Төлеңгіттердің Қоқан хандығын шапқан, сауда соғысы

  Рет қаралды 1,449

Қазақ төлеңгіттері

Қазақ төлеңгіттері

Күн бұрын

Пікірлер
@YernurZhassymbayev
@YernurZhassymbayev Күн бұрын
«Айбаты асқан қайратты» Жаназар мен «Басына қонған дәулет-құты артық» Өмірзақ екеуі амандық күнде серттескен. Құрбандық шалып, серттескен анттың шарты ақыретте де бұзылмайды. Санамызға сіңірген өсиеттерінің бірі елдің бірлігі. Аруақты ата-бабаларымыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Нұрлары пейіштің төрінде шалқығай!
@YernurZhassymbayev
@YernurZhassymbayev Күн бұрын
Әумин
@YernurZhassymbayev
@YernurZhassymbayev Күн бұрын
Қазақ шежірешілерінің бірі, тарих ғылымдарының докторы Хамит Маданов «Қазақтың біртуар азаматы Сейітқали Мендешов қалмақ төлеңгіті екенін естігеніміз бар. Оның аталары Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Қалмақ шағыл деген жерді қоныстанған» - дейді. Айналып келгенде Қалмақ төлеңгіттерінің ұраны - Алтай болған, бұдан біз қалмақ төлеңгіттерінің қалыптасуына Мамадайырлардың шешуші рөл атқарғанын көреміз. Мамадайырдан бері қарай Көкен ұрпағынан әйгілі Сүйіндік аталық, Бақы би, Қалыбай батыр болса, соңынан Бөкей ордасындағы төлеңгіттердің басшысы болған Жұрын Көркімбайұлы бабалардың осы дәстүрін жалғастырды. Еділдің төменгі жағы, одан батысқа қарай Ресейлік Астраханның Камыззяк, қазақша Құмөзек ауданының Застенка ауылында түгелге жуық Мамадайырдың Бақы би ұрпақтары қоныстанған. Атырау өңірінің Құрманғазы ауданы, Ганюшкино елді мекенінде, Каспий теңізінің солтүстік батыс жағалауларында Алтай-Мамадайыр атасынан тарайтын Анда, Алдасай, Теңізбай, Қырғызақ, Қалыбай, Сәдібек, Шеркешбай атадан тараған ұрпақтары тұрады.
@YernurZhassymbayev
@YernurZhassymbayev Күн бұрын
Оңажіт пен ертеден бір саяси-әкімшілік топта болған Дейіт аталары да бүкіл ортазиялық және Қашқар, Ферғана керуен жолдарын бақылаған аталар болып шығады. Оған тарихи дәлелдер келтіретін болсақ, 16 ғасырда Ферғанада жазылған Сейф ад-Дин Ахсикентийдің «Маджму ат-Таварих» атты еңбегінде 14-15 ғасырлардағы көшпелі-өзбектердің 92 ру тайпалардың арасындағы саяси ықпалына қарай алғашқы ондықтың ішіне кіретін жалайыр, қоңырат, алшын, арғын, найман, қыпшақ т.б. тайпалармен қатар қалмақ, табын, онгут (яғни оңажіт), құсшы, дейт тайпаларының да аталып өтуі де біз үшін өте маңызды.
@YernurZhassymbayev
@YernurZhassymbayev Күн бұрын
1884 жылы «Қарқаралы уезі болыстарының ру-тайпалық құрамы мен саны» деп аталатын құжатта Шұбартау болысында -1775 шаңырақ болса, оның 162 шаңырағы Сабаншылар, яғни бүкіл елдің он пайызы деген сөз. Бұл аз көрсеткіш емес. Бекен Төлеуұлы ақсақалдың Сабаншы ата ұрпақтарының шежіресін түгендеп, үлкендерден қалған әңгімелерді қағазға түсіргендерін біз өз еңбектерімізде жарияладық.
@manarbekzainullin5537
@manarbekzainullin5537 7 күн бұрын
Жақсы тарих. Жолымызды біле жүремиз.
@YernurZhassymbayev
@YernurZhassymbayev Күн бұрын
