Синоптиктер: Бұрқасын үш күн бойы сақталады

  Рет қаралды 33,498

Khabar NEWS

Khabar NEWS

6 жыл бұрын

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылды.
Таңертеңнен бері дүлей дауыл соғып, ат құлағы көрінбейтін боранға айналды. Бұндай құбылыс Астанада да байқалады. Салдарынан астаналықтар жұмысына кешігіп, көшеде көлік кептелісі пайда болды. Қар тазалаушы техникалардың да ұшқындаған ақ ұлпамен күресуге қауқары жетер емес.
Астана ауа райы ерке мінезін көрсетті. Бұрқасын. Аяз. Желмен ірге жауған аппақ қар көз тұмшалап, аяқ бастырмайды. Бұл ретте қаладағы көлік қозғалысы баяулап, кептеліс туындады. Қаланы тазартуға тиісті техникалар еш нәтиже берер емес. Себебі қанша тазаласаң да, толассыз жауған қар тоқтар емес.
БЛИЦ:
- Кешелі бері синоптиктер еліміздің Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы бұзылатынын ескертіп, дауылды хабарлама таратқан болатын. Бүгін елордада ат құлағы көрінбейтін боран соғып, жұртшылықты әбден әбігерге салды. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетіп, қар ұшқындап тұр. Салдарынан жұмысына асыққан астаналықтар көлік кептелісіне де тап болуда. Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және де халықаралық маңызға ие тасжолдар жабылды.
Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:
- Астананың шеткі аудандарындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктер уақытша тоқтатылды. Яғни ауа райының асау мінезі басылмайынша, қаламен байланыс болмайды.
Бұған қоса Астанадағы мектептерде 1-2-ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледжердің 1,2-курс студенттері сабақ оқымайды. Қазгидромет мамандарының айтуынша, атлантикалық циклон дүлей дауыл, ақ түтек боран мен көктайғақты алып келген. Синоптиктер мұндай ауа райы алдағы үш күн бойы сақталады деп болжап отыр.
Авторлары: Бірлік Берікұлы, Риат Шони, Бекболат Базаров

Пікірлер: 15
@user-nw8oz6rf7i
@user-nw8oz6rf7i 6 жыл бұрын
Алланын кудырети баримиз бир алла деп жага устап отырмыз
@user-sy5gt8oh6k
@user-sy5gt8oh6k 6 жыл бұрын
ассалаумағаликум қазақ елім абай болыныздар балаларымызды уйден шығармаңыздар апат аитып келмеиді
@smartsmart1499
@smartsmart1499 6 жыл бұрын
Allah sahtasin
@user-zu6fr5tv3p
@user-zu6fr5tv3p 3 жыл бұрын
Даа... астананы онтустикте коширу керек...бирак солтустик калалар тагы ауыл болып кетеди....бундай циклон болып турады...маган бундай циклон унайды,боран болмаса иш пысыады...
@dostykbekbayev7430
@dostykbekbayev7430 6 жыл бұрын
жақсы сюжет екен
@user-ww4hp3se6d
@user-ww4hp3se6d 6 жыл бұрын
Ескертілді ғой не ушін адамдар шығып жур бундай кундері жумыс сабақ дегендерді тоқтату керек масқара ушып журген адамдарды қара Аллам сақтасын
@user-qg5sn9pw4m
@user-qg5sn9pw4m 6 жыл бұрын
КАТЮША Карл . Барибир шығатын себеп болып қалады...менде даріханаға бару керек болып қалд... амал жоқ шықтым....ушып барып ушып келдим. 😂
@user-ti8kh4pw1i
@user-ti8kh4pw1i 6 жыл бұрын
Мəəə екі уш кунде екі аяғымызды бір етікке тықты гой табигат анамыз.
@user-qn5sl3ow8z
@user-qn5sl3ow8z 6 жыл бұрын
Мұндай ауа райы Астанада көптен болмаған
@user-qg5sn9pw4m
@user-qg5sn9pw4m 6 жыл бұрын
Аяжан Коныр . Қателеспе... откен жылыда болды... анық есимде...
@tansuluertargan5767
@tansuluertargan5767 6 жыл бұрын
Менин татем сойлепти гой
@user-ij6zj3fo2v
@user-ij6zj3fo2v 5 жыл бұрын
Алла тагаламнын ози сактасын.
@user-nw8oz6rf7i
@user-nw8oz6rf7i 6 жыл бұрын
Алланын кудырети баримиз бир алла деп жага устап отырмыз
@user-nw8oz6rf7i
@user-nw8oz6rf7i 6 жыл бұрын
Алланын кудырети баримиз бир алла деп жага устап отырмыз
@user-nw8oz6rf7i
@user-nw8oz6rf7i 6 жыл бұрын
Алланын кудырети баримиз бир алла деп жага устап отырмыз
Жаңалықтар | 14.05.2024 | 19:00
26:15
Khabar NEWS
Рет қаралды 1,8 М.
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 4 СЕРИЯ
24:05
Inter Production
Рет қаралды 652 М.
Каха с волосами
01:00
К-Media
Рет қаралды 6 МЛН
格斗裁判暴力执法!#fighting #shorts
00:15
武林之巅
Рет қаралды 15 МЛН
Mini Jelly Cake 🎂
00:50
Mr. Clabik
Рет қаралды 16 МЛН
Арқада ақтүтек боран соғып тұр. LIVE
5:41
Телеканал 24kz
Рет қаралды 22 М.
Сақ болыңыз! 43 градус аяз болады
5:14
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 4,4 М.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІККЕ МІНГЕН ӘКІМ
7:30
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 71 М.
Құлпынай бағасы неге құбылды?
2:34
Khabar NEWS
Рет қаралды 916
Алдағы мереке күндері күн райы күрт құбылады
0:51
22 қаңтар, жұмаға арналған ауа райы болжамы
1:55
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 4 СЕРИЯ
24:05
Inter Production
Рет қаралды 652 М.