иә. Меніңше дұға емес әрекетке ұласар айла-әдіс керек. Және соны кейіпкер мен авторға да көрсетіп, ақылдасу арқылы болысуға ұмтылу керек ау. Себебі көбінде дұғадамын деп шетте қалып қоя беру тым ауыр және жиіркенішті көрінеді. Болар ой, толар ақыл қосу керек бар болса.
@berikzhanoteulin3287
@berikzhanoteulin3287 2 жыл бұрын
Садық өте ақылды жігіт, терең ойлы!👏
@user-in7qs8ve1o
@user-in7qs8ve1o 2 жыл бұрын
Ғажап
@enerytubar2698
@enerytubar2698 2 жыл бұрын
Майкл бір нарсеге аландаулы, не шаршап келді, не Бақытжанның дуниетанымы мен мысы басып тұр. Не ең қызығы, ол бәрі далбаса екенін түсінді.
@user-kw4oq6ff5i
@user-kw4oq6ff5i 10 ай бұрын
Бір жердеріңе қарап алып дін туралы оттаңдар
@JdJd-oz7dz
@JdJd-oz7dz Жыл бұрын
Таймкод қосшы, өтініш. Сұхбатқа рахмет.
@QaryzsyzQazaq
@QaryzsyzQazaq Жыл бұрын
Өзің көмектесіп жіберші, уақыт жоқ
@Mutylgan2
@Mutylgan2 2 жыл бұрын
Күрескер адам әділ сұрақ иесін банға тығумен айналысады ма екен?
@theworksofesbolbozan5741
@theworksofesbolbozan5741 2 жыл бұрын
Дін керек бізге. Діншіл жастар көбейе берсін. Амин
@theotan5857
@theotan5857 2 жыл бұрын
Дін бұл ертегі, ежелгі басқару құралы
@theworksofesbolbozan5741
@theworksofesbolbozan5741 2 жыл бұрын
@@theotan5857 сөзің рас болса Құраннан дәлел келтірші немесе хадистен? Кім айтты саған бұны?
@theotan5857
@theotan5857 2 жыл бұрын
@@theworksofesbolbozan5741 еее оны сен түсінбейсің, өте өкінішті...
@theworksofesbolbozan5741
@theworksofesbolbozan5741 2 жыл бұрын
@@theotan5857 түсінгімде келмейд. Бізге тек шариғатты айт. Өтірік интелегент бол ма
@theotan5857
@theotan5857 2 жыл бұрын
@@theworksofesbolbozan5741 ия себебі тобырлық сана сол күйінде қалады
@kzqazaqstan1991
@kzqazaqstan1991 2 жыл бұрын
Тайм код қайда ?
@QaryzsyzQazaq
@QaryzsyzQazaq 2 жыл бұрын
Уақыт болмай жатыр. Қайта өзіңіз жазып көмек беріп жіберіңіз.
@kzqazaqstan1991
@kzqazaqstan1991 2 жыл бұрын
Қандай мықты сұқбат болсада тайм код жоқ болса мүлдем көре алмаймын себебі уақытты босқа құртқым келмейді.Тайм код болса өзіңе керек жерін ғана көресің
@QaryzsyzQazaq
@QaryzsyzQazaq 2 жыл бұрын
Бұл түсінікті ғой. Мен кітаптарды да басамын, журналды да шығарам, басқа да ағартушылық жобаларды жүзеге асырамын, әке де боламын, отағасы да боламын, ютубқа да түсірем, сонда тайм-кодқа уақыт қайдан? 😄
@kzqazaqstan1991
@kzqazaqstan1991 2 жыл бұрын
@@QaryzsyzQazaq ютубқа жұмысшы алыңыз сәттілік
@QaryzsyzQazaq
@QaryzsyzQazaq 2 жыл бұрын
Бұлай ақыл айтпас бұрын бір рет болса да донат лақтырыңыз.
@user-kw4oq6ff5i
@user-kw4oq6ff5i 10 ай бұрын
Дін сенің қай теңің
@user-vz4fi8fg9y
@user-vz4fi8fg9y 2 жыл бұрын
Оттап отырғой екеуі
@theworksofesbolbozan5741
@theworksofesbolbozan5741 2 жыл бұрын
Иә діншіл болу керек. Дін қараңғылықтан құтқарады
@user-xi3rp6sw7c
@user-xi3rp6sw7c Жыл бұрын
Дін қараңғылықтан құтқарады деп кепіл беруге болмайды. Мысал ретінде Ауғанстанды алайық . Халық дінді қаттты ұстанады. Қазір Талибандар келген соң елде экономикалық тоқырау, ақша жоқ, жұмыс жоқ. Халық балаларын сатып жатыр 3 жастан 10 жасқа дейін. Құдайына қараған адам олай жасамайды.
@TarlanT
@TarlanT 2 жыл бұрын
Дұрысы “діншіл” емес “діндар” болмай ма?
