Рет қаралды 3,956,030
Жаңа Телехикая «Тағдыр тартысы». Өгей әке - Өмірде жақсылық та, жамандық та қатар жүреді. Ханталапай тағдыр сынағының нәтижесі әр адамның әрекетіне тәуелді. Сондықтан қиындық пен кедергі, қайғы мен қасірет, мұң мен өкінішке ұласқан жұмырбасты пенденің жүріп өткен жолы - өмір сабақтары. Бүтін отбасының, әрбір адамның тағдыры - тұтас қоғамның айнасы. Қоғамды өзгерту ұлт тәрбиесінен басталатыны сөзсіз. Өмірдегі шынайы оқиға негізінде кейіпкер тағдыры арқылы баяндалатын деректі телехикая жұмыс іздеп тауы шағылған жанның өмірмен күресі, қызметтік махаббат хикаясы, ерлі-зайыптылардың кикілжіңі, шайқалған шаңырақ шері арқылы көрерменді ізгілікке шақыруды көздейді. Өмірдегі бақталастық пен бәсеке, өсек-аяң, қастандық пен зұлымдықтың текетіресінде кім жеңіске жетеді? Ене мен келіннің тартысы, ағайындылар арасындағы алауыздық, бір шаңырақтың астында күн кешкен абысындардың араздығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Соңы не болмақ?