БАЙҚАУ НӘТИЖЕСІ: @ГулбануСагигалиева Гүлбану, құттықтаймын, сіз жеңдіңіз! Кітаптар жинағы сіздікі! Алу үшін менімен Instagram жекесінде (@balukz) байланысқа шығыңыз, жеңісіңіз құтты болсын!
@user-hg5fv9is7g6 ай бұрын
Тимур оқы. Хаж сүресі,66- аят :" Ол - Алла адамдарды тірілтті ( жаратты) , өлтіреді кейін қайта тірілтеді. Алла бар нәрсені жасауға құдіретті".( ғылымы шексіз,бар нәрсенің ғылымын біледі). Бір тамшы су ( ұрықтан) программа бойынша автоматты түрде кезең- кезеңімен жетілесің .( ұрық,ұйыған қанға,бір жарырақ ет эмбрион,сүйектер пайда болып.....280- күнде сәби болып туыласың) 4- ай тіс,бала,жігіт,кісі,шал --- Өлесің,( программа бойынша өлесің : 40- тан кейін клеткалар жаңаруы азайып,органдар тозып,шашың ағарып,тісің түсіп,терің құрғап,ет қашып, мидағы программа бойынша қартайып,органдар тозып,істен шығып өлесің ) өлтіреді) кейін - Ахиреттен кейін тірілтеді. Шуара сүресі :" Айт,Мұхаммед адамдарға : біз оның ғылымын білеміз,игергенбіз ( қайта тірілтудің) Осының бәрі - ғылым емес пе.
@daurenmukhanov96276 ай бұрын
Менің ойым аудармау керек. Себебі орысшаға аударсақ орысқұл қазақтар қазақша үйренуге ынтасы болмай қалады. Кезінде КСРО кезінде бәрі орысша болды ешкім қазақтың жағдайын ойламады, орыс тілін білмейді деп. Сондықтан бұл кітаптарды қазақша оқу керек жөн деп ойлаймын, орысшаға аударса кітаптардың бір маңызы, қаймағы кетіп қалатын сияқты!
@Перизат-ш3и6 ай бұрын
Керек емес. Қазақ тілін дамыту керек. Ұлтына жаны ашитын адам қазақ тілін үйрену керек. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Қаныш атамыз бекерге Тіл дамыту инстутына Мәскеуден қаражат бөлдірген жоқ. Ұлт жанашарын тек ұлттық қазақ тілінде танылу керек. Әрбір қазақ отбасыдан Қаныш тәрбиелеп шығару міндеті болу керек.
@МирасТаубаев-о9щ6 ай бұрын
Аударылу керек деп ойлаймын! Тіл - қарым-қатынас құралы ғана болу керек! Өзге тілдегі оқырман осы кітапты оқу арқылы, Санжар ағаның миссиясы (ғылымға деген махаббат ашылса) орындалғаны! Қай тілде кітап оқыса да, ғылымға, қазақ қоғамына қызмет қылса болғаны! Бәлкім, ол оқырман көкірек көзі оянып, мінезі өзгерер! Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден!
@Lunar793676 ай бұрын
Құнды дүниелер шығарып жатқан "Отбасы хрестоматиясы ұжымына үлкен алғысымды білдіремін. Кітапты орыс тіліне аудару туралы мәселесіне келетін болсақ аудару керек, себебі осы кітаптар орыс тілді қазақтардың оқығаннан кейін қазақ тілін үйренуге деген құлшынысын оятса ол кітаптың мақсаты орындалғаны, одан әрі ғылыми майданның жалғасуы да алыс емес. Екінші жағынан орысшаға аударылса ТМД елдері де біздің осындай ғұламаларымыздың болғандығын біле алады, тіпті басқа шет тілдеріне де аударылсын. Сәттілік!
@АГИЛАТлеулесова-м4х5 ай бұрын
Мен Астана қаласында ЖООда математик-доцентпін. Алдымда білім алып жатқан студенттерге кітап оқу мәдениетін үйретіп, үзілістерде Өзбекәлі және мәдени майдан кітабын, Отбасы хрестоматиясының кітаптарын жарнамаладым. Басында ерініп тұрған студенттер кейін қуанып, кітап оқуға төселгені үшін, көздері ашылғаны үшін нұрланды. Осы орайда Сіздің Санжар мырзамен болған бірінші подкасты да тыңдаттым. Кейбірі Сіздің подкастарды бірінші танысуы екенін айтты.Енді Сатпаев және ғылыми майданды биылғы студенттерімді баулуға ниет қойып отырмын. Өзім Жезқазған университетінде жұмыс жасадым. Қазақ Ғылым Академиясының Математика интитутында аспирантурада оқыдым. Әлбетте Қ.И.Сатпаевтың еңбегі қазақ үшін ұшан-теңіз. Сол себепті де студенттерге жарнамалап оқитындай дәрежеге жеткізгеніміз абзал. Бұл туралы Санжар мырза біледі. астанада өткен кітап жәрмеңкесінде студенттерім Санжар ағайларына жолығып, қолтаңба алып, маған видео-сәлемдерін жеткізді. Мен жастардың біреуінің жүрегіне кітапқа құмарлық, Отанға адалдықтың отын жаға алсам , онда армандарымның бірінің орындалғаны деп білемін. Өткен 2023-2024 оқу жылында Тайный Санта ойынында да студенттер арасында кітап сыйлауды енгіздім. Алдымда бір семестрде білім алған 120 студентке осылай әсер етуге тырыстым. Пайдалы, һәм қайырлы білім адамзаттың бағын ашпақ демекпін. Сәттілік серіктеріңіз болғай!
@ДинаКуантаевнаКайрова5 ай бұрын
Мың алғыс сізге🎉
@astanalyqkyz5 ай бұрын
Керемет. Жарайсыз, сіздей Ұстаздар көбейсін
@tanzharykberdiqululy57495 ай бұрын
Алла разы болсын сізге
@НурсаулеРахымберди5 ай бұрын
Еңбегіңіз жана берсін! Ұлттық ұландарды тәрбиелеудегі әдісіңіз өте керемет екен.
@azamatzhabikenov60825 ай бұрын
Өте керемет іс атқарып жүрсіз. Әр азамат осылай бір қыштан қаласа еліміз мәнгі жасайды.
@user-cn9mn1ws3t6 ай бұрын
Мектептердің директорлары мен лидерлерін жинап, осыны жеткізу керек. Ғажап әңгіме!
