САМАРҚАН. Әр турист көруі тиіс 7 орын / Samarkand / Өзгеше Өзбекстан // Марфуға ШАПИЯН

  Рет қаралды 34,688

Марфуға ШАПИЯН

Марфуға ШАПИЯН

6 жыл бұрын

Самарқан - әлемдегі ең көне қалалардың бірі. Бізге жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұнда дүниежүзіндегі ең тәтті жүзім өседі. Самарқанда биік үйлер көп емес. Есесіне көне тарихи ескерткіштерін қызғыштай қорғайды, ештеңені бұзбайды, сол қалпында сақтауға тырысады. Соның себебінен болса керек, мұнда туристерге көретін жер де, аралайтын орындар да өте көп.
Оларға кезек-кезегімен тоқталайын:
Самарқанға келген турист ең бірінші баруы тиіс жер РЕГИСТАН. Мұнда Самарқанның атақты үш медресесі орналасқан. Бірі - Ұлықбек медресесі, екіншісі - Шеррор, үшіншісі - Тіллә қари медреселері. Алғашқы салынғаны Ұлықбектікі екен. Қалғандары кейін қосылған. Бұл жердегі бізге қызық болған нәрсе, мешіт мұнарасына заңсыз көтерілуіміз болды))) Күзетшілердің біріне қосымша 44 мың сом төлеп, бір адам ғана сиятын тар баспалдақпен 33 метр биіктікке көтерілдік. Самарқанды биіктен тамашаладық. Керемет енді!
ӘМІР ТЕМІР КЕСЕНЕСІ. Әмір Темірді өзбектер теңдессіз қолбасшы санайды. Моңғолияға барғанда алдымнан тек Шыңғысхан шығып еді, мұнда - Әмір Темір. Олар Темірді 1000 шайқастың ешбірінде жеңілмегенін, нағыз ер секілді ат үстінде өлгенін мақтанып айтады. Айтпақшы, біздің Отырарда өмірден өткенін, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін де осы Әмір Темір салдырғанын өзбектер есімізге салуды ұмытпады. Және 1941 жылы дүниежүзілік соғысты да осы Әмір Темірдің қабірін Сталиннің қаздыруымен байланыстыратынын барлығыңыз да білесіздер. Ал Әмір Темір кесенесі ішіндегі әдемілік көздің жауын алады. Реставрациясының өзіне 5 келі алтын кеткен соң не дейсіз?! Және кесене 8 бұрышты екен. Ол 8 жәннаттың белгісін білдіретін көрінеді. Жәннатқа бар жан-тәнімен ұмтылған қолбасшы...
Сонымен қатар, Самарқан палауымен, нанымен мақтанады. Екеуін де сүйсініп жедік. Әсіресе, палауды Өзбекстаннаның ең үздік аспазының қолынан жеу бұйырды. Ол дәмді палауды әуежайға баратын жолдан табасыздар.
ҰЛЫҚБЕК ОБСЕРВАТОРИЯСЫ. Ұлықбек - мен ерекше қадірлейтін тұлға, Әмір Темірдің немересі. Ол туралы да жеке жазамын. Қызықты дерек өте көп. Ал Ұлықбектің обсерваториясы мен музейін, салдырған медреселерін көзіммен көргендегі әсерді сөзбен жеткізе алмаймын. Есіме баяғы бала кезімде Ұлықбек туралы оқыған кітап түсті. Ұлы ғұламаны өлтіріп кеткенде баламын ғой, кәдімгідей жылаған ем, түнгі екіде. Бір күнде бітірген алғашқы кітабым сол болған. Енді көрмейсіз бе, арада жылдар өткенде Ұлықбектің отанында тұрмын. Сонау орта ғасырда жердің айналатынын алғаш білген, жұлдыздардың бағытын анықтап, сол арқылы Латвия кемелері бағыттарын айқындаған Ұлықбек! Обсерваториясының бір кішкене бөлігін сақтап қалыпты, өзбектер. Көрдік, сүйсіндік, тәнті болдық.
Айтпақшы, жанымыздағы гид бізге сөз арасында "Алла сендерге Әмір Темірдей, Ұлықбектей бала берсін" дегенді айтып қалды. Іштей "әмин" десіп тұрдық. Расымен Алла нәсіп етсінші деп бар жан-тәнімізбен тілеп қайттық.