Көнекөз кәріқұлақ қариялардың айтуы бойынша Өмірзақ ата жасынан елін қорғаған батыр, әрі тілегі қабыл болатын қасиет иесі болыпты. Ақтөсұлы Өмірзақ үш бәйбіше алған адам. Бірінші бәйбішесі - Ақбала, екіншісі- Мекіш, үшіншісі - Зиялы болған. Ақбала шешеміз көркіне ақылы сай, аналық мейрімі мол болған екен. Өмірзақ атаның ел ісіне араласуына, ел құруына көп көмек жасап, атаның атын шығаруға үлкен еңбек сіңірген. Халық құрметтеп «Алтын апа, Ақ апа» аттандырған.
@НарзияЖасымбаева
@НарзияЖасымбаева 7 күн бұрын
Тамаша 👍
@БакытжанОспанов-ч9м
@БакытжанОспанов-ч9м 7 күн бұрын
Рақмет Ерекеі
@sayadsgn
@sayadsgn 7 күн бұрын
Керемет видео! 💯🔥
@Dimashi505
@Dimashi505 5 күн бұрын
Күшті🎉👍🏿
@altaymayzhanov4939
@altaymayzhanov4939 5 күн бұрын
Ассалаумагалейкум. Жаңа жыл құтты болсын. Шығармашылық жұмысыңыз алға баса берсін.
@QazaqTolengitteri
@QazaqTolengitteri 5 күн бұрын
Уағалейкумассалам Алтай іні! Рахмет
@СерикЕлеусинов-э7б
@СерикЕлеусинов-э7б 4 күн бұрын
Ереке, ассалаумағалейкум. Макаттан сәлем.
@QazaqTolengitteri
@QazaqTolengitteri 4 күн бұрын
@@СерикЕлеусинов-э7б уағалейкумассалам Саке! Рахмет
@ЭлеонораМрашева
@ЭлеонораМрашева 7 күн бұрын
👏🙏
@ЕрболатКемелбеков-ь2э
@ЕрболатКемелбеков-ь2э 7 күн бұрын
«Халықсыз - тарих жоқ, тарихсыз - халық жоқ» . Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Ереке осы жолдағы еңбегің жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле бер.
@QazaqTolengitteri
@QazaqTolengitteri 7 күн бұрын
@@ЕрболатКемелбеков-ь2э рахмет Ереке
@aldabergenakimzhan7574
@aldabergenakimzhan7574 4 күн бұрын
Орыс империясының саясатымен тарихтың бәрін бұрмалап қате жазған. Ернұр бауырым сенің жазып жатқан еңбегің ҚАЗАҚ тарихы үшін өте керек. Қазақ халқы үшін жасап жатқан еңбегің жана берсін!
@QazaqTolengitteri
@QazaqTolengitteri 4 күн бұрын
Рахмет сізге
@БакытжанОспанов-ч9м
@БакытжанОспанов-ч9м 7 күн бұрын
Қос жауыр тауы бауырындағы қыстақтар:ойран Опабек қорасы,Қара үнгір-Оспанқұл қорасы,Ешке өлмес-Әбікен қорасы,Тілесбай бұлағы-Өнербай қорасы,Ну терек-Кәлди қорасы,Ақылбай ақ тамы-менің атам қорасы,Өгізтау-Оспанқұл қыстауы. Қарадің,Қоныстың биігі,Отыншы-Мақатаевтар мекені,Әмірсана-осы жерлер түгел Өмірзақтар мекендермен.Ата қоныс!!!!!
@QazaqTolengitteri
@QazaqTolengitteri 7 күн бұрын
Рахмет аға! Өте құнды деректер
@ДаутжанЖаксыбаев
@ДаутжанЖаксыбаев 5 күн бұрын
Төлеңгіт деген әртұрлі ұлттардан құралған жалдамалы адамдар болғандықтан оларда жер де ата қоныс та болмаған. Тарихты бұрмалауға болмайды.
@YernurZhassymbayev
@YernurZhassymbayev 5 күн бұрын
@@ДаутжанЖаксыбаев Видеоны мұқият тыңдаңыз. Төлеңгіт қарқаралы дуанында жеке ел-болыс болған. Ел басқаратын би де жаудан қорғайтын батыры да болған. Қарқаралы дуанындағы 22 болыстың арасында халқы мен шаруашылығы саны бойынша 4-ші орында болған. Сол сияқты Бөкей ордасында да төлеңгіттер ел болып отырған басшылары болған, кейін қазақтың мақтанышына айналған атақты адамдары көп шыққан
@aldabergenakimzhan7574
@aldabergenakimzhan7574 4 күн бұрын
Бейбарыс бауырым қателеспе төлеңгіттердің өздерінің жері өздерінің болысы болған олар тек қана ханғағана қызмет еткен !
@QazaqTolengitteri