@gaukharergazieva49476 ай бұрын
Ғылымда жүргеніме 20 жылдан асты, көп дүние білмеген екенмін, соған ұялып отырмын. Бүгінгі сұхбат ой өрісімді өзгертті. Каспий магазиннен Қуғындалған Сатпаев және Мәдени майданды заказ бердім. Ұлдарымды Қаныш Сатпаев секілді ғалым тәрбиелегім келеді, сол үшін Имантай атамыздың тәрбиесін қолданамын бұйырса. ❤
@zbaibek5 ай бұрын
@@gaukharergazieva4947 🔥🔥❤️
@zamzagulakhmetova60145 ай бұрын
Өзбекәлі және мәдени майдан кітабының таныстырылымында Санжар мырзаның қатысуымен тамаша кездесу болған еді. Кездесуден кейін кітабын алып, оқып шыққан соң, іштей ерекше күш пайда болып, биыл қалай да Өзбекәлінің бейтіне барып құран бағыштаймын деп өзіме серт бергенмін. Сол мақсатыма жету үшін шілде айында Оралдан Түркістанға жол тартып, Өзбекәлі атамыздың рухына құран бағыштап қайттым. Елге еңбегі сіңген қайраткерлердің өмірін насихаттап жүрген Санжардай ағаларымыз көп болсын. Аман жүріңіз!
@БахытжамалЕркетаеваАй бұрын
Жаным, қабыл болсын 🤲
@МакпалТемиркуловаАй бұрын
Жылап отырып көрдім. Қазағымның рухы сөнбесін, Академик Қаныш атамыздай, болмасаңда ұқсап бағатын бала тәрбиелеуге сөз беремін өз басым, алла қолдасын 😊!!!
@МадинаЕсназарова-ъ7ь6 ай бұрын
Көшпенділер ойынына келген американдық жігіт, француз, жапондар қазақша сөйлеп тұр. Американдық жігіттен қазақ орысша сұрақ қойып еді ол "мен орыс емеспін, қазақша сұра" деп жауап берді. Сонда олар Қазақ еліне келетін болғасын қазақша үйреніпті. 3-4 айда үйрендік дейді. Сонда қалай қазақтар өз елінде жүріп өз тілін үйрене алмайды. Ол үйренуге ықыласы жоқ деген сөз. Ол тек сылтау.
@Көбек6 ай бұрын
@@МадинаЕсназарова-ъ7ь азып кеткен нәсіл дейді ондайларды
@ҚарашашҒабдоллақызы6 ай бұрын
Нәсіл емес ұлт, нәсіл тек үш түрлі@@Көбек
@user-j6u8nk7u6 ай бұрын
Намыссыз, сатқын қазақтар.
@janatkhaymuldina4106 ай бұрын
Американдық жігіттер біздің тілімізді сол Америкадың үйреніп келген, заманауі әдістемесін қолданып...Қазақстандағы оқытұ жүйесі , қай деңгейде болса да , жоғарғы, орта , бастауыш білім ондай әдістемелерді қолданбайды . Өкінішке орай , бұрынғы совет үкіметінің жүйесі қалып, цементтеліп, одан қалса ,үстіне бетон құйып, үстіне әдемілеп брусчатка салынған ! Тек ғана , үйінде қазақша сөйлеп шыққан балаларға арналған ! Дым логикаға келмейтін , миллион етістіктер .... Әйтпесе , қазақ тіліне біздің елімізде сұраныс өте жоғары , ақша да бөлінген үкіметтен, бірақ , заманауи оқыту әдістемесі жоқ ! Сол ақшаны ұрланғаны айдан анық ! Мысал ретінде , ағылшын тілі сияқты ," уровеньмен" оқытатын , әдістеме керек ! Әлеуметтік желіде, қазақ тілін үйрету үшін клуб ашып , оқытып жүрген тек ғана Владислав Тен , Қанат Тасибеков деген кісілерден басқа ешкімді көрмейсін ! Владислав Тен - дәрігер , әріптестеріне қазақ тілін оқытып бастап, қазақ тіліне арналған клуб ашқан , бірталай қаражат жаратып ! Өзі Ташкентте дүниеге келіп , өзбекше біледі , Қанат Тасибеков - зооветеринар , Целиноград қаласында дүниеге келген , орысша оқыған ! Енді, қазақ тілін үреніп жүріп , жасы келгенде , дұрыс методика таппай, өзі клуб ашып, елді, өзге ұлттарды , оқытып кетткен ! Елге қызмет ету мінезден , демекші !! Қанат Тасибеков өз тәжірибесін айтқанда, француз тілін бір жылға жетпей үйреніп , Франция үкіметінің шақыруымен барып сол елге , қымыз технологиясымен бөліскен екен... Сон тіл мамандары қайда , филологтарымыз қайда ????
@Көбек6 ай бұрын
@@ҚарашашҒабдоллақызы Ұлт дәрежесіне жетпеген соң нәсіл болмағанда, кім болады?
@aygulzhubaikyzy33816 ай бұрын
Қаныштай бір баламды тәрбиелей алмай қалсам немеремді тәрбиелейін деп бекідім. Балалар сәл өсіңкіреп кетіпті. Тимур сізге мың алғыс! Қазақты өркениетке сүйреп жүрген Ер азаматтарымызға Жаратқан өзі жар болсын.
@МаркизаБазарбаева-ь4р6 ай бұрын
Айналайын ❤
@МаркизаБазарбаева-ь4р6 ай бұрын
Дегеніңе жет❤
@ТілеулесовТойбазар5 ай бұрын
Сәттілік
@ЖакенБакитжанова5 ай бұрын
Талабың оң болсын, Алла саған ұзақ өмір берсін!!!
@bauyrzhan_baktybai6 ай бұрын
Айтылған дүние бір бөлек,айтушы тұлға бір бөлек,бейненің сапасы бір бөлек.Шынайы рахат алатын подкаст(барлық жағынан)
@MegaMiraBai5 ай бұрын
Ақтөбелік кітап сататын жігітке сәттілік! Жолда әрдәйім ақ жол болсын! Жигулидегі ағартушы! Керемет, риза болып отырмын .
@Маржан-ч6щ2 ай бұрын
Өмірі ұзақ болсын,қарағымның ❤
@АжарАсылбек-д1иАй бұрын
Біздің Ақтөбеліктер мықты ғой
@ДинаКуантаевнаКайрова5 ай бұрын
Мен комментарийлерді оқып отырып жылап, тоқтай алмай отырмын. Құндылықсыз өскен ұрпақты, қадірін білмей келген ұлыларды ойлап, балаларыма осындай білім бере алмаған өзімді ойлап, қуыскеуде қоғамды ойлап, тілімді, дінімді ойлап жыладым. Аллаға мың шүкір, Санжар Керімбай деген азаматты қазаққа берген екен. Бұла күші бойында байқаусыз, ескерусіз қалған потенциалды ұлттың жадын жаңғыртуды мақсат еткен жанды. Оған қолдау білдіріп, әр сөзін теріп, таспалап жүрген жандарға да басымды идім❤
@БахытжамалЕркетаеваАй бұрын
Жаныым, жылаған жүрегіңнен айналайын 😢❤
@МакпалТемиркуловаАй бұрын
Сізге де рахмет, түсігіңізге, еліңіздің патриоты екенсіз!! Ұрпақтарымызға осы кітаптарды оқытайық
@СапарбековаАнапиаАй бұрын
Қазақша шыға берсін,түйеге жантақ керек болса,мойынын өзі созады.
