Таскескендегі Аламан айтыс

  Рет қаралды 274,584

Талғат Сақан

Талғат Сақан

8 ай бұрын

Айтыс додасының дүлділдері Тұғырлы Таскескеніміздің төрінде өнер көрсетті!
Республикалық Аламан ақындар айтысы “Ауыл - Ел бесігі” деген атпен өтті.
Айтысқа ел сағынған елеулі құрам айтыскерлер қатысты. Олардың қатарында: Балғынбек Имашев, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Бекарыс Шойбеков, Сара Тоқтамысова, Мұхтар Ниязов, Сырым Әуезхан және т.б. от тілді, орақауызды ақындар болды.
Айтысты Мәжіліс депутаты, айтулы ақын Аманжол Әлтаев жүргізді.
“Ауыл - ел бесігі” республикалық аламан ақындар айтысына да Chevrolet Cobalt автокөлігін тігілді.
Әр қатысқан ақынға екі жылқыдан берілді. Қосымша ақын Балғынбек Имашевке темір тұлпар табысталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлықтау рәсімінде: “Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. “Ауыл - Ел бесігі” деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ - бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын», - деген болатын.
Осы Жарлықтан кейін ауылдарымызды дамыту бағдарламасы қабылданған болатын.
«Ауыл - Ел бесігі» жобасының басты мақсаты - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.
Таскескен төрінде өткен аламан айтыстың негізгі мақсаты - осы бастаманы қолдау, сол игі бағдарлама барысында жасалып жатқан шаруалар туралы айту, ауылдағы өзекті мәселелерді қозғау.
Еліміз бойынша 6,5 мыңға жуық ауылдық елді мекенде 7,7 млн-нан астам адам немесе ел тұрғындарының 42%-ға жуығы тұрады екен.
Біздің елдің басты байлығы - адамдар. Сол байлығымыздың басым бөлігі ауылдарда тұрады екен.
Сол үшін де ауылдарды көтеру өзекті мәселе. Сол үшін де Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың кәсіпкерлер болып ауылдарды көтеру бастамасын қолдау мақсатында осы той өткізілді, игі бастамалар қолға алынып жатыр.
Жер-жердегі кәсіпкер, байқуатты бауырларымды осы бастаманы қолдап, ауылдарымызды жаңғыртайық!
Елімізде тұғыры биік ауылдар көп болсын!
******
Талғат Сақанның инстаграм парақшасы:
👉 talgatsakan?igs...
Q4 TULPAR компаниясының инстаграм парақшасы:
q4tulpar_au...
Талғат Сақан - Q4 Tulpar халықаралық автосалондар желісінің негізін қалаушы. Қазақстанда 16 филиал, Өзбекстанда 3 филиал бар Сіз бұл каналдан Талғат Сақанның бизнес жолы, 83 млн тг қарыздан қалай құтылды?, Q4 Tulpar компаниясын қалай ашты? Қандай қоғамдық іс-шаралар жасап жатыр? Белді кәсіпкерлер мен беделді адамдармен кездесулерін, сұхбаттарын көре аласыздар.

Пікірлер: 448
@aerovokzal1563
@aerovokzal1563 8 ай бұрын
Сарамен Мұхтардың айтыстары қандай тамаша! Жөн білетін зерекқой Сара, Мұхтар досын алдын ала ойластырып, сынынан сүрінбей өтті. Айтыста, шығыстың қос жұлдызы Айнұр, ақылды, байсалды, жаныңа жылы дауысымен ерекшеленген, Сара арқалы, төкпе. Сахнада өзін керіліп қандай тамаша ұстайды. Мұхтар, азаматтығымен көлікті Сараға беріу керек дегенмен, Сараның айтысы ерекше болды. Нағыз, өз талантымен жеңіске жеттіғой. Төркінге келгендігін қандай тамаша жеткізді, тыңдап отырып көзіме жас келді. Ауылым үшін қуаныш биледі,ж жанымды. Сара қыз, жарады. Талғат бауырымызға мың алғыс, ұзақ жасасын!
@user-kh3kl7xm7v
@user-kh3kl7xm7v 8 ай бұрын
Айтысты тыңдап мәз болып тұрған ауылдың ақ көңілді адамдарын көріп өзім де мәз болдым, Талғат баурымызға шын жүректен Алла разы болсын дегім келеді, ауылдың азаматтарының көңілін бір көтеріп тастады, келешек өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге стимул берді, олар да осы ағалары сияқты ауылдарына, әке-шешелеріне жақсылық жасайды деген ойдамын, ауылдарыңыз өркендей берсін🤲🤲
@user-yw3rc5ww7g
@user-yw3rc5ww7g 8 ай бұрын
Айбек Калиевтин айтысын жалыкпай тындай бергин келеди. Оте сауатты, мадинетти , салмакты создери. Кашанда укыпты , сыйлы айтысады. Казакстаннын акылды ер азаматы. Калын Казак елин осындай ер азамат баскарса. Казакстан оте мадинетти ,болар еди.Президент сайлауына неге туспеске. Алла Тагала сизди улкен белестерге жеткизсин.
