Сатаркул Дәурен - Өмір деген

  Рет қаралды 23,894

Айгерим Абилхатовна

Айгерим Абилхатовна

10 ай бұрын

Өмір деген - ұлы сапар осынау,
Қиындықтар кезіксе де жасымау.
Өмір деген - қарап жүрмей досым-ау,
Жұмыс жасау, жанұяңды асырау.
Өмір деген - міне солай жан бағу,
Әр қызыққа тамсану да, таң қалу.
Өмір деген - өкініш пен қуаныш,
Өмір деген - алдау және алдану.
Өмір деген - өз-өзіңді басқару,
Басқара алмай кейде шалқып мастану.
Өмір деген - баю, тою, шірену,
Өмір деген - тиын санау, аш қалу.
Өмір деген - жалындыру, жалыну,
Өмір деген - сырқаттану, сауығу.
Өмір деген - күнә жасап, артынан
Тәубаға кеп заңдылыққа бағыну.
Өмір деген - жыл қарсы алып, жас қосу,
Танымайтын біреулермен достасу.
Өмір деген - бір адамды қарсы алып,
Бір адаммен мәңгілікке қоштасу.
Өмір деген мақталу да, датталу,
Жан досыңа бар сырыңды ақтару.
Өмір деген - күн артынан күн өту,
Бірде жылап, енді бірде шаттану.
Өмір деген - азу, тозу, семіру,
Жастық өтіп қартыққа да жеңілу.
Өмір деген - сағыну һәм ұмыту,
Өмір деген - ғашық болу, жеріну.
Өмір деген - арғы жақты сөз қылу,
Өз-өзіңе риза болу, жазғыру.
Туған күнді тойлай жүріп бір күні,
Өмір деген - аңдаусызда көз жұму.
Біздің мекен - бағзы өлке, ескі алаң,
Кімдер сірә, табанымен баспаған.
Жердің жүзін билегісі келсе де,
Мәңгілікке ешкім есік ашпаған.
Міне сондай, мен қозғаған ой мынау,
Өмір деген - тек тіршілік жайлы дау.
Қойшы досым, адамбыз ғой бастысы,
Жоқ болғанда қайтер едік деймін-ау...
Авторы: Сатаркул Дәурен
#поэзия #поэзияменіңжүрегімде #қазақшапоэзия #СатаркулДәурен #өмірдеген #өмір #өміртуралы #подпишись #подпишисьнамойканал #подпишисьипоставьлайк

Пікірлер: 8
@ganiserikbayev3670
@ganiserikbayev3670 2 күн бұрын
Керемет
@user-lf3yt5wm3d
@user-lf3yt5wm3d 12 күн бұрын
🎉🎉🎉❤
@user-ot3zc6do6w
@user-ot3zc6do6w 6 ай бұрын
Кандай Тамаша Создер ,Омирдин шындыгы!!!
@user-ze6pd2it7w
@user-ze6pd2it7w 5 ай бұрын
Зор өлең екен
@aibekkawaganov2355
@aibekkawaganov2355 5 ай бұрын
Мұқағали акиық ақынғой
@user-tf9fy1hn2t
@user-tf9fy1hn2t 4 ай бұрын
Мұқағалидің өлең емес бұл. Авторы басқа
@haldiasarnadi7729
@haldiasarnadi7729 Ай бұрын
Сатаркул Дәурен авторы
@didarsatylgan
@didarsatylgan 14 күн бұрын
Тағайбек Тұрысбеков деген ақын ағамыздікі ау осы өлең!
№1 “ӨМІР” туралы ең таңдаулы поэзия жинағы😍
20:13
Қайсар Берікұлы
Рет қаралды 188 М.
Аққулар ұйықтағанда
19:48
NurBol
Рет қаралды 76 М.
Became invisible for one day!  #funny #wednesday #memes
00:25
Watch Me
Рет қаралды 59 МЛН
Playing hide and seek with my dog 🐶
00:25
Zach King
Рет қаралды 23 МЛН
ОСКАР vs БАДАБУМЧИК БОЙ!  УВЕЗЛИ на СКОРОЙ!
13:45
Бадабумчик
Рет қаралды 6 МЛН
Was ist im Eis versteckt? 🧊 Coole Winter-Gadgets von Amazon
00:37
SMOL German
Рет қаралды 39 МЛН
Елена Әбдіхалықова."Өмір деген..."
4:42
Altynshash Múslıma_nemeresi
Рет қаралды 284 М.
Мен сондаймын - Нұрбек Бекұлы
1:57
Айгерим Абилхатовна
Рет қаралды 120
Тынышбай Рахимов. Мұқағалиға арнау
5:38
Aқберен Елгезек
Рет қаралды 44 М.
Нұрбек Бекұлы - Бәрі бітті дегенде басталады
1:41
Айгерим Абилхатовна
Рет қаралды 130
Became invisible for one day!  #funny #wednesday #memes
00:25
Watch Me
Рет қаралды 59 МЛН