Табиғат инспекторлары Бурабайдағы жартастарға салған суреттер мен жазуларды тазартуға кірісті

  Рет қаралды 662

Информбюро 31

Информбюро 31

22 күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Ақмола облысының Бурабай курортты аймағында жартастарға салған суреттер мен жазуларды инспекторлар тазартуға кірісті. Бұл жұмыстарға бір жылдан астам уақыт керек екен. Себебі, демалушылар көл жағасындағы тастардың көбіне өз қолтаңбаларын қалдырған. Өкінішке қарай, елімізде тұмса табиғатқа зиянын тигізетін азаматтар азаймай тұр. Өткен жылдың өзінде 5 мыңнан астам тұрғын жасыл желек пен ағаштарды отап, инфрақұрылымдық және көшедегі сәндік нысандарды қиратқан. Вандализммен қалай күресу керек? Қоғамда демалу мәдениеті неге қалыптаспаған? Әріптесім Айгүл Мырзағалиқызы мамандардың пікірін тыңдап келді.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Бурабайға жыл сайын демалушылар жан жақтан ағылады. Бірақ көрікті орынға келген адамдардың арасында тұмса табиғатқа нұқсан келтіретіндер көп. Әсіресе, жартастарға түрлі суреттер мен жазбалар қалдыратындар азаймай тұр. Ал тау-тасқа қашалған жазуларды орманшылар арнайы аппаратпен тазалауға кірісті. Бұл жұмыстарға 1 жылдан астам уақыт кетеді екен.
ҚАЙЫРБАЙ БАЛТАБАЕВ, «БУРАБАЙ» ұлттық табиғи паркінің орманшысы:
- Тастардағы жазулардың барлығын өшіру үшін арнайы аппарат сатып алдық. Арнайы аппаратпен тастардағы граффитиді, краска, баллончиктармен жазғандарды өшіреміз. Аппаратпен тастарды тазалау үшін өте көп уақыт кетеді. Бұл аппарат біздің табиғатымызға ешқандай зиян келтірмейді. Бір әріптің өзін өшіру үшін 30-40 минуттай уақыт керек.
Орманшылар Бөлектау, Көкшетау, Жеке батыр тауларында ең көп ластанған, туристер жиі баратын жерлерін тазалайды. Ал, Жұмбақтасты көл бетіне мұз қататын уақытқа қалдырған. Өткен жылдың өзінде еліміз бойынша 5 мыңнан астам табиғатқа зиян келтіру дерегі тіркеліпті. Сондықтан мамандар заңды дереу күшейту керек деп отыр. Ал, демалу мәдениетін оқу орындарында үйреткен жөн деген пікірде.
АРЫСТАНБЕК ТАСҚЫНБАЕВ, сарапшы:
- Құқық бұзушылық Кодексіне, қылмыстық Кодексіне күшейтулер енгізілсе және жастарымыздың арасында мектеп, колледж, жоғары оқу орындары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастарымыздың ішкі мәдениетін арттыру жұмыстарына көп көңіл бөлсе алдағы уақытта бұл құбылыстардың алдын алуға болады деп есептеймін.
Жалпы, бұл мәселені Парламент қабырғасында депутаттар талай мәрте көтерген болатын. Себебі, туристер баратын демалыс аймақтарында табиғатқа қастандық жасайтындарға тосқауыл болмай тұр. Жасыл желекті отап, қоқыс тастап, тау-тасты сызатындармен полиция мен орманшылар қал-қадірінше күресіп жүр. Әзірге нәтиже шамалы. Жалпы, вандалдарға 600 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 1
@user-kl9ly7bi7m
@user-kl9ly7bi7m 17 күн бұрын
Ештеме калып таспаган Казахстан да
“ЖП” ДЕГЕН КІМ?
5:14
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 23 М.
La final estuvo difícil
00:34
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 29 МЛН
100❤️
00:20
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 48 МЛН
Жаңалықтар. 24 мамыр 2024 ж.
7:34
SerikTV telearna
Рет қаралды 72
МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ ДАУ/ KOREMIZ
45:48
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 142 М.
Алматылық шенеуніктер айды аспанға шығарды
3:19
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 16 М.
La final estuvo difícil
00:34
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 29 МЛН