Әскерде жүріп жұмбақ жағдайда жоғалған сарбаздың мәйіті Қырғызстаннан табылды

  Рет қаралды 78,406

Информбюро 31

Информбюро 31

2 жыл бұрын

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп жұмбақ жағдайда жоғалған Ұлықбек Бердішевтің мәйіті Қырғызстаннан табылды. 40 күннен бері хабарсыз кеткен сарбаздың әскери киімінің қалдықтарын шопандар көріп, жедел шекарашыларға жеткізіпті. Ал әскерилер айтылған жерге барып, қатардағы жауынгердің тасқа асылып тұрған денесін тапқан. Қайғыдан қара жамылған Бердішевтер әулеті, Ұлықбектің өзіне қол салуы мүмкін емес деп отыр. Сөздерінше, ұлдарын әлдекімдер байқамай өлтіріп алып, қылмысты суицид жасады деп жаба салмақшы.
Осыдан үш күн бұрын тауда мал бағып жүрген қырғыз қойшысы әскери киімнің жыртықтарын тауып алған. Сөйтіп, сақшыларға хабарлапты. Көрші елдің шекарашылары бірден «Андас батыр» шекара бекетіне хабар берген. Әскерилер дереу жоғалған жауынгердің туыстарын тартып, киім қалдықтары табылған аумаққа барған. Ал аз уақыттан соң белдігіне асылып тұрған Ұлықбектің денесін тапқан.
БАУЫРЖАН МЕРЕКОВ, Ұлықбек Бердішевтің ағасы:
- Басынан тасқа байлап қойыпты. Бала былай салбырап тұр, қиғашынан былай жатыр. Ісініп кеткен расында да, иісі шыққан баланың. Ол енді бір айдан бері сол жерде ілініп тұрған балаға мүлде ұқсамайды. Баланы өлтіріп алғанға ұқсайды....Малмен өтеді, наркобизнеспен өтеді дейді. Сондай болғаннан кейін бала сондай бір құпияны көріп қалды ма немесе біреу байқамай ұрып, өлтіріп қойды ма?
Отан алдындағы борышын өтеуге барып белгісіз жағдайда бақилық болған Ұлықбектің қазасына қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері сұхбат берген жоқ. Тек ведомствоның ресми сайтында сарбаздың мәйіті табылғаны және тергеу басталғаны туралы ақпарат жарияланды.
ҚР ҰҚК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
- Бұл дерек бойынша Қырғыз Республикасы, Шу облысы, Панфилов ауданының ІІБ тергеу іс-шараларын бастады. Алдын ала диагнозы: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ. 2022 жылғы 11 сәуірде Шекара қызметі мәйітті ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырды.
Ал қара жамылған әулет «қысым көрген баламыздың өліміне кінәлілер тиісті жазасын алсын» деп талап қойып отыр. Әрі, марқұмның қандай жағдайда көз жұмғанын анықтау үшін тәуелсіз сараптама жасатпақ.
Нұрболат Жаңабекұлы, Дәулетбай Нұрмахан
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#ҚазақстанӘскері #әлімжеттік #ҚарулыКүштер

Пікірлер: 191
@user-jb6zy2jl4b
@user-jb6zy2jl4b 2 жыл бұрын
Ата-анасы,жақындарына Алла сабыр берсін,ешкімнің басына бермесін,Не боп барады,әскерге барып жоғалады,қаза болады,кім кіналы,тәртіп қайда,ішкі тәртіп жоқ,сондвқтан неше түрлі жағдайлар болады.Әскерде әскери тәртіп болсын,жемқорлық,әлімжеттік,күштеп басыну тоқтасын,жақсы болса қашпайды,қорлық көрмесе ондай жағдай болмайды.Әскерилер тәртіп орната алмайтын болса,әскерге сарбаз алу тоқтасын
@user-pm1el5ju4t
@user-pm1el5ju4t 2 жыл бұрын
Әмин , өсіп тұрған қанша жасөспірім өліп жатыр . Шекараға солдат жіберуге тиым салмаса болмайды , Сонау Челахтың оқиғасынан кейін тоқтату керек еді , кантракниктерді жиберсін шекараға !
@user-be1hu9bw3j
@user-be1hu9bw3j 2 жыл бұрын
Қаза қайырлы болсын! Туыстарына сабырлық берсін! Өлтірген адамның Алла жазасын берсін!
