Түрмедегі әйелдің әңгімесі /әсерлі әңгіме|Әңгімелер

  Рет қаралды 106

Әңгімелер жинағы

Әңгімелер жинағы

Күн бұрын

Қылмысты бір жыл бойы жоспарлады»: Күйеуін өлтіріп, жазасын өтеп жатқан әйелдің жан сырыҚоғамда резонанс тудырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа үкім шықты. Өз әйелін аяусыз өлтірді деп айыпталған шенеунік 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл оқиға тек Қазақстан емес, сонымен қатар, басқа елдерді де дүр сілкіндіріп, Желіде резонанс тудырды. Отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан жыл сайын қанша әйел көз жұмады? Ал қанша әйел өзін, баласын қорғаймын деп күйеуімен арпалысып жатқанда жұбайын өлтіріп алады? Бұл - оқиғаның басқа қыры. Massaget.kz тілшісі Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі колонияда күйеулерін өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан әйелдермен сұхбаттасты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Ойраны шыққан отбасыда жанжалдың көбі классикалық түрде басталады: күйеуі ішеді, әйелін ұрады. Әйел балаларын алып, үйінен кетіп қалады. Есін жиған күйеуі кешірім сұрайды, екеуі қайта қосылады. Ұрып-соғудың себебі де бірдей - қызғаныш. Әдетте бірнеше бала тапқан әйел ішімдікке салынған күйеуін тағдыр тәлкегіне тастап кетуге қорқады. Бірде "Қалай күн көремін?" "Балаларымды қалай асыраймын?" десе, енді бірде "Мен оны жақсы көремін", "Ол әлі өзгереді" деген сенім болады. Әрине, әйелдің көбі Құдай қосқан қосағын жамандыққа қимайды. Ал арыз жазып, полицияға берейін десе - "ұят". Қазір қоғамда резонанс тудырған Бишімбаев ісі - медальдің бір жағы ғана. Әйелдердің қалауы бойынша аты-жөні өзгертіліп, түрі көрсетілмейді. Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесі қаладан 50 шақырым жерде орналасқан. Онда "Мен кете алмадым", "Балаларымның жетім өскенін қаламадым", "Абайсызда болды", "Күйеуімді жақсы көремін" деген, алайда уақытты кері қайтара алмай, шарасыз отырған әйелдер бар. Біз 2 әйелмен сұхбаттастық. Екеуінің де хикаясында ұқсас детальдар бар. Олар - арақ, қызғаныш пен өлім. Алғашқы кейіпкер - Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, жасы 37-де. Ол Қазақстан Республикасының 99-бабы 1-бөлігі бойынша 8 жылға сотталған. 5 баланың анасы, олар қазір Бағанашылдағы балалар үйінде. Күйеуімен 2008 жылы отбасын құрған. Оның айтуынша, күйеуі намазына берік, иманды болған. Алайда кейін араққа салынып, барынан айырылған. Тіпті басқа әйел тауып кетіп қалған. Әйел күйеуін пышақтап өлтіргені үшін сотталды. Әлі 5 жыл темір торда өткізбек. - Оқиға қалай басталды? "Бізде отбасылық қой. Күйеуім күнде ішіп келетін, ішкен күнде газ баллонмен арпалысатын. Бір күні, әлі есімде, ол кезде 2 бөлмелі үйде тұрдық. Оянсам, мұрныма иіс келіп жатыр. Күйеуім ішкен жерінде құлаған, газ баллон ашық қалған. Сөйтіп 2013 жылы бір өлімнен аман қалдық. Ішкен кезде есін білмей, тапқан-таянғанын араққа құртатын. "Осы менің досым" дейтін. Үйден айлап жоғалатын. Туысқандарына да айтатынмын. Кейін адам қалпына келеді де, 2-3 айдан кейін қайта бұрынғы әніне басады. Үйдегі сапалы заттың бәрін сатады. Басында бәрі жақсы болған. Ол кезде 5 уақыт намазын оқитын. Шынымен Алладан қорқатын шығар деген үміт болды. Кейін араққа салынды. Сосын қайта намазын оқитын. 