@aizhantuАй бұрын
Дина, сіз осы өз пікіріңізбен өзіңіздің рухани терең адам екеніңізді байқаттыңыз. Сіз ойыңызды өте нақты, жинақы, сауатты жазған екенсіз, оқып отырып көз сүйсінеді. Тіл маманы болмасаңыз да, көп оқитын адам боларсыз. Санжардай азамат шығып, осындай қыруар іс атқарып жатыр болашақ ұрпақ үшін. 100 жасасын!
@РазияШахзадова-в8ц6 күн бұрын
Өзбекәлі Жәнібеков,Қаныш Сәтбаев туралы кітаптар орыс тілінде шықпаса жақсы болар еді. Өйткені Санжар Керімбай ағамыз айтқанындай орыс тілді қазақтар мүмкін қазақ тілін үйренуге құлшынысы оянар
@ПоФреиду-г2э6 ай бұрын
Кім не десе о не десін софы десін Осы Санжар Керімбай отбасы ұжымына мың алғыс.
@Aaaaaddddhhhh9906 ай бұрын
Санжар байын ба сөзін сөйлеп отсың ғой иттің қызы?)
@ПоФреиду-г2э6 ай бұрын
@@Aaaaaddddhhhh990 сөз ұнамаса тыңдама
@aport2226 ай бұрын
@@Aaaaaddddhhhh990ой есуас ит өзіңсің не деп үріп отсың қыз балаға ,не де болса надан салафитсың ау.
@nikolanjelooo6 ай бұрын
@@Aaaaaddddhhhh990біреудің сөзін сөйлеп дұрысын айтсаң байы боп шығады ма екен. Не айтып отырсың?
@АламанБәйге6 ай бұрын
@@Aaaaaddddhhhh990 сен сияқтылар осылай үріп үріп қалады көрінген бұрышта. Еш уайымдама!
@user-hl3wz2kn4j6 ай бұрын
Мен өзім жасым 37де, орыс мектеп, университет оқығанмын. Бірінші қазақ тілінде оқыған кітабім - Қуыскеуде. Сондықтан мен орыс тілге аударуға қарсымен. Ағылшын ғылыми подкаст тындаймыз, ені қазақша оқу қолжетімді мақсат!
@marmus995 ай бұрын
🤝👍🔥🔥🔥👌💪
@zbaibek5 ай бұрын
@@user-hl3wz2kn4j 🤝🤝❤️
@АйнурЖ-г6п5 ай бұрын
👍🫂❤
@Болат-з6р2 ай бұрын
Орысша білім алып, қазақша кітап оқу керемет жетістік. Алла зейінізді ашсын.
@РахилаДилдабеккызыАй бұрын
🎉🎉🎉🎉🎉❤❤❤❤
@OmarovichN4 ай бұрын
Ұрпактарымыз арасынан Қаныш атамыздай ұлы адамдар көп болсын. Әмин
@perizatkanybekova13365 ай бұрын
Жылап отырып тыңдадым. Айналайын, Санжар,қазағымның бар болмысын бір подкастқа сыйдырып жеткізу,ол....екінің бірінің қолынан келмейді. Өмірге келген миссияңды толық өтеп жүрген Азаматсың. Көөп жаса! Өшкен- жанданып,өлген - тірілгендей күй кешу сезімін сездірткен екеуіңе де ,Алла разы болсын! Бар қазаққа шамшырақ қой мына подкаст. Жарайсыңдар,жігіттер!!!
@aigerimzhunissova32255 ай бұрын
Біз жас семьямыз, күйеуім сізді танығаннан кейін Санжар мырзаның көп кітабын сатып алып, оқып жатырмыз. Өзбекәлі және Мәдени майданнан күйеуім сұмдық эмоция алды. Сондсй мықты❤ алла разы болсын
@Han009BOIBOKS6 ай бұрын
Санжар Керімбай мырза, ұрпағыңызбен мың жасаңыз! Ағамызға мың алғыс!
@marzhanidrisidrismarzhan4774 ай бұрын
Өте керемет сұхбат! Қазақстанда ғылым, білім қазақ тілінде дамысын. Сондықтан аударма қажет емес.
@zhanatbaidaralin20246 ай бұрын
Не деген ғажап сұхпат! Осы күндерде сондай бай , әдемі қазақ тілін естімейсің. Темеке осындай адамдарды қайжерлен қазып тауып аласыңдар. Не деген кездесү. Өте интеллегентті,іші сыртыда әдемі адамдарсыз. Таудай рахмет. Американ көріп отырмыз..
@ЖанарЖеменей-я4ы6 ай бұрын
Санжар Керимбай деп издениз инстасын табасыз. Куштинин бари сонда
@gabaakzhigit58576 ай бұрын
Санжар Керімбаев Шымкенттің тумасы
@marmus995 ай бұрын
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🔥🔥🔥🇰🇿🇰🇿🇰🇿 🤝🤝🤝🇰🇿🇰🇿🇰🇿💪💪💪
@ЖайнагульСагындыкова-я8е5 ай бұрын
Ең алғаш Қаныш Сәтпаев туралы 1982 жыл кезінде мектептің кітапханасынан ЖЗЛ сериясымен шыққан түрінде оқып едім. Қазіргі күнге дейін есімде. Жалпы қазақтың біртуар тұлғаларының барлығын біздің ұрпақ жақсы білдік, оқыдық. Барлығын кітап оқу арқылы таныдық. 30 жылдық тоқырауда 90-2020 ж.ж аралығвндағы ұлт құраушы негізгі топ , жастарымыздың рухын өлтіріп алдық, Сол рухты ояту үшін жан-тәнін аямай жүрген Санжарға, оның жанында жүрген қолдаушыларға мың алғыс!!! Жалпы ұлт үшін , көрінетін, көрінбейтін шайқаста жүрген барша жандар, баршамызға Алладан күш қуат тілеймін!!!
@yenlikzamir6 ай бұрын
Мынадай керемет сұхбат, әңгіме үшін Санжар ағаға да, Тимур мырза сізге де мың алғыс 🙌🏻 «Ел болашағы қалай болады, ұрпақ тәрбиесі қалай өрбиді» деген тұста осындай ойлы әңгімелер қажет-ақ. Әр үйден, еліміздің әр түкпірінен Қаныш атамыз сияқты тау тұлғалы ұл-қызымыз шыға берсін, өне берсін!
