Түркістан облысы насыбай өндіретін цехтар жабылып, ауыл халқы түгел жұмыссыз қалды

  Рет қаралды 23,763

Информбюро 31

Информбюро 31

Ай бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Түркістан облысы Келес ауданында насыбай өндіретін цехтар түгел жабылды. Соның кесірінен ондаған шаруа шығынға батып, ауыл халқы жұмыссыз қалған. Себебі, аудан жұртының 80 пайызы нәпақасын осы насыбай арқылы табады. Миллиондаған теңгенің шикізаты мен құрылғысы шаң басып тұр деп шырылдаған кәсіпкерлер жергілікті биліктен көмек сұрап отыр. Айта кетейік, насыбайды сатуға және өндіруге 2015 жылдан бері тыйым салынған. Бірақ президенттің мәлімдемесінен кейін ғана жаппай тексерістер басталды.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бүгінгі шығарылымда:
Насыбай шығарумен айналысатындардың бірі - Дәурен Балтабаев. Бірақ бұл өнім қазір кәсіпкердің қоймасында тау болып үйіліп тұр. Шетелден қыруар қаражатқа алдыртқан пакет пен пластик құтылар да қоқысқа айналған.
ДӘУРЕН БАЛТАБАЕВ, кәсіпкер:
Осыны Өзбекстаннан әкелгенбіз. Кемінде 1 миллион теңге кеткен осыған. Бұны не істейміз енді, насыбайға запрет беріп жатыр. Бұны Өзбекстанға қайтып апаратын болсақ бұл 200 мың теңгеге қайтып алады. Бұны не істейміз, бұл әшейін мусор болып жатыр ғой. Почти 80-90 проценті сонымен күн көреді бәрі. Зауыт жоқ. Тек қана осы насыбай.
Келес ауданында халықтың дені насыбай өндірумен айналысады екен. Бірақ президенттің ұлттық құрылтайдағы мәлімдемесінен кейін полиция жаппай тексеріс жүргізіп, аудандағы цехтардың жұмысы тоқтатқан. Қазір жұрттың қып-қызыл ақшаға алған құрылғылары мен шикізаты қоймада шаң басып тұр. Басқа кәдеге аспайтын бұл шөпті енді диқандар көршілес елдерге шығарып сатсақ деп армандайды.
ДӘУЛЕТБЕК АХМЕТОВ, Келес ауданының тұрғыны:
- Қазір 1 теңгеге де алмайды, ешкім алмайды. Неғылады бұның бәрін, тоқтады. Насыбай істесең штраф, тоқтап жатады складта міне. Енді бұл темекімізді лажы болса мына тиіп тұрған Өзбекстан істеп жатыр насыбай, солар хотя бы өткізіп беретін мүмкіндік болса сатып әйтеуір сосын басқа кәсіппен айналысамыз болды да.
Жалпы, насыбайды темекі ұнтағынан жасайды. Аудан азаматтары темекіні ерте көктемде жылыжай ішіне егіп, кейін алқапқа апарып отырғызады екен. Қазір көктеп тұрған алқапты жыртуға обалсынып отыр.
Ал жұмыссыз қалдық деген тұрғындар аудан әкімдігіне келген. Атқамінерлер шығынға баттық деген кәсіпкерлердің шикізаты пен насыбай шығаратын құрылғыларын көрші елдерге сатуға көмектесуге уәде берді.
СҮЛЕЙМЕН ЖЫЛҚЫБАЕВ, Келес ауданы әкімінің орынбасары:
- Бұл мәселе бойынша Өзбекстан Республикасымен тауар айналымы бойынша жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер бар. Енді бұл кәсіпкерлермен шақырып нақты сұхбат жүргізейін. Осылар бойынша, қалған темекілері бойынша, апараттары бойынша сол жаққа өткізу мүмкіндігі болса біз сол жағынан көмек берейік.