@user-ft7qc9rf7m
@user-ft7qc9rf7m 8 ай бұрын
Айбек Калиевты колдаймын, оте адебиети, создери салмакты, Сырым безкультурный улкен агасына оте жаман айт
@uzahbairamazan5937
@uzahbairamazan5937 2 ай бұрын
Айбек керемет айтыскер
@janelshinakulova563
@janelshinakulova563 8 ай бұрын
Не деген керемет айтыс❤Қазақтың әрбір азаматтары осындай болсын! Ата-Анасына мың алғыс!
@aerovokzal1563
@aerovokzal1563 8 ай бұрын
Ағынның бағын, сыңары жағады. Жансаяның бағын ашпады, Мұрадым. Мықты айтыс көрсете алмады Жансая. Балғынбекпен Айнұрдың айтысы өз алдына бір театр. Жарасымды әзіл-қалжың, ыриза боласың. Аман жүріңіздер, айтыстың Ромэясы мен Джулеттасы! Талғаттай азаматы бар Таскескен халқын, қақпаларының мәңгі құламауын тілеймін.
@user-qr9ef7fg4i
@user-qr9ef7fg4i 8 ай бұрын
Әр ауылдан осындай азаматтар болса ғой халыққа рухани азық сыйлап, дәстүрлі өнерін, ақындарын құрметтейтін, Талғат бауырымызға алланың нұры жаусын ,ісіне береке берсін 🤲🏻👏👏
@user-pl8lu2ft8h
@user-pl8lu2ft8h 8 ай бұрын
Талғат балам өлкенің өссін,біріне мың берсін,АЛЛА разы болсын. Аитысты сағынып қалған екенбіз,айызымыз қанып,рақаттанып тыңдадық.менің жомарт Талғатым...
@user-un7ey1cv7l
@user-un7ey1cv7l 8 ай бұрын
Талғаттай азаматтар көп болсын! Қыран шашып жейді,қарға басып жейді дейді. Қазақтың Талғаттай жігіттері көп болсын!
@user-fy5tm1gg9z
@user-fy5tm1gg9z 8 ай бұрын
Халықты сыйлап келип отырған ақындарға мың алғыс💯💯💯👏👏👏👍👍👍
@astekbaynazar7809
@astekbaynazar7809 8 ай бұрын
Jergilikti sanlak Serik Kusanbaev nege katispadi ekek?!
@user-hb5mq8sf7d
@user-hb5mq8sf7d 4 ай бұрын
❤😮е​@@astekbaynazar7809
@user-dc5jb7rp7q
@user-dc5jb7rp7q 8 ай бұрын
Жарайсың Айбек ақын өте мағыналы жүрекке әсерлі әңгіме аитады Халыққа керек ақынсыңғой тек биіктен көріне бер
@AaaAaa-vj3fc
@AaaAaa-vj3fc 8 ай бұрын
Негізі екінші көлікті Айбек ақынға беруі керек еді,Балғынбекке емес,шапан беріп,көлік мініп кеткені қызық болды,не үшін шапан,меккеге киген дегені үшін бе,ондай шапандар үй-үйде домалап жатыр ғой. Айнұр ақындыкі мәрттік,қолындағы жүзігін шешіп берген. Ақын қыздар мықты,Сараға уақыт тар боп қалғандай болды,арқасы терлемей қалды,шабыстың ақыны. Ары қарай Алакөлде дем алды ма екен?..Керемет айтыс болыпты.
@user-iz2yt6yh5t
@user-iz2yt6yh5t 8 ай бұрын
ЖАНСАЯ МУСИНА ЖАРАЙСЫН ӨТЕ МЫҚТЫ ҚЫЗ СӨЗГЕ ШЕШЕН ЖАҚСЫ ҚЫЗ БАҚЫТТЫ БОЛСЫН .
@uzahbairamazan5937
@uzahbairamazan5937 2 ай бұрын
Өте мəдиентті ақын.
@user-is9pw2kp8f
@user-is9pw2kp8f 8 ай бұрын
Ұлтқа қызмет ететін , отанын сүйетін азаматтар көп болсын ата -анасы қандай бақытты
@user-zv5ij7yx5s
@user-zv5ij7yx5s 8 ай бұрын
Талғат бауырым еңбегің жана берсін әр ауылдың азаматы сендей болсын. Алла отбасыңа бақ береке мықты денсаулық берсін ата анаң бауыр туысың халқымыз ел жұртым аман болсын Ақындарға сөз жоқ бәрі мықты біреуді сынау үшін жұртым өздерің ол ақындардан мықты болуларың керек.
