Сталкинг-махаббат көрінісі ме? Коучинг неге сұранысқа ие? Роза коуч | Дана Нұржігіт

  Рет қаралды 50,341

Dana Nurzhigit

Dana Nurzhigit

Күн бұрын

Пікірлер: 644
@ДанаТапаева
@ДанаТапаева 21 күн бұрын
Дана ханым, тоқтамаңыз! Керемет подкаст болды. Роза ханым екеуіңіз бір толқында, бір-біріңізді тыңдап, жалғастырып отырдыңыздар! Әр сөздеріңізбен келісіп отырдым. Көп инсайт алдым. Балаңыз екі тектінің ұрпағы ғой. Әлім солай дана болмағанда, кім болады?! Сіздің Әлімнің әкесі туралы айтқаныңыздан ол кісіні жай күйеу ретінде емес, серіктес ретінде, тұлға ретінде жақсы көргеніңіз байқалады. “Махаббат - екі пайымды, парасатты адамның сана биігінде жолығуы” деген Мұхтар ағамыздың сөздері сіздерге арналғандай.
@karakozadil2009
@karakozadil2009 19 күн бұрын
@@ДанаТапаева шыныменде менде көп керекті нәрселер алдым астын сызып тұрып қуаныштымын Дана ханым үшін
@ФаридаЫдрышева
@ФаридаЫдрышева 11 күн бұрын
Айналайындар мен сиздерге куанып отырмын. Еки казак кыздары таза казакшасойлеп отыргандарынвзна
@БалжанТоекина-ю5г
@БалжанТоекина-ю5г Күн бұрын
Дұрыс айтасыз 👍
@akmona_a
@akmona_a 20 күн бұрын
Негізі Дана ханымның осылай интервью алып бастағанына қуанып отырм, тауық сойсада қасапшы сойсын деп атам қазақ бекер айтпаған. Сөйлеу мәдениеті өзгеше ғой. Көрсең көзің тояды😍😍😍
@MsYerkezhan
@MsYerkezhan 22 күн бұрын
Бұдан 16 жыл бұрын сталкинг, абьюзер ден сөзді білмейтінбіз, қанша қыз-келіншектер құрбан болды, әлеуметтік желінің ең бір зор пайдасы осы мәселенің көтерілуі, адамдардың көзін ашуы. Қыздарымыз жыламасын!
@bakhar.tair82
@bakhar.tair82 21 күн бұрын
Орысшада, қазақшада құрышын қандырып, тұнық сөйлейтін Дана ханымға респект. Журналист деген сіздей болу керек- көп оқыған, тіл лайламайтын, өткір, ақылды и әрине әдемі. Сізге қарап көңілің толады, бақытты болыңыз🌹
@temirhan0748
@temirhan0748 18 күн бұрын
Сізбенен толық келісемің,менің ойымды қайталап отырғандайсыз,шақырған қонағыда керемет.
@kanipanurmukhanbetkyzy-po6cp
@kanipanurmukhanbetkyzy-po6cp Күн бұрын
Иә, хабардың жүргізушісіне де, қонаққа да, сіздің пікіріңізге де көңіл толады
@БотагозБакирова-я1х
@БотагозБакирова-я1х 22 күн бұрын
Қазақтың екі дана,білімді,қыз келіншектерге жаны ашитын қыздары жиналып, керемет тақырып төңірегінде әңгіме өрбітіпті, бір деммен тыңдап шықтым. Жарайсыздар❤❤❤❤
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
Жылы лебізіңізге рақмет!😊
@интересныефакты-ш1в
@интересныефакты-ш1в 19 күн бұрын
екеуінде жақсы көрем!🥰 осындай үлгі тұтар тұлғаларымыз көп болсын!
@rab-rabb
@rab-rabb 14 күн бұрын
Роза практично сөйлейді екен
@erkeqz7686
@erkeqz7686 12 күн бұрын
Керемет сұхбат болды ,мәні бар мағанасы бар неге тез бітіп қалды,деген ой болды🎉 тағы тыңдай бергім келді өте сауатты әңіме болды.Рахмет сіздерге.
@ТуремуратМусагалиев
@ТуремуратМусагалиев 19 күн бұрын
Жақсы сұхбат болды! 👍🏽👍🏽👍🏽 Жігіттерге айтарым, әйелдеріңді сыйлаңдар, бағалаңдар дөрекі сөйлеп ренжітпеңдер! Будьте как мужчины, раз женились берите ответственность за семью! И подайте хорошую пример для своих детей! ✊🏽Дана ханым Роза ханым аман жүріңіздер!🤲🏽✊🏽✊🏽✊🏽
@ainaaubakirova4393
@ainaaubakirova4393 16 күн бұрын
Керемет пікір! Мәдениетті дамыту керек ерлерге!