@user-xt1tl9cl6g
@user-xt1tl9cl6g 2 жыл бұрын
Бұл шұріген жұйе құламай,бүл ел дұзелмейді баланы әсерге жіберудің өзі қорқынышты,жап жас өрімдей жігіт иманды бол балам😪😪
@user-js4xx2ji9s
@user-js4xx2ji9s 2 жыл бұрын
Ассалаумағалайкум. Ағайын.Елім деп,Жерімді Қорғайымдеп Жүрген Жігітті Өлтірген Адамдар Жаза Тартылсын. Кім енді Балалалрын Отанды Қорғауға жіберді.Біреудің жалғызы,Біреудің Жанашыры,Үміт Атқан Баласын Аяқ Астынан Айырлғанды кімге де Болса Жаны Ашиды Ағайын.Осы Әскери Әлім Жетіке Қашан Көңіл Бөлесіңдер.ТЫНЫШ ӨМІРДЕ ҚЫРШЫНДАЙ КЕТІП ЖАТҚАН ДАНДАР ҚАНШАМА,НЕГЕ БІР ШЕШІМ ҚАБЫЛДАМАЙСЫҢДАР...ОСЫНДАЙ ЖАСТАРЫМЫЗ ӨЛІМ АУЗЫНДА ӨЛІМ ЖАТСА ЖАУ ДЕГЕН ОСАЛДЫҒЫМЫЗ КӨРІНІП ТҰР...БІР,БІРІМІЗГЕ ҚАМҚОР ЖОҚ ТЕГЕН БЕЛГІ.ЖАН АШЫР ЖАН ЖОҚ ДЕГЕН.АДАМҒА АЯУЛЫҚ ЖОҚ ДЕГЕН БЕЛГІСІ.АҒАЙЫН.БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ ТІРЛІК БАР АҒАЙЫН.ЖАЗАСЫН АЛСЫН ОСЫҒАН ҚАТЫСТТЫ АДАМДАР...ҚАН ҚАН ДЕГЕН ЖІБЕРМЕЙДІ АҒАЙЫН.АТАБАБА АЙТҚАН.ҚОЛДАЙЫҚ.БІРЕУДІҢ ЖАЛҒЫЗЫН ЗАРЛАТҚАН БОЛСА ОРАЗА АЙЫНДА АЛЛА ЖАЗАСЫН БЕРСІН.АЛЛАМ.АЛЛА ТАҒАЛҒА БӘРІН КӨРІП ОТЫР.АҒАЙЫН..ТӘУБАСЫН КЕЛТІРСІН. ҰМЫРА БОЛАЙЫҚ,БІРЛІК БОЛАЙЫҚ,ЕЛІМІЗДІ ҚОРҒАЙТЫН ЖАСТАРҒА ҮМІТ АРТАЙЫҚ.ӘЛІМ,ЖЕТТІКЕ ЖОЛ БЕРМЕЙІК .ОЛАРДЫ ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ ЖАСАЛАНСЫН.АҒАЙЫН.
@user-qe1di7om5o
@user-qe1di7om5o 2 жыл бұрын
Қашты дейді ол жер тыныш жәилі болса сарбаз неге қашады Ол баланы тексеруден өткізіп барып жіберді емес пе әскерге. жап жас өрімдей баланы әй әй сөзім жоқ ішімқан жылап отыр😭 жаның бейіштің төрінен болсын 😭😭😭АЛТЫНЫМ
@user-yi1tm2ux2y
@user-yi1tm2ux2y 2 жыл бұрын
Өтірік, ешкім қашқан жоқ. Енді бұл қулар, бәрін балаға жабады, арсыздар. Сүттен ақ, судан таза болуы керек қой.
@user-pm1el5ju4t
@user-pm1el5ju4t 2 жыл бұрын
Қазір тексеріп жатырған жоқ жастардың денсаулықтарын , көшеден ұстайды жасы 18 де болса сол куні алып кетіп жатыр .... ағам баласын алып кетті 2021 інші жылдың кузінде
@user-tb8gs3zn2h
@user-tb8gs3zn2h 2 жыл бұрын
Бұның командирлерін соттау керек.ұрып соғып қорлық көрсеткен.суицит деген содан пайда болады.
@user-qe1di7om5o
@user-qe1di7om5o 2 жыл бұрын
@@user-pm1el5ju4t бәле солаи ма🤔
@vwvf9867
@vwvf9867 2 жыл бұрын
Иманды болсын марқұм.
@Makelot721
@Makelot721 2 жыл бұрын
Неге сондай жағдайларға қарай алмаса неге шақырады армияға Бір үйдің үкілеген үміті ғой Алла сабыр берсін
@user-cg4pn2wx1v
@user-cg4pn2wx1v 2 жыл бұрын
Айналайынай иманың жолдас жаның жаннаттық болсын ата анасына туыс бауырларына Аллам сабыр мен төзім берсін 😪😪😪
@user-lp3pu9tg4u
@user-lp3pu9tg4u 10 ай бұрын
Бауырымздың жаны жәннәтта болсын! Негізі әпкерге бекер барды. Еліміздің әскері елге қорған болады дегенге сенім жоқ. Олар керіснше халыққа күш қолдану үшін, биліктегілерді халықтан қорғау үшін жасалған ұйым ғой.