ШАҺИ ЗИНДА. Мұнда негізінен Самарқанның атақты адамдары жерленген. Біздің Алматыдағы Кеңсай секілді ғой. Ішіндегі ең атақтысы - Пайғамбарымыздың (с.а.у.) немере ағасы Құсам ибн Аббас көрінеді.
Одан өзге де қаладан отыз шақырым жердегі ИМАМ ӘЛ-БҰХАРИ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІн көруді Самарқанға бара жатқанда-ақ бірінші көздеген едім. Ислам әлемінің атақты ғұламасы Имам әл-Бұхаридың жатқан жерін зиярат еттік. Алайда одан видео болмады. Сол секілді КӨНЕ АФРОСЯБ ҚАЛАСЫ мен ҚОЖА ДАНИЯР МАВЗОЛЕЙІн де көрдік. Сіздер де көріңіздер.
Жалпы, осы. Самарқан қаласы қатты ұнады. Тарихи ескерткіштерді көріп, ерекше әсермен қатар біразға жетер шабыт та жинап қайттық. Ал сіздер соңғы рет қай елде болдыңыздар? Ол жақ несімен ұнады? Комментте жазыңыздар! Каналыма жазылуды ұмытпаңыздар! Келесі саяхатта кездескенше!
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*facebook: / marfugashapian
*vk: marfugashapian
*instagram: / marfugasha. .
*telegram: t.me/marfugashapian
*блог: marfugashapian.islam.kz/kk/#gs...
Хат жіберу үшін пошта: marfuga21@gmail.com

Пікірлер: 229
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Өзбекстанға барған адамның бәріне Самарқанға баруға кеңес берер ем! Бұл - керемет қала!
@user-zg4oq9me7r
@user-zg4oq9me7r 6 жыл бұрын
Марфуға ШАПИЯН самарқанд қанша км алматыдан? алыс емес шығар
@user-wq1wt3db6v
@user-wq1wt3db6v 6 жыл бұрын
Марфуға ШАПИЯН күн жылыма?ол жақта
@user-kd1wo1zn3r
@user-kd1wo1zn3r 6 жыл бұрын
Марфуға ШАПИЯН сіз бойдақсызба
@fediysidorof7765
@fediysidorof7765 5 жыл бұрын
Спасибо огромное
@user-uv7hx3bz5i
@user-uv7hx3bz5i 5 жыл бұрын
Нұржан Бақытжанұлы 1150 км
@hasanjonjorabaev7339
@hasanjonjorabaev7339 5 жыл бұрын
Шу киздан Аллох рози болсин зор кийим кийган🇰🇬🇰🇬👍👍
@user-mr2mq4ge6z
@user-mr2mq4ge6z 2 жыл бұрын
Узбекистонга хуш килибсиз казок баурларим биз турон элимиз хамма казок киргиз баурларимизни кутамиз омад турон элим 👍👍🇺🇿🇺🇿👍👍🇰🇿🇰🇿👍👍🇲🇪🇲🇪👍👍🇹🇲🇹🇲👍👍
@ruslenpicasso98
@ruslenpicasso98 5 жыл бұрын
Жудахам яхши фариштали киз екан сог болинг яна келинг... 🇺🇿🇺🇿🇺🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿👍👍👍👍👍👍👍
@user-kb4xu9ww8j
@user-kb4xu9ww8j 4 жыл бұрын
Казок Кизлари Просто Ангел Хуш Келибсиз Азиз Казокистон Эли .... Оллох Рози Болсин Сиздан Гузал Синглим !!!
@jamshidbaxtiyorogli5053
@jamshidbaxtiyorogli5053 6 жыл бұрын
sizge tarbiya bergan ota onezga rahmat judayam hursand boldim sizni korip tushundiz degan umiddaman😀
@user-zc4iy5ms7z
@user-zc4iy5ms7z 6 жыл бұрын
السلمعليكم Жалпы Өзбек халқы тамаша ел ғои
@aishasashok8639
@aishasashok8639 6 жыл бұрын
Сіз сияқты Қазағымның қыздары көп болсын
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Рахмееет!
