Сиыр етін сатып алу - арманға айналды!

  Рет қаралды 19,691

Информбюро 31

Информбюро 31

Күн бұрын

Қазақстанда ет сатып алу арманға айналып барады. Бір жылда шамамен бір мың теңгеге қымбаттаған сиыр етінің бағасына Үкімет тоқтау қоя алмай отыр. Тіпті былтыр Ауылшаруашылығы министрлігінің жанынан құрылған мал азығы мәселелерін шешуге арналған штаб та өз жұмысын мандытып істемегенге ұқсайды. Себебі, бүгін Үкіметте Ербол Қарашөкеев, жем-шөптің жетіспеушілігінен мал шаруашылығы дамымай жатыр деп мойындады. Әлі күнге дейін тауық етін шетелден әкелеміз деген министр, мал шаруашылығын дамытуға бөлініп жатқан субсидия мақсатты түрде жұмсалмағанын айтады.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл әлемде азық-түлік бағасы қымбаттайды деп болжап отыр. Бірақ, біздің елде баға әзірге тұрақты дейді. Ал, базарларға барып, азық-түлік сатып алып жүрген халық министрдің пікірімен келісе қоймайтын сияқты. Өйткені жыл сайын қымбаттаған ет қолжетімсіз болып баратынын айтады. Бұрындары сиыр, қой және жылқы етін тауыққа алмастыратын едік, қазір оның да құны аспандап кетті дейді жұрт.
Ауыл шаруашылығы министрі ет өнімдерінің қымбаттауын шаруалардың шығындарының өскенімен байланыстырады. Бұған мал азығы бағасының көтерілуі де себеп. Оның үстіне мал шаруашылығының даму қарқыны да мәз емес екенін айтады. Құс етін әлі де шетелден тасуға мәжбүр болып отырмыз деген министр, жем-шөптің жетіспеушілігінен сала тұралап қалды дейді. Ал бұл мәселені шешу үшін арнайы жол картасы әзірленіпті.
ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Азық базасының проблемасын шешу мақсатында өткен жылы Министрлік жем-шөп өндірісін дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын әзірледі. Алайда онда көрсетілген шараларды жергілікті жерлерде жүзеге асыру бойынша әлі де жүйелі жұмыс жүргізілмейді. Яғни, жем-шөп қорын есепке алмай мал шаруашылығын дамыту процессі жалғасып жатыр. Соның салдарынан жем-шөп жетіспеушілігі пайда болады.
Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Ербол Қарашөкеевке мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөп базасы қажет екенін айтты. Мал азығы нормадан екі есе аз өндіріліп жатыр деген премьер, облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, мал азығына қажетті дақылдардың егін алқабын ұлғайтып, шалғайдағы жайылымдардың инфрақұрылымын жаңарту керек деп тапсырды.
Өмір Серікбекұлы, Дидар Елеуов
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informb...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#қымбатшылық #ет #баға

Пікірлер: 95
@akbotasaranbayeva9415
@akbotasaranbayeva9415 2 жыл бұрын
Ет кана емес барі қымбаттап кетті гой
@ТИМОХАХАН
@ТИМОХАХАН 2 жыл бұрын
Ет қымбаттасын!!! ✊✊✊
@НазгулСапарова-п1я
@НазгулСапарова-п1я 2 жыл бұрын
Ет азандау ушин жем шоп арзандау керек
@janakonai
@janakonai 2 жыл бұрын
коррупция токтамай ештене жоныне келмейды
@НагимаНагима-э1к
@НагимаНагима-э1к 2 жыл бұрын
Алып сатарлар қымбаттап отыр етты,шаруадан арзан алады1500тг. сосын 2500-3000тг.ден сатады.
@ЖанабекУтегенов-м2щ
@ЖанабекУтегенов-м2щ 2 жыл бұрын
Субсидии дурыстап болсын, таныс тамырга бермей, карапайым халыкка берсын байларга емес!!!
@ermuxambetnurmuxambet5688
@ermuxambetnurmuxambet5688 2 жыл бұрын
Супсиядя токтатып Карашукевке ату жазасы аитпесе сылтау жемқорлық битпит✊✊✊✊✊
@рустеммусатаев-к1г
@рустеммусатаев-к1г 2 жыл бұрын
Не деген битпейтин карта халыкка пайдасы жок
@SaparaliTastanbekov
@SaparaliTastanbekov 2 жыл бұрын
2000т сата алмай жүр шаруалар, қайта 3000т көтерілсе екен шаруалар жанданып қалар еді, онсызда барлық нәрсе қымбаттап кетті емеспе.
