«Төбеден қалдықтарды лақтырады». Шымкенттіктер үй салып жатқан компанияның әрекетіне шағымдануда

  Рет қаралды 6,657

Информбюро 31

Информбюро 31

2 жыл бұрын

Шымкентте алпауыт компания салып жатқан тұрғын үй кешені кедергі келтірді деген тұрғындар арнамыздан көмек сұрады. Айтуларынша, «Отау Строй» деген серіктестік алғашында шағын кеңсе тұрғызамыз деп, кейіннен көршілердің келісімінсіз 12 қабатты тұрғын үй кешенін көтеріп тастаған. Енді соған жапсарлас орналасқан жеке сектор тұрғындары тынысымыз тарылып жатыр деп ашынады. Оған қоса құрылысшылар төбеде тұрып, төмендегі үйлерге қарай құрылыс қалдықтарын лақтырады дейді шағымданушылар.
Аққайнар көшесіндегі тұрғындар осы кешен салынып жатқалы тіршілігіміз күнде тартыс дейді. Қазір жеке сектор мен көпқабатты нысанның арасы алты метрден алшақ емес.
ГҮЛСАРА НҰРБЕКОВА, тұрғын:
- Заборымды рұқсатсыз, ағаштарымды кесіп, сындырып, ар жағынан көрсетпей, сетка қойып, оның үстінен тікенек проволка тартып қойған. Тоқтарының бәрін менің заборыма байлап, сарайыма дейін байлап қойған. Балалар оны ұстаса, токқа түседі ғой деп оны айқаймен алдырып тастадым. Не деген сұмдық?
У-шудан шаршаған тұрғындар құрылыс жұмыстары күндіз-түні тынбайтынын айтады. Оның үстіне, еңбекке жұмылғандар құрылыс қауіпсіздігін сақтамайды дейді. Арнайы киім кимегенімен қоймай, ауламызға құрылыс қалдықтарын да лақтырады деп ашулы.
ГҮЛМИРА ТӨЛЕУІШОВА, тұрғын:
- Ескі-терезеңді жауып ұйықтаңдар дейді. Қазір мынадай 46-47 градуста қалай біз терезені жауып ұйықтаймыз? Шаңды бұрқыратып камаздармен топырақты түсірген кезде есігіміздің алдының бәрі топырақтан көрінбейді.
«Отау Строй» компаниясының өкілдері тұрғындармен тілдесуге келді. Бірақ әңгімелері жараспады. Кей қызметкерлері телеарнаға сұқбат беруден теріс айналса, енді бірі құрылыс нормалары сақталған деп қысқа қайырды.
АҢСАР СҮЛЕЙМЕНОВ, мердігер компанияның заңгері:
- Техникалық безопасность толық қауіпсіздік қолданылып жатыр. Сақталып жатыр. Строительный норма правила деген бар, соған сәйкес құрылыстың бәрі жүргізіліп жатыр. Ешқандай бүгінгі таңға дейін шағым болған жоқ.
Мердігердің бұл айтқанымен тұрғындар келіспейді. Бірақ, құзырлыларға шағымын жеткізуге мүмкіндігі жоқ. Себебі, жауаптыларға кәсіпкерлерді бет-алды тексеруге болмайды.
ҚАЙРАТ ОРАЛБАЕВ, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы:
- Қазір өзіңіз білесіз, мораторий. Бізде жеке кәсіпкерлік субьектілерін тексеруге мораторий жарияланған. Сондықтан бас салып тексеруге құқымыз жоқ. Алайда бізге осы құрылыс барысы туралы есеп келіп отырады. Солар арқылы құрылысты сырттай бақылап отырамыз.
Осылайша, мораторийдің мазмұнына сәйкес, құзырлылар да тек сырттан бақылауға мәжбүр. Жауаптылар мердігердің құжаттары түгел екенін айтты. Тұрғын үй кешені салынып жатқан 2,7 гектар жер 2004 жылы берілген. Бірақ кейіннен нысаналы мақсаты өзгертіліп, жобалық архитектуралық тапсырмасы нақтыланыпты.
МЫРЗАГЕЛДІ СӘРСЕНБЕКҰЛЫ, Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы:
- 2013 жыл 10-шы қаңтарда Шымкент қаласы әкімінің №4 қаулысымен нысаналы мақсаты ауысқан. Кеңсе, сауда жайларымен және жер асты паркингі бар көпқабатты тұрғын үйлер құрылысын жобалау үшін.
Тура осы қаулы шыққан уақытта Шымкенттің әкімі Қайрат Молдасейітов болатын. Ал ол қазір осы «Отау Строй» компаниясы кіретін Отау групп холдингінің президенті.
Мақсат Жақсыбайұлы
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#құрылысқа_қарсылық #Шымкент