@БахытгульБаелова6 ай бұрын
Тимурды жеңілтек жүргізуші деп жүруші едім, көп алғыс, қазақтың шыққан тегі мен шынайы тарихына бет бұрып, қазақ үшін маңызды тұлғаларды шақырып сұхбат алғаныңыз үшін , қазақтың атынан , болашақ ұрпақтың атынан мың алғыс
@aissulutazhibayeva41125 ай бұрын
Жанымаау Тимур ең қазақы менталитет пен тілді ұстанатын нағыз джентельмен жүргізуші ғой)
@Мариям-ч2г5 ай бұрын
Қызылордалық қой. Біздің жігіттер салмақты
@ТалғатМырза5 ай бұрын
@@Мариям-ч2гсонда басқа жақтың жігіттері жеңілтек па? Қою керек қой сондайды. Біздің жақ, біздің ру дегенді. Онсыз да дами алмай арпалыс үстінде жүргенде. Қайта бір бірін қолдап : "Қазақ жігіттері" деп сөйлеу керек.
@danadana777Ай бұрын
Тимурдың қай жерінен көрдің "жеңілтектікті"🙄 өте жақсы, мәдениетті, екі тілде де таза жүргізетін журналист!
@Динара-к8и6 ай бұрын
Қонақ ағамызға мыңда бір алғыс, құлағымның құрышы қанды, әрбір сөзінде мағына бар, көкірегімді мақтаныш кернеді қазағымда осындай АЗАМАТтың барына. Еңбегінізге көп рақмет!
Санжар ағаны танып, кітаптарын оқып, әңгімелерін тыңдағалы бері тынысы тарылған бір тар қапастағы маған самал жел ескендей болды. Өте сауатты, білімді, шын мәнінде өзінен гөрі халық мүддесін жоғары қойған НАР тұлға ғой Санжар аға. Санжар ағаның тұшымды, мәнді, терең әңгімелері қазіргі қоғамға ауадай қажет. Әсіресе жастарға. Аға, аман болыңыз, бар болыңыз!
@Zhuldyz_zhan4 ай бұрын
Орысшаға аударып керек емес Санжар ағаның айтып отырғаны өте дұрыс. Қазақ тілін өздері үйренсін
@baiqazaq6 ай бұрын
Қазақстанда екі адам бар жалықпай тыңдай беретін біреуі Димаш Құдайбергеннің әндері, екіншісі Санжар Керімбайдың сұхбаттары)
@ayimstar4906 ай бұрын
👍💯
@ГулжайнаТашеменова-й9ъ6 ай бұрын
Керемет айттың
@aibolatospanov6896 ай бұрын
🔥🔥🔥🔥🔥🔥
@lyazzat83986 ай бұрын
❤
@ГульвираБацзыФеншуйСисенова6 ай бұрын
Ия, точно
@user-cn9mn1ws3t6 ай бұрын
Не деген сапалы әңгіме! ❤❤❤
@ilyasyerzhanov66776 ай бұрын
Жоқ аударылмасын. Тек қазақ ғана қазаққа жаны ашиды.Тек қазақша оқығанда ғана жүрек түкпірінде рух пайда болады.
@user80636 ай бұрын
Бар екен ғой ҚАЗАҒЫМДА да НАР ТҰЛҒАЛАР, неге көзімізді ашпай тас қараңғыда жүре бергенбіз, қанша уақыттан бері неге оқып, біліп, зерттемегенбіз осының бәрін…өкініш-ай өзекті өртеген… Құдай әлде де сақтап қалған ғой бізді…
@erasyl018k5 ай бұрын
Мен өзім қазақ филологиясының 1-студентімін. Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде грантта оқимын. Санжар Керімбайдың сұхбаттарын көруді бастадым. Неліктен? Себебі,сөз саптауы,ойлау қабілеті өте бөлек адам. Бейсен Құранбек,Өзбекәлі Жәнібеков,Қаныш Сәтпаев жайлы кітаптарын жазу арқылы,қазақ халқының рухын көтере білді. Өзіндік бөлек бір стилі бар. Бір өтірік сөз кездестірмейсін. Қазіргі таңда,осы ағамның кітаптарын оқығым келіп жүр. Өзімнің елімнен,жерімнен,халқымнан кім шыққанын біліп әрі көргім келеді. “Рухани жаңғыру”деп осыны айтуға болады. Әр жасөспірім,жастар,үлкендер болсын тыңдап,оқыса дұрыс болады деп ойлаймын. Өз басым,көп комментария жазбайтын едім. Бірақ та,Санжар ағамның сұхбаттары маған өте қатты ұнады. Көптеген ақпараттар алып,біліп шықтым. Санжар Керімбай ағама,отбасына әрі командасына сәттілік,шығармашылық табыстар мее зор денсаулық тілеймін!
@SaltanatShadenova3 ай бұрын
Сәттілік серігің болсын🎉
@ҚайсарСерікболсын2 ай бұрын
Менде түсуге ниеттімін қандай оқулықтарды оқуға кеңес бересіз түсудің алдын
@erasyl018k2 ай бұрын
@ өзім JUZ40 online білім беру орталығында оқып,білім алған едім. 10-11сыныпта сол жерде оқып,ҰБТ-ға дайындалдым.
@ЖүнісГүлнафис6 ай бұрын
Санжар ағаның айтуымен келісемін. Қазақ тілінде ғана шыққаны дұрыс. «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген.
@Bekershi6 ай бұрын
Тимур, осындай кісілерді шақырғаныңызға көп рахмет. Тыңдап алып мас болып отырмын!!!
@AxmetandSafia6 ай бұрын
Мас болып отырма окы китапты. Озбекалини окы😂
@ulbolsinbisengalieva41315 ай бұрын
Ой салар, тамаша сұхбат болды. Қазақ халқының бірегей ұлы Қаныш Сатпаев туралы еш жалықпай тыңдауға болады. Бұл кітапты кем дегенде үш- бес жыл көлемінде басқа тілге аудармау керек деп ойлаймын. Себебі,әлемнің мықты ақын-жазушыларының әйгілі шығармаларын автордың өз тілінде оқып,танып жатыр. Қызыққан жанға қазақ тілін үйренуге үлкен мотивация болсын. Үш-бес жылдан кейін бестселлер ретінде бұл кітапты аударуға шетелдіктер өздері кіріседі .