@ЕраКен-у2б
@ЕраКен-у2б 2 жыл бұрын
2000т емес Але 3500т болады кара малдын еты
@МерейМерей-щ6в
@МерейМерей-щ6в 2 жыл бұрын
Түркістан облысыда ауылда сыйыр еті 2000 тг ден бир айға жиликке зорға адам табамызгой. 2800 тг кандай сыйырдын еті екен
@КолбайОспан
@КолбайОспан 2 жыл бұрын
Ет бағасы өскені жақсы,ауыл тұрғындары үшің тиімді ауылда одан басқа не бар
@КайратТурабеков-ъ1т
@КайратТурабеков-ъ1т 2 жыл бұрын
Бізден еті 1500 алады
@Сүлеймен-м2г
@Сүлеймен-м2г 2 жыл бұрын
Дұрыс айтасың, 4000..5000тгден болса екен, халықтың қалтасы көтермесе шетелге сату керек.
@nazerkekrebek2294
@nazerkekrebek2294 2 жыл бұрын
Салярканы 100 тенгеге арзандатса барлыгы дурыс болар еді
@ЭммаНурмаханбет
@ЭммаНурмаханбет 2 жыл бұрын
Енді ет жеу арман болады.ет емес ит житіндер көбеймесе болғаны.
@МиллатовРинат
@МиллатовРинат 2 жыл бұрын
Кабинетте отырып жанына тағы он штаб құрсада қазахстанды көркейте алмайд!!!!!
@ЕрболАсанбаев-и9ы
@ЕрболАсанбаев-и9ы 2 жыл бұрын
Еттің багасы арзан оптым 1800 2000 2100 болып жатыр оптым ал базардың ішінде кымбат істіне 700 600 коиып сатады жане сауда жок деп аитады
@musta..mus...8246
@musta..mus...8246 2 жыл бұрын
Ет жегілерің келсе ауылды тастап қалаға неге көшесіңдер?.Қазір ауылда бәрі бар. Тып тыныш демалып кешке аулада шай ішіп әңгіме соғып отырасың. Қалада не айғай шу гур-гур несі қызық.
@АнуарбекРамашев
@АнуарбекРамашев 2 жыл бұрын
Ауылдағы Жерді байлар алып алса Малын қалай асырайды қара халық
@bugin9520
@bugin9520 2 жыл бұрын
ЖОЛ КАРТАСЫ ЕМЕС , ЖЕУ КАРТАСЫ ДЕСЕЙ ЙУАТСЫЗДАР. ОРНДАРҢДЫ БЕРІҢДЕР БІЗГЕ ! ! ! !
@АманханЖалел
@АманханЖалел 2 жыл бұрын
Негізі осылардың өзін жол картасы на кіргізу керек қымбатшылық азық түлікте емес осылардан
@nikinikitos2191
@nikinikitos2191 2 жыл бұрын
Ет кымбаттау керек барлык дуние кымбаттап жатыр. Шаруаларга обал ет деген сендерге мунай емес кой оны жыл он еки ай багады асырайды. Шаруалардан 1500, 1600 алады базардагы алып сатарлар кызыгын кореди. Етти экспортка шыгару керек
@ТалгатСаликбаев-б8ч
@ТалгатСаликбаев-б8ч 2 жыл бұрын
Шетінен жулып жеп жатса супсиданы акшасын, каидан дамысын.
@nursultanutebayev2080
@nursultanutebayev2080 2 жыл бұрын
Сразу жол карта деп шыгады
@НургайшаСадыбекова
@НургайшаСадыбекова 2 жыл бұрын
Жоғарыдағылар қайда қарап отыр бәрі өзімізден шығады бәрі қымбат уят нарсе неге қолға алмайдыы азық туликте масқара қымбатт
@Сүлеймен-м2г
@Сүлеймен-м2г 2 жыл бұрын
Неге арзан болу керек?