@АйданаАхметова-я3ь
@АйданаАхметова-я3ь 14 күн бұрын
Осылай колдау жасайтын мыкты ерлеримиз коп болсын ❤️❤️❤️❤️
@qayci
@qayci 21 күн бұрын
Құдай-ай, кәдімгі журналистің әңгімесін тыңдамағалы да көп болыпты. Құлағымның ләззаты үшін рақмет
@БактыгулкызыАнара
@БактыгулкызыАнара 22 күн бұрын
Өмірге әдемі келіп әдемі кетуіміз керек... өзіңді сыйламаған адаммен тұру ұят... Көп рахмет!❤
@nazerkezhumabekova6938
@nazerkezhumabekova6938 21 күн бұрын
Дана ханым сөйлегенде рахаттанып тыңдайсың ғой, шіркін. Сағыз туралы әңгіме айтса да тыңдауға бармын. Таза тұнық қазақ тілі. Өте әсерлі, пайдалы әңгіме болды.❤❤❤
@РозаИсекеева-е5в
@РозаИсекеева-е5в 18 күн бұрын
Керемет Сұхбат,Дана ханым,екі тілде қандай керемет сөйлейді
@Жанар-ы6т
@Жанар-ы6т 9 күн бұрын
Дана ханым🎉қош келдіңіз ютубқа.САУАТТЫ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚУАНАМЫЗ
@simbatkarimbek
@simbatkarimbek 22 күн бұрын
Өте маңызды тақырып. Қыздар көбіне “сталкингті” махаббатпен шатастырамыз
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
Дұрыс айтасыз.Екеуінің арасы жер мен көктей
@МадинаДанабаева-ч3ш
@МадинаДанабаева-ч3ш 21 күн бұрын
Шынымен жоғары деңгейде сөйлесе алатын екі мықты қыз👏👍😍
@ЭльмираСатынбекова-у8н
@ЭльмираСатынбекова-у8н 21 күн бұрын
Дана апайдың сөз саптау мәнері керемет! Қазағымның бетке ұстар апкелеріміз көп болсын! Арнаңызға жазылып қоңырауды басып қойдым, Дана апай сіздің әр бастамаңызға толағай табыстар тілеймін! Өміріңіз гүлдей жайнасын🤲🏻 Жақсы тілекшілеріңіз, тұрақты оқырмандарыңыз көбейе берсін! Роза әпкемізге үлкен рахмет!🙏🏻
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 21 күн бұрын
💐🙏
@gulechkaaaaaa
@gulechkaaaaaa Күн бұрын
Керемет сухбат
@aizhani4385
@aizhani4385 2 күн бұрын
Дана ханым! Кәзір менде осындай сталкингге ұқсайтың, өзімнің бастығымнан көріп жүрмін. Қандай термин қолдануға осындай әрекетіне, білмей тұрмын.і Бүкіл менім жеке деректер, жеке өмірім туралы іздеп, таратып жүр. Қай органдарға, полициядан басқа, шағымдауға болады екен
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit Күн бұрын
Полицияға хабарласыңыз! Олар көмек беруге міндетті! Дәлел жинаңыз!
@АйнурАбешова-к1р
@АйнурАбешова-к1р 22 күн бұрын
Ең басты ақпарат, қылмыстың алдын алу, қыздарымыз айтуға ұялып , ішінен тынып жүрген қаншама қыздарымыз жүр. Оянатын уақыт давно келген.и ллюзиядан шығуы керек қыздарымыз.Қазақтың өжет мінезді қыздарымыз аман болсын ! Істеріңізге сәттілік!
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
Дұрыс айтасыз Пікір бөліскеніңізге рақмет🫶
@АяулымОрынбасар-ь3у
@АяулымОрынбасар-ь3у Күн бұрын
Дана ханым, бастаған ісіңіз хайырлы болсын. ❤ сіздер көтерген әйел қоғам мәселесі өте қатты ұнады. Отбасылық жағдайда көп нәрсеге шыдауға болады, бірақ өзіңді қорлауға емес дегім келеді. Мүмкіндік іздеп ондай адамнан кету керек. Егер сол тағдырға көнсе ол әйел де терең бір даналық туындайды. Мен сізді жақсы түсініп тұрмын.
@БалжанТоекина-ю5г
@БалжанТоекина-ю5г Күн бұрын
👍👍👍
@KarsakbayevaTangsholpan
@KarsakbayevaTangsholpan 22 күн бұрын
Роза ханым огонь ғой 😍😍😍 айтқандары точь в точь дұрыс 👍
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
Пікір білдіргеніңізге рақмет!