@Oraz05183 ай бұрын
Рахмет сізге, Санжар аға!😭😭😭 Тәуелсіздіктің 30 жылында өмір сүріп жатсам да, осы уақытқа дейін отаршылдықтың қазақ еліне жасаған қиянатының тереңдігін толық сезіне алмаппын. 😭😭😭Сіз сияқты аға буынның айтып берген өнегелі сөздері мен шынайы көзқарастары болмағанда, бұл болмысты білмей өтер ме едім. Алла сізге ұзақ ғұмыр берсін, аға! Отарлаушы елдің қазақ халқының тағдырына жасаған жоспарлы қиянаттарын әлемге паш ету керек. 😡Бұл - баршамыздың міндетіміз. Қазақ елі ұландары бір-біріне демеу болып, шын мәнінде тәуелсіз ел құру үшін бар күшін салуға тиіс. Әр қазақ отбасы Қаныш Сәтбаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Әликей Марғұлан, Абай, Мұхтар Әуезов сияқты ұлы тұлғаларды тәрбиелеп шығарып, еліміздің болашағына үлес қосуы керек.✊ Біздің қазақиямыз ✊- Шыңғысханнан 🔱мұраға қалған ұлы империяның ұрпақтары екенін, өз тарихымыздың тереңдігі мен ұлылығын бүкіл әлемге айғақтап көрсетуіміз керек. Бұл - біз үшін парыз. Әрқайсымыз өз орнымызда еңбек етіп, білімімізді, қайратымызды жұмсасақ, қазақ елінің келешегі жарқын болатынына сенемін. Алға, қазақ елі! Тәуелсіздікті сақтап, ұлтымыздың рухын асқақтату жолында бірігейік! 🤲
@КуляшТасболатова-и1м6 ай бұрын
Мен бауырларымды келіндерді,сіңілерімді күйеулерімен үйге қонаққа шақырып ,әрбір үйге сіздің кітабыңызды сыйға тартсам деген ойым бар.Мақсатым осы кітапты оқитын болса балаларын қазақ мектебіне беріп ,қазақи тәрбие боларма еді.Әйтпесе қанша айтсамда жеткізе алмадым.Қазақ болып қалу үшін өзара қазақша сөйлесуіміз қажет екенін.Үйде баламен қазақша сөйлесіңдер десемде ұқтыра алмадым.Сол менікі солардың балаларын қайтсем қазақша сөйлетем деген арман,мақсат.
@ШынарМухамбеткалиева-г9в5 ай бұрын
Керемет! Текті адамның ойы да текті.Мықты ой тастадыңыз!👍
@user-zzzvvvy6 ай бұрын
Алдымен Санжар аға мен Отбасы хрестоматиясы ұжымына, Тимур, сізге, ұжымыңызға сұхбат үшін көп рақмет! Басқа тілдерді ақпарат алу, мүмкіндіктерге ие болу үшін оқып жүрміз ғой. Қазақ сыныбында оқып, мектепті бітіре сала қазақ тілін ұмытып, маған привилегия емес, аса мұқтаж емеспін деген ой жайлап алған уақытта өмір сүріп жатырмыз 2025 жыл таяп қалғанда. Әлі күнге дейін қазақ тілінің мұңын мұңдап жүрміз. Сондықтан кітаптарды орыс тіліне аудармаса деймін.
@botabota72636 ай бұрын
Ағай қандай кішпейіл ❤, сөздің басын қандай әдемі бастады, айында хабарласпасаң ағайын, жылында хабарласпасаң жегжат жат дейді❤,жаным ағатай,недеген құрмет кісіге 🥰
@bakytberdikuatkhan49495 ай бұрын
Сұхбат керемет өтті 🔥 21-дің ғасырында қай елдің мысы көп, сол елдің "мысы" басайын деп тұр ғой...
@arailymmustafina1824 ай бұрын
Магистратура бітіріп, қой осымен болды деп мамандығыммен жұмысқа турып, отбасы құрып, 3-ші рет ана атанып, бала күтімімен демалыста отырмын дәл қазір. Жақында ой келді, не істеп жүрмін, балаларыма қандай дұрыс тәрбие берсем екен, өзімде өсіп емес, кейін кетіп бара жатырғанымды көп ойлап, мазасызданып жүрмін. Демалысымды пайдаланып, докторантураға түсіп, білім алып, алға дамиын деген ой келді 1 апта бұрын. Осы подкастты тек көрмедім ау 😉 бұл бір белгі болды маған, мотивация 33 жасымда. Рақмет Санжар көке 😘
@karligashungarova10896 ай бұрын
Санжар аға, сіз Өзбекәлі Жәнібек ата туралы кітапты шығарып бір қазақи рухты көтеріп, енді Қаныш атамыз туралы кітаппен сусындап бала тәрбиесіне көшіп, өзіңіздің командаңызбен үлкен стратегиясың-ау шамасы! Мықты! Рахмет осылай оятып жатқаныңыз үшін! 🙏
@Assemmim6 ай бұрын
Өте керемет сұқбат болды, кеудедегі рухты оятуға әсер етті. Қанымыздағы қанның өршіп оянуына үлес қосқан сұқбатшыларға рақмет! Білімнің, ғылымның маңызы зор екеніне көз жеткіздіңіздер!
@МираАйтуганова-й8ж6 ай бұрын
Санжар мырзаға шексіз алғыс! Керемет жаңалық болды мен үшін бүгінгі сұхбат, қазақтын ұлы тұлғалары туралы мүлдем хабарсыз екеніме өкініш пайда болды. Кітаптарды сатып алып міндетті түрде оқып және балдарыма оқытамын деген жоспар қойдым. Орыс тіліне аударудың керегі жоқ деп санаймын, қазақ тілін үйренуге біз сияқты орысша оқыған қазақтарға ықпал,себеп.
@AziyaIbrayeva5 ай бұрын
Құрметті Тимур! Рақмет сізге! Керемет подкаст! 2024 жылы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Қазақстан Ұлттық Банкі күмістен естелік монета шығарды👍
@user-fp8gp25 ай бұрын
Өмірге деген көзқарастар мен құндылықтарды өзгерткен шығарылым. Көп рахмет, істерің тек алға баса берсін❤
@МадинаЕсназарова-ъ7ь6 ай бұрын
Оо, керемет сұхбат болды. Тимур, Санжар сендерге мың алғыс! 👍👍👍👏👏👏🔥🔥🔥😍😍😍
@Дидар-ч6щ6 ай бұрын
Бүгін Аллам мені қуанту үшін Санжар ағаймен жүргізілген подкастты жіберіпті. Көп рақмет 🔥
@МаркизаБазарбаева-ь4р6 ай бұрын
Айналайын ❤
@AliMashrap6 ай бұрын
Өте керемет сұхбат . Нағыз рефлексия жасап , анализ жасайтын сұхбат болды . Санжар ағаның шығыс пен бастыс құндылықтарын синтездеген адам толық болмыс болады дегені барлық жауабын іздеп таба алмай жүрген сұрақтарыма дөп нүктесін қойды . Әрине Тимур ағаның өте сауатты , толерантты интервьюер екеніне тағы да көзім жетті . Ал Санжар ағаның орыс тіліне аудармаймын деген тұжырымына құба - кұб келісемін , себебі үйрегісі келетін адамға 😊тіл ешқандай барьер емес
@SymbatAbdikhalik5 ай бұрын
Барлықтарыңызға Сәлем. Менің жасым 17ті де өмірде 2кі нәрсе таңдаудан қателеспеу керек қой,соның біреуі мамандық мен сол маңызды шақта жүрмін.Болашақ қойған не арманым жок ,не мақсатым не ,пір тұтатын адам да жок не істесем екен деп жүрген сәтте Санжар ағаны сұхбатын көрып, ішімде бір соғыс жүрып жатыр .РАХМЕТ❤
@zhumashkz52204 ай бұрын
Sattilik
@ЖаңагүлАманжолқызы4 ай бұрын
Жарайсың! Өмірден өз орныңды табуға тілектеспін
@jgdsrtvftt72412 ай бұрын
Айналайндарым ештенеден коркпа, карта, омирине ак жол❤
@Zhazira.ibrayevaАй бұрын
Болашағың жарқын болсын, маңдайы жарқыраған елімізге танымал тұлға болуына тілектеспін❤
@БалжанИбадуллаева-ф4ыАй бұрын
Осылай ойлағаныңның өзі сен биік белестерді бағындврып қазақ еліңе пайдаң тиетін азамат болатыныңа сенемін
@zhandartortbaev23945 ай бұрын
Өте керемет сұхбат айналайын Санжар інім өркенің өссін,орысшаға аударып әуре болмасын.бұл кітаптарды оқығанда тек қана түп нұсқада оқығанда миға қонымды,жүрекке жағымды болады.Санжарға үлкен рахмет.