Шенеуніктер биыл Келес ауданы «Ауыл аманаты» бағдарламасына ілінгенін айтады. Соған сәйкес әр шаруаға 50 бағыт бойынша өз кәсібін жүргізуге 9 миллион теңгеге дейін ақша беріледі. Әкімдіктегілер насыбай өндірумен айналысып келген жұртты жаңа кәсіпке баулуды бастаймыз деп отыр.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 285
@user-jq2xo2nk4f
@user-jq2xo2nk4f Ай бұрын
Насыбайды құрту дұрыс !
@user-kv5kh3zz2q
@user-kv5kh3zz2q Ай бұрын
озин атпасан болды емеспа нен бар?
@user-ky3jh6wr4r
@user-ky3jh6wr4r Ай бұрын
Горилланы құртса дұрыс болады
@plan_Be
@plan_Be Ай бұрын
Дұрыс. Келісем.
@user-gm5bo2fi7f
@user-gm5bo2fi7f Ай бұрын
Наспай емес гориланы құртсын
@user-bg7pm5iy5q
@user-bg7pm5iy5q Ай бұрын
1млн тегңге деме 1млн жас өспірім насыбайға тәуелді болмайды енді
@jusip3445
@jusip3445 Ай бұрын
Ал жақсы насыбайды тастап темекі мен араққа өтеді , не пайда
@kazakhalash7160
@kazakhalash7160 Ай бұрын
@@jusip3445оларға да кезек келер тиым салатын. Басқа елге пайдалы кәсіппен айналыссын кәсіпкерлер елді уламай
@user-kf7in8mg1e
@user-kf7in8mg1e Ай бұрын
​@@kazakhalash7160лицензия бар тауар арақ пен темекі тыйылмайды, арақ пен темекіден үкіметкеде пайда бар. Ал насыбайдан үкіметке пайда жоқ. Бары осы ғана... Темекі өтпей қалды кезінде қымбат, ал расымен жастар насыбайға көшті енді олар қайта темекі шегеді оған ақша табу үшін ұрлыққа барады осы ма керегі бізге. Баланың жастардың бұндай зиянды заттарға жоламуын әуел бастағы тәрбиені түзеу керек еді.
@user-px9ks9wu6t
@user-px9ks9wu6t Ай бұрын
Жас оспирим клей искиди енди каиф сыр калмаиды
@jusip3445
@jusip3445 Ай бұрын
@@user-px9ks9wu6t келісемін, бұрын жас балалар клей іскеп қуып жүретін еді , қалып еді оның бәрі
@user-ym1lw5pf6s
@user-ym1lw5pf6s Ай бұрын
Темекі де осылай запрет қойылса
@FerryGibo
@FerryGibo Ай бұрын
Халык тек темекини алсын деп жапкан насыбайды...
@user-po9tr8zs2s
@user-po9tr8zs2s Ай бұрын
Темекі арак калянга запрет бере алмайды өйткені орыстар сигеди тоқтатса
@user-tb4td1by8g
@user-tb4td1by8g Ай бұрын
Бұл мәселе емес ,жабылғаны дұрыс ,кірістері давно өтелген.Насыбай күнә .Ел басына рахмет .Алла разы болсын.
@user-nn8nu6hd8s
@user-nn8nu6hd8s Ай бұрын
Арақты құрту керек ең бірінші анық елдің денсаулығын ойласа . Бүкіл қылмыс арақ ішкеннен басталады . Миллиярдтарды халықтан қалай жеуді де осы арақты ішіп отырып ақылдасады. Арақты ішіп қаншама жанұя ажырасады . Қаншама адам ажал құшады , мүгедек болып жатыр, ұрлық жасалады , арақ ішіп теріс жолға түскендер өте көп тізбектеп айта берсең.
@yerdos89
@yerdos89 Ай бұрын
Харам сатып пайда көргенше аш жатқан жақсығой
@user-kf7in8mg1e
@user-kf7in8mg1e Ай бұрын
Осыны арақ темекі сатындарғада айта алсақ, коррупцияға белшесінен батқан өзге адамдарға айта алсақ пара алатын процент беретін...
@Ruslan.Akhmetov
@Ruslan.Akhmetov Ай бұрын
Харам емес махрух!
