"Табындар туралы толғау" - Мұратбек Тәжіғұлов

  Рет қаралды 7,569

Мұратбек Қаражон

Мұратбек Қаражон

Күн бұрын

"Табындар туралы толғау"
сөзін жазған: Бекжұма Нарбай
әнін жазған: Мұратбек Тәжіғұлов
Таптатпаған намысын Ұлы Алаштың
Табындардың басынан құламас күн
Ағым, Тоғым, Бозымнан тараламыз
Бұтағы секілденіп бір ағаштың
1. А-е-е-е-е-ей
Біссіміллә тілім тартынба,
Найзағайдай жарқылда.
Шу асаудай шабайын
Қарқынды қосып қарқынға.
Кіші жүзден тараған
Азуы қарыс абадан,
«Табын» деген ел едік
Тағылым қалған артында.
Ақыл бар және нақыл бар
Ақсақалды қартында.
Жақсы менен жаманның
Айыра білген парқында.
Ақ жаулықты анасы,
Сақтап өткен салтында.
Дүрия киген қыздары,
Дүнияға алданып
Арын сатпас алтынға.
Қарағай садақ асынған,
Жауының құтын қашырған
Жігіттері нар тұлға.
Шабытым бойда туласа
Өлең де алар алқымға.
Табыннан біраз сөйлейін
Әлеумет халқым ал тыңда!
2. А-е-е-е-е-ей
Азаттыққа ғана беттеген,
«Табын» деген текті ел ем.
Тамырын жайып тереңге,
Бәйтеректей көктеген.
Сөз байлығы біздерде
Сорпасын сөздің сапырып
Өлеңменен ет жеген.
Ер байлығы біздерде
Асынып сауыт сайманын,
Қолына алып байрағын
Арпалысқан отпенен.
Әріден сөзді қозғасам,
Шымырлайды-ау от денем.
Шығысханды хан қылып,
Ақ киізді салдырып.
Он екі тайпа ішінде
Табынның аты жаңғырып,
Көтерген еді еппенен.
Беріден сөзді қозғасам
Дастандар қалар көптеген.
Қашақұлы Досжаным
Қазақ деп терін төкті өрен.
Тәкия үйін салдырды
Қасиетті сонау Меккеден.
Өзім деп келген оғланын
Өзегінен теппеген.
Бес күнде мына Табынның
Бес елі бағы кетпеген.
Кешегі жау жайратқан марғасқамдай
Айтқанда бабаларды талмас таңдай
Сәрке мен Бұқарбайдай батырым бар
Қаhары өткір қылыш алдаспандай
3. А-е-е-е-е-ей
Аллаға ғана табынар,
Табынның таудай бағы бар.
Қайсар мінез ерлері
Қасқыр ішік тағынар.
Қалмақ келсе тұсымнан
Қаңбақтай басын ұшырған,
Барақ дейтін нары бар.
Асауым атқа қонғанда,
Кескілескен дұшпанның
Кең ауасы тарылар.
Жаралған жаны намыстан,
Намысы биік арыстан
Дәуіттің текті қаны бар.
Аққұмда туған ақберен
Бөкенбайы тағы бар.
Немістің шебін мың бұзған
Әлиядай ары бар,
Қайыспайтын жаны бар.
Қасқыр көрген қойдай боп
Дұшпаны шетте жамырар.
Батырлығым бір төбе
Ақындығым тағы бар.
Төлеген Айбергеновтей
Айданда жарық шамы бар.
Жиенбаев Сағидың
Сөздері шәрбәт сары бал.
Табындар міне осындай
Танымасаң ТАНЫП АЛ!!!