@amina-adim
@amina-adim 22 күн бұрын
Роза коучтың тіл байлығын осы жерде байқадым. Әжептеуір өз ісінің маманы екені осы жерде көрінді, Мен өз басым, адамның білімін сөйлеу мәнеріне қарай анықтаймын. Қаншама боянған, сыланған адамдардың ауызын ашқанда, екі сөзді қоса алмай, орысша араластырып "патамұштаға" басқанда түк болмай қалады ) Жақсы әңгіме болды.❤ Көп пайдалы мәселені көтерді. Онымен қоса, таза қазақша сөйлегенде жәнім кіреді ғой) Бірақ Дана ханым Роза коучты сөзін бөле бергені болмаса...😉 Бірақ Дана ханымның айтары көп, іші толып қалғаны байқалады. Қатты түсінемін. Азаматтық мәселелерді, адам қүқығы мәселесін көтеруге кіріскеніне өте қуаныштымын.👏👍
@DarigaKurmangali
@DarigaKurmangali 22 күн бұрын
Екі сүйікті от әйел🤩 қос өткір тұлға❤🎉
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
Қолдауыңызға рақмет😊
@СауНур
@СауНур 20 күн бұрын
Дана ханым қандай білімді, ақылды, сабырлы, дана, көрікті жансыз. Біз сізбен мақтанамыз❤
@MegaMiraBai
@MegaMiraBai 20 күн бұрын
Сталкингті - "артынан қалмайды", өлердей ғашық , "романтикалық махаббат" деген жалған түсінікке балау қалыптасқан екен ғой (( Романтизация абьюзинга, сталкерства ... Рақмет, Дана, Роза.
@anaraabilakimova478
@anaraabilakimova478 18 күн бұрын
Дана апайды “ ХХI ғасыр көсбасшысы ” бағдарламасынан білемін. 20 жылдай болып қалыпты. Әлі сол өткір сөз, әдемі келбет, асқан даналық. Рахмет сізге!
@МайраТашкаева-я5н
@МайраТашкаева-я5н Күн бұрын
Айналайын қазағым, алға қыздар , істеріне сәттілік болсын , Алла разы болсын жандарым 😊
@ne_deidi
@ne_deidi 2 күн бұрын
Дана ханым мен Роза Ханым сіздерге шексіз ризамын❤❤❤
@МейрамкулБекетау
@МейрамкулБекетау 22 күн бұрын
Дана сіңлім әрқашан Алланың панасында бол!
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
Әмин,рақмет😊
@temirhan0748
@temirhan0748 Күн бұрын
@@dana_nurzhigit Дана ханым біз сізді жақсы көреміз және қуанамыз қазақтын сіздей қыздары болғанына.Алла тағала жар болсын қайда жүрсенізде.
@galiaraiymbekova650
@galiaraiymbekova650 22 күн бұрын
Дана ханым, көп рақмет сізге істеп жатқан ісіңізге, Алла берекесін берсін. Әлі де әйел бақытын тілеймін. Әлімнің қызығын көріңіз
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
Әмин,айтқаныңыз келсін🤲 Қолдауыңызға рақмет🫶
@АКЕРКЕАКЕРКЕ-ч2ы
@АКЕРКЕАКЕРКЕ-ч2ы 20 күн бұрын
Осындай қазақша білімді біздің қоғамда жасырып айтатын тақырыптардың ашылып жатқанына осы мемлекетте тұратыныма жүрекке қуанышпа үмітпа ұялайды екен. Еліміздің мүйізі қарағайдай екі өз маманының майталмандары осылай бастап жатқандарының жалғасы өрбіп, қазақ әйел қыздарының өмірде көрген қиыншылықтарынан арылатын күн туын тілеймін 🎉❤
@tokzhanmussabek
@tokzhanmussabek 22 күн бұрын
Дана ханым, сізге бар жақсылықты тілеймін! Әрбір әйел, адам баласы бақытты болуға лайықты! Адам құқығы бірінші орында, және өзіңізді қорғап шыққаныңызға сіз үшін қуаныштымын❤❤❤❤
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
Жылы лебізіңізден айналдым.Қолдауыңызға рақмет!😊
@aksholpandauylbek7329
@aksholpandauylbek7329 22 күн бұрын
Керемет сұхбат , өсек айтқанша осындай подкаст тыңдаған дұрыс👍
@YOHD353
@YOHD353 10 күн бұрын
Дана ханым улкен рахмет Осы маселе менын де басымнан откен Енды стздин подкастыныздан кейын озимди бекер кинәлапппын деп ой тудім. Сіздерге Алланын нуры жаусын ❤❤❤❤❤❤
@AminaSalanchina
@AminaSalanchina 17 күн бұрын
Өте тартымды сұхбат-диспут болды. Дана жүрген жерде бәрі жақсы болады, әр нәрсеге қортынды шығарып, анализ жасайды. Өте ұнады, рақмет, бізге де талай қызық, керек мәлімет алдық.Аман есен болыңдар, істеріңе Жаратушы жеңілдігін берсін!❤❤❤
@РозаАжибекова-н5е
@РозаАжибекова-н5е Күн бұрын
Дана ханым керемет подкаст болды 🎉🎉
@Жаклин-и8в
@Жаклин-и8в 22 күн бұрын
Тамаша әңгіме сұхбат болды. Дана сіздің екінші атыңыз - ПАРАСАТ. Парасат биігіңізден түспеңіз. Құрметтеймін!
