Рет қаралды 370
Өскеменде Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы қаңырап бос тұр. Аты дардай орталық қазақшасы шорқақтардың тілін сындыру үшін екі жыл бұрын ашылған. Бірақ содан бері мандытып жұмыс істемепті. «Мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірген шенді-шекпенді көрмедік» - дейді қалалық Қазақ тілі қоғамының басшылығы. Ал әкімдік өкілдері болса, өздеріне қарасты мекеменің неліктен жабылғанын жарытып түсіндіре алмады.