Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын! Ж. Молдағалиев. Мен қазақпын!

  Рет қаралды 286

Қаламқас Тұрлыбек

Қаламқас Тұрлыбек

3 жыл бұрын

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы кең.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Мен жігітпін, айқасқа, сынға асықпын.
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
Мен қара көз сұлумын, сайтан қызбын
Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.
Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,
Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен
Еуропа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тел өстім мен.
Республика! Ерікті ел - Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Жұбан Молдағалиев

Пікірлер: 13
@azamatabishev4976
@azamatabishev4976 3 жыл бұрын
❤🇰🇿❤👍👍👍
@aizhanauganbaeva5367
@aizhanauganbaeva5367 3 жыл бұрын
Жігермен оқыпсыз. Бәрекелді. Мереке құтты болсын
@user-bq1ro9yw9f
@user-bq1ro9yw9f 3 жыл бұрын
Керемет Қаламқас апай шығармашылығыңыз шарықтай берсін!
@mamapapason5947
@mamapapason5947 3 жыл бұрын
ӨТЕ ӘСЕРЛІ КЕРЕМЕТ 😘😍😍😍😍
@asselkurmangalikyzy7122
@asselkurmangalikyzy7122 3 жыл бұрын
Керемет орындау, тыңдай бергің келеді! Өте шығармашыл жансыз, Қаламқас Ақбердіқызы!
@user-su2ce1sb8c
@user-su2ce1sb8c 3 жыл бұрын
Қаламқас 😘, еңбегіңнің жемісін көр. Шығармашылық табыс тілеймін, тамаша 👍👍👍😘😍🥰⚘⚘⚘
@karashashturlibek9045
@karashashturlibek9045 3 жыл бұрын
Тамаша👍👍👍👍
@user-xt7hp3zo7m
@user-xt7hp3zo7m 3 жыл бұрын
Жарайсыз, керемет ұстазсыз ғой!
@Kazan-oshak
@Kazan-oshak 3 жыл бұрын
👍👍
@user-tl5xh6rc3y
@user-tl5xh6rc3y 3 жыл бұрын
😍😍😍😍
@user-wo5gp7pf3h
@user-wo5gp7pf3h 3 жыл бұрын
Не деген керемет дикция, не деген дауыс?!👍👍👍
@user-gs9oo6pp4w
@user-gs9oo6pp4w 3 жыл бұрын
Керемет! Жарайсыз! Сіздің шығармашылығыңызға ризамын!Талабыңызға Алланың нұры жаусын! Тек биік межелерден көріне беріңіз! 👏👏👏😘
@user-sd5cu8bj9k
@user-sd5cu8bj9k 3 жыл бұрын
Керемет Қаламқас апай, сізге шығармашылық, табыс тілеймін, алибиіңіз, ардайым ашық болсын
Нағыз достық басталады партадан...
5:58
Қаламқас Тұрлыбек
Рет қаралды 3,2 М.
IS THIS REAL FOOD OR NOT?🤔 PIKACHU AND SONIC CONFUSE THE CAT! 😺🍫
00:41
WHO DO I LOVE MOST?
00:22
dednahype
Рет қаралды 57 МЛН
Рәміздерімізге қызмет көрсетілді.
2:16
“ҰЛАН АЙНАСЫ” газеті
Рет қаралды 48
85 жас құтты болсын!
4:01
Қаламқас Тұрлыбек
Рет қаралды 526
Фариза Оңғарсынова "Қателескен екенмін", "Күйзелу"
2:26
Қаламқас Тұрлыбек
Рет қаралды 19 М.
Звери - До скорой встречи
5:09
Группа Звери
Рет қаралды 152 МЛН
5 қыркүйек - ҚР халқы Тіл мерекесі
2:34
Қаламқас Тұрлыбек
Рет қаралды 2,1 М.
Асланян о том, когда закончится война
19:43
Дмитрий Гордон
Рет қаралды 61 М.