Төменгішыршық ауданындағы 21-мектептегі кездесу.

  Рет қаралды 1,708

Рүстем Төленов

Рүстем Төленов

22 күн бұрын

Осыдан 20, 30, 40, 50 жыл бұрын Ташкент облысының Құйышыршық ауданындағы №21 орта мектептің алғашқы табалдырығын аттаған түлектер кездесуге өздерінің алтын ұя мектебіне келіп, оқушы кездерінде өткерген ұмытылмас жылдарын еске алды.
Көңілімізге зор қуаныш сыйлаған бұл кездесудің ерекше тұсының бірі атажұрттан, сондай-ақ өзге қашық облыс, қала, аудандардағы сыныптастардың келуі еді. Білім қуып, қызмет бабымен әр қырға самғаған сол кезеңдегі өрімдей ұл-қыздар бүгінде үлгілі ата-ана, немерелеріне сүйікті ата-әже, кейбіреулері арқа сүйер аға, тағы біреулері сүйікті жар атанып отыр.
Осынша жылдан соң бас қосқан түлектер ауылға келіп, алдымен кішіпейілділік танытып, ауыл үлкендеріне сәлем беріп, одан кейін өмірден озған сыныптастарын еске алды. Түлектер өздері бір кездері таласа өскен сыныптарында қызықты жастық кезеңдерін айтып, “Дидар” телебағдарламасының тілшісі және режисерімен бірге бүгінгі күн туралы ойларын бөлісті. Соған қоса жаңарған заман талабына сай мектептің материалдық базасымен, білім-тәрбие саласындағы жетістіктерімен танысып, балалық шақтарын еске алды.
Аталған шараны мектеп директоры Амангүл Махмеджанова ашып, баршаны айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар осы мектепті бітіріп, қазірде түрлі салаларда профессор, ғылым докторы, әскери салада капитан, майор атанып жүрген азаматтарды мақтанышпен тілге алды және биылғы бітіруші жастарды да ерекше ескеріп, олардың алдағы өмірлеріне табыстар тіледі.
Сосын жүргізуші Гүлбахар апай М.Мақатаевтың Отан жайлы тамаша өлеңін шегіне жеткізе оқып, мектеп оқшыларына кезекті берді. Соны күтіп тұрғандай білім ошағының 9-10-11-сынып оқушылары бірінен соң бірі мың бұрала би билеп, көпке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әрі ұлтаралық татулықты бейнелейтін билерді де билеп, жиналған көпті тәнті етті.
Мектебім бір ғасырдың белесінде,
Ерлігі азаматтар елесінде.
Жүз жылда талай шәкірт түлеп ұшты,
Білім алып, ізгіліктің кемесінде, - деп ақын жырлағандай бүгінде жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудің қара шаңырағы болып отырған Ташкент облысының Құйышыршық ауданындағы №21 жалпы орта білім беретін мектептің өзіндік тарихы бар. 1936 жылы “Қызылнамуна” ауылының аумағы кеңейе түседі. Алғашқы мектеп сол жылы ашылып, ол 1947 жылға дейін 4-сыныптық бастауыш мектеп болады.
Соң 1948-1958 жылдары 7 жылдық мектеп болып, өз жұмысын жалғастырса, 1970 жылға дейін 8 жылдық, 1971-1990 жылдары 10 жылдық мектепке айналады. Міне сол уақыттан бүгінге дейін екі тілде, яғни, қазақ және өзбек тілінде білім беретін мектеп болып жас ұрпаққа білім беретін қара шаңырақ болып келуде. Мектеп іргетасын қалаған Жаппар Ахмедов ағай 1950-1978 жылдары директорлық қызметін атқарады.
Ал 1978 жылдан 2000 жылға дейін өзінің жан-жақты білімі, беделі басқарушылық қабілетімен Құлынбек Абдуллаев ағай мектеп директоры болып істейді. Осы жылдары білім ордасы аудандағы ең үздік мектептер қаратына еніп, анық пәндер бойынша тереңдетіп оқытылатын мектеп-гимназияға айналды. Білім ошағының алғашқы бітірушілерінің бірі болған, жас ұрпаққа білім нәрін беруден аянбаған ұстаз Фарида Есіркепова апай 1993-1995 жылдары алтын ұя мектепте директорлық қызметін атқарды. Ол қысқа дәуір ішінде өзінің елеулі еңбегімен бағаланып, аудандық халыққа білім беру бөліміне әдіскер лауазымына шақырылды. Міне содан зейнетке шыққанға дейін бар ғұмырын оқу-ағарту саласына арнады.
Соң Қалбибі Алиева, Жарылқасын Усманов ағай директор лауазымында істейді. 2004 жылдан бастап қазірге дейін директорлық қызметті ұлағатты ұстаз Амангүл Махмеджанова абыроймен атқарып келеді. Ол осы салаға өзінің бар күш-жігерін аямай жұмсап, әріптестеріне, жас ұрпаққа үлгі болып келеді. Ұстаздық тәжірибесі мол ұрпағының болашағын ойлап, елдің қамын жеген Амангүл апай мектепке тың идеялар, жаңа ұсыныстар ала келді.
“Істің қалай бітетіні, басталғанынан білінеді”, - деген халық даналығы осы апайға арналғандай. Себебі ХХІ ғасыр түлектері жан-жақты жаңа педагогикалық технологиялар бойынша білім алуын мақсат етіп заманауи мектеп іргетасын қалауына өз үлесін қосқан жанкүйер директор.
- Өткен ғасырдың соңғы ширегінде бой көтерген осы киелі қара шаңырақ осы күнге дейін ауыл балаларының білімді, тәрбиелі, жан-жақты кемелденген азамат болып есеюі үшін қызмет етуде. Бұл осындағы білікті педагогтардың міндетін мінсіз атқаруының арқасы, әрине.
Ынтымағы жарасқан ауыл азаматтары жылда кемелденген киелі ордада бас қосуды әлдеқашан әдетке айналдырған. Биылғы соңғы қоңырау жылдағыдан ерекше өтіп жатыр. Өйткені биылғы кездесуде мектептің сонау алғашқы түлектері көш бастады. Бұдан 50 жыл бұрын алғаш қанаттанған қарлығаштар мен 40, 30, 20 жылдық қарлығаштар бас қосты, - дейді аталмыш білім мекемесінің директоры Амангүл апай.