@ЗұлһарЖабықбай
@ЗұлһарЖабықбай 2 жыл бұрын
Сол жогардагылар етті қымбаттатып отыр егерде ауелшарушылыгн алден тоспай нарыққа қойаберсе адамдар ауылшарушылығмен шуғлданатын еді сонд бос жатқан жайылм игелетінеді аул жанданатын еді багада арзандайтын еді қаладағы ауылдағы жумыссыздарда азайареді
@Сүлеймен-м2г
@Сүлеймен-м2г 2 жыл бұрын
@@ЗұлһарЖабықбай кетші шын ба?
@КенжебекБайгазиев-я1х
@КенжебекБайгазиев-я1х 2 жыл бұрын
Неге тан каласындар багып кориндер сол малды
@Шынгысхан-х8и
@Шынгысхан-х8и 2 жыл бұрын
Жолкартасы деген бағдарламсларыңды қойыңдаршы еш нәтижесі болған емес осы уақытқа дейін, құлақтв жауыр қылдыңдағой.
@Рустам1986Чахабаев
@Рустам1986Чахабаев 2 жыл бұрын
Осы Карашукевтин отмазкасы битпиди аутеуир.
@БүркітӘділбек
@БүркітӘділбек 2 жыл бұрын
Сыйыр етін біз 2 000тг ден сатамыз ал алып сатарлар бағаны сұмдық қосады екен маскара жем шөпті қымбатқа алсақта арзанга сатамыз пайдасын осылар көреді екенғой әділетсіз
@ЕсиркепКнязов-в7ы
@ЕсиркепКнязов-в7ы 2 жыл бұрын
Қашан қазақ дархан өмір сүреді, жетер жетпестік, қымбатшылық қинап жіберді ғои
@Kazak-k6l
@Kazak-k6l 2 жыл бұрын
Жақында тойып тамақ жеу арманға айналар
@БолатБайкошкаров
@БолатБайкошкаров 2 жыл бұрын
Укимет отставкага кетсин, халыкты ойлап отырган бир де бир министр жок, шетинен уры карылар.
@РозаАйдарбекова-г8д
@РозаАйдарбекова-г8д 2 жыл бұрын
Сол Карашукеев мингирлемей отставкага кетсин. Надоел. Ешкандай пайда жок.
@ДаулетКусаинов-ч6ж
@ДаулетКусаинов-ч6ж 2 жыл бұрын
Жана Казахстан
@КазШым-ш1ъ
@КазШым-ш1ъ 2 жыл бұрын
Субсидия халыққа жетпей бөлісіп кетеді ғой . Халық алса ет жеткілікті болар еді
@user-fo5jm8kj6d
@user-fo5jm8kj6d 2 жыл бұрын
Неге бағаға етке тисесындар салярка ға тисындер өсіріп көріңдер малды ет қымбат аитабересындер салярка ні аитындер
@ulbasynesalieva2251
@ulbasynesalieva2251 2 жыл бұрын
Алтын грамы 21000ғой, малдың шөп-жемі қымбат
@SaparaliTastanbekov
@SaparaliTastanbekov 2 жыл бұрын
Информбюро да әйтеуір айта беретін болғанба, жақсылап зерттеп көрмейме екен Астананың өзінде толып тұр ет орта бағасы 2400т ден, ал шаруалар 1900т тапсырып жатыр.
@amirhzanmynarbaev9726
@amirhzanmynarbaev9726 2 жыл бұрын
ЕТ АРМАН ЖЕМҚОРЛАР ЖЕП РАҚАТАНЫП ОТҚАН ШЫҒАР
@СапарЕргешов-е1щ
@СапарЕргешов-е1щ 2 жыл бұрын
Ауылда бар ғой 2200-2400арасы
@janakonai
@janakonai 2 жыл бұрын
ее Конаев ата болганда барынын бастарын алар еды
@ХамидаСулейменова-щ9л
@ХамидаСулейменова-щ9л 2 жыл бұрын
Жол картасы деп ақша жеудің айласы ғой ауыл аймақта шаруаның жайын білетін адамдар бар соларға көмек қорын беру керек жылы жер былғары орындық әдемі пәтерде отырып қағаз жүзіне айналдырмай Қазағымызда жетеді небір ауыл шаруасының маманы
@tanathanzhandybaev2261
@tanathanzhandybaev2261 2 жыл бұрын
Тоймайтын бага , не болып бара жатыр , конкретно 10 мынга койсай келограммасын , фотосын карап отырайык , керегы не мундай бага , 80 тенге жалакы , маскара .