@ГульзираБайдуллаева6 ай бұрын
Керемет миымызда тарихи майдан болып жатыр, таңданыс пен мактаныш журегімдіі жарып бара жатыр❤❤❤❤❤❤🎉🎉🎉🎉🎉
@madinaaubakirova76416 ай бұрын
Орысшаға аударылмасыншы😔отбасымызға кітаптар келгелі өзімнің де қазақша кітаптарға қызығушылығым артты, көптеген сұрақтарыма жауап алып келемін, ең бастысы орысша оқитын жиенім, ата-анасы қазақшаға бет бұрды, Алпамыс жырын, бата жаттап жатыр❤❤❤ АНА тілінде оқылған кітап бірден бойға сіңіп жүрекке жетеді❤(бұрын орысша оқып жүргенде осыны түсінбейтінмін)
@sunny_life62446 ай бұрын
Қазақша үйретудің бір тәсілі! Санжар Керімбай, аудармай қоя тұрыңыздар кітаптарыңызды басқа тілге. Жұрт бұл не бестселлер бірінен кейін бірі шығып жатқан деп таң қалып, тілді үйреніп алса екен! Бүкіл әлемді qazaq_trend жайлап, біздің рухани жаңғыруымыз басталса екен. Ешкім бізге көз аларта алмайтын. Өздігінен жүрегі жылып, бүйрегі бұрып тұратындай деңгейге жетсек қой❤ Бізде әлемді ақылымен баурайтындай даналық та, тұлғалар да бар емес пе?❤ Мен соған сенем❤.
@ГаухарЖолмаханбет-э9п6 ай бұрын
Тимур сізге көөп рахмет! Санжар ағадай тұлғаны қоғамға таныстыруда еңбегіңіз зор болып тұр
@batiabutabaeva41445 ай бұрын
Неге аудару керек, Аз қазақ. Ғылыми майданда осе берсин, қазақ тилин сыйламаган Азаматар, қазақ тилин уйренсин. Оте дурыс айтты Санжар азамат, басқа тилди өз мақсаты ушин тез үйренеді алса, өз тилин жаттап уйренсин дегим келеди. Тамаша пикир болды Рахмет.
@ЖақсыгүлБатырбай6 ай бұрын
Санжар керемет,жалпақ түсінікті тілмен аудиторияны баулап алады,үйткені шын жүректен шығып жатқан әңгіме.Үлкен. Рахмет.Тимур өзіңде елітіп отырсың ғой.
@KydyrZhienali6 ай бұрын
Санжар ағам менің ❤ жыртты ғой болды мынадан кейін дым подкаст керек емес қой😍😍😍😍😍
@КульшатКенбаева6 ай бұрын
Ой ой ой қандай рухани әңгіме, мына сұхбатты тағы 3-4 рет қайталап тыңдау керек, Санжар мырза рахмет, еңбегіңіз жансын !Тимур балам жұмысыңыз жемісті, ұлдарыңыз Сәтбаев атасы сияқты азамат болып өссін ❤Бүгін өте тамаша күн болды 👍👏
@ГульжанБаптаева6 ай бұрын
Міне саған.. сырты жылтыр іші бос дүниеге еліктеген заманда мына сұқбат ойландырып, толғандырып қойды әбден. Керемет. Санжармен кездесуің енді дәстүрге айналсын, Тимуржан. Қазаққа өте қажет әңгіме. Рақмет екеуіңе де! Немереме мақал, жұмбақтар үйретейін.
@НазигульЖакипова5 ай бұрын
Айналып кетейін Санжар бауырымның сөздерін үнемі тыңдап,рухани азығымды қандырып отырамын.Үнемі тыңдап,кітаптарды алып оқып отырамыз балдарыммен бірге,қазаққа қойған талабын өзім үшін де,қазағым үшін орындауға күшімді салып отырған жайымыз бар,әрине Алланың қалауымен болады барлық нәрсе.Санжар бауырым жасың ұзаааақ болсын,отбасыңның ән-жыры таусылмасын.Шымкент қаласындамыз,кітапты Гүлнар әпкеден алып отырамын.Рахмет бауырым.
@aigerim_maratqyzy5 ай бұрын
Миға азық болатын керемет сұқбат болды. Бір деммен тыңдап шықтым. Көп дүниені өзіме түртіп алдым. Осындай сауатты сұқбаттар көбейе берсін! Білімді, саналы ұрпақтар тәрбиелеуде ізденуден танбайық
@ӘзімханАдай6 ай бұрын
Тимур мырза сізге рақмет. Санжар ағамыздың көсіліп,еркін сөйлеуіне мүмкіндік беріп,сөзін бөлмей тыңдайсыз. Ризамыз сізге. Алла разы болсын.
@Makpalrsaeva2 ай бұрын
Иә, сөзін бөлмей еркін өтті шығарылым👏🏻
@akerkekurmanbek53336 ай бұрын
Керемет сұхбат үшін мың алғыс!👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
@user-le5wt6 ай бұрын
Мотивация деген осығой. Қаныш атамыздың жолын берсін
@БекзадКуанов5 ай бұрын
Бәрекелді жаңа Қазақстанның жақсы бағытын бағдарлаушы тұлға!!!
