Табылды Досымов жайлы естелік!

  Рет қаралды 3,278

Ұлықбек БЕРІШ

Ұлықбек БЕРІШ

2 жыл бұрын

Қазақ әдебиетінің қарымды қаламгері, белгілі бард ақын, сазгер, Табылды Аяшұлы Досымовтың туғанына 55 жыл толу барысында Аққора кітапхана ұжымының бейнеролигі
Табылдың әні
Бұл дүние айналғанмен сырласыңа,
Мен кепіл мәңгі-бақи тұрмасына.
Бір күні Құдайыңнан хабар келсе,
Шығарсың сен де құрбым «қыр басына»…
Қайғырып досың түгіл, бақталасың,
Кеудеңде сағат-ғұмыр тоқтағасын,
Қалдырып мынау жалған дүниені,
Келмеске мәңгі-бақи аттанасың…
Сол жаққа аттанасың бәрі барған,
Қалады көкірегіңде алып арман.
Қалады аузыңда сары тісің,
Қалады гаражыңда сары «Волгаң».
Біреуде ақшаң қалар қарыз алған,
Мұрныңды шақшаң қалар зәрі жарған.
Он бөлме үйің қалар, қиын болар,
Өйткені бәрі жалған, бәрі жалған…
Бұл қазақ мол байлықты текке іздейді,
Ақшаңды миллионға жеткіз мейлі.
Сенімен бұл Құдайым о дүниеге,
Сом түгіл соқыр тиын өткізбейді.
Сұм ажал қайыршы емес тиын сұрар,
Бір күні қу жаныңда бұйымшылар.
Қорқыттар құтылмаған бұл өлімнен,
Табылдың құтылуы қиын шығар…
Біз түгіл құтылмаған алып Абай,
Білмедім о дүниенің халі қалай?
Бір кездегі Табылдың әні екен деп,
Соңымнан зарлап жүрсін қалың Адай…
Жігіттер, артық айтсам кінә тақпа,
Батайық күліп-ойнап рақатқа.
Өмірден кәрі де өтер, бәрі де өтер,
Берілген өмір бізге «прокатқа»…
Табылды Досымов

Пікірлер: 3
@user-sh1zi7wb4k
@user-sh1zi7wb4k 2 ай бұрын
Иманды болсын! Батырго Табылды Досымов
@user-gd7wp7bl4g
@user-gd7wp7bl4g Жыл бұрын
Соз жок керемет, агамыз жаткан жериниз жайлы болсын😍😍😪
@user-wn8bo4zt9u
@user-wn8bo4zt9u Жыл бұрын
Жаксы андери
ХОТЯ БЫ КИНОДА 2 - официальный фильм
1:35:34
ХОТЯ БЫ В КИНО
Рет қаралды 1,8 МЛН
«Өмір жолы». Табылды Досымов
30:37
Khabar TV
Рет қаралды 69 М.
"Болзоо" - Ш.Гүрбазар СГЗ
49:54
NTV Official Channel
Рет қаралды 88 М.
Табылды Досымов. Естелік сұхбат
4:52
Jibek Joly TV
Рет қаралды 39 М.
Ауылға барам
3:59
Karaoke Minus
Рет қаралды 12 М.
Табылды Досымов өлең оқуда
3:29
Adilbek Kaiyrzhan
Рет қаралды 4,5 М.