2012 мен 2021 жыл аралығында қанша рет 102 шақырдым. Кейде аптасына 5-6 рет шақыратынмын. Ішіп алғаннан кейін үйдегі заттың бәрін шағатын. Бір күні кеудеме бөтелкенің сынығын тығып жіберген кезі болды", - дейді кейіпкер. Кейіпкер бұл кездері мешітте тазалықшы болып жұмыс істеген. "Ол менің намысыма тиетін жаман сөз айтатын. Маған "Неге мешіттегі адамдар көмектесіп жүр? Мүмкін мен жоқта басқа байларың келіп жүрген шығар" дейтін. Соңғы сөйлескеніміз есімде. Түнде келді. Аздап ішіп алған. Қолында пакеті бар. Мен "далада қонасың, ішкен соң үйге кірмей-ақ қойшы" дедім. Бір кезде қарасам, үйді айнала жүгіріп жүр. Сыртқа шықсам, "артымнан қара киінген біреу қуып жүр" деді. Бір күні ұлым түнде әжетханаға барғысы келіп кетті. Соның қасында өрік ағашы болатын. Ұлым "мама, ағашта біреу асылып тұр" деді. Жақындап барсақ, күйеуім асылып тұр. Есіктің алдында сым қалып кеткен еді. Соны мен үйдің алдына жіп тартамын деп ойлап едім. Сөйтіп ұлым көршіні шақырып келді, мен пышақпен қиып үлгердім, алайда мойнына батып кетіпті. Сол кезде тірі қалды", - дейді ол. Кейіпкер кезекті әрі соңғы жанжалда күйеуін пышақтап өлтіріп алған. Марқұм жұбайы үйге соңғы рет келгенде бүкіл ақшасы мен алтын сақинасын ұрлап кеткенін еске алды. Сол кезде күйеуі ұрланған қаражат жұмсалғанын, ал сақинаны қазіргі сүйіктісіне сыйлағанын айтқан. - Күйеуіңізбен неге ажыраспадыңыз? "Ертең балаларыма не деп айтамын?" деп ойладым. Балаларымды әкесіз өсіргім келмеген. youtube.com/@a... #Әңгімелер қызықты #Әңгімелер жинағы #болған оқиға #әңгіме #жаңа әңгіме #әсерлі әңгімелерқазақша әңгіме #қызықты әңгімелер жинағы #болған оқиғалар #жаңа әңгімелер #ғибрат әңгіме #болған оқиға желісімен #қазақша әңгімелер

Пікірлер: 1
@АйгеримСерикова-у4ъ
@АйгеримСерикова-у4ъ 3 ай бұрын
Оки алмайды екен
Will A Guitar Boat Hold My Weight?
00:20
MrBeast
Рет қаралды 221 МЛН
OYUNCAK MİKROFON İLE TRAFİK LAMBASINI DEĞİŞTİRDİ 😱
00:17
Melih Taşçı
Рет қаралды 11 МЛН
Изнасиловали в 4 года | «До свадьбы заживет»
19:38
Muqaddas | Qissa №1 | Mutolaa
3:21:57
Mutolaa
Рет қаралды 10 М.
Бәрі барда тек , баламыз жоқ!
5:00
Өмір Тв
Рет қаралды 6 М.
Ақорда маңы неге қоршалып жатыр?
12:16
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 18 М.
Ыңжықсыз ба?онда тынданыз|Пайдалы кенес
4:55
Әңгімелер жинағы
Рет қаралды 139
Абысыным ене сияқты😓жаңа әңгімелер
4:04
Әңгімелер жинағы
Рет қаралды 193
Will A Guitar Boat Hold My Weight?
00:20
MrBeast
Рет қаралды 221 МЛН