Семейде шу! Орталық базардың иесі халық жүретін жолды жауып тастаған

  Рет қаралды 6,984

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Семейде орталық базардың саудагерлері үш күннен бері жұмысқа шыққан жоқ. Өйткені базар ішінде орналасқан «Ақшың» сауда орталығының басшысы ешкімге ескертпестен халық жүретін жолды жауып тастаған. Соның кесірінен табысымыздан айырылдық деген көпшілік үш күннен бері саудамыз мардымды жүрмей тұр деп ашулы. Елу шақты саудагердің бұл мәселесі тіпті облыс әкімдігіне дейін жеткен.
Қаладағы орталық базардың аумағында орналасқан «Ақшың» сауда орталығы осы уақытқа дейін тыныш жұмыс істеп келген. Алайда, бірер күн бұрын кәсіп иесі ауласына дүңгіршек қойып, «Мереке» базарына өтетін өткелді жауып тастапты. Бұл көрші отырған саудагерлердің ашуын тудырған. Айтуларынша, аялдамадан түскен халықтың базар аралауға кіретін ең қысқа жолы бөгелгелі саудамыз жүрмей қалды дейді.
Бірақ «Ақшың» сауда орталығының әкімшілігі жолды жауып, қалаған дүниемізді қоюға толық қақымыз бар дейді. Себебі, жер телімін 2040 жылға дейін жалға алдық деп бейқам отыр. Тіпті қолдарында тиісті құжаттары да бар екенін алға тартты. Тек мұны көрші базардың саудагерлеріне түсіндіре алмай қойдық дейді. Бірақ, саудагерлердің шуы облыс әкімінің құлағына жеткен соң, жолды бүгіннен қалдырмай ашып беруге уәде етті.
ЕРЛАН ЖАҚЫПОВ, «Ақшың» сауда орталығының әкімшілік директоры:
- «Мереке» базарының кәсіпкерлерінің жаңағы түсініспеушілігіне байланысты + өзіміздің заңды жерімізге салынып жатқан дүңгіршектің алынып тастауын өтінуіне байланысты, біздің «Ақшың» коорпорациясының басшысы Құрманбаев Марат Сержанұлы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бүгінгі күнде осы жерді тура жаңағы кәсіпкерлердің сұрап отырғанындай қылып ашуға шешім қабылдады.
Енді жақын күндері саудагерлерге кедергі келтіріп тұрған дүңгіршектерді алып тастамақ. Бірақ «Ақшың» сауда орталығының әкімшілігі уақытша ғана ымыраға келгенін айтады. Соған қарағанда бұл саудагерлер арасындағы жанжалдың соңы емес сияқты.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 14
@leaderkz001
@leaderkz001 Жыл бұрын
Жеке жеке Қызыл шеке - не болып барасыңдар !!!!!
@user-cn7jp4oj7l
@user-cn7jp4oj7l Жыл бұрын
Қорқатының бар қораға тышып неңбар базарком
@roza6529
@roza6529 Жыл бұрын
Басы стемейді, заңды білмейді,акмак.
@user-nk9ql2cy3s
@user-nk9ql2cy3s Жыл бұрын
Ай ертең ана дуниеге әкете алмайтын боқ дүниеғой
@bakytkoychbaeva3306
@bakytkoychbaeva3306 Жыл бұрын
Не жетпей жатыр оданда олардын кредитын жаппайма
@user-bn5nk1nt4f
@user-bn5nk1nt4f Жыл бұрын
Булар кутырган Базарды меншыктеп алып халыкты оиламаиды Укыметке откызсын базарды сонда гана тартып болады
@user-ej3kz8xk2l
@user-ej3kz8xk2l Жыл бұрын
Расымен заң бойынша иесінің өз еркі , бірақ базар халыққа қызмет көрсету саласы болғандықтан халықтың ынғайына қарап кіріп - шығу есіктерін бірнеше жерден ашып халыққа онтайландырғаны дұрыс.
@user-ko4qx2fq4u
@user-ko4qx2fq4u Жыл бұрын
Бар жерде халык жылайды неге?
@user-zb8hg8xx1t
@user-zb8hg8xx1t Жыл бұрын
Игра в "поддавки" между администрацией базара и акимом области , а народ - это инструмент .
@janteke9953
@janteke9953 Жыл бұрын
Ақшың Дариғанікі
@user-iv6vi2sf1t
@user-iv6vi2sf1t Жыл бұрын
Базарды үкіметке қайтару керек
@user-ct6rv5et9i
@user-ct6rv5et9i Жыл бұрын
әр адамның жеке меншігі білгенін жасасын
@rozakassymbaeva8031
@rozakassymbaeva8031 Жыл бұрын
Білгенін жасай алмайды.Заң біреу және бәріне ортақ.
@user-qe7lr2oc8q
@user-qe7lr2oc8q Жыл бұрын
Ертен о дуниеде пейшке баратын жолынды жауып койсын , тозак кужат бойынша мангилик сеники болсын.
Новости Казахстана | 28.05.2024
10:18
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 4,9 М.
Семей тұрғыны көне кір жуғыш машина тауып алды
1:05
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 77 М.
顔面水槽をカラフルにしたらキモ過ぎたwwwww
00:59
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 13 МЛН
Семей түбіндегі өрт әлі өшкен жоқ
3:45
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 1 М.
Жители Семея рискуют оказаться под завалами своих домов
2:36
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 3,4 М.
28 мамыр 2024 жыл - 15:00 жаңалықтар топтамасы
11:49
Телеканал 24kz
Рет қаралды 3,8 М.
Семейде жаңа автобустар жолға шықты
1:03
Телеканал 24kz
Рет қаралды 1,9 М.