Пікірлер: 25
@ГабитКыдыралиев
@ГабитКыдыралиев 4 ай бұрын
Табындар алға алға алға❤❤❤❤❤❤
@tarbiaapahanova9250
@tarbiaapahanova9250 11 ай бұрын
ЖАСАСЫН ТАБЫНДАР
@snmediaresmi
@snmediaresmi Жыл бұрын
Велекий Табын сила🇰🇿🇰🇿🇰🇿🫶🫶🫶
@esenkeldiesenkeldi4194
@esenkeldiesenkeldi4194 10 ай бұрын
ЖАСАСЫН ТАБЫНДАР АЛҒА
@azamatberdimuratov272
@azamatberdimuratov272 Ай бұрын
ТАБЫНДАР АЛГА КАРАЖОНДАР АЛГА НОКИСТЕН САЛЕМ
@kok_aspan_tabyn5
@kok_aspan_tabyn5 11 ай бұрын
Ұранымыз: Алаш, Бөкенбай, Барақ, Сәрке, Бұқарбай!!!
@Талгат-ц1ц
@Талгат-ц1ц 10 ай бұрын
САУ бол Табындар🇰🇿🗡️⚔️☝️👏👍👎👳
@Карлыгаш-с8ю
@Карлыгаш-с8ю 5 ай бұрын
Бакытын жана берсын кереметттт
@ГүлжаһраЕлібай
@ГүлжаһраЕлібай Жыл бұрын
❤❤❤
@ЖайлаубайЖумабаев
@ЖайлаубайЖумабаев Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум ҚАЗАҚ ЕЛІ.Алға қазағым
@ЕСЕТКАЛМАНОВ-в4с
@ЕСЕТКАЛМАНОВ-в4с Жыл бұрын
Өте керемет! Тек Табын емес, бүкіл қазақты рухтандыратын толғау!
@bekjuma_matjanuly1128
@bekjuma_matjanuly1128 Жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍
@ТемирбекШилдебаев-ц6з
@ТемирбекШилдебаев-ц6з Жыл бұрын
Өте әсерлі.
@raushan_tulegenova
@raushan_tulegenova Жыл бұрын
👏👏👏🤩
@ЗибашХожанова
@ЗибашХожанова Жыл бұрын
Мұратбек інім жарайсың мерейің үстем болып шабытың шалқи берсін
@ПарахатБайжанов-ы3ы
@ПарахатБайжанов-ы3ы Жыл бұрын
Жарайсың бауырым
@КолдасинАлмагамбетов
@КолдасинАлмагамбетов Жыл бұрын
Жарайсың бауырым өркенің өссін.
@АлтынбекШамбаев-е4ъ
@АлтынбекШамбаев-е4ъ Жыл бұрын
Мұратбек красавчик тек алға мына өлең шыныменде рух береді алға тек қана 👍
@ГайшаКелдибаева
@ГайшаКелдибаева Жыл бұрын
Балам талабына Алланың нуры жаусын Өте керемет өлең Муратбек балам айналаиын мереин үстем болсын өзине Букил казакты рухтандырып әсерли жигерлендиреди .Алла куат берсин өзине жануя бауыр жан-жағына .
@muratbek-muz
@muratbek-muz Жыл бұрын
Әмин, рахмет!
@БакиткулТулегенова
@БакиткулТулегенова Жыл бұрын
Керемет алла разы болсын👍👍👍
@Укибай-щ4ь
@Укибай-щ4ь Жыл бұрын
Керемет рзамын
@КераРав
@КераРав Жыл бұрын
Керемет
@МаратТулеуов-и9ж
@МаратТулеуов-и9ж Жыл бұрын
Мұратбек інім керемет,сөзі де әні де,орындалуы да жарасымды.Өнерің өрлей берсін,аман бол !!!
@snmediaresmi
@snmediaresmi Жыл бұрын
❤❤❤❤
Бір қазақтың баласымыз (Үш жүз) - Мұратбек Тәжіғұлов
4:55
Worst flight ever
00:55
Adam W
Рет қаралды 19 МЛН
OYUNCAK MİKROFON İLE TRAFİK LAMBASINI DEĞİŞTİRDİ 😱
00:17
Melih Taşçı
Рет қаралды 11 МЛН
The CUTEST flower girl on YouTube (2019-2024)
00:10
Hungry FAM
Рет қаралды 54 МЛН
2RAR / TURAR - Әке
5:50
NG production
Рет қаралды 9 МЛН
"Табындар туралы толғау" - Мұратбек Тәжіғұлов
3:42
Мұратбек Қаражон
Рет қаралды 11 М.
Табын руы жайлы ән.
3:42
Рана Бегежанова
Рет қаралды 37 М.
"Табындар туралы толғау" - Мұратбек Тәжіғұлов
3:15
Мұратбек Қаражон
Рет қаралды 1,2 М.
Worst flight ever
00:55
Adam W
Рет қаралды 19 МЛН