Пікірлер: 18
@user-we5uo8mt9u
@user-we5uo8mt9u 20 күн бұрын
Алтын ұям мектебім. Ұстаздарымызға мың алғыс ❤
@alikabylov8583
@alikabylov8583 20 күн бұрын
Алтын ұям мектебім.ұстаздарыма мың алғыс арқашан сіздермен мақтанамыз💐💐💐💐💐💐
@user-wj1vs8jw4g
@user-wj1vs8jw4g 20 күн бұрын
Керемет
@user-zd3yl2ch7d
@user-zd3yl2ch7d 20 күн бұрын
Керемет біздің ауыл
@user-lo4tj1lf7i
@user-lo4tj1lf7i 20 күн бұрын
🤩🤩🤗🤗менің туып өскен жерім, ұстаздарым, ауылдастарым сіздерді жақсы көремін .
@Dilfuza-wu9uq
@Dilfuza-wu9uq 3 күн бұрын
Таьлим берган кимматли устозларимга рахмат умирлари зиеда булсин
@azizkhaidarov5719
@azizkhaidarov5719 20 күн бұрын
Ауылым алтын бесігім. Қожа ауылым.
@user-pw8vi5oq8d
@user-pw8vi5oq8d 20 күн бұрын
Гүлбахар Асхметова алғашқы ұстазым.Мектебім алтын бесігім,қайда болсамда мәңгі жадымда сақталасың❤❤❤
@user-pz9yg7dy4m
@user-pz9yg7dy4m 19 күн бұрын
Ауылым алтың бесігім.
@RanoMaxkam
@RanoMaxkam 19 күн бұрын
❤❤❤
@user-uv4dl6eo9n
@user-uv4dl6eo9n 20 күн бұрын
Оте керемет бул быздинг корши аул❤🎉👍👍👍👍
@user-bf7ih5yq1w
@user-bf7ih5yq1w 20 күн бұрын
Керемет өтіпті, әуес қылатындай, еш қайсы мектепте көрмеген едім
@MadinaRayinbekov
@MadinaRayinbekov 17 күн бұрын
👍🏻
@Feya-oq8hg
@Feya-oq8hg 19 күн бұрын
Фарида апай алгашкы устазымыз жаны жаннатта болсын калган устаздар дены сау болсын омыры узак болсын❤
@user-lo4tj1lf7i
@user-lo4tj1lf7i 20 күн бұрын
Құрмет пен шаттыққа бөленіп биіктен көрініп жүре беріңіздер!
@abdusamadtulegenov6040
@abdusamadtulegenov6040 20 күн бұрын
Akang kachokqo karochi
@abdusamadtulegenov6040
@abdusamadtulegenov6040 20 күн бұрын
Narmalni shigibti
@user-pz9yg7dy4m
@user-pz9yg7dy4m 20 күн бұрын
Ауылдан адам көшкенмен,адамнаң ауыл көшпиді.Әр қашанда мақтан тұтатың ҰСТАЗДАРЫМЫЗ бар.
Always be more smart #shorts
00:32
Jin and Hattie
Рет қаралды 33 МЛН
She ruined my dominos! 😭 Cool train tool helps me #gadget
00:40
Go Gizmo!
Рет қаралды 58 МЛН
UFC Vegas 93 : Алмабаев VS Джонсон
02:01
Setanta Sports UFC
Рет қаралды 224 М.
Just try to use a cool gadget 😍
00:33
123 GO! SHORTS
Рет қаралды 85 МЛН
Таатталар - Олоҥхо ыһыаҕар. 19.06. Амма -2024. Айан, олохсуйуу.
25:23
Жанна Бурмистрова - Таатта
Рет қаралды 1,3 М.
Оңғар Ормановтың жарқын жады!
21:02
Рүстем Төленов
Рет қаралды 386
Науаи облысы, Тамды ауданында өткен өнер байқауы.
27:21
Тоты құс - Алдараспан театры 2024 | Нұржан Төлендиев
10:41
Алдараспан театры-Нуржан Толендиев
Рет қаралды 112 М.
Always be more smart #shorts
00:32
Jin and Hattie
Рет қаралды 33 МЛН