@user-ne4vo3im4w
@user-ne4vo3im4w 5 жыл бұрын
Керемет репортаж жасапсыз.Улкен рахмет сизге ..Мен Ташкент казақтарынан болам..
@aybekdjarekeev-qc4er
@aybekdjarekeev-qc4er Жыл бұрын
Менде сол
@obidjondadajonov940
@obidjondadajonov940 6 жыл бұрын
устинизге озбекше адрас кийипсизгой сизге жарасипти
@shavkatuz
@shavkatuz 5 жыл бұрын
Hi everyone. I am from Uzbekistan Uzbek🇺🇿 and 🇰🇿Kazakh 👬👭brothers
@user-hn3gm6lq1m
@user-hn3gm6lq1m 6 жыл бұрын
Очень приятная женьщена.мусулман биродарлар сог булинглар.козок.узбек .мусулман биродарлар.
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Рахмет!
@user-hn3gm6lq1m
@user-hn3gm6lq1m 6 жыл бұрын
Марфуға ШАПИЯН сизга хам рахмат.
@temurbek7260
@temurbek7260 4 жыл бұрын
Опа сизга рахмат !!! Ман Самаркандликман , сиздек муслима опаларимиз борлигидан хурсандман. Ота онангизга минг рахмат !!!
@user-yr8gd6wo1y
@user-yr8gd6wo1y 3 жыл бұрын
Жалаңтос Бахадүр Қазақтар жоңғарлармен соғысқанда 20 мың әскермен көмекке келгенғо біздің Ата Бабаларымызға Бахадүрдің жатқан жері жайлы болсын жаны жаннатта болсын
@jumatomirbaev4930
@jumatomirbaev4930 5 жыл бұрын
Жарайсың қазақ қызы, көп мағлұматтар бердіңіз. ..рахмет көп көп
@zakirahmedov1045
@zakirahmedov1045 6 жыл бұрын
ОГРОМНОЕ СПАСИБО ДЕВУШКИ ЗА ПОЗИТИВ и за коммен.всех блогадарю.
@user-ue1dx6kq1x
@user-ue1dx6kq1x 5 жыл бұрын
Ангелоподобная девушка .С ее лица светится (НУР).Очень красия, мне было приятно ее слушать.ИНШААЛЛАХ чтобы счастье никогда не покидало ее.АМИНЬ
@aztt9538
@aztt9538 6 жыл бұрын
Такая милая красивая чистая девушка. Как хорошо вы одеты. Все казачки и узбечки так оделись бы. По больше приезжайте в Узбекистан. Думаю еще много где не успели повидать
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Спасиби, большое!
@farafara7808
@farafara7808 5 жыл бұрын
az tt это узбекские национальные ткани
@user-lz5xm3eb3z
@user-lz5xm3eb3z 5 жыл бұрын
Саламатсызба!!Низкий поклон ВАМ!!!ВЫ БОЛЬШЕ ДЕЛАЕТЕ ,ЧЕМ НАШИ ДИПЛОМАТЫ!!БРАТЬЯ И СЕСТРЫ КАЗАХИ, ПРИЕЗЖАЙТЕ В ГОСТИ!!ВСЕГДА РАДЫ...
@user-tx7fd5pe8f
@user-tx7fd5pe8f 5 жыл бұрын
Мой прапрадед Қонысбай датқа умер и похоронен в Самарканде(примерно 1870-1890 годы). Дед рассказывал, что на месте его погребения построено кесене и имеется постоянный смотритель(шырақшы). Люди, считая его святым, ночевали там, в надежде получения его благословения по излечению от различных недугов и бездетности. Называл ли он точное место захоронения или нет, не помню. Имеются ли такие места в "Шахи Зиндане" или это другое место Самарканда?! Даст Аллах возможность, желаю там побывать и поклониться могиле своего предка.
@nurikbro8786
@nurikbro8786 5 жыл бұрын
Хоразимга бринглар.Хоразимда Хива бор.Хоразим сузма половини емабсиз бу дунияга келмабсиз. Хорезм халкына дугай дугай салем.
@user-dz5jf7wi1y
@user-dz5jf7wi1y 5 жыл бұрын
Керемет!Сол заманның сəүлетшілеріне таң қаламын!
