Рет қаралды 887
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғындары екі жыл бұрын арақ-шараптан толығымен бас тартқан. Содан бері мұнда бірде-бір ауыр немесе аса ауыр қылмыс тіркелмеген, ұрлық пен отбасылық жанжалдар да жоқ.
«Арақ-шараптың қажеті жоқ, керісінше жұмыс істеу керек», - дейді жергілікті тұрғындар. Мұндағы халықты жұмыспен қамтып отырған негізінен жергілікті «Дайындық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Оның директоры Біржан Шаймерденов алкогольден бас тартуды ұсынған бастамашылардың бірі болды.
«Біз мұнда жұмыс істей бастағанда ауылда 28 үй ғана болды, қазір олардың саны 80-нен асып отыр. Халық саны - 315 адам. Біз адамдарды осында көшуге шақырамыз, жұмыс орнын ұсынамыз, өндірісті арттырамыз», - дейді ол.
Сондай-ақ кәсіпорынның қолдауымен әлеуметтік инфрақұрылым да кеңейтіліп жатыр, адамдардың өзін-өзі дамытуға, спортпен шұғылдануға мүмкіндігі бар. Жергілікті мектепте - 97 оқушы білім алуда. Мектептен кейінгі оқу орнында қажетті мамандықты меңгерген соң оларға да осы ауылдың игілігіне еңбек ету мүмкіндігі қарастырылған.
«Дайындық ауылы кіретін Ленин ауылдық округіне тәжірибелі учаскелік полиция инспекторы Әди Мұқжанов қызмет көрсетеді. Ішкі істер органдарында он жылдан астам тәжірибесі бар. Оның ауылдағы бүгінгі міндеті - соңғы уақытта жиі тіркелетін қылмыстардың бірі интернет-алаяқтықтың алдын алу. Дайындық ауылының өмірі алкогольден бас тартудың криминогендік жағдайға тікелей әсер етуінің нақты үлгісі болып табылады және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға ықпал ететінін айқын көрсетеді», - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Әлнұр Ахмедьяров.
________________________
«Образцовое село!» - в СКО полицейские рассказали о новой непьющей деревне на карте области
Жители села Дайындык в Аккайынском районе СКО два года назад полностью отказались от спиртного. С тех пор здесь не зарегистрировано ни одного тяжкого или особо тяжкого преступления, отсутствуют кражи и семейные дебоши.
«Не до алкоголя - работать надо», - говорят местные жители. Рабочие места в основном создаёт местное ТОО «Дайындык». Его директор Быржан Шаймерденов был одним из инициаторов отказа от спиртного.
«Когда мы начинали здесь работать, в селе было 28 дворов, сейчас уже больше 80, - говорит он. - Население - 315 человек. Привлекаем людей, увеличиваем производство…»
Также при поддержке предприятия создаётся социальная инфраструктура, у людей есть возможность развиваться, заниматься спортом. В местной школе - 97 учащихся, скоро им вступать в жизнь, полную труда и свершений.
«Ленинский сельский округ, в который входит Дайындык, обслуживает опытный участковый инспектор Ади Мукжанов с более чем десятилетним стажем в органах, - говорит начальник районного ОП подполковник полиции Альнур Ахмедьяров. - Сейчас его основная забота в этом селе - профилактика интернет-мошенничества. Пример Дайындыка убедительно показывает, что отказ от спиртного способствует оздоровлению криминогенной обстановки и реализации принципа «Закон и Порядок», о котором говорил в Послании народу Президент РК Касым-Жомарт Токаев».