Пікірлер: 11
@astanaktobe1332
@astanaktobe1332 2 жыл бұрын
Кейбір адамдар құтырған! Анау болмайды мынау болмайды деп. Сенің аулаңның ішінде салып жатпаған шығар үйді. Іші тар адамдар көбейіп барады
@Pinkie-kpop
@Pinkie-kpop 2 жыл бұрын
Маротории деген жаксы болды Сылтауга😀
@user-zs8fg3dg7k
@user-zs8fg3dg7k 2 жыл бұрын
Ай теуир бир бирин көре алмау
@aizhamalzhanetova5602
@aizhamalzhanetova5602 2 жыл бұрын
Колдарыннан ештене келмейды уй салу улкен бизнес болды гой
@balkengalymjan
@balkengalymjan 2 жыл бұрын
Қайрат Молдасейітов мырза Шымкентте мүгедек балаларға арналған балабақша салып берген, жомарттылығы бар кісі. Бұндай келеңсіздікті Қайрат мырзаның құлағына жетіп, дұрыс шешім қабылдай деген ойдамыз.
@user-jm8ro6cs7v
@user-jm8ro6cs7v 2 жыл бұрын
Ай шымкент кашан адам адами касиет орнайды кашанғы халыктың мазасын ала бересіңдер
@samalbazari646
@samalbazari646 2 жыл бұрын
Отау строидын ауласына мемлекеттик кызметкерлер кире алмаид беишаралар башшылары сатылып кеткенгои
@kunsluqalieva4540
@kunsluqalieva4540 2 жыл бұрын
Мə😂😂😂шымкентік екені білінді ватр деген сөзі бар..
@user-bj4xm4iv5o
@user-bj4xm4iv5o 2 жыл бұрын
Халыкты тексергенде руксат.буларга руксат жок
@jambulkrasnov
@jambulkrasnov 2 жыл бұрын
Сен, тб. Сақтасаң онда халық не үшін сөйлейді деп ойланып көрдіңба. Жоқ арамдықпен тапқан теңгелерің тамақтарыңнан қалай өтеді...
Шымкент қаласында жер дауы тағы да ушықты
2:29
Информбюро 31
Рет қаралды 13 М.
Homemade Professional Spy Trick To Unlock A Phone 🔍
00:55
Crafty Champions
Рет қаралды 40 МЛН
ИРИНА КАЙРАТОВНА - АЙДАХАР (БЕКА) [MV]
02:51
ГОСТ ENTERTAINMENT
Рет қаралды 1,6 МЛН
2000000❤️⚽️#shorts #thankyou
00:20
あしざるFC
Рет қаралды 16 МЛН
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 10 МЛН
Облыс тұрғындарына Шымкенттен үй алуға тыйым салған
3:36
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 7 М.
“30 жастағы әйелдің артынан кету атақ па?”
21:29
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 98 М.
«ҒАЖАЙЫП ӨЛКЕ». Шырайлы Шымкент
22:04
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 8 М.
Шымкентте түрме бастығы сотталды
1:05
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 50 М.
“СААТЫНА 3000 ДОЛЛАР”. ТИК УЧАК МЕНЕН САЯКАТ
6:59
7-канал Кыргызстан
Рет қаралды 1,6 М.
Шымкентте жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне тастаған кім?
1:31
Homemade Professional Spy Trick To Unlock A Phone 🔍
00:55
Crafty Champions
Рет қаралды 40 МЛН