@user-cv4jv1iv7v
@user-cv4jv1iv7v Ай бұрын
Дурыс болды сехты жапканы енди темекини де жапса екен
@user-vj7bl6bx9v
@user-vj7bl6bx9v Ай бұрын
Қияр егумен айналыс
@Ruslan.Akhmetov
@Ruslan.Akhmetov Ай бұрын
Темекі және арақтыда осылай тоқтатсын!
@user-yp8nb2cc3n
@user-yp8nb2cc3n Ай бұрын
Насыбай сатып елді улағанша басқасын өсір.Антисанитарияда дайындап ,оны көрсетіп тұрсыңдар.Дұрыс запрет болғаны
@samirsattarov8689
@samirsattarov8689 Ай бұрын
Арақты запрет қой ,қаншама адам арақты кесіріңең ,төбелес, адам өлімі және басқада қылмыстық істер болып жатыр
@user-jq2xo2nk4f
@user-jq2xo2nk4f Ай бұрын
Жап жас жігіттер ауызын сасытып , түкіріп қақырып жүргені нағыз қараңғылық қой. Адам әдемі болуды , сымбатты болуды, денсаулықты ойлауды мақсат қылуы керек
@user-kf7in8mg1e
@user-kf7in8mg1e Ай бұрын
Осыны тек насыбайдан көреміз ба, арақ темекіше. Әп әдемі алқаш дейміз бе??
@oooo5088
@oooo5088 Ай бұрын
Насыбай цехтарын жапканы оте дурыс
@user-pb5fc8vk1m
@user-pb5fc8vk1m Ай бұрын
Остоновкада тұрсам жап жас примерно 15 жастағы бала насыбайды аузына салып жатыр , әп әдемі бала 😢 жиіркенішті көрінеді
@DaurenBatalov
@DaurenBatalov Ай бұрын
Дұрыс өте жақсы басқа бизнес пен айналыссын тауықтын богын сатып не болды сонша
@user-ed6xs4tg4d
@user-ed6xs4tg4d Ай бұрын
Басшымыз дурыс аитты насыбаиды темеки ни арак ты куртсын
@user-ef7kq6le3o
@user-ef7kq6le3o Ай бұрын
Дұрыс насыбайды жоқ қылуы керек. Адамға зиян. Иісі де жаман.
@user-et4sk1pg3j
@user-et4sk1pg3j Ай бұрын
Нестейсын жерды тистейсын адал шаруа жаса есуас😢
@user-wi3ty3ur2s
@user-wi3ty3ur2s Ай бұрын
Дурыс болган екен 👏👏👏👍👍👍👍
@medikalaiym
@medikalaiym Ай бұрын
Магазиндер сатып жатыр. Кеше ғана көзіммен көрдім. Көз таныстарға сатады, бөтендерге сатпайды 😂. Кім ақымақ үкімет ақымақ. Айналып келіп насвайға тиым салып. Насвай өмір бақи атыр келе жатқандар енді нашаға өтетін шығар. Енді наркамандар көбейеді да.
@jusip3445
@jusip3445 Ай бұрын
Мен бұл нәрсемен келіспеймін, запрет қойдыңба Арақ пен темекі наркотикке де қой
@Kazak00001
@Kazak00001 Ай бұрын
Елдін денсаулығын құртып, Уялмай қалай бүгіл Қазақстанға жариялап тұр.
@nursultanname2189
@nursultanname2189 Ай бұрын
Алкоголь мен темекыге неге запрет коймады??
@user-ws4gu1wy7d
@user-ws4gu1wy7d Ай бұрын
Себебі:Президент өзі соларды қолданады, ішіп, шегіп.