@guljazim6 ай бұрын
Бірнеше институттың жұмысын атқарып отырған Санжар Керімбай ағамыз бастаған "Отбасы хрестоматиясы" ұжымына мың алғыс. Мәнді әңгімеге ұйып, рухымыз шаттанды
@Akku.Ermekbaeva6 ай бұрын
Керемет сұхбат. Санжар аға қатысқан подкаст болса болды, тек пайдалы болатынын білесің😍👏👏👏
@ГульмираКамбарова-у1з6 ай бұрын
"Өзбекәлі және мәдени майдан" кітабын оқып, өз-өзіме сыймай жүр едім. Енді "Қаныш және ғылыми майданды" оқып жатырмыз. Санжар мен Айбек інімізге Алла ғұмыр берсін, бұлар енді тоқтамайды, керемет туындылар күтеміз, қаламдары мұқалмасын.
@ДулатТлеш-в5ж6 ай бұрын
Санжар аға сізді тыңдағалы, сіздің және сіздің командаңызбен жазған кітаптарыңызды оқығалы өзімді шынымен таныдым. Қуыскеуделікпен дүниенің соңында жүріппін. Осылай жүре берсем өмірімнен не мағына, не мән қалдырамын деген сұрақ ойымнан кетпейді. Енді тек өзім білетін нәрселерді барынша шынайы, ақжүректілікпен, қайсарлықпен, аз болса да тоқтаусыз бірінші отбасыма екінші қоғамға тарату.
@Sairanbek666 ай бұрын
Осы ертенің адамдар кітабын көптеп тарату керек , халық мәңгүрттікке кіріп кетіп барады , былайша айтсаң шайтан тірлік пен өмірлері өткізіп жатыр , мәдениеттілік, патриоттық қа, шыншылдық, әділдік керек, деп ойлаймын
@Zara.275 ай бұрын
Керемет сұхбат. Мен Төлеби ауданында Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы мектепте оқыдым, мектепте жылда 12-ші сәуір ғалымның туған күнінде жиындар мен кештер өткізетін. Қаныш Имантайұлы әрбір қазақ мақтан тұтып, еліктейтіндей ірі тұлға.
@Ayagul20106 ай бұрын
Қандай керемет сұхбат👏👏👏көкірегіңді құндылыққа толтырады! Санжар аға сізге көп рақмет!!!
@МадинаЕсназарова-ъ7ь6 ай бұрын
Жоқ, аударып крегі жоқ. Санжар дұрыс айтады, орысшасын оқып алған орыстілді қазақтар қазақша үйренейін деген ынтасы бола қоймас.
@chabayevb6 ай бұрын
Қандай керемет сұхбат! Санжар мырзаның барған жерінің барлығын көруге қуаныштымын, бұндай контентке ашпыз. Сонымен қоса Тимур мырза алған сұхбат мүлде ерекше ғой. Рахмет!
@bakytgulhamitgalieva16165 ай бұрын
Керемет сұхбат Санжардан үлгі алар жандар көбее берсін. Өзбекәлі атамызды оқып керемет әсер алдық енді Қаныш атамыздың кітаптарын оқуды бастадым өзім өте қуаныштымын.О/Х ұжымына мың алғыс. Санжар мен Тимурға да көп рахмет шығармашылық табыс тілеймін.
@miramirgaliyeva84995 ай бұрын
Осындай кісіні бағалап, тереңдігін түсініп жүрген Тимур сізден айналайын. Қазақ үшін, қазақтың мадениетімен, тілі ушін өте мағыналы әңгімелер. 🙏🏽🙏🏽🙏🏽
@kulyashzhumasheva97806 ай бұрын
🎉Айналамызды оята алмай жатырмыз!Керемет,рахмет!❤
@bagdatintymakov93376 ай бұрын
Еліміздің дамуына әсер ететін тұлғалармен сұқбаттар көп болсын, Алла разы болсын сіздерге!
@КарлыгашДузбаева-с7ш6 ай бұрын
Санжар аға көп рақымет Сізді тыңдағалы өзгеріс көп кітабыңыз тіптен керемет Ойланушы кітабыңызды үш қайтара оқудамын Сияр шәріп бастадым
@СалтанатХисметқызы24 күн бұрын
Өз елімізде, қазақтарға қазақ тілін үйренейік деген халге түскеніміз өкінішті. Осындай ұлтқа жанашыр тұлғалардың еңбектеріне мың алғыс.
@БаршаМустафина5 ай бұрын
Сәлеметсіздер ме.Иә,керемет сұхбат болды.Рақмет үлкен.Осындай кітаптарды оқып,балаларына дұрыс тәрбие беретін ата-аналар көбейсін,сол тәрбиені құйма құлақтарына құйып,намысты,жігерлі,білімді салиқалы ұрпақтарымыз өсіп-өнсін.Алла қолдасын бәрімізді
@EriqueND6 ай бұрын
Мың алғыс. Осындай сұқбаттар көп болсын. Ата аналардың құлағына алтын сырға. Тимур сұқбат жасаудан жалықпа, күш қуатың, жігерің өсе берсін. 👍
@ЖулдызАбдрахманова-п5ш6 ай бұрын
ТИМУР!ШЫН ЖУРЕКТЕН РАХМЕТ СИЗГЕ.ЗАМАНЫМЫЗДЫН АҒАРТУШЫСЫМЕН СҰХБАТ ҚҰРҒАҢЫЗ ҚАНДАЙ ЖАҚЫС БОЛДЫ.
@artyknuralieva23066 ай бұрын
Қаныш Сәтбаев -ұлтымыздың біртуар ұлы тұлғасы. Мұндай түлғалардың ұлт үшін атқарған ұлы еңбектерін ұрпақтары ешқашан ұмытпауы тиіс. Сондықтан Қаныш атамыздың атқарған істерін, ашқан ғылыми жаңалықтарын жұртқа танытуға, оны жастарға насихаттауға арналған кітаптың жарыққа шығуы-өте көңіл қуантарлық жағдай! Сонымен қатар аталмыш еңбектің қазақ тілінде жариялануы қазақ тілді жастардын өз тарихын, мәдениетін мақтаныш етуіне, ал орыс немесе басқа тілді жастардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыруға мол ықпалын тигізетіндігіне күмән келтірмейді. Осындай мәдени-әлеуметтік мәні зор жобаны жүзеге асырып жатқан Санжар Керімбай мырза бастаған ұжымға мол алғысымызды білдіреміз! Ал, осындай тәлім-тәрбиелік мәні мол еңбекті кең аудиторияға насихаттап, авторымен салиқалы, салмақты сұхбат құрып отырғаны үшін Тимур Балымбетов мырзаға да шексіз ризашылығымызды білдіреміз!💐💐💐
@nuraralbay92275 ай бұрын
Біз өзге тілді үйренудегі мақсатымыз сол тілдегі ғылым мен жаңалықтарды үйрену. Өзге ұлт өкілдері де біздегі білімді алғысы келсе біздің тілді үйренуі қажет.
