Рет қаралды 9,338
2025 жылы елімізде 41706 ер бала әскерге шақырылады.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1500 адамға көп.
Жалпы жыл сайын Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылатындардың саны едәуір артып келеді.
Соңғы кездері әскердегі тәртіпсіздік, жастардың азаматтық парызын өтеу кезінде қыршыннан қиылып жатқан деректері көптеп тіркеліп, мәселе қоғамдық резонансқа айналған.
Сондықтан ата-аналар желіде белсенді түрде наразылықтарын білдіріп, ел қорғауға ұлдарымызды жібермейміз деп отыр.
Ал қала тұрғындарының бірі әскерге азаматтар бару керек, бірақ жөнсіздікті жақсартса десе, енді бірі әскерге барушының денсаулығы мен өміріне кепілдік талап етеді.
Редакцияның пікірі автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін / Мнение редакции может не совпадать с мнением автора.
Басқа жаңалықтар: kz.otyrar.kz
Еще новости: otyrar.kz