@QazaqTolengitteri 4 күн бұрын
Иә, ханға қызмет жасау мемлекетке қызмет жасаған болады. Бүгінгі тілмен айтсақ мемлекеттік қызметкерлер
@БауыржанЕрубаев-н5й
@БауыржанЕрубаев-н5й 7 күн бұрын
Қайырлы күн. Жаңа жыл қазақ еліне табысты жыл болсын. Ернұр бауырым, қазақ тарихын зертейтін ғалым тарихшыларға жаңа тың тақырып ашыпсың. Төлеңгіттердің 18 ғасырда Аблайханның тапсырмасымен, Өмірзақ аталық пен Жаназар батыр бастап Қытай қақпасынан кіретін сауда Жібеке жолына иелік жасағанын бірі білсе бірі білмейді. Бұл тақырып терең зертеу жүргізіп, қазақ тарихының белгісіз болған беттерін ашып жатқаның, қазақ тарихына жаңа серпіліс беретіні анық. Төлеңгіт құрамындағы Дейіт, Сабаншы руларының да тарихынан, батырлары туралы жақсы ақпарат беріпсің. Еңбегіңе рахмет, алдағы уақытта да жаңа, тың тақырыптарда ақпараттарды зерттеп жариялай беруіңе тілектеспін.
@QazaqTolengitteri
@QazaqTolengitteri 7 күн бұрын
Рахмет Бауке!
@СакенОразбек
@СакенОразбек 5 сағат бұрын
Төлеңгіттер дегеніміз баи манаптардың ,хандардың ,шонжарлардың үи ішіндегі шаруасын жасаитын жұмысшылары болған.Және де олар ешқандаи да ру құрмаған .Өтірік тарих жазып елді адастырмаи жаиларыңа жүріңдер.
@Бейбарыс-ъ3и
@Бейбарыс-ъ3и 7 күн бұрын
Төленгіт қазақтың ат бағары болған.тарихты бұрмаламаңдар.
@user-lz4nd9dn3
@user-lz4nd9dn3 7 күн бұрын
Өз руының тарихын жаксы билесин бе? Көпке түкіргенше өзіңді танып ал, лас тіліңе ие бол, орыс уксамай
@БакытжанОспанов-ч9м
@БакытжанОспанов-ч9м 7 күн бұрын
Білмесең сөйлеме
@Wordwind-hn9wd
@Wordwind-hn9wd 6 күн бұрын
Булар ханнын жанында журген толенгыттер емес , баска толенгыттер .
@YernurZhassymbayev
@YernurZhassymbayev 6 күн бұрын
@@Wordwind-hn9wd әй білгіштер, алдымен видеоны тыңдасаңдаршы. тайға таңба басқандай айтылды ғой
@YernurZhassymbayev
@YernurZhassymbayev 5 күн бұрын
@@Wordwind-hn9wd Жалпы, төлеңгітке қазақтың мен деген мықты жігіттері барған. Осы видеода шұбартау мен Бөкей ордасындағы төлеңгітке ұйытқы болған Алтай аталықтар тұқымы болғаны айтылады. Арғын болсаң Алтай бол деген, осы аталардың ханға қызмет жасап, бүкіл қазақстанға қоныстануы да елдің халықтың қамы болған
ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ 2025 | ОТБАСЫЛЫҚ КОНЦЕРТ
2:33:06
ONER KYRANDARY
Рет қаралды 2,9 МЛН
The evil clown plays a prank on the angel
00:39
超人夫妇
Рет қаралды 53 МЛН
«КЕЙКІ МЕРГЕН» телехикаясы. Тарихи драма. 9-12 бөлімдері
2:41:27
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 32 М.
11 қаңтар 2025 жыл - 15:00 жаңалықтар топтамасы
15:58
Телеканал 24kz
Рет қаралды 2,9 М.
ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2024 ТОЛЫҚ КОНЦЕРТ | Қызық Live
2:58:29
11 қаңтар 2025 жыл - 17:00 жаңалықтар топтамасы
16:00
Телеканал 24kz
Рет қаралды 1,1 М.
Ақбота: “Мен шындықты айтамын!”
25:39
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 223 М.
АБЫЛАЙДЫҢ БАСЫН КЕСПЕК БОЛҒАН БАТЫР
16:51
MAGKAPATID NA NAGTITINDA NG BAWANG SA BARYO NG MGA ASWANG | Kwentong Aswang | True Story
2:51:28
Алтай Сайдалы аталықтары: Үш арыс Мамадайыр 1-бөлім
17:13