Соғыс. Авторы:Махамбет Өтемісұлы.

  Рет қаралды 1,501

Сері Жігіт

Сері Жігіт

2 жыл бұрын

Соғыс
Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айғайлап жауға тигенде
«Ағатай беріш!» ұраным.
Бекетай құмға ел қонып,
Байбақты Жүніс аттанды,
Қосылуға дем болып.
Құдайлады хан ұлы,
Іздеген жауы біз болып.
Жау қарасы көрінді,
Жиылған әскер бүлінді.
Исатай - басшы, мен - қосшы
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында.
Зығырданы қайнайды,
Астына мінген ақтабан
Ақ бөкендей ойнайды.
Қасына ерген көп әскер
Маңыраған қойдай шулайды.
Артымыздан келіп қол жетті
Аз жетпеді, мол жетті.
Жеткен жерін айтайын -
Бекетай құмның басында,
Ағаш үйдің қасында...
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.
Таң ағарып атқан соң
Төңірек жаққа қарандық.
Қарап тұрсақ, әр жерден
Жау бір өрттей қайнайды,
Қайнағанмен қоймайды -
Мылтығын қардай боратып,
Жетіп келді қамалға -
Қамалды бұзып аларға.
Әскердің алды бөгелді,
Қырдан ойға төгілді,
Орыс добын үш атты...
Доптың үні шыққанда,
Сонда батыр жөнелді.
Жөнелмей батыр неғылсын? -
Ерсары менен Қалдыбай -
Екі арыстан тең өлді...
Жетім-жесір көп қалды,
Хан әскері кенелді...
Қызғыштай болған есіл ер
Қайран да жұрттан не көрді?!
Махамбет Өтемісұлы.

Пікірлер: 7
@Seri-jigit
@Seri-jigit 2 жыл бұрын
*АРНАҒА ТІРКЕЛЕ ОТЫРЫҢЫЗ. АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН. БІЗДІҢ АРНАНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ ҚАЗАҚТЫҢ БІР ТУАР ҰЛДАРЫНЫҢ ӨЛЕҢІН ШЫҒАРУ.*
@user-rg7li6ey6u
@user-rg7li6ey6u 2 жыл бұрын
Керемет бауырым жарайсын тамаша
@user-sv4ml9bs2e
@user-sv4ml9bs2e 8 ай бұрын
Көкінішті, өзіменен өзі кескілескен кезі ғой қос элитаның. Оқушы кезімізді еске алдық!
@user-pi8we8sr3y
@user-pi8we8sr3y 2 жыл бұрын
Мәш АЛЛАҺ!!! Ата-Бабам Жайық-Берішті қолда!!! ✊🏼✊🏼✊🏼
@user-bs7ky2uc2y
@user-bs7ky2uc2y 2 жыл бұрын
Жарайсын баурым керемет
@user-ub6ir4ti9c
@user-ub6ir4ti9c 2 жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍👍
@user-ix8hu5qy3o
@user-ix8hu5qy3o 2 жыл бұрын
Арнаң дами берсін.
Uma Ki Super Power To Dekho 😂
00:15
Uma Bai
Рет қаралды 60 МЛН
Cute Barbie gadgets 🩷💛
01:00
TheSoul Music Family
Рет қаралды 67 МЛН
Ну Лилит))) прода в онк: завидные котики
00:51
Cat story: from hate to love! 😻 #cat #cute #kitten
00:40
Stocat
Рет қаралды 9 МЛН
Махамбет Өтемісұлы
6:15
Айбек Ермаханов
Рет қаралды 71 М.
Қош бол. Авторы: Сері Жігіт.
1:45
Сері Жігіт
Рет қаралды 231
Бассыз қалған Махамбеттің денесі ғана жерленген.
5:09
Исатай мен Махамбеттің ханға жолығуы | «Сарай сыры» телехикаясы
3:25
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 10 М.
Тарихи тұлғалар. Махамбет Өтемісұлы
1:50
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 34 М.
Uma Ki Super Power To Dekho 😂
00:15
Uma Bai
Рет қаралды 60 МЛН