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
@@Жаклин-и8в көп рақмет! Пайдам тисе, қуаныштымын💐🙏
@АйданаСарсенова-в1ю
@АйданаСарсенова-в1ю 22 күн бұрын
Керемет шығарылым болды, менің де алғаш естуім болды бұл терминді
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
@ ✊
@ЕркежанЕлеубаева-с5щ
@ЕркежанЕлеубаева-с5щ 57 минут бұрын
Көзімізді ашып жатқан әйелдер жасасын! Қыздар, сауатты адамдарды тыңдаңыздар осындай!✊🏻
@ДинараЖумакулова-я6п
@ДинараЖумакулова-я6п 21 күн бұрын
"Айналайын" деген кандай кушти естиледи🥰😍
@ГулнурАмирова-с2и
@ГулнурАмирова-с2и 20 күн бұрын
Сұхбат болсын, диалог болсын керемет болды. Ұят тақырыбы, еңбек ету, әр нәрсенің өз уақытын жоспарлау, кибербуллинг, сталкинг тақырыптары нақты ашылды. Сіздерді жақсы көремін, құрметтеймін
@aiyaomarova9283
@aiyaomarova9283 19 күн бұрын
Қазағымның дана қызы, дара қызы - ДАНА ханым! Сұхбатыңызға көп-көп рахмет!❤❤❤ Керек мәселені көтеріп, нәзік жанды әйел адамдарға дер кезінде қол ұшын созып, көмек көрсетіп, құқығын қорғайтын шешімді Заңға енгізсеңіз нұр үстіне нұр болар еді! Әрбір ісіңізге сәттілік тілеймін!❤❤❤
@sabinakurmangaliyeva9901
@sabinakurmangaliyeva9901 20 күн бұрын
Дана ханымның ютюб канал ашқаны керемет болды. Сізден үйренетін нәрсе көп. Келесі қонақты асыға күтеміз. ❤
@thewinner2626
@thewinner2626 22 күн бұрын
Дананы жақсы көрем, жақсы сыйлаймын! Жаным сол. Әрқашан абыройлы бол ❤️✊🏻🫶🏻 мықты адамсыз. Туғанымдай жақсы көрем. Бар болмысын
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
@@thewinner2626 рақмет Сізге!
@БибижамалТаженова
@БибижамалТаженова 21 күн бұрын
Қос дана қазақтың қыздарының диалогы терең ,мағыналы ,жас қыздарға ,келіншектерге сабақ болардай тұшымды болды 👍 Аман жүріңіздер ,көп рақмет 👍🥰
@КарлыгашОртаева-э6н
@КарлыгашОртаева-э6н 6 күн бұрын
Қазақтың әр қызы сіздердей болсын 👏👏👏👍👍👍😘😘😘❤️❤️❤️🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹
@СалтанатОмарова-д7м
@СалтанатОмарова-д7м Күн бұрын
Дана ханым, ! Керемет суқбат болды.
@bgggggtytgg
@bgggggtytgg 22 күн бұрын
Керемет дана әйел. Осылай қазақтың қарапайым үйде отырған әйелдеріне жақсы мотивация бердіңіз
@ZHAKENTI88
@ZHAKENTI88 21 күн бұрын
Әдемі, тамаша! Екі “легенданың” кездесуі, екеуін де қатты сыйлаймын! 2 рет тыңдадым! Әлі де қайталап көремін деп ойлаймын! Дана, мықтысыз! Сізден білім алу мүмкіндігі бар екенін естіп, қуанып отырмын! Береріңіз көп, тәжірибесі толағай теңіз экспертсіз! Әр бастамаңызға сәттілік тілеймін! Рақмет!🫶🏻
@Assekon
@Assekon 3 күн бұрын
Дана вы очень мудрая и умная девушка ❤
@Zhanar_8
@Zhanar_8 18 күн бұрын
Дананың даналығы ұнайды, Розаның әйелдерге ұрысып айтқаны ұнайды)
@ГулайханБухарбаева
@ГулайханБухарбаева 22 күн бұрын
Керемет сұхбат болды. Қыз келіншектерге пайдалы сұхбаттарыңыз жалғасын таба берсін
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
Әмин,рақмет!☺️
@АрайлымКазыбаева
@АрайлымКазыбаева 13 күн бұрын
Дана ханым сіздің сөйлеу мәнеріңіз ұнайды, жан-жақтысыз! Арнаңызды тыңдап-көретін көрермендеріңіз көп болсын!
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 13 күн бұрын
@@АрайлымКазыбаева рақмет!
@Настя-я9м2р
@Настя-я9м2р 3 күн бұрын
Өте керемет құнды ақпараттар,Дана ханым өте білімді экспертсіз,сізден коучинг алу бұйырсын.Роза ханым наша мотивация біз оның армиясымыз😊өзіме инсайт алдым бүгінгі подкасттан.қуаныштымын
@Gulnarcouch1
@Gulnarcouch1 19 күн бұрын
Коучинг мәселесін көтергеніңіз керемет болды. Мен де кәсіби коучинг мамандығын меңгерлім. Қазір білім саласына енгізудемін. Коучинг менің өміріме де өзгеріс енгізді. Сұрақтар арқылы адамның ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді жасайтын керемет жол. Мен де сіздің подкастыңызға келгім келеді, Дана ханым. Коучинг білім беруге өте қажет. Сол ойларыммен бөліскім келеді.