@user-id5sp8jg5m
@user-id5sp8jg5m 2 жыл бұрын
Баланы туасын осыресын багасын 😰әскерге шыгарып саласын өз қолымен! Не деген сұммдық бұл неге әділеттік жок. Неге алладан корыкпайсындар ешкандай зорлыык зомбылыыык жок деп оздерыын актап. Ол бала быр құпияны біледі немесе әбден жәбір көрген содан қашкан ал енды өздерыне тыныш болу ушын ол баланы өздері өлтірген Алладан тілейтінім осы істі аягына дейын жеткызсе не болганын аныктаса екен! Букіл әлемді жараткан АЛЛА🤲🙏😔
@erzatakkoja151
@erzatakkoja151 2 жыл бұрын
Ұлымды әсте әскерге жібермеиін
@qwertyqwerty5367
@qwertyqwerty5367 2 жыл бұрын
Озине кол жумсауы мумкин емес Неге осы сарбаздар белгисиз жагыдайда кайтыс болып кетеди Балаларын олтирсин деп емес елин жерин коргау ушин ардайым дайын болсын жаксы бир азамат болсын деген сениммен жибереди ал сендер ойларына келгендеринди степ бир жылда олтирип немесе жынды гып ауыру гып кайтарасындар Алла жазаларынды берсин киналылар
@user-jo7wd7ew2g
@user-jo7wd7ew2g 2 жыл бұрын
Жаны Жаннаттан боласын Отбасына аллам сабыр берсин Кинали табылмайды белгили жагдай Алладан тапсын жазасын
@user-cb3ci1un1h
@user-cb3ci1un1h 2 жыл бұрын
Алла жазасвн берсин кім болсада сарбазға жәбір көрсеткендердин барлығын сотау керек егер де укіметимизде ақиқат болса
@user-dp1dy4fr7t
@user-dp1dy4fr7t 2 жыл бұрын
Жаны жәннәттә. Иманы жолдас болсын. Міне осындай жағдайдан кейін кім баласын жібергісі келеді отан қорғауға. Бұл отан қорғау емес адамды қорлайтын жер болып тұрғой сонда. Қанша жас сарбаздарымыз өз аяғымен кетіп табытпен оралып жатыр шаңырақтарына. Мәз болып қолын бұлғап шығарып салған ата-ана баласының мәйітін құшып зар илеуде. Бұған қашан тоқтау болар екен. Билік басындағылар министр оборона не қарап отыр осының бәрін көріп біліп. Міне осындайдан халық көтеріледі алынғаннан.
@user-vz5bq1hq9w
@user-vz5bq1hq9w 2 жыл бұрын
Қандай өкінішті жап жас бала Иманды болсын жаны жәннатта болсын туыстарына қайғырып көңіл айтамын
@user-dp4rk6ru5q
@user-dp4rk6ru5q 2 жыл бұрын
Иманды болсын! Баланың орнын әлемнің бар байлығын берсе де толтыра алмасы анық, өкінішті, армияда бір сарбаз қаза болса өкімет соған қыруар қаржы төлеу керек деген заң шықса, сонда мүмкін, ақша төлемеу үшін сарбаздарға дұрыс қараитын шығар, бұлардың өзінен өзі өліп қалыпты деп, жаба салатынынан қорқатын болдық қой, бұлар үшін адам өмірі түкке тұрғысыз ба сонда,
@kanall1170
@kanall1170 2 жыл бұрын
Қаза қайырлы болсын! Ата-анасына сабыр берсін! Осыдан кейән кім баласын әскерге жібереді
@user-xc7uv9vs8h
@user-xc7uv9vs8h 2 жыл бұрын
Осыдан соң қалай баламызды әскерге жібереміз.😢Аллам ата-анасына сабыр берсін
@araibaimolbaeva9625
@araibaimolbaeva9625 2 жыл бұрын
Кым ыстеседе жазасын алсын
@user-md2mj2xv1s
@user-md2mj2xv1s 2 жыл бұрын
Балам армиядан келгенше жанымды шуберекке туиип журдим. Бир жыл он жылдаи болды. Ата анасына ауыр киын болды. Аллам сабыр берсин. Балаларымыз аман болсын. Не деген сумдык беибит заманда жас балапан кыршын кеттигой. Кудаи тас тобелеринен урсын киналылерди. Онбасын.
@user-qk4lc4fs4n
@user-qk4lc4fs4n 2 жыл бұрын
Айналайын ай,жаның жанната,рухың бейіште шалқысын, топырағың торқа болсын.Ата анаңа Алла күш қуат, сабыр берсін.Өліміне себепші болған пенденің,екі дүниеде көргені азап,жаны тыныштық көрмесін,жап жас қыршын кеткен азаматтың қаны жібермесін.
@_GEMES-dq2fq
@_GEMES-dq2fq 2 жыл бұрын
Балдар оссе аскерге барады деп ниеттенемиз. Бирак осындай жагдайдан кейин коркасын. Заман не боп барады😔
@user-tk9oz9kl3x
@user-tk9oz9kl3x 2 жыл бұрын
Ата анасына сабыр берсін.Қалай өзи барып өледи бул деген нағыз өтирик . Ешкандай тартып жок бала қолды болған ғой Жемкорлар
@user-pp8xc2yk2b
@user-pp8xc2yk2b 2 жыл бұрын
Жаны жаннатта болсын адам қолынан қаза болып отыр
@user-bb1nj1hv8k
@user-bb1nj1hv8k 2 жыл бұрын
Өте ауыр кайғы, арты кайырлы болсын. Сараптаманың корытындысы белгілі, несин сараптайды олтірген.
