Семейдегі алапат өртке байланысты министрлер мен әкімдер тергелетін болады

  Рет қаралды 1,811

Информбюро 31

Информбюро 31

Күн бұрын

Абай облысындағы алапат өртке байланысты министрлер мен әкімдерден де жауап алынады. Олардың арасында Шығыс Қазақстан облысын 9 жылдай басқарып келе жатқан Даниал Ахметов пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев та бар. Одан бөлек, Экология министрі Зүлфия Сүлейменова мен Төтенше жағдайлар экс-министрі Юрий Ильин де тергеледі. Бұл туралы бүгін Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді. Оның айтуынша, ісіне салғырт қараған лауазымды тұлғалардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
ЖАНДОС ӨМІРӘЛИЕВ, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
- Семей орманы» резерватындағы өртке байланысты қылмыстық кодекстің 292-бабы үшінші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу тобы өрт болып жатқан жерде жұмысын бастады. Сондай-ақ, тілсіз жаудың қоршаған ортаға тигізген зияны мен 14 азаматтың қызмет барысында қаза болуына байланысты лауазымды тұлғалардың "жұмысына немқұрайлылықпен қарау бабы" бойынша да қосымша іс қозғадық.
Сондай-ақ, Жандос Өмірәлиев кеше денесі табылған тракторшы Сергей Архипов орман өртінен қаза тапқан жоқ. Сол себепті, оның отбасына мемлекеттен көмек көрсетілмейді деп мәлімдеді. Бірақ оның туыстарына көмек беру мәселесін жергілікті әкімдік қарастырады. Кәсіпкерлер мен облыс әкімдігі көмек береміз десе, бұл заңға қайшы емес дейді құзырлы орган өкілі. Ал кеше алапат өрт кезінде қайтыс болған тағы екі орманшының денесі жер қойнына тапсырылды. Марқұмдар орман шаруашылығында жүргізуші болған 59 жастағы Амангелді Дүйсембаев пен 30 жастағы инспектор Алексей Губаев. Айта кетсек, төтенше жағдай қызметкерлері Абай облысындағы орман өртін жеті күннен бері сөндіре алмай жатыр. Мамандар 40 мың гектар аумақ әлі де жанып жатқанын айтады. Өртті сөндіру жұмыстары Поднебесный, Шүлбі, Жерновка, Қаштақ ауылдарының маңында 4 бағытта жалғасып жатыр. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін 6 мың тонна су төгілген.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informb...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz и www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 6
@КурметТолегенов-т6ф
@КурметТолегенов-т6ф Жыл бұрын
Жауап алынады, бірақ ештеңе болмайды
@АйгеримСегизбаева-т4в
@АйгеримСегизбаева-т4в Жыл бұрын
Нуранхаевтын кызы Шет Елде Гучи Прадо кымбат шопингтер жасап жур жане алеуметтик желиге мактана жариялап жур ал Абаи облысында адам олип Халык Орт сондирип жатыр Нурлан Уранхаевты тергеу керек.
@гулханым-н5к
@гулханым-н5к Жыл бұрын
❤дұрыс! Жауап берсін
@АмирКунчигаров-к5л
@АмирКунчигаров-к5л Жыл бұрын
Дұрыс
@ТайманСейткулиев-я3х
@ТайманСейткулиев-я3х Жыл бұрын
Торегали не
@algabasrustam555
@algabasrustam555 Жыл бұрын
Атып тастамайма акимдерди министрлерди.
ИНФОРМБЮРО 01.10.2024 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ!
25:51
Информбюро 31
Рет қаралды 42 М.
Семей түбіндегі өрт әлі өшкен жоқ
3:45
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 1 М.
Cute
00:16
Oyuncak Avı
Рет қаралды 12 МЛН
🍉😋 #shorts
00:24
Денис Кукояка
Рет қаралды 3,6 МЛН
HAH Chaos in the Bathroom 🚽✨ Smart Tools for the Throne 😜
00:49
123 GO! Kevin
Рет қаралды 16 МЛН
Өлүм алдында адамдар эмне дешет?
27:30
Домработница!!! Уральские Пельмени.
9:25
Позитивчик
Рет қаралды 1,5 МЛН
ПОЛНЫЙ ВЫПУСК ИНФОРМБЮРО ОТ 01.10.2024
24:51
Информбюро 31
Рет қаралды 3,5 М.
Естен тандырған ерсі сөз!
25:48
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 223 М.
Семейдегі «Ақшың» базарында өрт шықты
3:03
SEMEI TV / Семей телеарнасы
Рет қаралды 1,2 М.
Семейде қоғамдық көліктер тоқтап қалды
3:11
Телеканал 24kz
Рет қаралды 6 М.
Cute
00:16
Oyuncak Avı
Рет қаралды 12 МЛН