@zhadyrakuttybekovna2993
@zhadyrakuttybekovna2993 8 ай бұрын
Талгат агамызга коп рахмет , остип , туган жеримизди коркейтип , жастарга рух сыйлап жаткан азамат ! Таскескеним жайнай бер ! 🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
@user-di7ni2yx4z
@user-di7ni2yx4z 8 ай бұрын
@user-qj9wv7iq3o
@user-qj9wv7iq3o 8 ай бұрын
Талғат ағамыз дай бауырлар көп болсын Сақандаи әкесі және анасы жуз жасасын Таскескенім ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤ нағыз ер азамат
@yrysizbassova2434
@yrysizbassova2434 8 ай бұрын
Тамаша, қандай керемет елім деген нағыз ер екен Талғат мырза. Ұрпағымен мың жасасын! Ақындар да керемееет болып кетіпті, сөздері де маржандай болып, салмақты, ойлы, терең, орынды қалжыңдары қандай! Бұл той бұрынғы тойдан өзгерек болды. Қазақтың жанына жақын, рухын көтеретін осындай тойларымыз бен пейілі дархан ерлеріміз Алла қаласа көбейе берсін!❤
@user-yk1dz4gz8x
@user-yk1dz4gz8x 8 ай бұрын
Бекарыспен Жандарбектің айтысы керемет👍🏻👍🏻👍🏻
@Rustem9090
@Rustem9090 8 ай бұрын
Айбек Ағам Аман Болыңыз. Сырым інім сөзіне сәл мән берсенші үлкен Айбек Ағама сен дегенің ұят қой.... 😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢 Үлкен Адамды құрметтеп жүрген Ел едік қой не болды сонша сенсіреп......
@user-kw4fv3xg3e
@user-kw4fv3xg3e 7 ай бұрын
Оте дурыс аитасыз
@user-kw4fv3xg3e
@user-kw4fv3xg3e 7 ай бұрын
Сырым деген тәрбиесіз
@user-rb9wj6hm7c
@user-rb9wj6hm7c 7 ай бұрын
Ия менде көріп отырып соған сәл қынжылып қалдым, Айбек ағамыз бір бөлек есімғой...
@user-sh4tr4kj4m
@user-sh4tr4kj4m 8 ай бұрын
Талғат сияқты текті ұлдар келе берсін. Мұрадым сияқты арқасы бар ақындар да керек,ешкімге ұқсамайтын. Мен оны қолдаймын.
@AigerimToleu-nx7rd
@AigerimToleu-nx7rd 8 ай бұрын
Айтыс, сөз өнері жасасын, Айтыскер ақындар жасасын, мың алғыс❤❤❤
@user-ll7nc5cn4m
@user-ll7nc5cn4m 8 ай бұрын
Талғат мырзаға ерекше алғыс айтыс ұйымдастырғаны үшін керемет сапада қасында отырғандай көріп шықтым👍👍👍
@amangulhosai4571
@amangulhosai4571 8 ай бұрын
Талғаттай азаматтарыңыз аман болса жолдарыңыды,да, салып берер мынандай той жасап беріп жатқан ұлдарыңызға рақмет айту керек
@user-zr2hz3bb5e
@user-zr2hz3bb5e 8 ай бұрын
Ай жарайсын Жандарбек бауырым, жолдан тайма.Риза болдым сены тындап жарайсын.Алга Жандарбек.🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
@Makpal-yv4uq
@Makpal-yv4uq 8 ай бұрын
Айтысты сағынып қалдық қой, жарайсыздар ақындар ,аман болыңыздар!
@user-lg3mv6hb2e
@user-lg3mv6hb2e 8 ай бұрын
Айбек Қ мәдениетті, инабатты адам. Бұрындары өлеңдері образды, бұйраланып тұрушы еді, кейінгі жылдары сылдыр су боп барады. Айбек аттың басын босатпа!
@user-qq1hu1gv8r
@user-qq1hu1gv8r 8 ай бұрын
Әй Жандарбек бауырым жарайсың: Талғат пен ата- анасының еңбегін жақсылап отырып жеткізді ғой
@user-od6yy3ei9v
@user-od6yy3ei9v 8 ай бұрын
😢8 ... Pll
@user-od6yy3ei9v
@user-od6yy3ei9v 8 ай бұрын
😢8 ... Pll
@user-kq2xn5fu7z
@user-kq2xn5fu7z 8 ай бұрын
Айтыс қазақтын төл өнері, бір-ақ ақындарымыз сонғы кезде, орысша сөздерді қосып айтыстың дәмін кетіруде
@user-hz5qq7zv5k
@user-hz5qq7zv5k 8 ай бұрын
Туууууу, тегі, көлік алғандарға , бере бередекен Әділдік жоқ Бекарыс ағамыз да керемет! Лайықты!