@user-yd3tb4cj8z
@user-yd3tb4cj8z 2 жыл бұрын
ҚҰРЫСЫН БҰЛ БІРІНШІ РЕТ ЕМЕС ТАЛАЙ САРБАЗДАР ӨЛІП ЖАТЫР ҚҰРЫСЫН ƏСКЕРГЕ ЖІБЕРУДІҢ КЕРЕГІ ЖОҚ.ƏСКЕРДЕГІ БАСШЫЛАР ДҰРЫС ЕМЕС.
@user-vg1qm8kl6g
@user-vg1qm8kl6g 2 жыл бұрын
Қайран жас өмір, иманды болғыр марқом себепсіз кетпеген шығар. қазақыстанда зорлық зомбылық қашан тоқтайды. мейірім қайда. құдай сақтайкөр ұрпақтарымызды!
@warsparesnoone6306
@warsparesnoone6306 2 жыл бұрын
Почему хорошие люди, так мало живут... Парень думаю был беззлобный. Добрые глаза. Родителям сил, здоровья. Дорогие Казахстанцы берегите себя и родных. Мира нашему государству в это нелёгкое время.
@user-kl1pd2yi6l
@user-kl1pd2yi6l 2 жыл бұрын
Обал ай каршадай бала жани жанатта болсын
@FF-kr8pu
@FF-kr8pu 2 жыл бұрын
Әскердің қажеті жоқ! Таң барып, кешке қайтатын "Әскери дайындық" курстары жүргізілсін. Ол жерге ұл, қыз, кәрі, жас демей, тілек білдіруші адамдар түгел қатыссын! Екі-үш ай өтсе жетеді. Мылтық ату, әскери стратегия, өз-өзін қорғау, әскери психология секілді т.т. сабақтар өтілсін. "Отан тану", "Ұлтжандылық", " Ел қорғау", "Ұлтқа қызмет ету" секілді рухани-идеологиялық сабақтар өтілсін. "Шекарашылыққа" іріктеуден өткен, мықты сарбаздар жасағы жасақталып, сан қырлы әскери құпиялылық сабақтары өткізілсін. Әлсіз, оқымысты жігіттерді ІТ саласы арқылы әскери әуе күштері мен әскери-ғылыми базада роботизация құрастыру, машина құрастыру, автоматтандыру, әуе шабуылы дрондары секілді заманауи құралдар жасау курстарына қабылдасын. Еліміздің әр аудандарында, военкоматтарда курстар ашылып, күндізгі бөлімде ғана, қатаң тәртіппен, әлімжеттіксіз сабақтар өткізілсін. Арыстан, Ерсін секілді имамдар ар-ождан, адам құқы, нәпсі тәрбиесі жайлы рухани дәрістер оқып, жастардың бір-біріне деген құрметі мен Аллаһ алдындағы адами парыздарын, күнәдан сақтану жолдарын үйретсін! Иман жоқ жерде - әдеп жоқ, әдеп жоқ жерде - ұрыс көп. Ұрыс, төбелес көп жерде - өлім көп. Зорлық көп. Татулық жоқ жерде - бірлік жоқ. Бірлік жоқ жерде - тірлік жоқ!
@user-jp5wd1xi3g
@user-jp5wd1xi3g 2 жыл бұрын
Қисынға келмейді, өзіне қол жұмсайтын болса сол әскери базада-ақ асылып қалмайды ма?! Шекара асып емес, кімді ақымақ көреді
@user-ev9sr4jv4o
@user-ev9sr4jv4o 2 жыл бұрын
Өте дұрыс айттың!Халықты ақымақ көреді. Сол казармада болған жағдай.
@user-rx2iq8zv1w
@user-rx2iq8zv1w 2 жыл бұрын
Қайта, қайта звондап үйден ақша сұраса, белгілі ғой, қысым көрген.
@kamilla2181
@kamilla2181 2 жыл бұрын
Кыргыстанга кашып кетты , озы асылып калды дегеннын бары ол мига конымсыз нарсе гой. Бул сумдык кой, Аллах баланын тагдырын кигандардын сол жауыздардын жазасын берсын. 🤲🤲🤲
@staygold3719
@staygold3719 2 жыл бұрын
Баланың түрі айтып турғой тұйық, жуас бала екені. Әскерден кашып шекара асатын балаға ұқсамайт
@manapovasqarbek8558
@manapovasqarbek8558 2 жыл бұрын
Мына жағдаидан киін қалаи барады әскерғе
@user-sy1oy6sb1j
@user-sy1oy6sb1j 2 жыл бұрын
Сабыр берсин Ата анасына Аскерге бундай жагдацда балдарын хеш ким жибермейди Ийманын жолдасы болсын Ким олтирсе Алла жазасын берсин Кан ишер
@user-um6xo9kr3z
@user-um6xo9kr3z 2 жыл бұрын
Жалмауыздар,кысым корсеткен болар . Караптан карап сарбаздар неге Оз оздерыне кол жумсайды? Алла жазасын берсын! Иманды болсын бауырым. Армияга жыпермендер вообще балдарынызды.