@sagispatov3949
@sagispatov3949 2 жыл бұрын
Ұлтшыл мен ұлтжанды деген сияқты ғой.
@user-vz4fi8fg9y
@user-vz4fi8fg9y 2 жыл бұрын
Қиали ма недеп отыр қызы туралы
@user-hi1rg4vd8j
@user-hi1rg4vd8j Жыл бұрын
Негізі есі дұрыс әрбір Ата-Ана дүниеге әкелген баласына осы өмірде шайқалып кетпей аяғына нық тұра алатындай өз бойымда жеткілікті құндылық барма деген уайымы болу керек.
@gumaxanym
@gumaxanym Жыл бұрын
Дінді білмейтіндер неге дін туралы сұқбат береді? Дін - әр адамның тозақтан құтылып, Жәннатқа басатын қадамы. Өкінішке орай күніге қанша адам өз-өздеріне қол салып, мәңгілік тозаққа бет алып кетті. Дінді түсінбеген қоғамда ер мен ер, әйел мен әйел үйленіп, сәбилер зорланып, әке өз қызын, аға өз қарындасын зорлаған сұмдықтар болып жатыр. Қыздар - тек жыныстық қанағаттану көзі мен тірі тауарға айналғалы қашан? Жемқорлық, зинақорлық, парақорлық, ғайбат, өсек, рия, надандық т.т. арнасынан асып кетті.. Осыны көре тұра «дінге әлі ерте»- деу, сау адамның сөзі емес! Неге осындай ешнәрсе білмейтін адамдарды эфирге шығарасыздар? Олар өздері секілді теріс ойлы адамдарды көбейтіп, қоғамда бүлік қана тудырады. Неге ақпаратты Құран мен хадистен оқып, түпнұсқадан көруге болмайды? Ғалым исламтанушыларды неге шақырмайсыз қатты білгіңіз келіп бара жатса?! Осындай кереғар пікір тудыратын, халықты адастыратын адамдарды жақында жауапқа тартуға шақыратын боламын! Өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтын тәкаппарлардан қалдық....!
@JdJd-oz7dz
@JdJd-oz7dz Жыл бұрын
Хехе, араб елдеріндегі зорлық-зомбылық туралы естімегенсің ау))
@gumaxanym
@gumaxanym Жыл бұрын
@@JdJd-oz7dz араб елінің қатысы қанша мұнда? Ислам күллі адамзатқа түскен дін. Оны мейірімділікпен, ізгілікпен ұстанып, бақытқа кенелу де, тәкаппарлықпен, надандықпен ұстанып, тозақы болу да, өзімізден емес пе?! Сынды елдің бәрі айтады. Бірақ мінді ешкім түзегісі келмейді. Әрқайсымыз айналаға тамшыдай ізгілік таратып отырсақ, осындай бүлік болмас еді...!
@JdJd-oz7dz
@JdJd-oz7dz Жыл бұрын
@@gumaxanym енді сенің ойынша ислам бар жерде зорлық-зомбылық болмайды деп отсың ғой, ал ислам дінін ұстанған араб елдерінде зорлық-зомбылық фактілері басқа елдерден төмен емес.
@gumaxanym
@gumaxanym Жыл бұрын
@@JdJd-oz7dz кім айтты араб елі100% мұсылман деп? Қазір ерінбеген елдің бәрі өзін мұсылманбыз дей салады. Арабты жайына қалдырып, қазақтарға қарайықшы.. Кім өзін «кәпірмін» деп жүр? Барлығы мұсылман. Бірақ қылмыс, ұрлық, зорлық, зомбылық араб елдерін мың орап кетеді. Бәріміз парақор, жемқор, өтірікші, қорқақ, зинақор, ұрымыз! Тойларымыз анау - қатындар жалаңаш билеп жүрген, мектептеріміз мынау - тапа-тал түсте оқушылар зорланып, бала туып жатқан. Жұмыс берушілер ол - таныс-тамырын тығып жатқан. Қай ісімізбен мақтана аламыз?
@JdJd-oz7dz
@JdJd-oz7dz Жыл бұрын
@@gumaxanym араб елдерінің басым бөлігі мұсылман)) бәрі 100 пайыз мұсылман деген әңгіме болған да жоқ. Сен анау бүйтіп, мынау сүйтіп жүр деп отқанын бос әңгіме. Әркім өзіңе жауап береді. Басқалары үшін өтірік қиналмай ақ қой.
маленький брат прыгает в бассейн
00:15
GL Show Russian
Рет қаралды 2 МЛН
Taki Taki Tutorial💃 Where’re you from?🔥
00:14
Diana Belitskay
Рет қаралды 5 МЛН
Аскат Сулайманов / Шаархан Айдарова          Жаңы интервью 2024
42:13
Жұмабек Жанықұлов: Барлығымыз өліп қалмауымыз керек | BAS QOSU
1:12:01