Мәтіні: Ееей, басыма қонып қырғи бақ Алдыңа келдім құлдилап. Әжемнен қалған сандықтай, Көкірегіме жыр жинап. Адалдан ауып арамға, Қона бергесін ылғи бақ, Омыртқаларым омырылып, Қабыртқаларым тұр қирап. Зымыран мінген заман-ай Балмұздақ көрген баладай Қасымнан зулап өтеді, Алды артына бір қарамай Шарықтап бір күн данадай, Шатасып бір күн қалам-ай Аяңдап келем ақырын Жаздағы тартқан шанадай. Қателік кетсе алдыңда бас иіп кешірім сұрайын Кешірмейтіндей біз кімбіз, Кешірген кезде Құдайым! Көзімді байлап көк аспан Нұрына күннің талассам Тағдырдың жолы тайғанақ Тұманды күні адассам Сүреңім қашып сүрінсем Ұмтылып қайта жүгірсем Бұл алма-кезек дүние - Кеше мен болсам, бүгін сен! Жылтырағанға құмартсам Ұсақталуды ұнатсам. Анамның шашын ағартып, Жазықсыз жарды жылатсам. Сыйлаған өмір әкемнің Еңсесін таудай құлатсам, Жанымнан артық бауырдың Жас жүрегіне жүк артсам. Қателік кетсе алдыңда бас иіп кешірім сұрайын Кешірмейтіндей біз кімбіз, Кешірген кезде Құдайым! Адамнан бұрын сондықтан, Алладан кешірім сұрайын! Қарамай қарындасыма, Қанағат қылмай асыма Баталы сөзден аттасам, Келе ме біреу қасыма ? Бақытты теуіп кей күні Уақытты қылдым рәсуә Нелер бір келіп, не кетпес Ер-азаматтың басына ? Батаң да батаң батпасын, Батаң бір жерде жатпасын! Халықтан алған ақ батам Бәле-жаладан сақтасын! Қасірет-қайғы дегеннің Қақпасын ешкім қақпасын! Адасқан жанда айып жоқ - Үйірін қайтып, ееей, тапқасын! Қателік кетсе алдыңда бас иіп кешірім сұрайын Кешірмейтіндей біз кімбіз, Кешірген кезде Құдайым! Адамнан бұрын сондықтан, Алладан кешірім сұрайын!
@ГазизаКабылова-э5р8 ай бұрын
Ой айналайын жарығым,бақытты бол! Тентектен түзелген жақсы болады деген бар,халық бекер айтпайды.Алладан,халқыңнан кешірім сұрадың,сен сияқты шалыс басқанын түсініп,кешірім сұрау кез келген адамның қолынан да келмейді,ойына да келмейді.Тек енді абай болшы,ақындығың,әншілігің бір бойыңа сыйған баласың,Алланың осы берген таланттарыңды қадірлеші көкем! Сабыр дұғасын жиі оқышы,сен сияқты балдарымыз бар,жүрегі ақ,бірақ тым ыстық,мінез бар.Солар үшін дұға қылып отырамын,әркімде бар осындай қызу қанды бала.Сондықтан кешірімді болайық ағайын! Өз баламыздай бала ғой,дұғамызға қосып тілеуін тілейік! Сосын ұлы дала баласы дегенді айтпас едім,пәленің бәрі содан басталып кетті ме деп те ойлаймын.Төреш қазақтың,елдің баласы! Осы атақтың өзі керемет емес пе! Өз қазағының жырын жырлап,әнін тамылжыта айтып жүрген, ақындығы бір бөлек сүйікті де сүйкімді баламыз ақ Төреш!
@ДарынБекхожа6 ай бұрын
Кіші жүздің ұрпағы болғасын баримиз қызу қанды Торегали кіші жүздің ұрпағы
@КунсулуСандыбаева-ы9п8 ай бұрын
Айналайын еркетотайым оте суйкымды улы дала баласы деп аркашан боска ат койган жок сен лайыктысын халкын сены оте жаксы кореды ендыгыжерде кателеспегейсын кулыным акылдысынгой❤
@СаулешРабаева8 ай бұрын
Айналайын Төреғали өнерің өрге басын дауысың ерекше жоғары белесиерден көріне бер
@АлимжанИсабаев-н3к8 ай бұрын
Өнері мықты имейтін басты идірді тамаша еркекте осындай мінез болу керек сүрінсе қайта тұратын.
@АнипаУразова-в8м8 ай бұрын
Бакытты бол, тентек балам, тек қана биіктен көріне бер,Алла жар болсынь❤❤❤
Жаса,жарығым!Бағыңды Алла көтерсін.Бәрін дұрыс айттың,кешірім--ибалық,имандылық.Еркелігің ғой,жас өсе келе бәрі қалпына келеді,көңілің қалып,көрінбей кетпесең болды.Шап,қалқам!Жолың ашылып,бағың көтерілсін.
@BadSmell18 ай бұрын
Бакытты болсын 🎉 кеширимди болайык, керемет айтылган Тореш иним ты супер только вперёд
@Хаусмассупер8 ай бұрын
Аллаға шүкір кешірім сұраған Төрешке Алла тура жолға салсын деп тіледім ❤❤
@ЖумакульЫдырысова8 ай бұрын
Периште кокте гана ,Торегали ,осы термелеринди шыркай бер ,айналайын,термеден аскан онер жок.Сен терме атканда ерекше боласын,аркан бар.жырлай бер,суринип кайта аякка тура билу кез келген адамнын колынан келе бермейди.акыл айту онай.али жассын ,халыкка сендей жыршы керек.Азамат адал жолдан тайдырмасын,сабырлы бол,айналайын .
