Таңдаған тазға жолығады немесе азбен бақытты болалмасаң көп дүнием болса бақытты бола аламын деп

  Рет қаралды 5,160

Білгенге маржан сақтап ал

Білгенге маржан сақтап ал

Күн бұрын

Таңдаған тазға жолығады немесе азбен бақытты болалмасаң көп дүнием болса бақытты бола аламын деп ойлама
Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен. Үйленуге ұсыныс жасағандардың, ханзадалардың, серілердің біреуін де ұнатпапты.
Сол күндері осы маңда тұратын бір жігіт те әлгі қызға ғашық болып қолын сұрапты. Бірақ қыз оның да ұсынысын қабыл етпейді.
Арадан ұзақ жылдар өтеді. Әлгі жігіт басқа қалаға кетіп, жаңа өмір бастап, үйленіп бала-шағалы болады. Күндердің күнінде бұрын өзі тұрған кішігірім қалашыққа жолы түседі. Келе жатып жолда бір танысын кездестіреді. Онымен әңгіме барысында бұрыңғы әдемі қыз есіне түсіп, оның жағдайының не болғанын сұрайды. Сонда танысы гүл бақшасы бар үйді көрсетіп, қыздың тұрмысқа шыққанын сол үйде тұрып жатқанын айтады. Жігіт: «Апыр-ай, кезінде ешкімге қарамаған бұл қыздың күйеуі кім болды екен?» деп, таңырқай бастайды.
Бір күні жасырын сығалап жүріп, күйеуінің үйден шығып бара жатқанын көреді. Қыздың күйеуі семіз, басы таз, түрі де өте ұсқынсыз біреу екен. Оның үстіне бай да емес екен. Мұның мәнісін білгісі келген әлгі жігіт күйеуі кеткен соң үйдің есігін қағады. Қыз есікті ашқанда, өзінің кім екенін айтып, не үшін мұндай адамға үйленгенін сұрайды. Қыз оған: «Анау тұрған гүл бағының ішінен ең әдемі гүлді үзіп әкелсең, жауабын айтамын. Бірақ, бір ғана шартым бар. Әдемі гүлді алу үшін ілгерілей аласың бірақ кері шегінбейсің!» дейді.
Жігіт жүздеген әдемі гүлдердің ішіне кіріп аралай бастайды. Бірден көзіне өте әдемі бір сары гүл түседі. Оны енді алайын деп жатқанда сәл ілгеріде қызыл-ала гүл көзіне түседі. Оған барып қолын соза бергенде одан да ілгеріде өте керемет қызыл гүл шоғын көреді.
Осылай ең әдемі гүлді табамын деп ілгерілеп жүре келе бақшаның соңына да жетеді. Кері шегіне алмаған жігіт амалсыздан сол жерден бір гүлді үзіп, қызға алып барады. Бақшаның ең әдемі гүлін күтіп отырған қыз жапырақтары солыңқы, өңсіз гүлді әкелгенін көреді.
Сонда қыз жігітке бұрылып былай дейді: «Көрдің бе? Үнемі ең жақсысын табуды қалағаныңда өміріңнің қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Соңында ең жаманына да разы болуға мәжбүр боласың. Сондықтан жастық шағың қолдан кетпей тұрып қолда бардың қадірін білу керек.»

Пікірлер: 6
@camrytoyota4187
@camrytoyota4187 Жыл бұрын
Таңдаған тазға жолығады, Менің балдызым таңдап жүріп бір жетім қарақалпақ қызға үйленіп қазір сорлап жүр. Басын айналдырып, дуалап өзіне үйлендіріп алды. Менің ағама бір қарақалпақ қатын басын айналдырып, дуалап тиіп алды.
@ТурарАктайбеков
@ТурарАктайбеков Жыл бұрын
Таңдаған тазға жолығады деп қызға айтады жігіттерді менсінбей таз шашы өспейтінге тиеді 😂
@ТурарАктайбеков
@ТурарАктайбеков Жыл бұрын
Карьера қуған қыздарға үлкен сабақ😂
@ТурарАктайбеков
@ТурарАктайбеков Жыл бұрын
Семіздерге везет де😂
@АлмакулАкбергенова
@АлмакулАкбергенова Жыл бұрын
Оте тамаша
@СейлханКалдыбаев-ж4м
@СейлханКалдыбаев-ж4м Жыл бұрын
Ой салар әңгіме екен
Қарттар үйіндегі қарттың әңгімесі
8:22
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 41 М.
Жаман ерді жақсы әйел адам қылады
5:45
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 1 М.
Стойкость Фёдора поразила всех!
00:58
МИНУС БАЛЛ
Рет қаралды 4,4 МЛН
Officer Rabbit is so bad. He made Luffy deaf. #funny #supersiblings #comedy
00:18
Funny superhero siblings
Рет қаралды 13 МЛН
How To Get Married:   #short
00:22
Jin and Hattie
Рет қаралды 23 МЛН
Хор қызына айналған әйел
5:06
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 2,4 М.
Өмір ай
2:59
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 837
"Ақ тілеудің белгісі - бата"
5:16
Арнайы Кітапхана
Рет қаралды 53 М.
Аксенов саудагер
7:52
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 230
Әр кәллада бір қиял
7:11
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 1 М.
Жүдеген адам
2:16
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 971
Білімді мен надан
2:57
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 1 М.
Ризамын саған тағдырым
1:28
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 862
Стойкость Фёдора поразила всех!
00:58
МИНУС БАЛЛ
Рет қаралды 4,4 МЛН