@zjanbolat010szs04
@zjanbolat010szs04 8 ай бұрын
Талғат брат рахмет сыйынызға Халқын көріп тұр жақсы жиынды да Беделін адамдардын алдында емес Алланын алдында жақсы сыйын ғана🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉❤
@user-cf6ti3qo2x
@user-cf6ti3qo2x 8 ай бұрын
Жансая алдына адам салмайды кушли ахын коз тиймесин Жансая бахытлы бол мартебен балент болсын Алланын панахында болгайсан Каракалпакстаннан салем.
@user-st9iz7rh2r
@user-st9iz7rh2r 8 ай бұрын
Өркені өссін Талғат деген азаматтың, расымен әр ауылдың бір жомарт Талғаты болса, қазақ ауылдары өркендеп дамып кетер еді. Екі ақынға көлік, тоғыз ақынның әрбіріне млн.нан теңге беру, ас та төк той жасау - кез келгеннің қолынан келмейтін іс.
@amanutabaev5484
@amanutabaev5484 8 ай бұрын
Хыы
@armanqazaq2958
@armanqazaq2958 8 ай бұрын
Талғат аға Бала шағаңыздын қызығын көріңіз,Дами беріңіздер Алла тіл көзден сақтасын,Өрескел ұрпаққа үлгі аға болдыңыз Ма Ша Аллах,Пейіліңіз тарылмасын Алла Жолыңызды аша берсін,Мол табыс келе берсін әмин,Менде Алла қаласа сіздей елге өңегелі аға болғам әмин Ауылымды көтерем, Ин ша Аллах 🕌🇰🇿🍞🫂🏘️📚🐎🐄🐑🐐
@user-km5yy9ze6k
@user-km5yy9ze6k 8 ай бұрын
Айұр пергш
@user-bb1hg6gz7q
@user-bb1hg6gz7q 8 ай бұрын
Мухтар баламыз женди бул айтыста Жолын Сарага берди
@user-md9jx4uf2u
@user-md9jx4uf2u 8 ай бұрын
Кереметі айтыс болды👍👏👏Талғаттай Азаматтар әр ауылда болса, ауылдар жайнап тұрар еді. Таскескен ауылы, азаматтары басқа ауылға үлгі боларлықтай екен!Аман болыңыздар!!!
@amangulhosai4571
@amangulhosai4571 8 ай бұрын
Талғат нағыз халқын ойлаған азамат екен еңбегі ұшан теңіз еңбегің еселенсін бауырым алла жар болсын
@user-rv9tz6ke5k
@user-rv9tz6ke5k 8 ай бұрын
Керемет аитыс болыпты Талғат бауырыма алла разы болсын. Ауылын көркеитып көңілдерін бір көтеріп жатыр екен жараисың. Шіркін осындаи машина арманың бірі ғои, бірақ әтең тоның келтесаи десей 😊
@Makpal-yv4uq
@Makpal-yv4uq 8 ай бұрын
Бір демде көріп шықтым ғой, шіркін ай қандай керемет, мен мен деген ақындар келіпті,қаншама тілек айтылып жатыр қабыл болсын! Әй бірақ біздің найманның ақындары, Жетісу тумалары басым болды-ә,. Талғат ерге мың алғыс, берекеңіз арта берсін, аман болыңыз ! Ауылға шеге қағып ,кейінгі ұрпаққа өнеге бола білдіңіз......❤
@user-fy5tm1gg9z
@user-fy5tm1gg9z 8 ай бұрын
Не деген халық күннің ыстығына қарамай турып қолдап тұрған айтыстан артық жоқау айтысты сағындық шынында бұрында интернет жоқ сотка жоқ телевизордан көрушедик уайым жоқ қайғы жоқ кредит жоқ туған -туыс тату тәтті болған,заман еди.Қазир тек ақша билеген заман доста туыста ақшан болса издейди.Айтысты көрип бир демалып қалдық.Балалық шақ еске түсип қайтыс болған әке-шешем есиме түсип.Айтыс деген өте жақсыгой адамның миы ішкі жан дүниесі демалады.Осыны ұйымдастарған ағаларға мың алғыс👏👏👏
@user-se2qu3yr2k
@user-se2qu3yr2k 8 ай бұрын
Ауылын ойлаған Талғат ағамызға Алла күш қуат берсін, отбасына береке бірлік берсін, мол ризық берсін, бұданда бай болсын. Елімізде осындай мәрт жомарт жігіттер көбейе берсін.