@user-pm1el5ju4t
@user-pm1el5ju4t 2 жыл бұрын
Бәріміздің балаларымыз өсіп тұр , мынадайдан кейін қалай армияға жібереміз ұлдарымызды ? Алла осы қаитыс болған ұлдың ата анасына сабыр берсін !!! Мына оңбаған басшылардың кесірі осының бәрі !!!!!!! Погранға шекараға солдат қоидырмау керек контракниктер барсын шекараға не ушін аилық алып жур талтаңдап ....
@user-bg7gc4zt9u
@user-bg7gc4zt9u 2 жыл бұрын
Кантрактағылар адам емес пе сонда? Баламыз кантракник үйге келген ше жанымды шүбереке түйіп отырам.әрине бұл балаға обал болды.өмірін енді бастаған жастар қаза болса ,ішің удай ашыиды.жаны жәннәта болсын.қайтеміз.әлімжеттік бар бұл жерде
@user-um6xo9kr3z
@user-um6xo9kr3z 2 жыл бұрын
Жыперменыз улдарынызды,отынемын
@user-tb8gs3zn2h
@user-tb8gs3zn2h 2 жыл бұрын
назарбаев пен тоқаевтың жүйесі өзгермей жағдай түзелмейді.елбасына оқыған білімді грамотный жастар келуі керек.халық өзі сайлау керек.
@user-pm1el5ju4t
@user-pm1el5ju4t 2 жыл бұрын
@@user-tb8gs3zn2h Өте жақсы аиттыңыз , Ассаламағалейкум !!!
@user-ky9uq8fs2j
@user-ky9uq8fs2j 2 жыл бұрын
Ұлкендер әлім жеттік жасайтын көрінеді әскерде
@BalzamyKorotkova
@BalzamyKorotkova 2 жыл бұрын
Адеи истеп отргой,жасыратындары барда ,кылмыстарын корип ия болмаса естип койган шығар, жаны жаннатта болсын.
@bizbebaribar7835
@bizbebaribar7835 2 жыл бұрын
Еш уакытта. Бул. Үкметті жене алмайтын болдык ау осыдарн кейін. Калай балаларымызды жіберміз армяга. Иманды бллсын жаным кіп кішкентай бала. Олді ата анасынна сабыр бергей. Алла жар болсын осы олимге ким де ким жауапты болса солар. Дын. Алла жазасын бергей обалнна калгсын тек
@Makelot721
@Makelot721 2 жыл бұрын
Барлық қателікті жұмбақ жағдайға жаба береме сонда
@user-yi1tm2ux2y
@user-yi1tm2ux2y 2 жыл бұрын
Бұл сұрақты Министр Оборонға қою керек. Қашан бұл өлімге, тоқтау болады. Ең жаманы, ешкім жауап бермейді. Неге? Командир части қайда? Зам командирлер қайда? Командир рота қайда? Толып жатқан командирлер, ешқандай толк жоқ. Бәрін шетінен жауапқа тарту керек. Онда неге әскер қатарына, жастарды алады? Егер жауап бере алмаса.
@dinaahmedova8334
@dinaahmedova8334 2 жыл бұрын
Осыдан кейін ұлымызды қалай жібереміз 😥
@user-ki4lj2gl3q
@user-ki4lj2gl3q 2 жыл бұрын
Шекара қызметі жемқорлықа белшесінең батқан , ел-аман жұрт тынышта өлім-жітіктің барлығы осыларда , реформа жасау керек , бұларда əлі сол Советтік система
@user-fo4gf8dg7p
@user-fo4gf8dg7p 2 жыл бұрын
Иманды болсын ата анасына сабыр бергей
@user-in6nb5qq5u
@user-in6nb5qq5u 2 жыл бұрын
Жанны жаннатын торинде шалкысын, ата анасына кайгыра конил аитам қазанын арты қайырлы болсын. Жаналықты адамның жанын шыбын құрлы көрми аитып тұрғанына сурауы жоқ сияқты спокойно айтып тұрғанына таң қалдым масқара баріне не болған адамгершілік мейірімділік қайда жеткізгенде де шыбын өлгендей айтып тұрсындар ғои масқара
@mutiatem4654
@mutiatem4654 2 жыл бұрын
Алла жаннатты насип етсин Ол салдатка аумин
@gulnarnurgazina2624
@gulnarnurgazina2624 2 жыл бұрын
Ол неге отрядтың ішінде жоғалады. Әскери бөлім бір солдатқа ие бола алмаған ба. Не деген сұмдық, қайтіп шекараға ие болып тұр. Текке зарплата беріп асырап жүрміз ғой, отряд қызметкерлері кетсін. Қайтіп қырғызға шығып кетеді. Оны біреуге өздері сатып жіберді. Отрядтың басшылары түгел сотталсын.
