Таңбалы тарих. Түпқараған ауданы

  Рет қаралды 8,142

Сары Қазақ

Сары Қазақ

6 жыл бұрын

Маңғыстау жері ықылым замандардан құпия сырымен таңғалдырып, тамсантып келе жетқан тарихқа бай өлке.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында республика бойынша 500 жергілікті маңызы бар қасиетті орын тізімделді. Бұл тізімге Маңғыстау облысы бойынша жергілікті маңызы бар 28 киелі нысан енгізілді. Оның 9-ы Түпқараған ауданында.
Қошқар ата. Ақшұқыр ауылында орналасқан қорым. Қорымның танымал ескерткіші - қошқар бейнесіндегі қабір үсті құрылысы. Зират Қожа Ахмет Яссауи ілімін таратушы сопылардың бірі Қошқар атаның атымен аталған. Ол Маңғыстауға Хорасаннан келген. «Қошқар» түрік халықтарында ұлылықтың, ақыл мен күштің символы ретінде саналады.
Кенті баба кесенесі. Таушық ауылынан 40 шақырым солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қабырғаның өрілуі де әрқилы және өңделу деңгейіне қарап құрылысқа сан алуан тастар пайдаланғанын көруге болады. Кесененің сәулеттік дизайны Хорезмдік сәулет құрылысында қолданылған құрылыс әдіс-тәсілдеріне ұқсайды. Кенті баба халықты мұсылмандыққа үйреткен, діндар, тақуа, әулие адам болған.
Мақтым баба мешіті. Форт-Шевченко қаласынан 25 шақырым шығыс бағытта Қаңға баба жерінде орналасқан. Мешіт қыпшақ-оғыз заманының керуен сарайының ғимараты кейінгі ғасырларда мешіт-медресе ретінде пайдаланылған. Мешіт бастапқы кезде күмбезді құрылыс болған. Бұл жерде имам Хусейннің ұрпақтарынан шыққан Мақтым баба бала оқытқан.
Хатам ишан кесенесі. Баянды ауылынан 15 шақырым солтүстік бағытта орналасқан қорым. Қорымдағы ең ертедегі құрылыс XVII ғасырға жатады. Хатам Қожа Ғабдолқожаұлы 1740-1824 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол маңғыстаулық түрікмен поэзиясының классигі, шайыр ақын. Хатам ишанның өлеңдерінде Орталық Азияның тарихи белгілері бейнеленген. Қорымда Хатам ишанның михрабы әдемі етіп салынған мешіт құрылысы да сақталған. Ол Ақшұқыр аймағынан медресе ашқан білімдар адам болған.
Есмамбет әулие. Ақшұқыр ауылынан 12 шақырым солтүстік бағытта орналасқан. Қорым әр кезеңге жататын 100-ге жуық ескерткіштен тұрады. Есмамбет қорымы ел басына түнеп, қадір тұтып, қастерлейтін қиелі орын. XVIII-XIX ғасырда өмір сүрген Есмамбет - маңғыстаулық қожа, халыққа мұсылманшылықты уағыздаған әулие, батыр адам болған.
Саура сайы. Ақтау қаласынан 80 шақырым солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Саура жерінде көлді сай, бекініс және теңіз жағажайы бар. Саура бекінісі - Арал-Каспий территориясындағы алғаш зерттелген қола дәуірінің фортификациялық объектісі. Сай түбінде сулы сазды мергель қабаттарынан аққан бұлақтардан жиналған Қаракүп көлі орналасқан. Бұл жерде бір топ су тасбақалары мекендейді.
Тамшалы сайы. Форт-Шевченко қаласынан 35 шақырым шығыс бағытта орналасқан. Тамшалыда тұщы су жартасты кемерден тамшылап, үш метр биіктіктен ағады. Аққан тамшылар құдды бір жаңбыр жауып тұрған тәрізді тырсылдайды. Тамшалы сайы жыл бойы тіршілкке толы.
Мұрын жырау кешені. Мұрын жыраудың үйі және шеберханысы мұражай ретінде сақталған. Ғимарат Форт-Шевченко қаласында. Мұрын жырау ХХ ғасыр қазақ ауыз әдебиетінің ең жарқын өкілдерінің бірі. Мұрын Сеңгірбекұлы қазақ халқының рухани асыл қазынасының бірі «Қырымның қырық батыры» жырын Сыпыра жыраудан 5 ғасыр кейін жырлап, біздің заманымызға ұластырған ұлы жыршы.
Ержан хазірет зираты. Таушық ауылынан 30 шақырым солтүстік-батыс бағытта Шақпақ-Ата қорымында жерленген. Маңғыстаудағы ХХ-ғасыр көрнекті дін өкілі. Бұқара қаласындағы «Көкілташ» медресесін тамамдаған. Ержан хазірет Төлегенұлы - Маңғыстау өңіріндегі ислам ілімін терең меңгерген және оны бала оқытуға, халықты тәрбиелеуге қалтқысыз жұмсаған рухани абыздардың бірі болған.
Маңғыстау - тарихын тасқа таңбалаған киелі мекен.