@otkroiglaza24
@otkroiglaza24 Ай бұрын
Алкоголь мен темекиден акциз маркадан,укиметке коп каржы тусед, бюджетке, насыбайдан туспейди,ол темекиге конкурент боп тур
@user-wc2uw9ty1y
@user-wc2uw9ty1y Ай бұрын
Әкімі дұрыс кісі екен 👍🏻
@YYsh654
@YYsh654 Ай бұрын
Дурыс
@user-rx7lo6xb2h
@user-rx7lo6xb2h Ай бұрын
Темекиси өтпегесоң наспайға тыйым салып туғо
@ShoqanNurmanov
@ShoqanNurmanov Ай бұрын
Басқа шарулармен айналысыңдар, насыбай шаруа емес. Дұрыс құрту керек
@usergame1935
@usergame1935 Ай бұрын
Дурыс болды қуртсын
@danabekjubatov4860
@danabekjubatov4860 Ай бұрын
Насыбай сатып байып жатсыңба Пайдалы іс сияқты айтып тұрғой
@user-ic3cm4eq1c
@user-ic3cm4eq1c Ай бұрын
Арак пен Темекi Ресси ден келет неге осыларды куртпаит алде коркама нагыз харам Арак темекi анаша
@AspanAspan-sh3rs
@AspanAspan-sh3rs Ай бұрын
Жабылсын курту керек тазалык керек
@user-lq2hu4qn3w
@user-lq2hu4qn3w Ай бұрын
Дурыс жабыу керек
@user-uj7rw9zl3t
@user-uj7rw9zl3t Ай бұрын
Президент дурыс шешим кабылдады, ден саулыкка насыбай зиян
@brat1980
@brat1980 Ай бұрын
Арақ пен темекіге неге шектеу жасамайды халықтың денсаулығын ойласа?
@estaieseke504
@estaieseke504 Ай бұрын
Насыбай деген дұрыс еді арзан болатын
@user-bc1dr9dq8n
@user-bc1dr9dq8n Ай бұрын
Енді насыбай қымбаттайды темекінің бағасы жолда қалады
@SerfLob
@SerfLob Ай бұрын
Дендерин дурыспеи жумыссыз калганнес егин ексендерщ жумыс копкой
@SSD982
@SSD982 Ай бұрын
Нужно уголовное дело от крыть на всех кто продает или производит эту наркоту...
@user-gv2yf2cj5r
@user-gv2yf2cj5r Ай бұрын
Насыбай мен бірге құрып кет
@user-iv1qj8eo7f
@user-iv1qj8eo7f Ай бұрын
😅😂
@SerikIsanov
@SerikIsanov Ай бұрын
Насыбай темеки арак ойынхана казино букмер барин куртса дурус шешим болатын еди жалгыз насыбайды емес
@user-ys5xx2jg2q
@user-ys5xx2jg2q Ай бұрын
Катты жумыс жасаган екен😂 оданда халыктын жагдайын жасасандар кайтеди.
@user-zj1vd1ts3q
@user-zj1vd1ts3q Ай бұрын
Андагы кышкентай бутылкамен ешкынын сутын сат емдык пайдасы бар. 😅😂
@user-qu3rd4ko6x
@user-qu3rd4ko6x Ай бұрын
😅
@samirsattarov8689
@samirsattarov8689 Ай бұрын
Ешкіні сутын ышып отравлени болып жатыр қаншама адам ,топас
@user-iv1qj8eo7f
@user-iv1qj8eo7f Ай бұрын
😂
@user-nk5zz7we6t
@user-nk5zz7we6t Ай бұрын
Жақсы болды
@ShonbasovTolebai-ku7wm
@ShonbasovTolebai-ku7wm Ай бұрын
Жемқорлар цехы қашан жабылады,халыққа зиан келтіретін, бұл егемендікке қауіпті болып тұр.
@user-qj5vz3hb1g
@user-qj5vz3hb1g Ай бұрын
Дұрыс насыбай КЕРЕК ЕМЕС. ✊✊✊
@zhandos-gr9dx
@zhandos-gr9dx Ай бұрын
дурыс болды миллон деген акшама кошеде насвай аткандар онды солды тукиреди
@user-bl6yr9sv7c
@user-bl6yr9sv7c Ай бұрын
Неге темекини куртпайды.аракты
@user-tv2rh8sb3w
@user-tv2rh8sb3w Ай бұрын
Мыналар өздерін қылмыскер емес, жәбірленуші санап тұр ғой 😂
@nurlanutepkaliev8647
@nurlanutepkaliev8647 Ай бұрын
Надангой😂😂😂.