@user-hr3jh3vl6o
@user-hr3jh3vl6o 6 жыл бұрын
Өте керемет жан екенсіз сізбен барып қайтқандай болып отырмын
@user-mr2mq4ge6z
@user-mr2mq4ge6z 2 жыл бұрын
Кизимка сизга хам рахмат зур адим сог булинг слув кизим адим чикибди👍👍🇺🇿🇺🇿💕💕🇰🇿🇰🇿👍👍👍
@tolqintolqinbek5578
@tolqintolqinbek5578 3 жыл бұрын
сизга рахмат ,чапон , халат сизга зур ярашибти
@hazalomer4457
@hazalomer4457 5 жыл бұрын
Gannet bu şehir! Allah razı olsun! Çok tatlı!
@barnomirzarakhimova1585
@barnomirzarakhimova1585 5 жыл бұрын
Очень приятная девушка!👍 Дай бог Вам здоровья, мира и согласия вашим семьям. Приезжайте почаще, мы всегда рады вам! УДАЧИ!!!
@bayramzaydullaev6368
@bayramzaydullaev6368 4 жыл бұрын
barshan'izg'a Salem Men Qazaqpin,Men Samarqand meditsina institutinda oqiymin bbut erlerdin' barshasin ko'rdim
@user-sb9vb9mt5o
@user-sb9vb9mt5o 5 жыл бұрын
Керемет сізге рахмет киміңіз қандай жарасымды
@baxadirakramov5286
@baxadirakramov5286 4 жыл бұрын
Ма. Ша Аллох
@user-nc4cg7bb1u
@user-nc4cg7bb1u 4 жыл бұрын
Бұйырса Өзбекстанды аралап, атақты тұлғалардың басына барып зиярат етемін. Құдай қаласа.
@user-jl1bi3ml5y
@user-jl1bi3ml5y 2 жыл бұрын
Ташкентте болдым маған ұнады.
@user-jj7ib6ck5h
@user-jj7ib6ck5h 6 жыл бұрын
Алла саган рыза болсын
@user-jj7ib6ck5h
@user-jj7ib6ck5h 6 жыл бұрын
Royal. kz жазылдым
@user-jj7ib6ck5h
@user-jj7ib6ck5h 6 жыл бұрын
Royal. kz менде жок канал
@iskobisko6401
@iskobisko6401 5 жыл бұрын
Салам
@user-td2ju7qo6v
@user-td2ju7qo6v 8 ай бұрын
Ассалаумағалейкүм көпшілік! Алла қаласа қазанның бесынде Самарқанд қаласында боламыз. Баршаңызға Алла сонда барып аруақтарға құран бағыштап қайтуды нәсіп етсін!
@gayratyoldoshturan4115
@gayratyoldoshturan4115 6 жыл бұрын
Çok guzel
@user-cr7zh1in9k
@user-cr7zh1in9k 5 жыл бұрын
Менде барсамба Самартқан қаласына. Кесенелерді көрсем деймін. Тамаша жер екен. Сізге Алла разы болсын. Тағыда осындай видеоларды түсіреберіңізші. Өте керемет ақпарат
@user-tc7ch1gc1i
@user-tc7ch1gc1i 4 жыл бұрын
Каззахстанда бизин Озбекстандагыдай козди кыуантып коретугын хеш нарсе жок палауды конечно мактайсыз казахтын бимаза дамсиз аухатлары хеш ким жегиси келмейди ал бизин гостербайтарлар болса казахларга кандай мазалы тамак писириуди корсеткен
@user-gi1kl9ls2l
@user-gi1kl9ls2l 5 жыл бұрын
Мирзо Улугбек правител Турона отец астрономии построил много то время ВУзов впервые мире выплатил степендии все студенты должны сказать спасибо ему то что получили степендии в училище техникумов институтов и университетов
@nazifadosmetova4655
@nazifadosmetova4655 5 жыл бұрын
Жасур Оманов өф
@user-cw1uq7pd4u
@user-cw1uq7pd4u 5 жыл бұрын
Умница адрес тебе очень идёт!
@TV-uw7pp
@TV-uw7pp 6 жыл бұрын
Керемет алла бүйыртса бизгеде жазын бару.
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Әмин! Бұйыртсын!