@user-is9pw2kp8f
@user-is9pw2kp8f 8 ай бұрын
Айтысты сағынған бар қазақ бір қуанды ау аман болыңдар ❤
@user-tp7lf3yp3z
@user-tp7lf3yp3z 8 ай бұрын
Күшті той болыпты. Осындай тойлар болсын Қазақ даласында
@user-qq1hu1gv8r
@user-qq1hu1gv8r 8 ай бұрын
Мұхтар ақын осы жолы жарады: Бауырымызға шапан жауып:
@aklimaakanova1784
@aklimaakanova1784 5 ай бұрын
Жарасiн,Казак елiм!!! Бакытты болыныз,Талгат баурым!!!Ана,акенiз аман болсын!!!❤❤❤
@user-kn5ns9eb4j
@user-kn5ns9eb4j 8 ай бұрын
Мұрадым жақсы айтыса алмайды, Жансая мықты айтыскер қазақтың ақын қызы👏
@user-pl1tm9rn7j
@user-pl1tm9rn7j 8 ай бұрын
Талгат оте бай екен, мына келген артистер анау-мынау акшага келмейдиго, барекелди осылай халкынмен болискенин Керемет Алла берекесин берсин
@user-zy5ph9st7u
@user-zy5ph9st7u 8 ай бұрын
Жүрсін ағамыз осыған дейін дамытып келген айтысты, қазақтың дем -тынысын тоқтатпаңыздаршы , көп қазақ осыған қосылады деп ойлаймын,айтыс ақындарынан көптеген Қазақтың рухын көтеретін ақындар, композиторлар, әншілер шығып жатыр. Жүрсін ағамыздың атын Қазақстанда алтын әріппен жазса да аз.Осы айтысты көруге мүмкіндік берген Талғат бауырыма мың да бір рахмет!Алланың нұры жаусын.
@vokkaktobe7288
@vokkaktobe7288 8 ай бұрын
😢ееюж❤❤❤❤ёёёёө❤лнч
@user-ps6tl4ui9h
@user-ps6tl4ui9h 8 ай бұрын
ن😂😂😅❤😊
@user-ps6tl4ui9h
@user-ps6tl4ui9h 8 ай бұрын
дамыйберсын
@user-ps6tl4ui9h
@user-ps6tl4ui9h 8 ай бұрын
25:07
@user-yj4vm4dr9d
@user-yj4vm4dr9d 7 ай бұрын
Ақындар айтысын,Жүрсін ағаларыңның еңбегі еш кетпесін ,ары қарай жалғастыра беріңдер,айтыстың бағы жана берсін.
@user-lm6lv3ut1z
@user-lm6lv3ut1z 8 ай бұрын
Ширкен Сара десе Сарагой ,бакытты бол айналайын ,кокиреги сайрап тургой ,акын десе акынгой дара шабар ,дулдил акынгой ,шабысына карасын илиндирмес шап ,карындасым шап .Барекелде мыкты акын карындасымыз жаны жамандык кормесин .
@qazaq814
@qazaq814 8 ай бұрын
Бұл айтыста келелі ой айтылған жоқ. Таскескен де Талғат деген азамат та жасай берсін. Бірақ құр мақтау мадақтау боп кетті.. Кейбір ақын өзін өзі мақтап қазын қуды..
@user-qq1hu1gv8r
@user-qq1hu1gv8r 8 ай бұрын
Сара: Таскескеннің мәртебесін бір көтеріп тастады ғой: Ауылдан шыққан атақтыларын да атауды: Ауылдарын да атауды ұмытпапты
@user-sf4ov2rn7m
@user-sf4ov2rn7m 8 ай бұрын
Керемет осындай ауылын ойлайтын азаматтар жасасын!
@user-jq4fn5xu8v
@user-jq4fn5xu8v 8 ай бұрын
ассалаұмағалайкум осндай азаматтар коп болсын.баұрына басппай байлғын. елне жерне қалқна.тасып жатқан байлғын таскескенге.арнап жатқан талғат сақан ұлы. байлғың тастай берык. рсың арта берсын. мұралыдм жақсы бастады.
@user-is9pw2kp8f
@user-is9pw2kp8f 8 ай бұрын
Айтысты ұымдастырған Азаматтар аман болсын Айбек Қалиев сиақты інісне кешіріммен қараған шындықты айтқан айтыскерді көрмедім немесе маған Айбек Қалиев туыста емес ауылдаста емес . Айтыс өнерін бағалайтын Түркістан обл яғни оңт өңірінен боламын
@user-ei7ut5vk3m
@user-ei7ut5vk3m 8 ай бұрын
Бекарыс ағамыздың айтысын көрсем көңілімнің қыртысын жазамын және арқаланып рухтанамын
@zuhra7571
@zuhra7571 8 ай бұрын
Мурадым этикадан асып кетті сөздері біртүрлі қыз балаға көпшілік алдында осындай сөздер айтпайды
@user-bt5xn8bb6s
@user-bt5xn8bb6s 8 ай бұрын
Жансая ақын мықты ғой, әзіл шыны аралас қадап айтады.