@asylzhanabdihalyk4708
@asylzhanabdihalyk4708 Ай бұрын
Қандай қылмыскер?Маған айтшы насыбай атып алып адам өлтіріпті болмаса бұзықтық жасапты дегенді.Горилладан.темекіден қанша адам өліп жатыр.арақ пиво винодан қанша зиян келіп жатыр білесің ба?
@user-mk6en7rw2d
@user-mk6en7rw2d Ай бұрын
Насыбай құрысын өте дұрыс одан да сок ,варенье шығарсын
@aibekmuhat6247
@aibekmuhat6247 Ай бұрын
Көмек бермеу керек
@user-cn5xd8uk3s
@user-cn5xd8uk3s Ай бұрын
Басқа нәрсемен айналыссын. Насыбайың құрсын. Елді тәуелді қылмай. Қыздарға дейін шегеді дейді ғой.
@KZ_777
@KZ_777 Ай бұрын
Спиртное,темекi жане энергетиктерди курту керек
@user-ym1lw5pf6s
@user-ym1lw5pf6s Ай бұрын
Парошок сут шыгарсандар болмайма
@user-lq2hu4qn3w
@user-lq2hu4qn3w Ай бұрын
Куртыу керек 😢
@user-qc3bk1kt1f
@user-qc3bk1kt1f Ай бұрын
Адамды арамдаған мұндай кәсіпті жабу керек.
@user-tn7fk5tt8w
@user-tn7fk5tt8w Ай бұрын
Жоқ қылу керек
@user-yb1qu4fe9d
@user-yb1qu4fe9d Ай бұрын
Насыбайды қуртыу дурыс шешім бірінші жоғардағы жемқор келеміштерден тазалау керек Тоқай
@user-qp4ci7cp3p
@user-qp4ci7cp3p Ай бұрын
Насыбай жастардын денсаулыгын куртады.
@user-kc6nu7cb6y
@user-kc6nu7cb6y Ай бұрын
Кішкентай нәрсеге ұқсайды бірақ миды улайды🤔🇰🇿⚖️
@user-kc6nu7cb6y
@user-kc6nu7cb6y Ай бұрын
Анау парникті помидор, қияр, дарбыз, құлпынай егуге арнасын
@user-kc6nu7cb6y
@user-kc6nu7cb6y Ай бұрын
Алла кәсіпкердің ісін алалдыққа оңғарсын
@user-zt4yt1ny7v
@user-zt4yt1ny7v Ай бұрын
Сауап болд
@shalkar93kaz75
@shalkar93kaz75 Ай бұрын
Ауыл халқы пайдалы кәсіпке бет бұрса дұрыс болар еді, насыбай жасай алған кәсіпкер кірпіш шығара алатын шығар
@user-jj6gj1ph2d
@user-jj6gj1ph2d Ай бұрын
Дурус болыпты.өртеп жиберу керек
@user-ep9yy5bh6d
@user-ep9yy5bh6d Ай бұрын
Сондада тығып сатып жатыр ғой мықтап тексеру керек насыбайды құрту керек.
@nurlanorazbai8036
@nurlanorazbai8036 Ай бұрын
Насыбайдан басқа кәсіп құрып қалдыма адамға пайдасы бар заттарды шығарсаңдаршы
@user-rl1oj6ds9q
@user-rl1oj6ds9q Ай бұрын
Наша сатканга омирлик камак берсе оте дурыс болар еди
@bakdauletmeirbekov1704
@bakdauletmeirbekov1704 Ай бұрын
Айт-айтпа,мына билікпен тек құрдымға кетеміз.