@OralbaiAmirseitov
@OralbaiAmirseitov 6 жыл бұрын
Я озбек халкы сондаи ислам дыныне катысы бар нарселерге оте каты ман береды екен
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Иә.
@user-fd1px5hf7i
@user-fd1px5hf7i 3 жыл бұрын
Керемет
@user-fb6wf6jk2s
@user-fb6wf6jk2s 6 жыл бұрын
Молодцы девчоки.
@user-ck6yp3uf5z
@user-ck6yp3uf5z Жыл бұрын
Самарқанның көк тасы ерігенде деген сөз осы Ұлықбек обсерваториясынан шыққан сөз сол жерден наурыз мейрамын қай уақыт тсс зерттеген
@user-wq1wt3db6v
@user-wq1wt3db6v 6 жыл бұрын
Мен бардым керемет жер
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Иәә, келісемін.
@user-ri3bx1io2s
@user-ri3bx1io2s 6 жыл бұрын
сəлеметсізбе жақсы палау екен мен осылай палау жасаймын самарқант жақсы қала екен бару керек
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
иәәә, Самарқан өте күшті қала. Маған қатты ұнады. Осында бару керек барған соң.
@user-ri3bx1io2s
@user-ri3bx1io2s 6 жыл бұрын
мен сізге алдын жазылғанмын мені де бір жерге ертіп барыңышы мен жақсы көрем саяхатты өзіміздің жақсы бауырларымызды қыздар балалар ағаларымыз неше түрлі өздерінің өнерлерімен танытып кызықты күн өткізуге əр түрлі шаралар қызықты
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Қыз жігітке еріп жүрсе жарасар, жігіттің қызға еруі қалай болар екен :]
@user-ri3bx1io2s
@user-ri3bx1io2s 6 жыл бұрын
керемет мен ойыңызды түсіндім сіз менім ойымды түсінбедіңіз мен басқа шетелге бармақ түгілі өзіміздің Астанаға барып көрмепін өйткені мен үлкен кісілерге қараймын шығалаймын сіз менім орныма ата мен апаға қарап қалсаңыз мен бір екі қаланы айналып аралап қайтсам ар жағын өзіңіз түсінесіз кешірініз ренжіткен сөздерімен болса
@user-fe3qw9lw3p
@user-fe3qw9lw3p 5 жыл бұрын
Аллах разы болсын
@qazaqbalasy1469
@qazaqbalasy1469 6 жыл бұрын
Əдемі...жер, тарихи орын....
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Рахмет!
@qazaqbalasy1469
@qazaqbalasy1469 6 жыл бұрын
Марфуға ШАПИЯН өткендегі кітап туралы сөзімді сізге қарата айтпадым, кітап авторларына қаратып едім, сіз қате түсіндіңіз...
@Farkhad-Baidaulet
@Farkhad-Baidaulet 6 жыл бұрын
Керемет.👍. Қазақстанның да тарихи жерлерін көрсетсеңіз. Мүмкіндік болса. Əсіресе оңтүстік қазақстандағы Айша бибі, Қожаахмет, Отырар жəне т.б.
@asetasetov9444
@asetasetov9444 6 жыл бұрын
ой Рахмет
@user-lk9qq4qn5f
@user-lk9qq4qn5f 6 жыл бұрын
Оте жаксы, Буйрса барамын,
@royjons9714
@royjons9714 5 жыл бұрын
Оте керемет Узбек Казак агайын Узбекне Казакне бары быр агайын
@shuxratxojanazarov1639
@shuxratxojanazarov1639 6 ай бұрын
MEN ESAPLOP KOʻRDIM TASHKENT CAMARQAND BUXARA XIVA 6 KUN SAYAXAT QILDIM 219$ KETI 👍
@Tabarakqyzy
@Tabarakqyzy 6 жыл бұрын
Мә, түн ішінде мына палауды көріп..:) Күшті қыдырып едік:)
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Иәәәә, айтпаңыз. Астанадан Ташкент палауын табуға болар, бірақ Самарқан палауы табылмайды ау.
@user-yw7ml3yn3k
@user-yw7ml3yn3k 3 жыл бұрын
Самарканд дан салом хаммага
@user-np9vx8jq3l
@user-np9vx8jq3l 6 жыл бұрын
Керемет😍
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Рахмет!
