ТӨЛЕ БИ КЕСЕНЕСІ | ТАШКЕНТ | ШЕЙХАНТАУР

  Рет қаралды 414

ӨМІР ТАМАША

ӨМІР ТАМАША

7 ай бұрын

Төле би
1663-1756 ж.ж.
Тәңірім қазаққа елдікті де, ерлікті де, даналықты да берген!
Өмір тамаша арнасы қазақ тарихының дана тұлғасы артына өшпес із қалдырған ұлы жүздің төбе биі Төле би бабамыздың кесенесінде. Арнадан ажырамаңыздар!
Армысыздар достар, Ташкент қаласындамыз. Мұнда көлік өте көп екен, ине шаншыр жерді екі айналып әрең таптық.
Кесене Абдулла Қадыри көшесінде Ислам академиясы жанында орналасқан екен.
Аулада үш құрылыс нысаны бар.
Бұл кесенеде Төле бидің ұстазы жатыр. Мұндағы қызметшілер келушілерді әуелі ұстаздың кесенесіне кіргізеді. Есімі Шейх Ховенти ат Тахур- өзбек елінің бұл тұлғаға құрметі ерекше. Осы кешеннің атауы да “Шейхантаур”деп аталады. Кесене қызметшісінің айтуы бойынша бұл тұлға құрайыш тайпасынан шыққан әйгілі Омар Халифтің он жетінші ұрпағы.
Кесене Әмір Темірдің жарлығымен тұрғызылған. Мұның ішінде тасқа айналған мына ағашқа бірден көзіміз түсті. Аңыз бойынша Александр Македонский еккен 48 ағаштан қалған жалғыз түбі. Ескендір Сауірі деп аталады. Иісі әлі бұрқырап тұр.
Ал достар көз алдарыңызда Төле би бабамыздың кесенесі. Күмбезі ерекше пирамида іспеттес орнатылған.
Төле би 17 ғасырдың орта шенінде, Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, Ұлы жүздің Дулат тайпасы, жаныс руынан.
Әз Тәуке хан құрған "Билер кеңесінің" мүшесі, "Жеті жарғы" заңдар жинағын шығаруға зор еңбек сіңірген.
Тарихымызда үш жүздің басы қосылып, бірлікте іс қылған заман осы Төле, Қазыбек, Әйтеке билер тұсында болған. Халықтың бірлігін сақтауға еңбек еткен билердің қанатты сөздерінің ішінде Төле бидің “Жүзге бөлінгендердің жүзі қара, руға бөлінгендердің құруға асыққаны, атаға бөлінгендер адыра қалады” дегені қазақ халқының аталы сөзіне айналды.
Өзбек халқы Төле биді “Қалдыргач би” деп атайды. Ол Қарлығашидеген мағынаны білдіреді. Оған мына аңыз себеп болған. Жаугершілік заманда елге жоңғарлар шабады. Жұрт үйін жығып үдере көшкенде Төле би қалып қояды екен. Жау келіп Төле бабамыздан сен неге қалдың деп сұрағанда Төле би: шаңырағыма қарлығаш ұя салған, оны қалай бұзамын деген екен. мұндай жанашырлыққа таң қалған қонтайшы бидің үйіне тиіспепті. Осыдан кейін Төле биді Қарлығаш би деп атапты. 2021 жылы кесене өзбекстан республикксының зиярат және туризм нысанына енді.
#толеби #төлеби #өміртамаша

Пікірлер: 13
@nomadqazaq8819
@nomadqazaq8819 7 ай бұрын
👍👍👍 Ұлы тұлғаларымыз.
@sharuashylyqqaqajet
@sharuashylyqqaqajet 7 ай бұрын
👍👍👍👍✊
@sosiskakiller8441
@sosiskakiller8441 7 ай бұрын
Мықты
@OmirTamasha
@OmirTamasha 7 ай бұрын
Рақмет!
@user-lg4up9lf8z
@user-lg4up9lf8z 7 ай бұрын
Керемет👍🏻
@OmirTamasha
@OmirTamasha 7 ай бұрын
Алғыс!
@QaiyrgaliOrdabekOff
@QaiyrgaliOrdabekOff 7 ай бұрын
Сәлем Айнұр ханым! Өте керемет, 👍👍👍
@OmirTamasha
@OmirTamasha 7 ай бұрын
Көп рақмет!🙌✊🏻
@tolegenkolbaev8159
@tolegenkolbaev8159 7 ай бұрын
Меніңше Төле би сары үйсін руынан .
@thisiskazakhstan7144
@thisiskazakhstan7144 7 ай бұрын
Жәймен, осы арна белгілі Травел арнаға айналадау 🌎📽️ Сәттілік, Айнұр ханым 🇰🇿
@OmirTamasha
@OmirTamasha 7 ай бұрын
Лебізіңізге рақмет, ЗисизҚазақстан!🔥✊🏻🤝
@METALLKZ
@METALLKZ 7 ай бұрын
​@@OmirTamasha🇰🇿✊👍
@user-zk7cy3qj4b
@user-zk7cy3qj4b 7 ай бұрын
Перед смертью толебий хотел быть погребен рядом со учителем шайханохурам в ташкенте
Төле би кесенесіне қалай барамыз?
10:07
Nurmakhanov Nurkhan
Рет қаралды 276
IS THIS REAL FOOD OR NOT?🤔 PIKACHU AND SONIC CONFUSE THE CAT! 😺🍫
00:41
They RUINED Everything! 😢
00:31
Carter Sharer
Рет қаралды 23 МЛН
Они убрались очень быстро!
00:40
Аришнев
Рет қаралды 2,8 МЛН
Төле бидің төрелігі.
7:45
Everest Kz
Рет қаралды 14 М.
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 10 МЛН
Төле би | 1-ші бөлім
30:10
SAQ Kinostudiasy
Рет қаралды 559 М.
Қазыбек неге қаз дауысты аталып кеткен?
3:34
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 61 М.
IS THIS REAL FOOD OR NOT?🤔 PIKACHU AND SONIC CONFUSE THE CAT! 😺🍫
00:41