@user-sb7mi8ll5z
@user-sb7mi8ll5z 8 ай бұрын
Жарайсың Талғат ! Ауылымыз өркендей берсін ! Еңбегің биіктей берсін ! Той бола берсін Таскескенде !
@user-mi8vn5pz3o
@user-mi8vn5pz3o 7 ай бұрын
Таскескен каи калада
@rustemmuxanov9279
@rustemmuxanov9279 8 ай бұрын
Айнур молодец Алла разы болсын сизге, барлык тыгырыктан шгып кетедиго
@Adai_1987.
@Adai_1987. 8 ай бұрын
Керемет Айтыс болды! Бірақ айтысқа жас ақындар неге келмеген, кілең айтыстың серкелері келіпті ғой.
@user-kn5ns9eb4j
@user-kn5ns9eb4j 8 ай бұрын
Мұхтар жарайсың, мықты айтыскер ақын, Сара бұл жолы жарадың 👍 Мұхтар таза айтыскер
@galymkaniev2881
@galymkaniev2881 8 ай бұрын
Бекарыс пен Жандарбек те мытылар
@user-xw6mv1sm1d
@user-xw6mv1sm1d 2 ай бұрын
Айналайын бауырым ҚаСақ-Қазақ-Қазах-Қазағым менің жақсы болды осы Таскескен айтысы жүрегіміз жіпсіп көзімізге жас алып алдық. Рахмет бауырым, Рахымет сізге Ата бабамыз бір жақсы болып қалдық.❤❤❤☀️🌝🌏🇰🇿🤲🫱 Жаратүшы Құдайым ТӘҢІРІМ Алла Тағала Жар болсын Адам баласына Қазаққа, Арүақтар қолдап жүрсін, періштелеріміз демеп жүрсін.еліміз ді❤🤲🇰🇿☀️🌞🌝 Батамен Ер көтереді,Ермен Жер көгереді.деген Ата бабамыз.. Ер Рұхты Қазағым көп болсын.,жүрегімізде мейрім маххаббат болсын отбасыларымвз аман болсын Қазағым.❤
@user-kw1mm1gl1h
@user-kw1mm1gl1h 8 ай бұрын
Ассалам алейкум! Алла разы болсын! Алла тірлігіңізге береке берсін!
@user-ci9ss4ww1n
@user-ci9ss4ww1n 8 ай бұрын
Керемет👍👏🔥 Талғат бауырымызға мың алғыс❤️❤️❤️
@zh.zh888
@zh.zh888 8 ай бұрын
Сырымға мәдениетті айтысу керек. Ең жас ақын. Айтыс-айтыс.. Сіз,біз деген сөз болу керек,үлкенге
@user-di6bc5mm5p
@user-di6bc5mm5p 8 ай бұрын
Баракелде! Балгынбек акын бар бол! Кыргыздар сени жакшы көрүп, кадырлайт. Ар дайым калыстыгыңдан тайба! Сен супер акынсың! 👍
@fortune1740
@fortune1740 8 ай бұрын
Килен куштилерди жинап зор айтыс болыпты
@user-hb6dr2sy5b
@user-hb6dr2sy5b 8 ай бұрын
Осындай жігіттер көп болсын біздің елде
@user-ls9gu1lg7n
@user-ls9gu1lg7n 8 ай бұрын
Тәкең жасаған той құтты болсын БӘРЕКЕЛДІ
@user-rq5si5zh9u
@user-rq5si5zh9u 7 ай бұрын
Ақындар аман болсын, қазақтың айтыс өнері дами берсін,асқақтай берсін Бұл өнер әлем елдері бойынша тек қазақта ғана
@user-zv5ij7yx5s
@user-zv5ij7yx5s 8 ай бұрын
Талғат бауырым еңбегің жана берсін'АллаТаскескен
@user-nl1mx7bd1t
@user-nl1mx7bd1t 7 ай бұрын
Мусинаны өте құрметтеймін жақсы көрем
@user-zr2hz3bb5e
@user-zr2hz3bb5e 8 ай бұрын
Жарадын Жандарбек Талдыкорганнан карап отырмын .Алга.