@user-dr4xg1xu9f
@user-dr4xg1xu9f 2 жыл бұрын
Ким баргысы келет аскерге осылай болса жагдай
@talgatzhaksybek3943
@talgatzhaksybek3943 2 жыл бұрын
Ата аналар әскерге балаларын жібермитін шығар енді. Жемқорлық түбімізге жетті. Әскер болмаса ел болмайды. Елімізден айырылып калмасак болды. Билікті құлату керек жүйе ауыспай жемкрлык жойылмайды
@user-ck6ho2xn7v
@user-ck6ho2xn7v 2 жыл бұрын
Дурыс АЙТАСЫЗ..Улкеным барып келды..екынши баламды жиберуге коркам
@user-tb8gs3zn2h
@user-tb8gs3zn2h 2 жыл бұрын
Өзін өзі өлтіретін адам үйінен күнде күнде ақша сұрамайды. Бұл баладан ақша сұрап ұрып соғып қысым көрсетіп жүргізбеген..
@user-ck6ho2xn7v
@user-ck6ho2xn7v 2 жыл бұрын
@@user-tb8gs3zn2h Киын жагдай😔
@erbulanoroshan662
@erbulanoroshan662 2 жыл бұрын
Қазақ Халқы Мынандай сұмдықтың бул тек басы әлі қаншама Жасьардың Мәитін осылаи табылатынына күмәнім жоқ Әліде кеш емес осы әскер борышын өтеуге кетіп қаитпаи жатқандар көбеиіп барады осыны тоқтату керек. Халық Талап етсін күрделі өзгеріске
@user-ck6ho2xn7v
@user-ck6ho2xn7v 2 жыл бұрын
Иманы Салауат болсын😪АЛЛАМ Ата Анасына Сабыр берсын🤲🤲🤲
@user-ks4br4vc5x
@user-ks4br4vc5x 2 жыл бұрын
Аштыктан шек жабысып спайка деген ауру бастан табуретка берцый мен теуип сатрисения хантузия деген аурумен шыгарып жиберген
@user-bv2du5lq9r
@user-bv2du5lq9r 2 жыл бұрын
Ияя, баленын барын оздеры булдырды, Алла жазаларын берсын
@user-qo1wh3sj1o
@user-qo1wh3sj1o 2 жыл бұрын
Жазалансын киналилер
@user-ye3rv7yr7x
@user-ye3rv7yr7x 2 жыл бұрын
Обал ай жап жас бала қыршын кетті жатқан жері жайлы болсың. Бұған кінәлі адам болса жазалансын
@alixanalaidar1607
@alixanalaidar1607 2 жыл бұрын
Айналайын халқым мынан дай жағдай бірінші рет емес бұны бижай қалдырмау керек билік тегілер қарап отыр май əскердге заң қоиып өзгерту енгізсін сұмдық мынау неше қазақ тың ертеңгі урпағынан айырлып жатырмыз мынадай бибіт заман да
@user-fv6gx5vq8d
@user-fv6gx5vq8d 2 жыл бұрын
Байгус баламай жанын жумакта болгай
@qwertylifesgood4091
@qwertylifesgood4091 2 жыл бұрын
Жібермегендеріңіз абзал балдарыңызды әскерге. Әскер деген жок қазір. Денсаулығынан жұрдай болып келеді, болмаса осы ғой жағдай өздеріңіз көріп отқандай. Айтарға сөзім жоқ... Қазақстан Респуликасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті атына лайық емес
@user-ks4br4vc5x
@user-ks4br4vc5x 2 жыл бұрын
Осы биздин аскер талай бала асылып, атылып карауылга барганда мылтык берет оздеринде кол жумсап
@user-gu3js5us4r
@user-gu3js5us4r 2 жыл бұрын
Иманы жолдас болсын
@user-os4mc1xh9p
@user-os4mc1xh9p 2 жыл бұрын
Кіп кішкентай балапанымай алла алдынан жарылқасың.
@vagirafei3889
@vagirafei3889 2 жыл бұрын
Кінәлілерды алла жазасын береды.Армияда осындаи жағыдаилар көп боп кетты өкынышты.
@user-sf5rm2gi2g
@user-sf5rm2gi2g 2 жыл бұрын
Осыдан кейін калай ким баласын армияға жибергиси келеди Бул окимет не болып барады
@balzhankassymova5740
@balzhankassymova5740 2 жыл бұрын
Баланы оздери олтирип отыр.... конкретно тексеру керек полностью заставаны.Заставаларда камера жок.Ойларына не келеді соны истеп отыр. Командирден бастап сержант, офицерлерди тексеру керек.Калай әскерге балаларымызды жиберемиз. Әскерде именно погран (заставада) условия жок.Каншама сарбаздар олип жатыр именно погран заставадагылар.Ойлагам табылады деп 😭😭😭😭 иманды болсын 🤲 Нағашысына аяғына дейін шындық ашылсын.Кинали адамдар сотталсын.