@pptx_maestro
@pptx_maestro 21 күн бұрын
Дана ханым, үлкен алғыс. Ұят туралы пікірім күнделікті шектеуде болған екен. Ұят ұғымына көзқарасымды өзгерттіңіз. Ақиқатыңыз оятты, сабақ болды.
@Botagoz-c7j
@Botagoz-c7j 18 күн бұрын
Рақмет Сіздерге...! Көөөппп қазақтың қыздарына бұл подкастта айтқандарыңыз ой салып, айтылған кеңестеріңіз көмектесетініне сенімдімін... Роза ханымның соңында жаны ашып, каналға қатысты айтқандары ұнады...Бір бірлеріңізді қолдап жүре беріңіздер
@BahytgulDauletbakova
@BahytgulDauletbakova 22 күн бұрын
Дана сіз тәжірибелі мықты адамсыз,аман болыңыз
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
@@BahytgulDauletbakova ✊
@ХюрремХасеки-з1ы
@ХюрремХасеки-з1ы 21 күн бұрын
Сізді бұрыннан да құрметтейтінмін, соңғы ақпараттарды естіген соң, Сізге тәнтті болдым. Жақсы көремін Сізді❤. Бақытты болыңызшы, Сіз бар бақыттқа лайықтысыз❤.
@АйгульМахажанова
@АйгульМахажанова 16 күн бұрын
Өте мағыналы сұхбат. Қазақ қоғамына заң тұрғысынан өте көп білім қажет. Біздің қоғамда бәріне шыдаған әйел ғана "керемет" . Ал көнбей ажырасса, нашар әйел саналады. Осы өте өкінішті. Тыңдарманның сауаттылығын арттыратын подкасттар көп болсын!
@Sweetnovember7
@Sweetnovember7 21 күн бұрын
Дана ханым өте жақсы сұхбат болды! Сіз өте мықты профессионал, аяулы ана, мықты әйелсіз!
@ТолкынКалыбаева
@ТолкынКалыбаева 22 күн бұрын
Қайырлы таң! Менің Анам 87 -і жаста қазір! Дана Нұржігіт! Туралы Журналдан оқып Керемет,өте сауатты,келбетті,мықты журналист деп тамсанып айтып автобиографиясында жақсы тәрбиелі отбасынан шыққан -деп мақтап айтып отырғаны есімде қалыпты Сталкинг туралы орыс тіліндегі видеоңызды көңіл бөліп тыңдадым,осы видеодада Дана Нұржігіттің! Ой өрісінің кеңдігі,өте сауаттылығы,ақылдылығы,дана ,мәдениетті адам екенді байқалып тұр! Басынан өткен жағдайды да шынайы жеткізе білді Дана Нұржігіт! Маған өте ұнады! МашАлла! ❤️👍👍👍🙏🙌
@ЖақсыгүлБатырбай
@ЖақсыгүлБатырбай 22 күн бұрын
Дана жаңа жұмысың құтты болсын.Саған жарасып тұр ,мамандығына жақын жоба ғой.Осы Розаны. ұнатпайтын едім,жоқ Дана, бүгінгі сұқбаттан кейін ақылды келіншек екен ,любой ситуациядан шығуды ойлайды,ізденеді екен.
@SmartKcell
@SmartKcell 21 күн бұрын
Дана ханым сізді көру,сіздің маңызды әңгімелеріңізді тыңдау бір ғанибет қой қазақ жұртыма.Сізге еңбегіңіздің жемісін берсін алла,мың жасаңыз!!!❤
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 21 күн бұрын
✊💐
@ЖибекНурсафина
@ЖибекНурсафина 22 күн бұрын
Өте жақсы сұхбат болды. Дана әрқашанда сыпайы сүйкімді . Сол үшін халық оны асыға күтеді. Іске сәт. Алімің үлкен азамат болсын.
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
@@ЖибекНурсафина әумин! Рақмет!
@Yertargyn-u1u
@Yertargyn-u1u 21 күн бұрын
Алар жері мен пайдасы бар ұшан - теңіз әңгіме болды. Осындай білімді, қазақ әйеліне жаны ашыр ханымдар көбее берсін
@БагдатКельдыбаева
@БагдатКельдыбаева 22 күн бұрын
Жарайсың дар қыздар өте маңызды сұхбат ! Жетпістен асып енді біліп жатырмыз старлинг коуч дегендерді сендерден..рахмет бақытты болындар мақсаттарына жетің дер❤🇹🇷
@Kunnur_imanali
@Kunnur_imanali 21 күн бұрын
Жаным 🫂 қазақ қыздары қандай батыл. Қаншама құнды нәрселер айтылды. Шынымен қазіргі қоғамда адам құқығы, әйел құқығын айту қорғау өте маңызды мәселе. Үлестеріңізді қосып, бұл жолда қызмет етііп, талап етіп жүргендеріңізге алғысым шексіз❤❤❤
@marzhan55_99
@marzhan55_99 21 күн бұрын
Қайырлы күн! Дана Өмірбайқызы, жасөспірім кезімде Хабар арасындағы жаңалықтарды Сізді көру үшін көретін едім. Үйдегі түрлі-түсті емес теледидарымыз кейде істемей де қалатын, сонда жаңалықтарды көре алмайтынмын... Сізді қатты жақсы көремін. Расында, Сіз секілді адамдар коуч, эксперт болғаны жөн деп білемін❤. Ұзақ өмір сүріңіз💐😘🤗.