@НурсултанСейдахметов-м7т
@НурсултанСейдахметов-м7т 2 жыл бұрын
Жол картасы малга жем шоп болмайды 😅😅
@tarasyermekov1422
@tarasyermekov1422 2 жыл бұрын
Ет кымбат малга жем шоп кымбат солярка кымбат техника тагы кымбат
@КенжебекБайгазиев-я1х
@КенжебекБайгазиев-я1х 2 жыл бұрын
Ет кымбаттайды неге десен жем шоп кымбат
@НурболатСагынбаев-щ3г
@НурболатСагынбаев-щ3г 2 жыл бұрын
Айтады айтады баягы жартас сол жартас ауыздарыда ауырмайдыекен
@КуанышАйтмаханов
@КуанышАйтмаханов 2 жыл бұрын
Кредитти халыкка беру керек баиларга берет бир баи.он адамды жумсап отыр одан кедеишилик жоиылмаит
@nuralymaks6215
@nuralymaks6215 2 жыл бұрын
Кайактагы туракты кумаш е
@БерікКалдыбай
@БерікКалдыбай 2 жыл бұрын
1600 ,сиыр еті,2200 жылқы еті,2400 қой еті.алып сатқанда қымбаттайды.
@tolegenkolbaev8159
@tolegenkolbaev8159 2 жыл бұрын
Колынан жумыс келмейтин министрде оларды жалакы толеп устап отырган биликте кетсе барлыгы оналады,бирак бир орыннан екинши орындыкта секирип журген шегириткилер казак ушин емес калтасы ушин жургендер.
@ayazorazbekuli1717
@ayazorazbekuli1717 2 жыл бұрын
азыгы кыммбат калай арзандайды
@КуанышАйтмаханов
@КуанышАйтмаханов 2 жыл бұрын
Субсида дегенди мулде токтату керек онын кара халыкка кок тиын паидасы жок
@Сабыракылменистик
@Сабыракылменистик 2 жыл бұрын
Кымбаттап жатир деп аита берми осларга токтау коя алмаима ешким .бари бир бирмен жарсып котерип жатырго.
@МырзагалиБертлеуов
@МырзагалиБертлеуов 2 жыл бұрын
Сиздер етти тоқтату мүмкін емес дейсіздер ,өзімізде өсіп жатқан бидайдың кебегі бір қабы қымбат неге соны зеріттеп бағаны түсірсе ет арзандайды
@ЕрикТокбай
@ЕрикТокбай 2 жыл бұрын
Айналып келгенде кымбатшылыкты колдан жасайды,бар нарсени жок кылып баганы котеру ушин.
@meirambekmeirambek3566
@meirambekmeirambek3566 2 жыл бұрын
Жана казакстанда хуже болып барадыго дым озгерис жок килен кымбатшылык
@ЕсилбекМаркамурат
@ЕсилбекМаркамурат 2 жыл бұрын
Мынау түк тусынбеитын адам ғой,казактын кобысы малмен аиналсады,казактын ғана камбаттамайма,ал баска ултын нан үн баска дакылдарын кым айтады.
@ГалымжанБазарбаев
@ГалымжанБазарбаев 2 жыл бұрын
Тек картамен журетин болдыкко
@Тыным-к1ж
@Тыным-к1ж 2 жыл бұрын
Шошқа бақтырғанша сиыр баратын дарға жағдай жасау керек. Қандағашқа мамырдың басында тойға бардым.Тойдан шығып вокзалға келдік поезға отыруға сасып туалеттің иісі шығып тұр ішке кірдік ауа жоқ сасық иіс қолқаның атып.Мынау не масқара канализация жарылып жатырмадеп сұрадым бір жолаушылар жақын жерде шошқа ферма бар соның иісі деді. Осыны неге тексереді тексерістер.Ұлықсат берген адам жоғарыда отыр қалтасынан ақшаға толтырып .