@syrymkakelov4655
@syrymkakelov4655 Ай бұрын
Дурыс жапсын пайдасы бар настемен айналыспайсындарма
@user-po6kp2dt3p
@user-po6kp2dt3p Ай бұрын
Олмеисин Алла ризыгынды тараған берсин
@user-hf8sm3pm3t
@user-hf8sm3pm3t Ай бұрын
Жабыш керек жумуш куруп калдыбы жумуш таап берсин президент
@user-wq9rc8ev9v
@user-wq9rc8ev9v Ай бұрын
Жұмыс тауып беріңдер жұмыссыз қалған осы кәсіппен нәпахасын тауып отырған адамдарға
@aidynoljaev1305
@aidynoljaev1305 Ай бұрын
Дұрыс , Насыбайға запред қою , как раз Ораза айымен тұспа - тұс келіп , көп жалдардан бері , насыбайды қоя алмай жүрген жанның , Тоқаев шығарған заңға , Риза болып , Рахмет айтқаның. өз құлағыммен. естідім !!! -- Неге , не үшін рахмет айтасыз деп сұрағанымда ..... , -- мен секілді , тым нәпсісіңің құлына айналып , денсаулығың ойламайтындарға , ЗАҢмен де ТИЫМ САЛҒАНЫҢА рахмет айтамын деп еді !!! Ниеттеніп еді , насыбайды 4 - ақ күнде ҰмЫтып , спортпен шұғылданып кетті !.
@user-wi3ty3ur2s
@user-wi3ty3ur2s Ай бұрын
Дурыс болды
@daraboz64
@daraboz64 Ай бұрын
Басқа проблема жоқпа
@user-zb1pi6jk8t
@user-zb1pi6jk8t Ай бұрын
Арақ пен темекіні құртуға шамасы жетпейді,темекі өндіретін компаниялардың істеп отқан заңы.
@user-zn4up8eb3o
@user-zn4up8eb3o Ай бұрын
Жабылсын
@user-on2tv3dq8r
@user-on2tv3dq8r Ай бұрын
Насыбайға байланбай,шұңқырда жатқан екі адамды шығарыңдар😮
@user-uk7be3yb3g
@user-uk7be3yb3g Ай бұрын
Қандай каиф ол насыбайдан. Дүрыс қурту керек.
@turgansaitgali5574
@turgansaitgali5574 Ай бұрын
Дурыс жаПсын... Насыбай дан баска ...да . Бизнес бар
@user-ce3pn1vc2w
@user-ce3pn1vc2w Ай бұрын
Насыбай, сатып, жастарды улап, күн көргенше, басқа көкөніспен айналыспай ма? Нағыз адал еңбек болар еді.Негізінде, тыйым салғаны өте дұрыс болды.
@user-xu8ve2hd8l
@user-xu8ve2hd8l Ай бұрын
Басқада кәсіп барғо айналысам деген адамға насыбай адам денсаулығына зиянғо
@user-ug4jd6nt3n
@user-ug4jd6nt3n Ай бұрын
Насыбайдан басқа күресетін нәрсе қалмады,коррупцияны женген халықпыз ғой.
@mr.sergio4385
@mr.sergio4385 Ай бұрын
Жағып жібер пластикті, сол да проблема болыпты ма
@progress-gq2my
@progress-gq2my Ай бұрын
*АРАҚ ТЕМЕКІ СОНДА ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН ЕМЕСПА ҚАЙ ЕШЕК ҚАНДАЙ ТУППОЙ ОСЫНЫ ОЙЛАП ТАПҚАН*
@user-xg4mn7bu7b
@user-xg4mn7bu7b Ай бұрын
Насыбай, насыбайың болмаса ауырады басым-ай. Хватит елді осы уақытқа дейін улап келгендерің.
@user-ly2te5ts1d
@user-ly2te5ts1d Ай бұрын
Насыбайды закладкы қылып сату шыққан жоқ па әлі?Кәйіп қосып тұр😨😂
@myktyarna
@myktyarna Ай бұрын
👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
@user-uq5ph7ur3e
@user-uq5ph7ur3e Ай бұрын
Тап өиістіп нашаға тиым салсағои шіркін
@user-bm9sq8mh3m
@user-bm9sq8mh3m Ай бұрын
Калай аузына бокты салады? Недеген адамдар. Таза журуге болмайма.