@ШынараТемиржановна
@ШынараТемиржановна 22 күн бұрын
Дана Нұржігіт өте сауатты, мықты журналист. Орысша, қазақша өз ойын керемет жеткізеді. Тыңдап отырсаң, кітап оқығандай боласың. Рақмет сізге❤
@kundyztekebaeva1329
@kundyztekebaeva1329 21 күн бұрын
Мен көрген ееең керемет ютубсұхбат болды. Дана сізді сыйлаймын, сүйемін гой❤😅. Біліміңіз, сабырлығыңыз, Дана десе Даналығыңыз енді бөлек әлем. Бакытты болыңыз❤
@maira-maira2410
@maira-maira2410 12 күн бұрын
Даусы әдемі, анық, нық көріп қуанамын ❤
@LazzatMizambaeva
@LazzatMizambaeva 20 күн бұрын
Жандарым сол осындай білімді ақыл айтар қыздарға ризамын Өте әдемі подкас болды Алла разы болсын сңздерге
@galiaraiymbekova650
@galiaraiymbekova650 22 күн бұрын
Адвокаттарыңызға көп рақмет, Алла разы болсын ол кісілерге
@Әлем-к7н
@Әлем-к7н 22 күн бұрын
Дана Ханым сізді құрметтеймін өте жақсы мәселені қолға алыпсыз Халыққа шарапатыныз тисін деп тілеймін
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
🙏💐
@БотагозБакирова-я1х
@БотагозБакирова-я1х 22 күн бұрын
Роза ханымның оқырманымын, дәрежесі тең емес деген коментарий көріп қалдым, дәрежесін салмақтайтын сіз бен біз емес, Роза ханым өте білімді, үнемі ақылын аямайтын жан❤
@guldariyakamalova5158
@guldariyakamalova5158 17 күн бұрын
Дананың сөйлеу шеберлігі қандай керемет. Дана сөз шеберханасында өзіңізден білім алу маған бұйырсыншы🤲🏻. Жаңа мақсат мен үшін❤
@gulshatimangaziyeva8005
@gulshatimangaziyeva8005 17 күн бұрын
Өте пайдалы сұхбат болды.Қазақ Әйелдері ешқашан жыламасын,Біз біргеміз❤❤❤❤
@СолнышкоЯсное-с5я
@СолнышкоЯсное-с5я 22 күн бұрын
КЕРЕМЕТ ....ШЫНАЙЫ ӨТЕ ЖОҒАРЫ ДЕНГЕЙДЕ ЖАСАЛҒАН БАҒДАРЛАМА👏👏👏.ДАНА---СІЗ ЕРЕКШЕ ЖАНСЫЗ.СІЗГЕ БАРЛЫҚ БИІК ШЫН БАҒЫНДЫРУ ҚОЛЫҢЫЗДАН КЕЛЕДІ❤❤❤.БАҚЫТТЫ БОЛЫҢЫЗ.
@janarjacob4952
@janarjacob4952 18 сағат бұрын
Дана апай! Алғысым шексіз сізге! Мен сізді АҚШ да тұрып тыңдаймын, күтемін, бар жүрекпен жақсы көрем, үлгі аламын. Ақ жол тілеймін! Бақытты болыңыз!
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 7 сағат бұрын
Рақмет!
@user-ot3ef5ly3m
@user-ot3ef5ly3m 21 күн бұрын
Өте керемет, Дана ханым, сізді ешкімнің тұншықтыруға хақысы жоқ, аман болыңыз!❤❤❤
@samalnakysbekova2808
@samalnakysbekova2808 21 күн бұрын
Екі көшбасшы қыздың әңгімесі бүкіл қызға өнеге, әйел адамдардың тағдыры нақты деректермен тиянақты түсіндіріп берді.Әйел адвмдврдың қазіргі таңдағы проблемасын шешу жолдарын ұсынып берді.Рахмет Сіздерге!
@ГульмираНуркина
@ГульмираНуркина 21 күн бұрын
ДАНА ханым, сіз кереметсіз.Қазақтың білімді, ақылды, дара қызысыз. Сізді құрметтеймін.😍🌹Розаға сөз жоқ қой.👍😍💐
@КунслуБальниязова-п5ю
@КунслуБальниязова-п5ю 22 күн бұрын
Дана ханым, сіз бұл дүниеге келген миссияңызды орындап жүрсіз🤲🏻, қандай керемет жансыз, тіл көзден аман жүріңіз.