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
қатырасыз))
@user-nn2oi6wj7g
@user-nn2oi6wj7g 6 жыл бұрын
Керемет Ізденістеріңізді жалғастырып бізбен бөлісуді ұмытпаңыздар
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Рахмееет!
@user-us2dm9is1x
@user-us2dm9is1x 5 жыл бұрын
Жер бетін ешкім жаулай алмайды, Жер жаулап алар бетіндегісін. әмір темір дегенде " өлшеулі өмір" деген толғаудың ішіндегі осы екі тармағы есіме еріксіз түсіп кетті -ау!
@user-fp2rb2ct9q
@user-fp2rb2ct9q 3 жыл бұрын
Самарканд керемет кудай каласа барамын қыдырып
@user-es6zc4ub8x
@user-es6zc4ub8x 6 жыл бұрын
Жəрайсың
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Рахмет!
@subjectaxmedov2094
@subjectaxmedov2094 4 жыл бұрын
🇺🇿🇺🇿🤝🇰🇿🇰🇿
@OralbaiAmirseitov
@OralbaiAmirseitov 6 жыл бұрын
Енды барсаныз Ташкент каласындагы зангы ата деген жерге барыныз менын кенесым
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Жақсы, барып жатсам, барамын ғой.
@user-vs5ru1pi7r
@user-vs5ru1pi7r 4 жыл бұрын
Адеми карындасым, бимарал!!!! 😁
@user-ck6yp3uf5z
@user-ck6yp3uf5z Жыл бұрын
Жалпы өзбекстандағы самарқан ташкент хива үргеніш бұқара сияқты қалаларды аралау үшін қанша қаражат кетеді екен ?
@TV-si6bg
@TV-si6bg 4 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз
@tileubekzeken1082
@tileubekzeken1082 6 жыл бұрын
👍
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Рахмет!
@OralbaiAmirseitov
@OralbaiAmirseitov 6 жыл бұрын
Менде болгам Ташкентте самарканта болгам оте адемы
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Керемет!
@tonimantana5873
@tonimantana5873 5 жыл бұрын
🙏🙏☝☝
@user-ck6yp3uf5z
@user-ck6yp3uf5z Жыл бұрын
Әмір темір кесенесінің тарихшысы гид өзбек кісі сұхбат берген ютубта Әмір Темір найман барлас деп демек ол қазақ😂
@user-nm8oz4xr6n
@user-nm8oz4xr6n 3 жыл бұрын
Канша тенгемен барып кыдыруга болады?
@anvarjonachilov7989
@anvarjonachilov7989 5 жыл бұрын
👍👍👍👍👍
@user-ff7or7sb6v
@user-ff7or7sb6v 6 жыл бұрын
Ассаламуалейкум Новоий облысына бармадынызба Айтеке би бабамыз жаткан жерге
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Уаалейкумассалам! Ол жаққа барып үлгермедім, өкінішке қарай((
@user-tx7fd5pe8f
@user-tx7fd5pe8f 5 жыл бұрын
Жукунусбай Искакбаев, Мой прапрадед Қонысбай датқа умер и похоронен в Самарканде(примерно 1870-1890 годы). Дед рассказывал, что на месте его погребения построено кесене и имеется постоянный смотритель(шырақшы). Люди, считая его святым, ночевали там, в надежде получения его благословения по излечению от различных недугов и бездетности. Называл ли он точное место захоронения или нет, не помню. Имеются ли такие места в "Шахи Зиндане" или это другое место Самарканда?! Даст Аллах возможность, желаю там побывать и поклониться могиле своего предка. Ол Нұрата ауданында болуы мүмкін бе?
@user-df4vm9vf7z
@user-df4vm9vf7z 4 жыл бұрын
@Жукунусбай Искакбаев Навой обл нурата қаласында
@user-zw5fl5um9m
@user-zw5fl5um9m 3 жыл бұрын
Ташкенте болдык Алла коса Самартканка барсак жаксы болар еды
@CristianoRonaldo-rk4ex
@CristianoRonaldo-rk4ex 3 жыл бұрын
карындасым бухара хиваныда косетсенiз
@general1439
@general1439 Жыл бұрын
🇺🇿🇺🇿🇺🇿🇺🇿🇺🇿
@user-eh3mo9nl5e
@user-eh3mo9nl5e 5 жыл бұрын
Мен сонгы рет ресейде москвада болдым
@user-dp7ro1uw7f
@user-dp7ro1uw7f 6 жыл бұрын
Жанеемм Марфугаш сен сондай жақсы қызсында
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Рахмееет!