@zhumashovakanygul2260
@zhumashovakanygul2260 8 ай бұрын
Тойунар маарек болсун ийгилик акындырга ,👏👏👏👏👏👍👍👍👍👍💐💐💐💐💐💐
@user-yz8jm7os1o
@user-yz8jm7os1o 8 ай бұрын
Ассалаумағалейкум Тәке Алла разы болсын керемет алтын бесік ауылың жайнай берсін
@user-lg3mv6hb2e
@user-lg3mv6hb2e 8 ай бұрын
Нұрлан Е. қайда, жақсы ақын. Мақсат А. екеуінің домбыралары жұртты елітіп әкетеді👍👏
@user-pr5cl1hl9y
@user-pr5cl1hl9y 8 ай бұрын
Керемет айтыс болды! Әр ақынның өзіндік орны,өзіндік сөз саптауы,мәнері бар.Қыз бен жігіт айтысы да,қағыта отырып әзіл айтыс та,мәдениетті айтыс та болды.Барлық айтыскер ақындарға рахмет!Әншілер сөзін жаттап айтса,бұлар табан астында сөз тауып айтады,Алланың берген нағыз таланты!Шабыттарың шалқи берсін! Талғат бауырым, халыққа жасаған жақсылығын өзіңе еселеніп қайтсын!
@galymkaniev2881
@galymkaniev2881 8 ай бұрын
Айбек мықты айтыскер ғой , Сырымды тұқыртып жіберді ғой
@AaaAaa-vj3fc
@AaaAaa-vj3fc 8 ай бұрын
Айбек ақын -айтыстың ақтаңгері ғой,шіркін,керемет айтысы.
@user-ty3do2ks8n
@user-ty3do2ks8n 8 ай бұрын
Бекарыс ага мен Жандарбек катты уксайды турлери.Жандарбек картайганда агадан аунымайтын сиякты😊
@user-yo6bb5ow2n
@user-yo6bb5ow2n 8 ай бұрын
Талғат інім азаматтың азаматы ғой.Елін жерін бүкіл қазақ еліне танытып жатқан,қай бизнесмен осылай той жасап жатыр,ойлайтындары тек қара бастарының қамы,мәрт жомарт болса,Талғаттай ақ болсын,өркенің өсе берсін Талғат інім,Алланың шапағатында бол,қолдаушың Жаратқан болсын.
@user-yz8ez8du8z
@user-yz8ez8du8z 8 ай бұрын
Балгынбегим аман болсын
@amangulhosai4571
@amangulhosai4571 8 ай бұрын
Керемет айтыс болыпты Ақындардың бәрі мықты Мұрадым жаман ақын емес бүгін бабына келмей отыр нағыз қожанасыр ақын жаман ақын емес менің Бекарыс бауырым керемет ақын ғой нағыз төре төрелігін айтады біздің Қаоағанды ның ақындары қайда дидар,Мақсат,Айтбай,ақындар қайда шақырылмаған ба
@user-yn4ik9fh7c
@user-yn4ik9fh7c 8 ай бұрын
Шыгысымнын улдары да кыздары да таудын тасындай сакылдап.алмас кылыштай жаркырап тур.Той керемет болыпты Айнур акын айткан Шолпан ауылынын карбызы Астана базарында оте багаланады.Шолпан ауылында туып остим.❤❤❤
@AaaAaa-vj3fc
@AaaAaa-vj3fc 8 ай бұрын
Алматы астанадан алыс па,неге Алматыда емес,ол Шолпан ауылының қарбызы,естімедік қой сатқанын.
@user-hi6kl9dn3g
@user-hi6kl9dn3g 8 ай бұрын
Жансая мықты ақын , жарайсың
@user-ob4gy3tl9b
@user-ob4gy3tl9b 8 ай бұрын
Алла разы болсын Талғат ағаға!
@user-qy2mb4kb1t
@user-qy2mb4kb1t 8 ай бұрын
Осы Сараның аитысын сағындык неге бұрвнғыдаи аитыс бермеима.
@OryngulMekebaeva
@OryngulMekebaeva 2 ай бұрын
Тіс қаққан мықты айтыскерлер жиналған айтыс бопты👍🏻👍🏻👍🏻
@yourdream1890
@yourdream1890 8 ай бұрын
Ассалаумағалайкум, Талғат ағамыз керемет еліне той беріпті той тойға ұлассын,Бекарыстан асатын ешкім жоқ
@user-gb2fk3lz6m
@user-gb2fk3lz6m 8 ай бұрын
Сәләфит ақындар кайта шыгыптыго
@user-pp7lh2zg4e
@user-pp7lh2zg4e 8 ай бұрын
😂👍
@user-qq1hu1gv8r
@user-qq1hu1gv8r 8 ай бұрын
Айнұр: аулымыздың тек кемшілігін ғана айта бермеші а: Таскескен кезінде шетелдің аварияға түскен адамдарын емдеп көмектескен: 4-5жыл бұрын 92 нің жолы бұзылса дағы қыста дүлей боранда жолда қалған 200жолаушыны әрбір үй қондырып қонақ қылып көмектескен: сондай керек жерлерін айту керек адам деген: Жолды шама келгенше 92 ден бастап жөндеп жатыр:
@nurgulospanova7734
@nurgulospanova7734 8 ай бұрын
Бар тапқанын таратқан туған жерге, бір алламыз сақтасын бұл әулетті.Тіл көзден аман болсын жұлдыздарды ауылына жинап келген.🎉
@nura.nura.