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
@@КунслуБальниязова-п5ю ✊
@ЖанагульЖанагуль-к5я
@ЖанагульЖанагуль-к5я 21 күн бұрын
Сухбатты бир деммен карап шыктым.Адамга пайдасы мол жана инсайттар алдым❤ коп рахмет сиздерге❤
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 21 күн бұрын
@@ЖанагульЖанагуль-к5я 🙏💐
@АрайлымТортбаева-и3ю
@АрайлымТортбаева-и3ю 13 күн бұрын
Әйел тақырыбындағы өзекті мәселелерді көтерген Дана ханымға рахмет. Өйткені сөз саптауы , мәдениеті , ұстанымы, нық сенімі бойындағы, қайсарлығы, еркіндігі , тақырыпты қопара жеткізе алуы құлақтың құрышын қандырып, көңілді толықтырды. Алла Тағала разы болсын , пайдалы сұхбат болды.
@НагимаНиязбекова-й1о
@НагимаНиязбекова-й1о 22 күн бұрын
Дана атына сай Дана айел, мыкты, Алим баланызбен бакытты болыныз ❤❤❤❤❤
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
@ЭльзаБауыржанова-ж4б
@ЭльзаБауыржанова-ж4б 20 күн бұрын
Екі мықты жан қосылды! Сіздерден керемет туындылар күтеміз! Мықтысыздар!!!
@ГулфаридаАмирова
@ГулфаридаАмирова 15 күн бұрын
Дана ханымның адамдармен араласуды тоқтатпау керек деген сөзі енді ұққандай болдым , мен керісінше ешкіммен араласпай өзімді ауру қылдым , Дана ханым жүрекпен айтқан сөзі жүрекке жетеді , рахмет сізге❤
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 15 күн бұрын
@@ГулфаридаАмирова жоқ! Тоқтатпаңыз! Өзіңізге жаңа орта іздеңіз, сізге жаңа бағыт сілтейтін ортада болыңыз!
@Botakozzhanay
@Botakozzhanay 22 күн бұрын
Дана ханым, сіз бізге нағыз дана Әйелдің үлгісі боласыз…. Сізден үлгі аламын….. Өмірім мен үшін маңызды құнды екенін ұқтым. Сізді жақсы көремін❤
@Айкеріма
@Айкеріма 20 күн бұрын
Қайырлы күн! Подкаст ұнады, көп тақырып көтердіңіздер. Шынымен әйел әйелге жау емес, бір-біріне жанашыр болуы керек. Сол жанашырлықты, қолдауды осы подкасттан байқадым. Роза ханым you tube пен instagram желісінде майын тамызып айтатын, өзінің бір орны бар коуч, Дана ханымға жол көрсетіп бір-бірін қолдауы қуантты. Сырт көз сыншы демекші, Дана ханым сөзді көп бөледі екен және өзінің боль дейді ғой қаншалықты қатты болғанын әр сөзінен білінеді, Дана ханым сіз мықтысыз, бастамаңызға тек сәттілік. Қазақ қыздарына жол көрсетер шырақ болып, әрдайым білімді адамның күні жарық екендігін айтудан талмайтын сіздей жандарға алғыс.
@ardaktolganbayeva7481
@ardaktolganbayeva7481 22 күн бұрын
Жіктеп жілігін шағып сөздеріде сұрақтарыда сүбелі қандай керемет тіпті қасыңызда жүріп білім алғым келіп кетті.Қазақ әйелдеріне әсіресе жас қыз келіншектерге көбірек білім керек! Әсіресе көкбеттік пен бетбақтыққа берілгендерге өте керек.Жап жақсы кейбір ер азамат аға інілерімізде бар ақымақ әйелден опық деп қалған алданып арбанған олардыңда мәселелерін көтеріп қорғасаңыздар екен😅😊😊😊
@АсельХамитова-о2д
@АсельХамитова-о2д 22 күн бұрын
Өте керемет сұхбат болды,ұнады.үлкен буын жастармен осылай тәжірбие алмасып,білмегенді білмедім деп мойындауда үлкен ерлік.
@gaukhar_kozhamkulova
@gaukhar_kozhamkulova 13 күн бұрын
Дана ханым, сіз нағыз экспертсіз ғой уже, не жазсаңыз да, не үйретсеңіз де, сіз журналистика, жаңалық, ақпарат таратудың шыңында тұрған экспертсіз ғой, бала кезімізден сіздердің образдарыңызбен өстік қой. Сіздің жаңа өміріңіз, жаңа биігіңіз үшін өте қуаныштымын❤ алдағы өміріңіз тек сәттіліктерге, жақсы, жағымды тәжірибелерге толы болсын❤ жолыңыз ашық болсын❤
@ТаттикульСангилбаева
@ТаттикульСангилбаева 21 күн бұрын
Күшті подкаст болды мен үшін биылғы жылдың ең үздік посткасты дер едім қоғамдағы ең керекті дүние талқыланды❤
@Жанар-й7щ
@Жанар-й7щ 22 күн бұрын
Дана ханым бақытты болыңыз. Шынымен мықты әйелсіз!