Пікірлер: 16
@user-qm3ky6et4o
@user-qm3ky6et4o Жыл бұрын
Керемет күшті 👍👍👍
@daddyfreeman6054
@daddyfreeman6054 Жыл бұрын
Дерек бергеніңе Рахмет !
@user-qh8jv3yi2d
@user-qh8jv3yi2d 3 жыл бұрын
Кушти жерлер бар екен ғой.
@janaoz3n994
@janaoz3n994 2 жыл бұрын
Есмəмбет қожа Бүқара қаласында оқыған жоғары білімді кісі болған. Бұл балаларға сабақ болады.
@marka9368
@marka9368 Жыл бұрын
Әр барғанда шырақ жағамыз,
@user-lm4sz3er7c
@user-lm4sz3er7c 9 ай бұрын
Ата бабаларымыздын аруагы колдап коргап журсин елимиз аман журтымыз тыныш болсын Есмамбет атамыздын руы Кожа Бекет атанын руы коскулак Бекбаулы атамыздын руы шонай сыныкшы Таушыктагы уйтолы атанын руы байымбет кушик Уланакта жаткан байтилеу атамыздын руы косбармак Ал Кызылсу да жаткан медеттер кауымы
@user-tw3ze7du9l
@user-tw3ze7du9l Жыл бұрын
Город Ақтау Маңғыстау 5живу 524кв Мыжыков Айтан Бердігалиев Салам всех братам👏👏👏👍👍👍
@amangulsagizbaeva1845
@amangulsagizbaeva1845 Жыл бұрын
1 бекет ата 2 шопан ата 3қараман ата 4 сұлтан үпі 5 кенті баба 6 қатем ишан баа 7 сисем ата 8 есмамбет ата 9 үйтолы ата 10 бекбаулы ата 11 бәйтілеу ата 12 шақпақ ата 13 қошқар ата 14 түрік балалы әулие 15 қалипан әулие 16 шеке мүйіз ана
@user-ck8sb9li9j
@user-ck8sb9li9j 6 жыл бұрын
Сапыра емес Сыпыра жырау! Ролик əдемі жасалған!
@user-tw3ze7du9l
@user-tw3ze7du9l Жыл бұрын
Шоханова Гульназ Орынбаевнаға Тиеберсін Ата-бабаларымыздың рухына Маңғыстау-5тегі
@GRiNEX-mw9rr
@GRiNEX-mw9rr 6 жыл бұрын
оны менде былем
@asanassanshi3245
@asanassanshi3245 5 жыл бұрын
Шайтаннын максаты осындай ески молаларды касиетти аулие кылып корсетип жане осы жерге адамды табындырып Аллахка серик костырту. Аллах Куранда Шайтан сендердин анык жауларын жане одан сак болындар деди емеспе. Ал Аллахка серик косу улкен куна, жане Аллах кеширмейтин куна. Шайтаннын шын максыты осы!!! бекерден бекерге Аллах шайтанга лагнет айтып бизге шайтаннан сактанын дар деп айытпаппеди. Куранда ниса суре 48 аятында. Аллах тагала озине серик косканды ешкашан кешимеймин деген
@erkosai9319
@erkosai9319 4 жыл бұрын
Оттама бахаб.
@user-tx3on2gr9l
@user-tx3on2gr9l 3 жыл бұрын
@@erkosai9319 әулиелер намаз оқып, Алланың дінін таратқан
@user-cg3vq2mz2e
@user-cg3vq2mz2e 2 жыл бұрын
Аи сорлыаи ҚҰДАИ солаи бұрып қоиғанғои сені. Сенің аитуыңмен енді уахаб болып кетпеидіғои ешкім
Қасиетті киелі ҚАРАМАН АТА
1:46
#Нұрлан Құлбай
Рет қаралды 881
Pray For Palestine 😢🇵🇸|
00:23
Ak Ultra
Рет қаралды 34 МЛН
ПООСТЕРЕГИСЬ🙊🙊🙊
00:39
Chapitosiki
Рет қаралды 17 МЛН
Ырғыз сапары
34:29
Сары Қазақ
Рет қаралды 13 М.
Сағынышым, жан анашым!  Жамал апа
15:50
KALILAFILM / Деректі кино әлемі.
Рет қаралды 52 М.
Ескелді Сүгірдің өсиет толғауы
8:06
Сары Қазақ
Рет қаралды 34 М.
ПУТИН МЕН ТОҚАЕВ ШЫН ДОС ПА? / Әлем тынысы
40:07
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 112 М.
We've spent 24 hours in Mongolia! The biggest statue of Genghis Khan in the world!
15:37
Pray For Palestine 😢🇵🇸|
00:23
Ak Ultra
Рет қаралды 34 МЛН