Саудада алдау. ЖАҢА УАҒЫЗ. Ұстаз Жарқын Мырзатай ᴴᴰ

  Рет қаралды 6,211

iman nur_kz

iman nur_kz

Жыл бұрын

ЖАҢА УАҒЫЗ. Ұстаз Жарқын Мырзатай ᴴᴰ
Адам саудада қатты сыналады. Біздің әлсіздігіміз ақшаға қатысты істе, жолда, қызмет барысында білінеді. Осы үш нәзік жағдайда адам өзінің шынайы бет-бейнесін көрсетеді екен. Осының ең басында тұрған сауда-саттық барысы туралы ислам бекіткен әдеп-қағидалардан халықты хабардар етуге ниет қылдық.
Исламның сауданы адал еткенін Құранның «Бақара» сүресінің 275-аятынан білеміз: «Алла сауда-саттықты адал еткен». Адалдықпен жасалған сауда қанша жанның жүрегіне жылылық пен мұсылмандарға деген сүйіспеншілікке ие қылғаны тарихтан белгілі. Жаратушы Иеміз келесі аятта: «Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктеріңді араларыңда арам жолмен жемеңдер. Ол табысыңыз әр-біріңіздің ризалығымен болған сауда заты болса да» («Ниса» сүресі, 29-аят) деп ескертті. Айтар ойды аяттардан бастауымыздың өзі исламда сауда адал деп бекітілгендей, оның әдебі де сондай болатынын меңзейді.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) саудаға байланысты хадистері де, сауда-саттықтағы адалдық берекеге жол ашатынын айтады. «Ырыстың оннан тоғызы - сауда мен диқаншылықта, қалғаны - мал шаруашылығында» деп еңбекке үгіттесе, енді бір хадисінде «Сенімді, дұрыс сауда жасаған кісі Қиямет күні пайғамбарлармен, сыддықтармен, шәһидтермен бірге болады» деп, адал саудагердің мәңгілік мекендегі құрметті орнына дейін ашып көрсетті. Ол үшін сауда-саттық өз әдептеріне сәйкес жасалуы мағызды. Олар мыналар.
Саудаңыз адал болуы шарт. Ешкімге зиян келтірмейтін, Ислам тыйым салған заттар мен ұрланған заттардан болмауы тиіс. Бұл - қағида. Қағиданы ұстанса табыс, ұстанбаса кедейліктің кебін киеді.
Ізгілік пен шынайылықта болу. Тауар өткізу жолында жасалатын айла-шарғы адал емес. Өткізу мақсатында жалған ант беруге тіптен болмайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Саудада көп ант беруден сақтаныңдар. Өйткені ол, өтуіне себепші болғанымен, берекені қашырады» (Муслим) деп айтқан.

Пікірлер: 6
@user-yc5jq7yz7k
@user-yc5jq7yz7k Жыл бұрын
Осындайларға жалпы қарапайым халықтың атынан лағынет келсін
@user-er1xl5tq3u
@user-er1xl5tq3u Жыл бұрын
Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух Жарқын Бауырым Алла разы болсын біз білмейтін көп нәрселер бар екенғой Алла сақтасын... Алла өзінің тура жолымен жүруді нәсіп етсін ИншаАллах....
@musulmandar
@musulmandar Жыл бұрын
Өтте дұрыс адал жолы. Рақмет Сізге ұстаз! Арамнан Алла Тағала сақтасын! Әмин
@Aziza0720
@Aziza0720 11 ай бұрын
Алла разы бллсын Сізге ❤ Ондай кісілерге Алла өзі тура жол көрсетіп тәубесіне келуін нәсіп етіп Баршамызды Алланың тура жолынан тайдырмасын
@user-yg7bb5ji4m
@user-yg7bb5ji4m 7 ай бұрын
Ассалаумагалейкум! Бир затты бир адам ар тули багада сата ала ма? Мысалы 25 кантты Азаматка 5000 тг Олжаска 10.000 тг сатса екеуи бирдей кант.
Conforto para a barriga de grávida 🤔💡
00:10
Polar em português
Рет қаралды 99 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 5 СЕРИЯ
27:21
Inter Production
Рет қаралды 414 М.
Разбудила маму🙀@KOTVITSKY TG:👉🏼great_hustle
00:11
МишАня
Рет қаралды 3,7 МЛН
ЖАҢА УАҒЫЗ. Ұстаз Нұралы Бақытұлы.
1:07:18
Conforto para a barriga de grávida 🤔💡
00:10
Polar em português
Рет қаралды 99 МЛН