Түн ортасында жоғалып кеткен екі жасар бала мешіттен табылды

  Рет қаралды 5,052

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Жамбыл облысында үйден бала жоғалды. Дүкенге шыққан анасы қайтып келгенде екі жасар бүлдіршіннен көз жазып қалған. Өздігінен жүре алмайтын сал баланың қолды болғанын сезген ана бірден тәртіп сақшыларына хабар берген.
Жоғалған бала күллі Қаратау қаласын аяғынан тік тұрғызды. Жоқ іздеуге 50 ерікті, 80 полицей жұмылдырылды. Алайда жеркөкті түгел тінтіген топ ұрланған баланы таба алмады. Түн ортасында жоғалған бүлдіршін кейін мешіттен табылды. Азан шақыруға келген мешіт қызметкері іште шырқыраған сәби даусын естіп қалады. Бірден 103-ке хабар берген. Белгілі болғандай баланы апасының досы түн ортасында Алла үйіне апарып тастаған. Өйткені науқас бала анасын іздеп жылап көңілді кешке кедергі келтірген. Оған шамданған мейманның бірі көрпеге орап жақын маңдағы мешітке қалдырып кеткен. Осылайша 12 сағат бойы бүлдіршін ғибадатхана ішінде жалғыз қалған. Қазір адам ұрлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал күдікті бұл әрекетін түсіндіре алмай отыр. Ішімдік ішкеннен есімді білмей қалдым деп ақталған. Абырой болғанда бала дін аман.
ЖАЛҒАСБАЙ ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ, Талас ауданының бас имамы:
- Оны осы мешітіміздің азаншысы Абай Омаров деген ағамыз көріп қалады. Азан айтуға келген кезінде. Баланың үсті ашық тұрған. Тезірек курткасын алып жабады. Бірақ мешітіміз қуанышқа орай өте жылы болатын. Медицина мамандары келіп тексергенде денесінде ешқандай жарақаты жоқ, бала аман сау.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 6
@Medinok07
@Medinok07 Жыл бұрын
Жазасын беріңдер сол адамның Сабиден обал
@nuresmahan5547
@nuresmahan5547 Жыл бұрын
Жузи игиден конил тунилмесин деген. - жаксы Адамдар бар екен, мына галамда....
@user-bf2tn6zo9b
@user-bf2tn6zo9b Жыл бұрын
Имам сонда бамдадқа келмегенба,мечетте азан 5 уақыт шақыру керекқой.Егер имам бамдадқа келсе бала ең болмаса 12сағат емес 6сағат жатқан болар еді.Баланы тастап кеткен кісі иманды жын екен мечетке апарыпты әйтеуір, мусорға не ашық далаға тастаса не болар еді қудай сақтасын.
@user-yp9nv8lf7y
@user-yp9nv8lf7y Жыл бұрын
Имам бамдатка келу келмеу парыз емес озын намаз окымаитын корынып тур
@user-bf2tn6zo9b
@user-bf2tn6zo9b Жыл бұрын
@@user-yp9nv8lf7y намаз оқыймын аел кісімін, мечетде 5 уақыт азан айтылу керекқой. Бамдатқа азан айтпайтін мечетті енді есітіп тұрмын. Үйіме жақын жердегі мечетте 1 рет болсада қалдырмай азан шақырады.
Glow Stick Secret 😱 #shorts
00:37
Mr DegrEE
Рет қаралды 5 МЛН
船长被天使剪成光头了?#天使 #小丑 #超人不会飞
00:28
超人不会飞
Рет қаралды 26 МЛН
小路飞第二集:小路飞很听话#海贼王  #路飞
00:48
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 4,7 МЛН
The World's Fastest Cleaners
00:35
MrBeast
Рет қаралды 105 МЛН
Астарлы ақиқат: Шалқадиша-2
43:34
KTK TV
Рет қаралды 1,4 МЛН
Ауа райы. Ел бойынша ескерту жарияланды
8:45
Телеканал 24kz
Рет қаралды 57 М.
Мұсаның анасы Розаны қалай қабылдады?😍 Бір Болайық! 06.05.24
25:53
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 126 М.
Жоғалған қыз жүгері алқабына кіріп, ғайып болды - Қостанай
1:43
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 322 М.
Glow Stick Secret 😱 #shorts
00:37
Mr DegrEE
Рет қаралды 5 МЛН