@user-dp7ro1uw7f
@user-dp7ro1uw7f 6 жыл бұрын
Марфуға ШАПИЯН жақын араласуга болама
@boybezpravilboy5906
@boybezpravilboy5906 5 жыл бұрын
Марфуға ШАПИЯН ултыныз ким. И есиминиздин магнасы калай
@rustemr5973
@rustemr5973 5 жыл бұрын
Гулфайруз кыздардын бари жаксы.тек минези мен кылыктары болмаса
@user-mu9ey4lq8k
@user-mu9ey4lq8k 6 жыл бұрын
Самарқандқа барып видеоға,фотоға тусіресіз содан таможняда тексерiп қалып тиіспейдіма,қайтқанда?
@aigerimnazar4377
@aigerimnazar4377 5 жыл бұрын
Қонақүйдің бағасы қанша екен?
@user-ck6yp3uf5z
@user-ck6yp3uf5z Жыл бұрын
Көкілташ медресесін қазақ Көге деген кісі салған
@user-oe1nl3rh2m
@user-oe1nl3rh2m 3 жыл бұрын
Самарқанға барғым келіп кетті. Марфуға ханым біздің де Қазақстанның тамаша жерлерін түсіріңізші. Қазақстанда тамаша жерлер көп. Әсіресе біздің бабаларымыздың жатқан жерлері. Мен 2017 жылы болғанмын Қазақстанның батысында, солтүстікте, оңтүстік жерлерде, әсіресе жастарымыз білмейді. Қазақстанның туристік деңгейін көтерейік. Сол жерелердің халқына жұмыс табылып қалар.
@user-rz3up2pm4g
@user-rz3up2pm4g 5 жыл бұрын
Калайсыз
@user-cr3st7jz8n
@user-cr3st7jz8n 5 жыл бұрын
тамақтың дәмін татып қандай екен айтардан бұрын биссміллә деп айтпайды екенсіз.
@user-un6dn9qb3x
@user-un6dn9qb3x 5 жыл бұрын
Рақымет қарындасым мен сол жерде оқыдым
@ayazgultemirova9482
@ayazgultemirova9482 6 жыл бұрын
Қазақ тарихы
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Бұйыртса, Қазақстанның да көрікті жерлерін шығарамын.
@user-li6hv5qe3t
@user-li6hv5qe3t 2 жыл бұрын
самарханттан көрі хива жақсы сяқты
@user-kp9qb4ed2t
@user-kp9qb4ed2t 6 жыл бұрын
Канша акша кетти дал осы сіздін жагдайынызда.шымкент->самарканд ?толык аралап шыгуга?
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Мен екі рет бардым ғой. Шымкент арқылы барғанда үш қалаға елу мыңдай кетті.
@user-bg1zm7jy5s
@user-bg1zm7jy5s 5 жыл бұрын
мико актобе сто тисяч нармални жетеди
@user-mk2nq9gw1x
@user-mk2nq9gw1x 5 жыл бұрын
Баурлар мехмонга келинглар
@helzixd5198
@helzixd5198 5 жыл бұрын
Саламалейкум.Мен ХИВАДА болдым.Өте керемет жер.
@user-ck6yp3uf5z
@user-ck6yp3uf5z Жыл бұрын
Регистанды Жалантөс баһадүр салған
@asanislam3571
@asanislam3571 6 жыл бұрын
мысырда СУЛТАНБЕЙБАРЫС мусылман коргаушысы християн алемимимкн манголдарды женген ҰЛЫ ЖЕНИМПАЗ атамыз жайлы тусирши
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Мысырға барудың сәті түссе, міндетті түрде түсіремін.