@user-so5ob4dz6e
@user-so5ob4dz6e 2 жыл бұрын
Осыдан кейин аскерге ким жибергиси келеди бул енди уят ко Алла жаннын жаннатык кылсын бауырымыздын
@user-zd8lh5io3m
@user-zd8lh5io3m 2 жыл бұрын
Біздің яКнб лар бір бірін өлтіріп жатқанда,жай солдат кім өкіметке!?
@user-ob4vo7hs8l
@user-ob4vo7hs8l 2 жыл бұрын
Шегараларымыз бостауғой
@user-pu8bd1rq3b
@user-pu8bd1rq3b 2 жыл бұрын
Баланы калаи жыбересын осындаиды корып турып олымге енды
@almatybalasy955
@almatybalasy955 Жыл бұрын
Заң жоқ! бір жағынан корупция екіншіден бір құпияны коріп калып тур сосын олтіріп тұр адам олтіре салу оңаиғо казахсанда заң жоқ!
@user-jr9xl5bk6m
@user-jr9xl5bk6m 2 жыл бұрын
Не көрип калды екен погран служба болгасын анда мында контрабанда өтет шыгар
@user-xv9kv6fb3n
@user-xv9kv6fb3n 2 жыл бұрын
Оибу жап жас бала акер Оибу жанымаи жап жас болып кыршын кеттын ау аскеерге не ушын жыберемыз урып согып олтырсын деппа ондаи аскердын урганым барма обал емеспа олтырген адамды кинап олтыру керек кандаи болады екен шындык ашылсын жаткан жерын жаилы болсын жаным сумдык.
@user-rx4hf1ji1z
@user-rx4hf1ji1z 2 жыл бұрын
Баикамаи калаи олтыреды калаи тусынуге болады , адеиы олтырген деу керек , тырыдеи жагу керек олтырген адамдарды , барымыз бала асырап отырмыз ,
@toretto6607
@toretto6607 2 жыл бұрын
Жұмбақ жағдай тым көп болып кетпеді ме ? Бұларды қашан-кім дурыстап тексереді?
@user-ug3dv4hg2j
@user-ug3dv4hg2j 2 жыл бұрын
🇰🇬🇰🇿🇪🇺☝️ Аллахым жаткан жерин жайлу кылсын пырапыршик ависсер олтырген ошолор билет дембыл де иштин бары
@user-dp4rk6ru5q
@user-dp4rk6ru5q 2 жыл бұрын
Дұрыс қарай алмаса әскерге жастарды шақырмасын, сарбаздарды қорғай алмаса, отанды да қорғап қажет жоқ
@user-bq7eg6rv8x
@user-bq7eg6rv8x 3 күн бұрын
Талай сарбаздарды өлтіріп жатыр әскерде
@01seitov
@01seitov 2 жыл бұрын
Кандай бригада екен
@user-sm7cc1tg4g
@user-sm7cc1tg4g 2 жыл бұрын
Ассалямуагалейкум бул дерттенде болуы мумкин, Казыр итак кып Кызыл аскер барлык жерде киттей бирдене болса соттап жибереди, балларды динге иманга тарбиелеу керек спортка берип шыныктырып псилогиялык комек аке шеше мыкты тарбие беру керек Отан отбасыдан деген бар.менимде 6 ай томен молодойым асылып калган ол кыйналган кыйыншылыкты Бари корди тозбейтин сверхъестественный ештене болган жок, тукым куалайтын ауру болуда мумкин не болмаса шынымен солай кыйнауда мумкин катты сокпендер мени, менде шекарада болдым далада жындарда кооп журеди жаман жер бассанда жында кирип кетип жатады, суицидка жындар итермелейди уйткени суцид ол куна Алла берген мерзими бар ,не курлым динге уйретиниздер суннет уйретиниздер жылкыга отыргызып ер минезди кылып тарбие бесре Адам сынбайыды конилге аудармай журе береди. Не нарсени конилге алса жаман сол. Казыр экология мышление Бари болек агын суга карсы жузетин заман , спортта журген бала шыдамды болады жузуди уйретиниздер садак атып мылтык атып керек болса тобелесип озин коргап билу керек ер бала ез кылмау керек ер жигит кылып тарбиелеу керек, мапелеп аясан озине зиян шын мыкты болу ушин аянбау керек кишкене. Иманы жолдас болып жаны жанната болсын .