@user-xj7zh1yf5t
@user-xj7zh1yf5t Ай бұрын
Қоишеи адамды улағанша жабылсын
@dostoinikazah4007
@dostoinikazah4007 Ай бұрын
Осы насывайды коя алмай жур едым, жаксы болды, осынын кесырынен гастрит болдым, печеньгеде мига да зиян есте сактау кабылетын тусып кетеды,
@user-ml1nm6vp4n
@user-ml1nm6vp4n Ай бұрын
Горила дизи деген сусындарды неге құрытпайды жастар осылардан өліп жатқан жоқпа
@bishkekbishkek24
@bishkekbishkek24 Ай бұрын
Жумыс коп истеген адамга
@user-zm2oz1go1l
@user-zm2oz1go1l Ай бұрын
дурыс курту керек түкке пайдасы жок зиянынан баска
@Gfdjkk
@Gfdjkk Ай бұрын
Жемқорлыт да запрет қлып басқа бизниске айналдырса нағыз қалық қолдайтын президент болар еді?
@user-xk3vf8gl4p
@user-xk3vf8gl4p Ай бұрын
Зиян екенін білесіңдер Өзбекстанға сатыңдар
@user-vz9ty9yf9s
@user-vz9ty9yf9s Ай бұрын
Нас, темеки, арак, спитнои жоқ қылу керек
@user-rw2en8nh5e
@user-rw2en8nh5e Ай бұрын
Енди озбек агайындардан аламыз,кымбат болсада.Насыбайым болмаса ауырады басымай деп атам казак бурыннан айтып келген емеспе
@user-hf3xk3ee8j
@user-hf3xk3ee8j Ай бұрын
Басқа тірлік жаса, күнәсі жаман арақ, темекі, насбай сатқан
@user-xw9xl3sv6k
@user-xw9xl3sv6k Ай бұрын
Насыбаидан басқа кәсіп жоқпа қазақтар өз өздеріңді мазақ қылмаңдаршы өзің паида көріп халықты уламаңдар
@user-vx8ec9rh3z
@user-vx8ec9rh3z Ай бұрын
Насыбай магазиндерде толып тұр ғой под прилавка 250 тенгеден бұрын 120 тенге еді
@user-pu5zu2ro4v
@user-pu5zu2ro4v Ай бұрын
жабылу деген аштан өл деген мағына емесқо екі қолға бір күрек табылад
@user-nc5ex2yq7e
@user-nc5ex2yq7e Ай бұрын
Дизи,гориллоны да тура осылай құртсаңдар жақсы болар еді.
@Allaga_wukir_
@Allaga_wukir_ Ай бұрын
Насыбай шығаруды жапқаны дұрыс, жағымсыз нәрсе ғой, несіне жылайсыңдар, халыққа пайдалы нәрсемен айналысыңдар , жастарды жаман әдетке үйретпей.
Қазақстанға Қытай камераларынан қауіп бар ма? (рус.субтитры)
22:42
Normal vs Smokers !! 😱😱😱
00:12
Tibo InShape
Рет қаралды 87 МЛН
FOOTBALL WITH PLAY BUTTONS ▶️ #roadto100m
00:29
Celine Dept
Рет қаралды 18 МЛН
Trágico final :(
01:00
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 26 МЛН
The magical amulet of the cross! #clown #小丑 #shorts
00:54
好人小丑
Рет қаралды 24 МЛН
Новости 10:00 от 20.05.2024
11:00
Евразия. НОВОСТИ
Рет қаралды 140 М.
Иран президенті қаза тапты
8:08
Ойтүрткі
Рет қаралды 22 М.
❤️QosLike Live / ҚосЛайк Лайф / Косылайық Лайв! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 5 МАУСЫМ! 20.05.2024
QosLike Live / ҚосЛайк Лайф / Косылайық Лайв
Рет қаралды 59 М.
Информбюро 17.05.2024 Толық шығарылым!
22:01
Информбюро 31
Рет қаралды 62 М.
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 9 МЛН
“Дәрігерлердің өзі жағасын ұстады”
36:33
ADYRNA ULTTYQ PORTALY
Рет қаралды 264 М.
Normal vs Smokers !! 😱😱😱
00:12
Tibo InShape
Рет қаралды 87 МЛН