@sardoraliev5482
@sardoraliev5482 5 жыл бұрын
Ахмет Яссауида солай керемет қып істеуге болады бәр жағы жантақ басып жатыр келген бамшылардың еш бірі оны ойлаватқан жоқ
@wiederbeleben
@wiederbeleben 6 жыл бұрын
Моңғолияға барғанда алдымнан Шыңғысхан ал, мұннан Əмір Темір дейсіз бе?! 😄😄 астары қызық)
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Ал бізде ше? Кім?)
@wiederbeleben
@wiederbeleben 6 жыл бұрын
Біздегі жақсылар сыртта екен ғой иə))
@user-wp4rr7ig3j
@user-wp4rr7ig3j 6 жыл бұрын
самаканнын кок тасы байкамадым??
@user-tx7fd5pe8f
@user-tx7fd5pe8f 5 жыл бұрын
Имамкули-хан жаныс-аштарханид. Часть жанысов живущие в Ташкенте, в Ферганской долине, известны принадлежностью династии МИНГ(тысяча) и стали узбеками. А большинство жанысов живут в Шымкентской, Жамбылской, Алматинской областях РК и никогда не забывали, что они Жанысы. Жалантос бахадур наш полководец. Правда в его время не было разделения жанысов на узбеков и казахов. Мы были "нағыз жанысами", разделение произошло по политике российской империи. P.S. Мой прапрадед Қонысбай датқа умер и похоронен в Самарканде(примерно 1870-1890 годы). Дед рассказывал, что на месте его погребения построено кесене и имеется постоянный смотритель(шырақшы). Люди, считая его святым, ночевали там, в надежде получения его благословения по излечению от различных недугов и бездетности. Называл ли он точное место захоронения или нет, не помню. Имеются ли такие места в "Шахи Зиндане" или это другое место Самарканда?! Даст Аллах возможность, желаю там побывать и поклониться могиле своего предка.
@qipshaqqazaq6925
@qipshaqqazaq6925 5 жыл бұрын
Қазақ бейіт жаққа саусақ шошайтпайды қарындас, байқамай қалсаңыз саусақты тістеп,аяққа басу керек.
@user-fy5bx2su2v
@user-fy5bx2su2v 4 жыл бұрын
Ам куз
@remboaliev3858
@remboaliev3858 5 жыл бұрын
турмуш кургансизми
@OralbaiAmirseitov
@OralbaiAmirseitov 6 жыл бұрын
Мен откен жылы кыста бардым
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Ұнады ма?
@user-sh1ig4kb8l
@user-sh1ig4kb8l 6 жыл бұрын
Канша акша кетеди, жане канша акшамен барган дурыс???
@Marfubooks
@Marfubooks 6 жыл бұрын
Ол қыдырғаныңызға қарай.
@nurkhanmoldabekov7828
@nurkhanmoldabekov7828 6 жыл бұрын
Марфуға ШАПИЯН шамамаен қанша енді? Нақты айтсаңшы
@remboaliev3858
@remboaliev3858 5 жыл бұрын
гозал киз экансиз
@tarbagataitaularunan3813
@tarbagataitaularunan3813 5 жыл бұрын
Жақсы жерлер ғой расында да. Басқадай шошқа доңыз еттерді жемейді. Спирт тер ышылмейды. Харам нәрселерге тиым салынған. Мақтау ға тұрарлық жерлер. .
ONE MORE SUBSCRIBER FOR 6 MILLION!
00:38
Horror Skunx
Рет қаралды 15 МЛН
FOOTBALL WITH PLAY BUTTONS ▶️ #roadto100m
00:29
Celine Dept
Рет қаралды 76 МЛН
UFC 302 : Махачев VS Порье
02:54
Setanta Sports UFC
Рет қаралды 1,3 МЛН
Баян-Өлгей сыбызғышылары Халық күйі «Бейжін сары атан»
1:19
Мені ТАҢ қалдырған ӨЗБЕКСТАН| Қазақ қызы бірінші рет ӨЗБЕКСТАНДА
15:04
Балнұрмен Cаяхат | Путешествия с Балнур
Рет қаралды 79 М.
ПУТИН МЕН ТОҚАЕВ ШЫН ДОС ПА? / Әлем тынысы
40:07
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 114 М.
ONE MORE SUBSCRIBER FOR 6 MILLION!
00:38
Horror Skunx
Рет қаралды 15 МЛН