@АрманӘділбек-б8ч5 ай бұрын
Сұқпат өте тамаша! Разымын. Екі азаматқа да зор алғыс. Меніңше болғанда кітапті орыс тіліне аудару қажетсіз. Ең маңызды бір себепті Санжар ағамыз айтып өтті. Шынымен де, қазақ тілінде жазылған, қазақ тілді қауымды биікке жетелеуге қуатты, қазақ болудың бір рахатын сезіндіре алатын еңбектер дәл қазіргі кезеңде орыс тілділерге қолжетімсіз болуы керек. Тек қазақ тілділер ғана кенеле алатын бір бақыт, бірегей бақыт осындай тамаша кітаптар тізбегі болу керек. Қалай айтсақта, тілдің байлығы сол тілде жазылған еңбектердің құнымен, салмағымен өлшенеді. Орыс тілділердің көздерінің алдында тек қазақ тілін меңгергенде ғана кенеле алатын құндылықтардың әсерінде жасалып жататын дауылды процесстер көп болуы тиіс.
@ЧтоКак-р8ы6 ай бұрын
Керемет сұқпат,қанша ақпаратты біліп,тыңдай бергің келеді.Санжар Керімбайды тыңдаудан жалықпаймын. Рахмет.Еңбегеңіз жана берсін
@ЛаззатЗаркулова6 ай бұрын
Санжар ағамызға мың алғыс! Қазақи тәрбие, әңгімесінен қазақтың иісі аңқиды.Жан-жақты,өте білімді кісі.Мен басқа да кітаптарын электронды түрде оқыдым.Өте білімді, мысалы менің түсінігімде ғалымдар туралы нақты түсінік жоқ.Осы сұхбат арқылы біраз мәліметті естіп отырмын.Қазақтың Қанышын оқыдым,толық емес бірақ.Мен қазақ екеніме мақтанамын.Әр сөзіміз қазына ғой,әр сөзіміз әуен ғой. Тимур мырза көп рахмет.осындай сұхбат көбірек болсыншы.Мың алғыс! Әр тұлға туралы біраз дерек біледі екен, мен таң қалмаймын.Өйткені ғылым мен білімді қатар алып жүрген тума талант ғой🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
@Erik-w3r4j6 ай бұрын
Өте керемет сұхбат болды.🎉 Бір дерек кейінгі деректен құнды болып шығып жатты. Көп нәрсені біліп, түсініп жатырмыз. Тимурға да рақмет!
@ГульшатМухаметжановаАй бұрын
16-жасар мектеп бiтiргенде кумiс медалiн алу ушiн Сатпаевка кабылдауына жазылып, казак баласы ол менiн акем. Жалел Калмагамбетов. Кiшкентайымыздан уйде естiген окига болатын тугын. Санжар, коп-коп рахмет!
@РахимаКсенбаева5 ай бұрын
Санжар Керімбай Қазақтың бағына туған азамат аман жүрсін
@a1shaaa_6 ай бұрын
Бейнені көрместен ақ қуаныш сезімі пайда болды. Жаңа бір кітап. Жаңа тұлға. Ал бейне басталғанда рухты бөлек оятты. Өзбекәлі және мәдени майданан кейін-ақ ұлтқа қызымет деген дерт пайда болып, ғылым саласына қызығушылығым артып жүрген. Мына кітап соған салған тағы бір шоқ сияқты көрінді. Еңбектеріңізге көп рахмет✨❤️ Ендігі ғылымдар тренд болатын кез келгендей.
@AlmaAlmaty1006 ай бұрын
Керемет! Рақмет сіздерге. Өзбекәлі Жәнібек және Қуыскеуде кітаптарын оқыдым. Мықты! Зор! Жасай беріңіздер!🔥🔥🔥
@sagynyshtokenova58245 ай бұрын
подкасттардың төресі болды. жас, бойдақ кезімде тыңдағаныма қуанып отырмын🎉
@АрайлымЖанатова-ч2у5 ай бұрын
Психолог анау мынаудан құлағымыз жалықты. Бұл леп нағыз бізге керек ғылым білімге ұмтылып, рухани мәнге ұмтылып, әр адам өз жұмысының нағыз маманы болып үлкен өзгерістер жасауға бізге бастама болды! Рақмет Санжар аға! Жасап жатқан еңбегіңіз өсе берсін, өне берсін!
@Dr.seitov6 ай бұрын
Ассалаумағалейкум!!! Жоқ орысшаға аударылмасын!!! Соңы адемі айтылды!!! Рақмет сізге Тимур сұхбатқа!!!!
@makhambet_176 ай бұрын
Қаныш және ғылыми майдан маған бұйырса екен , әкемнің де аты Қаныш , мен үшн екі есе мотивация болар , бізде қазақта осындай ғалымдардан әдебиет саласындағыларды жақсы таниды қызығады . санжар керімбайға мың алғыс , озбекалы және мәдени майданды да оқыдым отее керемет катты ұнады , қуыс кеуде кемел адам дегенде жақсы шыққан кітап , отбасы христоматиясы мен санжар ағаға мың алғыс
@Erkin-u7r6 ай бұрын
Екеуі де өте ақылды,жоғары білімді азаматтар екен. Сегіз тіл біледі дегенше,СЕМІЗ тіл біледі деп осы азаматтармен мақтан қазақ!!!
@nurzhamal_handmade04Ай бұрын
Бұл кітаптар міндетті түрде тек қазақ тілінде ғана шығарылу керек. Сонда ғана орыс тілді қазақтарымыз қазақ тілінде сөйлей бастайды деп ойлаймын. Соңғы сөз енді бөлек❤жақсы айтылды.
@АмантайЖумадилов-ц3м6 ай бұрын
Өте керемет сұхпат. Санжар ағамыздың Білім және мәдениет министірі болуына шын жүректен тілектеспін.Өзге ұлтқа тұрмысқа шығуға келсек түбегейлі қарсымын. Тек қана ұлт намысы сүюден биік тұрсын!Дін мен ғылым бір ұғым.Дін ғылымның атасы.Кітаптар қазақ тілінде жарық көре берсін. Орысқа бодан болғанымызды кейінгі ұрпақ білмесін де орыстан қорықпасын.
@marmus995 ай бұрын
Ол басқа ұлтқа кеткен - ,,шіріген жұмыртқа " тәрізді. Себебі ол жолдасына АДАЛ болу мақсатында ұрпағын соның ұлтына бейімдеп тәрбие береді.... ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ - ҚАЗАҚ ЕЛДІҢ АЛТЫН ҚОРЫ - ДҮНИЕГЕ САПАЛЫ ҚАЗАҚ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫН ҒАНА КӨБЕЙТҮГЕ РҰҺАНИ ПАРЫЗЫН СЕЗІНЕ БІЛҮ КЕРЕК ☝️☝️☝️