@Гвоздика-ь8ю8 ай бұрын
Жаным бауырым Торегали, аман бол эркашан, бир Алла пана болсын.Расейден тилектеспин, багын жана берсин.❤❤❤❤❤❤❤❤
@УрзияТуйешиева8 ай бұрын
Төреғали өте керемет терме.Жастық шақта қателік болады соны түсініп тұрсың өте ақылды жігітсің.Өнерді Аллаа береді сынақтыда береді берік бол дос деп сене берме.Ата анаңды уаймдатпай тыныш жүр
@ПарасатУмирбаев-ф3ц8 ай бұрын
Ай ақ Төреш жарадың тек алға шатаспайтын ешкім жоқ басабер .
@МырзабекСейт-ш8б8 ай бұрын
Сүрінбейтін тұяқ Жаңылмайтын жақ болмайды 👌👌👍👍💪💪
@A-st2gq7 ай бұрын
Құтырған, халықпен санаспайды және өркөкірек . Қысқасы құны көк тиын болып қалды.
@КайнышСураганова8 ай бұрын
төреш жарайсың саған жететін әнші жоқ жасай бер төрешжан!!!
@КанатКуанышев-я7н8 ай бұрын
Ерке бала.онерли бала.омирде суринбеген адам жок .туру манызды.ер азаматка отбасы колдаса болды
Төреғали сен, өнерлі сері жігітсің, асып тасыма, кейбір арқалы азаматтың мінездерін халық кешіреді, аман сау, абыроймен жүр. Қызғаныштың құрбаны боп кетпе, талай тарихта дарынды ағаларың қызғаныштың кесірінен босқа күйіп кетіп, құрбан болған. Алла жар болсын қарағым.
@galya99598 ай бұрын
Төрештің термесі керемет.!!! Тек алға!!!!
@Alparslan23118 ай бұрын
Керемет Төреш жарайсың !!! Күшті екен !!!
@ГульданКеруенова8 ай бұрын
Бақытты бол!
@Шамшия-й7м8 ай бұрын
Жарайсын Тореш керемет терме, арине ким сурынбейды бул омирде Алла ар кашанда кешыредыгой, бакытты болыныз
*Төрештің термесі* Әнін жазған Құрал Молжанов Сөзін жазған Қайнар Алагөзов
@МаржанБегимова-х7ц7 ай бұрын
Мыкты анши 👏👏👏
@БалзираАлжанова6 ай бұрын
Аман бол айналайын Төрешжан бақытты бол өмірің ұзақ болсын Алланың нұры жаусын сізге 🤲🤲🤲♥️📿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@saltanatsalta74867 ай бұрын
Бахытты бол, тентегім! Өзім өте жақсы көрем, кім не айтсада!!! ❤❤❤❤❤❤
@balgulbaimankulova30818 ай бұрын
Жасай бер Төреш балам.
@БатимаКуспангалиева6 ай бұрын
Аман жүр,бақытты бол, жаным,алланың берері мол болсын!
@ЖоломанШарданбаев7 ай бұрын
Өте керемет,сондай тамаша,және ғажап.Бақытты бол!Алла Тағала жар болсың. Дегеніне жет.
@gulnarxojametova9148 ай бұрын
Тореш балам рахмет Каракалстаннан салеи
@Kanatova278 ай бұрын
Шап, шаршама, Ақ Төреш🏇❤️
@РаузаБержанова8 ай бұрын
Алла жар болсын бәле жаладан аулақ болғайсын балам
@ЖанагулЕсенова-ф7т7 ай бұрын
Әркашан Термелеринмен. Әндерин шарыктай берсин. Аман жур Еліңнің сүиікті. Ұлы Тентек болма От Басың. Аман болсын Айалайын. Аман бол. Әр қашан
@Коби-я6д8 ай бұрын
Торешке ешкім жетбидіғо баса бер ТОРЕШ❤❤
@БакытКасенова-р3к8 ай бұрын
Тореш аман бол сені жақсы көреміз
@eldaulett99818 ай бұрын
“Мен әнші бола алармын оларға ұқсап Олар ақын бола алмайды ей мен сияқты,мен сияқты” (с)Төреш “Жұлдызды жекпе жек”
@Brawl-k3z8 ай бұрын
Алла ұзақ ғұмыр берсін
@ГульбаршинЖаркумбаева-ь5г7 ай бұрын
Төреғали Төрәлі жарайсың бала бақытты бол бәрі алдыңда биікке шығасың Алла жасса Алла тіл көзден сақтасын ойлаған ойыңа мақсатыңа жетуге Алла нәсіп етсін
@БибишСахиева8 ай бұрын
Керемет Төреш айналайын.Бақытты бол !
@RozannaDepak7 ай бұрын
Төреш нағыз қазақы рухын жоғалтпасын деп тілейік құдайдан🙏🇰🇿🥰
@ЖумашСактаганбаева-д1э7 ай бұрын
Сал серілер халықтың еркесіғой, жағың түспей жамандық көрме айналайын! Сыр сүлейлерінің жұрнағы!