Рет қаралды 1,585
Соның ызғарлы боранындай 1870 жылы март айында Форт-Александровскіден Рукин бастаған жазалау отряды шығарылады. Бұл отрядтың шыққалы жатқаны старшина Гафур Калбинге белгілі болады, ол Исаға хабар береді. Иса Форттағы Құнанорыс Шабайдың баласы Сүгірге, Бозжігітке, Қаратаудағы Бәубек Айназар мергенге, Қатқылтүптегі Дәулеталы Досан мен Алғиға, Ауызорпадағы Тоқтамыс Ораққа және тағы да басқа адайдың сол кездегі белгілі батырлары мен тұлғалы азаматтарына хабар бергізіп, шақыртады. Соның нәтижесінде үлкен қол жиналады. Сан жағынан бұл қолдың көлемі жазалаушы отрядтан бірнеше есе көп болған. Қол құрамында Жәдігерден Өтенұлы Ділман, Жаманғара Мұсаұлы Мошандар бар. Қолды Иса, Досан басқарады. Жазалаушы отряд Форттан шығып көлікпен Түбіжік, Қаңға, Борлы, Суат, Құнансу, Сартас арқылы Бозашыға бет алатын болып, Ұшауызға орналасады. Бұл кезде Исалар аласа Ақтың астына бірнеше ақбоз үй тіктіріп, қонақ етуге дайындық жүргізеді. Отряд Шығанақ теңіз-айналмадан өтеді. Ояз Рукин жан-жаққа қарауыл қойып, отрядына демалыс береді. Бұлардың мақсаты, бағыты адайларға толық белгілі емес, сондықтан отрядтың бір адамын қолға түсіріп, құпияны ашу қажет. Қарауылда тұрған бір солдат шылым тұтату үшін от жағады, осы сәтті пайдаланған тіл алуға шыққан Өтенұлы Ділман бір жолдасымен әлгіні дыбысын шығармастан алып кетеді. Ол орыс екен, Форттан келген Құнанорыс руының жігіттерін тілмаш ету арқылы тұтқынмен сөйлеседі. Сөйтіп, жазалаушы отрядтың бағыты Бозашы түбегін аралау, мақсаты елден салық жинау, төлемесе қарулы күшпен жазалау екендігін анықтайды. Қару, көлік, адам саны жөніндегі мәліметтерге қанығады. Осыған сәйкес тактикалық шаралар жасақталады. Осындай дайындықтан кейін, яғни 1870 жылғы Маңғыстау шаруаларының Ресей патшасы үкіметіне қарсы көтерілісі басталады. Халық жасақтары жазалаушы отрядтың көліктерінің көпшілігін айдап кетіп, отрядты жаяу қалдырады, жаяу отрядты қамауға алады. Олар теңізге беттегенде теңіз жағы бөгеді. Көліксіз, ас-сусыз қалған жазалаушы отрядтың басшысы Рукин 24 наурыз күні түнде Маяұлы Бәймембетті адайларды үгіттеуге жұмсайды. Ол өз лагерінен шыға бергенде атылған мылтық оғынан қаза табады. Өмірінің соңғы жылдарында Кавказ әскери округінің штабы жанындағы әскери-тарихи бөлімді басқарған. Очерк былай басталады. “Мне случилось путешествовать в 1871 г. по казахский степи ... Из сопоставления рассказов со сведениями, добытимы мною от очевидцев, с рассказами казаков, вернувшихся из пленов, с теми немногими сведениями, которые хранятся еще под толстым слоем пыли оренбургских архивов, воссоздается ясная картина того, что происходило в степи в роковое время 1869 и 1870 годов”. Осыдан кейін очерк авторы В. А. Потто қазақ жеріне енгізіле бастаған уақытша “Жаңа низамның” мақсат-мәніне, оған жергілікті тұрғындардың неге наразы болғанына сипаттама береді. “И вот в исходе 1868 года появилось так называемое”, “Временное положение” об управлении в областях Тургайской и Уральской”. Султаны - правители с их кочевыми ставками были упразднены, и отошли в область преданий. Их заменили губернаторы со всеми губернскими атрибутами: присутственными местами, вице-губернаторами, прокурорами, судьями, уездными начальниками и т. д. Естественно, что такое выборное начало, легщее краеугольным камнем в основу нового положения, вконец подрывало значение и власть степной аристократии. Вот почему новая реформа встретила сильнейшее противодействие со стороны привилегированных сословий. Но и простой народ отнесся к ней весьма недоверчиво. Новое положение, обявлявшие что земли, занимаемые казахскими кочевьями, становятся землями государственными, предоставленные киргизам лишь в общественное пользование, что права самих киргизов приравниваются к правам обыкновенных сельских обывателей, свалилось на них, как снег на голову. И народ, игнорируя те хорошие стороны “положения” которые в нем заключалось, понял только одно, что подать ему придется с кибитки вместо полутора рубля два рубля семьдесят копеек. Вооруженный мятеж в Уральской области подавлен был чрезвычайно быстро, но он долго еще продолжался в соседнем Мангышлакском приставстве где небольшой казачий отряд подполковника Рукина был истреблен самым изменическим образом. Надо сказать что, “новое положение”, вводивших среди Оренбургской степи, на первых порах совсем не коснулось адаевцев... Они жили слишком далеко, кочевали в соседстве с Хивой и Туркменией. Зато когда вооруженный мятеж в степи был подавлен, военный губернатор Уральской области тот час потребовал к себе, в Уральск, Мангышлакских начальников, Маяева и Калбина. Им дали инструкции и отправили обратно уже с подполковником Рукиным, которому на правах уездного начальника подчинялось все Мангышлакское пространство”. Бұдан әрі очерктегі Рукиннің өлімі, өрбіген қарулы қақтығыстар бұдан бұрын келтірілген күйінде дерлік баяндалған. Біздіңше, В. А. Поттоның бұл тарихи очеркі өз зерттеушілерін күтуде. Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ, Маңғыстау облысы әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы.
www.egemen.kz