@user-om8xu2xy7f
@user-om8xu2xy7f 2 жыл бұрын
Ел аман жұрт тынышта әскери азаматтарымыз өліп жатыр , тәуелсіз сараптама деп қояды , әскерге қабылдап алған соң өкімет толығымен жауап беру қажет ,
@user-fs9cm7qq3k
@user-fs9cm7qq3k 2 жыл бұрын
Әке шешесіне обал ай Алла тағала өзі Төзім берсін не болып барат өзі сұмдық қой бұл бәр өмірі алда еді ғой жаны жәнәта болсын артында қалған туыстары аман болсын 🙏
@user-rv6eg3uq3u
@user-rv6eg3uq3u 2 жыл бұрын
кыргызстанда негып журказакстаннын баласы
@user-sw4er6gs8c
@user-sw4er6gs8c 2 жыл бұрын
Тәртіп жоқ. Әлімжеттілік бардак болған соң арты осындай жағдай болады. Енді істі жылы жабуға тырысады сонда қалай?жаңа Қазақстан боламыз? А
@user-cm1mw2nq3f
@user-cm1mw2nq3f 2 жыл бұрын
Осыны естигеннен коргеннен Кейн Ким аскерге баргысы келеди. Агайын иним Жане таныстын баласы аскерден псих больной болып Келди осы аскер ме
@Laurarsaldieva
@Laurarsaldieva 2 жыл бұрын
Тыныш,жәйлі болса неге қашады. Кигені жыртық етік,қайдағы жағдайы жақсы жер.
@user-fg4dc7ns1g
@user-fg4dc7ns1g 2 жыл бұрын
Буданкейын калай жиберсын әскерге балаңды ,жибермеймын
@user-rd2mf1bz8c
@user-rd2mf1bz8c 2 жыл бұрын
Масқара тәртіп жоқ
@dilyahamidulla6220
@dilyahamidulla6220 2 жыл бұрын
Бей жай карамай до конца апару керек!жауап берсин онбагандар айуандар
@user-dg8sq4oh3b
@user-dg8sq4oh3b 2 жыл бұрын
Өзі асылып қалу мумкін емес,сарбаз бала бір себептен қашқан оны биреулер өлтіріп алды озі асылып өлді дегендей жасап қойды 40'кун бойы асылып туру мумкін емес,кейінгі кезде аскерден оралудын өзі екі талай болдығой,қарап қадағалап жатқан ешкім жоқ,обал болды уй іштеріне қайғысына ортақпын иманды болсын!
@user-iw6sb9hf4i
@user-iw6sb9hf4i 2 жыл бұрын
АЛЛА САКТАСЫН КАНША БЫЛЫК БАР АШЫР КАРАСАН АКША АДАМДЫ АДАМ ЕМЕС АЙУАН ЕТЕДЫ ЕКЕН
@user-rv6eg3uq3u
@user-rv6eg3uq3u 2 жыл бұрын
калай сенемиз осыдан кейин
@sherqala6350
@sherqala6350 2 жыл бұрын
зан жок бызде. бейбит заманда осылай балаларымыздан айырыла берсек болашагымыз не болад
@user-et4ve9zk9h
@user-et4ve9zk9h 2 жыл бұрын
Блин обалай жаны жаннатта болсын Ана Отырган офицер капитан барын кысу керек утык басып, ыстык су куйып, ине тыгып мойындатсын не ыстегендерын Солар кыналы.блин жаным аурып кетты .
@user-fu3qu3og3u
@user-fu3qu3og3u 2 жыл бұрын
Йманы саламат болсын кайгыларына ортакпыз
@user-ks4br4vc5x
@user-ks4br4vc5x 2 жыл бұрын
Отрик бари сол оздери
@user-td1mp1rd4x
@user-td1mp1rd4x 2 жыл бұрын
Қазақстанда борышын өтеп жүрген әскер Қырғызстанда неғып өледі.қазір шекаралар тарс жабық,шыбындар өтеалмайма.осындай сказка айтқанды қоймайды екен.
@user-yt5hb9dr5z
@user-yt5hb9dr5z 2 жыл бұрын
Несін сұхбат берет арсыздар олар Құдайдан да қорықпайды бұлар Алла жазалырын берсін! Тоқаев неге естімейді осындайларды 1емеч қанша сарбаз кетті қыршын солардың қанын кім өтейд
@user-sg4vw5nc8t
@user-sg4vw5nc8t 2 жыл бұрын
Жоғарғы әскери басшылар кетсін
Информбюро 13.05.2024 Толық шығарылым!
23:29
Информбюро 31
Рет қаралды 28 М.
Зу-зу Күлпәш. Стоп. (1-бөлім)
52:33
ASTANATV Movie
Рет қаралды 730 М.
How to open a can? 🤪 lifehack
00:25
Mr.Clabik - Friends
Рет қаралды 12 МЛН
How did CatNap end up in Luca cartoon?🙀
00:16
LOL
Рет қаралды 5 МЛН
Қазақстан жаңалықтары | 13.05.2024
9:01
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 24 М.
Полный выпуск Информбюро 13.05.2024
24:29
Информбюро 31
Рет қаралды 670
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 9 МЛН
Зу-зу Күлпәш. Стоп. (1-бөлім)
52:33
ASTANATV Movie
Рет қаралды 730 М.