@meirambekmeirambek3566
@meirambekmeirambek3566 2 жыл бұрын
Килен жемкор турган жерде ештене озгермидго жанымау
@АбайБатырша-з7э
@АбайБатырша-з7э 2 жыл бұрын
Жем Жем Жем кымбат алансыз Экоспортка шыгармаса жемди
@СалмурзинРуслан
@СалмурзинРуслан 2 жыл бұрын
Ауылдан 2200 ден алса жақсы болар еді
@b.bakdaulet2847
@b.bakdaulet2847 2 жыл бұрын
Укимет жок кко олар байып алсын асыкпай сосын жумыс жасап тагы 30 жылдай алданып отыра турайык
@kereiqazaq1621
@kereiqazaq1621 2 жыл бұрын
Сұмдық қымбат. Ет жеуді қойдық. Қалай тұрақты. Менім пенсиям жйырма мың. Ал бес кг ет он жеті мың. Кәзір баға әр өңірде әр түрлі. Жылқы еті үш мың алты жүз. Сйыр ет үш мың екі жүз.
@musta..mus...8246
@musta..mus...8246 2 жыл бұрын
Базарға оптом Жылқы еті екі елі қазысымен 2500-тнг,олар алады да 3800-тнг мен сатады.Ең аз пенсия 37000-мың шамасында, сіздікі 20-мың ол қандай пенсия?.
@kereiqazaq1621
@kereiqazaq1621 2 жыл бұрын
@@musta..mus...8246 менім пенсиям базвы пенсияғой. Төрт жыл бұрын 15 мың тг мен шыққамын. Кәзір қоса, қоса, 20 мын 4 жүз болды
@МуратКанаев-и3ф
@МуратКанаев-и3ф 2 жыл бұрын
Кай жерде сыиыр ети 3 200
@kereiqazaq1621
@kereiqazaq1621 2 жыл бұрын
@@МуратКанаев-и3ф Қазақстанда
@МуратКанаев-и3ф
@МуратКанаев-и3ф 2 жыл бұрын
@@kereiqazaq1621 казакстанда екенин билем бизде оралда ен жаксы семиз ет 2 500 прилавкада
@УазирУазир-щ8ж
@УазирУазир-щ8ж 2 жыл бұрын
Отыра берсен ертен тышып богынды жеисин ет емес
@ФархатМухаммеджанов
@ФархатМухаммеджанов 2 жыл бұрын
Семейде 1800
@СаулеТурашева-ч4н
@СаулеТурашева-ч4н 2 жыл бұрын
Құдайға шүкір, ет үйден үзілмейд.
@МамайЕржанов
@МамайЕржанов 2 жыл бұрын
жыртылмаш
@РозаРоза-ц8ц
@РозаРоза-ц8ц 2 жыл бұрын
Сауле, расымен оз тирлигин болмаса киын гои, шукирлик, шаршасакта сол малмен балаларымызга акшадай етпен озимизге жетип калады, аман болыныз, жаксы соз жаным ырыс
@ИманғалиҚұдайберген
@ИманғалиҚұдайберген 2 жыл бұрын
Алмасбек Садырбаев кайда
@naymanss4521
@naymanss4521 2 жыл бұрын
2000 тенге кымбат па ?
@СабитАмиров-я2д
@СабитАмиров-я2д 2 жыл бұрын
Ты сам поняла что сказал.
Life hack 😂 Watermelon magic box! #shorts by Leisi Crazy
00:17
Leisi Crazy
Рет қаралды 80 МЛН
啊?就这么水灵灵的穿上了?
00:18
一航1
Рет қаралды 72 МЛН
She's very CREATIVE💡💦 #camping #survival #bushcraft #outdoors #lifehack
00:26
Как не носить с собой вещи
00:31
Miracle
Рет қаралды 894 М.
Краш ханзаданың “Аида керек емес” деп тыраштанғаны қайда?
25:35
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 307 М.
Самые Опасные Дороги в Мире, По Которым Вы Не Захотите Проехать
31:29
Информбюро 17.05.2022 Толық шығарылым!
24:13
Информбюро 31
Рет қаралды 180 М.
I was not running from poverty, I was running from war. The story of a Ukrainian refugee
24:08
Жизнь с Перцем!
Рет қаралды 3,2 МЛН
🔴💞Бір болайық! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 8 МАУСЫМ 57 БӨЛІМ! 22.10.24
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 38 М.
Life hack 😂 Watermelon magic box! #shorts by Leisi Crazy
00:17
Leisi Crazy
Рет қаралды 80 МЛН