@nura.nura. 8 ай бұрын
Эски ак таңдай акындарды көрүп аябай кубандым.Айнур,Сара сахнага кайтканыңар жакшы болду.Силердин айтышыңарды сүйүп угам.
@user-dx5ls7ub8g
@user-dx5ls7ub8g 8 ай бұрын
Өркенің өссін балам,арқаңнан еретін жастар көп босын!
@user-fo5ij5ru6h
@user-fo5ij5ru6h 8 ай бұрын
Тамаша той болды бурын чабан той сабан той болушы еды ауылда енды Сакан той болды ауылга келгенде колынын ушын азер беретын ауылдан шыккан калталы азаматтар уялганынан келе алмады
@AaaAaa-vj3fc
@AaaAaa-vj3fc 8 ай бұрын
Күзде егін орылып,басылып,шөп шабылып,бау-бақша жиналып біткесін,масақ теретін,Сабантой болатын,ән шырқап,жыр жырлап шад-шадыман болатын күзгесалым жайма-шуақ күндерде,аналарымыз ән айтатын,қазақ,татар,украин әндерін тамаша орындайтын.
@amangulhosai4571
@amangulhosai4571 8 ай бұрын
Қарағандының ақындары қайда сен ат мен тұрайын дейтін ақындарымыз Дидар Мақсат Айтбай бауырлар қайдасыңдар
@sakyp5175
@sakyp5175 8 ай бұрын
Мықты айтыскерлердің жиналғаны үлкен қуаныш, бірақ дүлдүл ақындардың кесек ой айтып, елдік мәселелерді көтермегені, халықтың көкейіндегі қордаланған проблемалары көтерілмегені өкінішті. Ринат Зайытов қайда?
@user-nu4yl9xr1j
@user-nu4yl9xr1j 8 ай бұрын
Не керегы бар шашылып ,кайдагы аншылерге.Оданда Таскескеннен ары жол жасап бер халык быр куансын .Маканшы ,селоларда жол нашар.Байлыгын тасып бара жатса автобус бер.Халык киналып жур.
@user-zo9vy1bl2t
@user-zo9vy1bl2t 8 ай бұрын
Әнші емес қо бұлар ақындар ғо
@bekzhasarbeka1530
@bekzhasarbeka1530 8 ай бұрын
Бекарыс шайнады Жандарбекті
@user-jf1zb3zr2r
@user-jf1zb3zr2r 8 ай бұрын
ЖАНСАЯ МЕН МАХСАТ АХАНОВ ЕКЕУИ КЕРЕМЕТ АЙТЫСАДЫ АЛ МВРСДЫМА КЕЛСЕК
@user-gq4og3oo5h
@user-gq4og3oo5h 8 ай бұрын
Мұхтар шаппады осы жолы, бабы келмеді. Жігітпен айтысы жүйрік болар еді
@user-qq1hu1gv8r
@user-qq1hu1gv8r 8 ай бұрын
Мұхтар бауырым Талғат сияқты жомарттығыңнан айналдым
@user-sv4xy9dw7j
@user-sv4xy9dw7j 8 ай бұрын
Керемет айтыс болды Талгат агамыз жомарт киси екен озиме бергендей куандымгой Балгынбек агага машина бергенине😊
@user-zn3uv7nk1g
@user-zn3uv7nk1g 8 ай бұрын
Айтыс мәңгі өлмесін айтыстай арда өнері бар қазақтың күні Сөнбесін өнерің өркендетіп ақындарын аялап асқақтай берсін
@user-kq7ys3ev2y
@user-kq7ys3ev2y 8 ай бұрын
Керемет болыпты. Алла қабыл етсін
СОЗАҚ АЙТЫС 2023 || АЙБЕК ПЕН ДИДАР
39:11
RAUAN TASTANBEKOV
Рет қаралды 80 М.
I PEELED OFF THE CARDBOARD WATERMELON!#asmr
00:56
HAYATAKU はやたく
Рет қаралды 36 МЛН
He Threw A Banana Peel At A Child🍌🙈😿
00:27
Giggle Jiggle
Рет қаралды 18 МЛН
КАХА и Джин 2
00:36
К-Media
Рет қаралды 2 МЛН
CAN YOU HELP ME? (ROAD TO 100 MLN!) #shorts
00:26
PANDA BOI
Рет қаралды 12 МЛН
Жандарбек пен Сырымның айтысы
41:57
Казайтыс порталы
Рет қаралды 1,3 МЛН
I PEELED OFF THE CARDBOARD WATERMELON!#asmr
00:56
HAYATAKU はやたく
Рет қаралды 36 МЛН