@DanaAba-br5xz
@DanaAba-br5xz 8 күн бұрын
Керемет құнды дүниелер айтылды💯🫶👏
@АйгеримБакытжанова-п8ы
@АйгеримБакытжанова-п8ы 21 күн бұрын
Өте жақсы бастама. Сіздерге көп рахмет қазақтың қыздарының көзін ашып, көмектесіп, нәзік жандылардың құқығын қорғауға заң шығвруға ат салысып жатқандарыңызға. Менде дәл осы этапта сталкингте жүрмін. Скоро түрмеден шығып қайтадан сол ісімен айналысайын деп тұр☹️. Сол уақытқа дейін осы заңда қарастырылса заңдастырылса екен
@АрайлымКарпеева
@АрайлымКарпеева 18 күн бұрын
Сізге Білікті, Заңды көмек бергеніме және пайдалы болғаныма қуаныштымын, Дана ханым❤
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 17 күн бұрын
Алғысым шексіз,Арайлым Қамбарқызы! Балаларыңыздың қызығын көріңіз!
@ШакураСабитова
@ШакураСабитова 21 күн бұрын
Өмір бойы осы әдет,солай бәрі өмір сүреді деп жүрдік қой Сталкинг,абьюзер мен өмір өтіпті ғой деп менің құрбыларым айтады.Біз жиырмасыншы ғасырдың адамдары бұндай мәселелерді білмей,түсінбей қаншама тұн жылап,ертесі көзімізді сүртіп түк болмағандай жүрдік...әтең..енді немерелеріміз осыны бастарынан өткізбей,бақытты болса екен.деп үміттенемін.Дана,қызым,керемет көтерген мәселесі,енді заңға айналсын деп тілеймін,анаңды шын жүректен құана қарсалдым, сәттілік тілеймін!🎉❤
@МираХабиева
@МираХабиева 21 күн бұрын
Күшті қызықты, пайдалы болды! Дананы жақсы көреміз! Рахмет❤
@Tom-iv8gt
@Tom-iv8gt 13 күн бұрын
Дана ханым нашар адамнан құтылғаныңыз жақсы болған екен, өкінішке орай бұндай жағдай өте көп қоғамда, ашық жариялағаныңыз өте орынды, басқаларға сабақ болар! Алдағы уақытта жаныңыз тыныш, бақытты күндеріңіз көп болсын, дұрыс заң қабылдануына сәттілік🌞
@nazerkemukhanbediyarova9900
@nazerkemukhanbediyarova9900 22 күн бұрын
Бала кезімнен тәнті болып тыңдап,қарайтынмын хабар арнасын тек сіз үшін Дана ханым🤍Көпшілікке,көгілдір экранға оралғаныңыз үшін қуаныштымын.Сөз саптауыңыз,біліміңіз бен парасатыңыз әлі тәнті етеді,оқушы кезімді есіме түсіреді. Мен үшін роулмодель әйелсіз,тек алға,алға,АЛҒА!!!
@dana_nurzhigit
@dana_nurzhigit 22 күн бұрын
@@nazerkemukhanbediyarova9900 көп рақмет!
@МарияБалмуканова
@МарияБалмуканова 22 күн бұрын
Қаражатсыз өмір сүру мүмкін еместігін әркім терең түсінген жөн! Қандай жағдай болсада қаражат үлкен орын алады. Бейберекет шашылу- тыр жалаңаш қалудың, бейшара қарттықтың алғашқы баспалдағы! Зейнеткерлік -Алланың, қоғамның берген үлкен сыйы! Әр зейнеткерде шамалы болсада қоры болуы керек. Екі алақанын жайып балаларына қарау дұрыс емес! Бала-бауыр етің, бірақ оларды айай берсеңдер, балалар саналы ойлаудан қалады.Саналы ойлау- алға жылжу, жан-жағына терең оймен қарау! Бала өз табысына ұмтылмаса ата-аналары қартайған шақта бейшара қалде қалады , ата-анасының зейнетақысына қол сұғып ой-санадан айырылады. Ұлттық дәстүрді құрметтеудің бір түрі - ата-анасының табысына қол сұқпау. Осыныда мектеп табалдырығында үйретсе қалай болар екен. Көп ата-аналар зейнетақысын балаларының қолына салып жалтақтап өмір сүруде. Дана ханым осы ойтүркімдіде таразылап көрсеңіз қалай болар екен!
@ГулжаханКобенова-д9в
@ГулжаханКобенова-д9в 17 күн бұрын
Дана ханым, керемет бастамаңыз құтты болсын! Сіз қазақ қыздарына берер пайдасыз зор.Осыншама ауқымды мәселені көтеріп жатырсыз! Ұят деген сөзді көпшілікке мағынасын ашып бергеніңізге рахмет! Себебі осы ұят деген сөзбен қаншама қыздарды келіндерді манипуляция жасап жатыр!
風船をキャッチしろ!🎈 Balloon catch Challenges
00:57
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 86 МЛН
За кого болели?😂
00:18
МЯТНАЯ ФАНТА
Рет қаралды 2,8 МЛН
Миллионер | 3 - серия
36:09
Million Show
Рет қаралды 1,8 МЛН
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ / Ақша туралы Ащы Шындық | Роза Аширбаева
1:21:24
Жар таңдаудан жаңылмайық | DIN DINA SHOW
51:16
Dina Tolepbergen
Рет қаралды 133 М.
風船をキャッチしろ!🎈 Balloon catch Challenges
00:57
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 86 МЛН