Ауылым көшіп барады белден асып, Белден асқан бұлттармен араласып-ай. Аулың шалғай кеткенде, беу, қарағым, Ақ қағазбен тұралық хабарласып-ай. Қара көзім, Есіңде ме кешегі Айтқан сөзің-ай? Ауылым көшіп барады (ы)лай көлге, Қызыл бешпет жарасар қынай белге-ай. Аулың шалғай кеткенде, беу, қарағым, Көздің жасын көл қылып жылай берме-ай. Қара көзім, Есіңде ме кешегі Айтқан сөзің-ай?
@МадиНана-с3ф2 жыл бұрын
Аулым көшіп барады белден басып, Белден асқан бұлтпенен араласып-ай. Аулың алыс кеткенде, әй қарағым, Ақ қағазбен жүрелік амандасып-ай. Қара көзім, Бар ма есіңде сондағы Айтқан сөзім-ай. Аулым көшіп барады лай көлге, Шағи бешпет жарасар қынай белге-ай. Аулың алыс кеткенде, қара көзім, Көз жасыңды көл ғылып жылай көрме-ай. Қара көзім, Бар ма есіңде сондағы Айтқан сөзім-ай.