ТАРАЗДА ТӘЖІК ЭТНОСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ . ВСТРЕЧА С ТАДЖИКСКИМ ЭТНОСОМ

  Рет қаралды 54

Ахат Мадалиев

Ахат Мадалиев

4 ай бұрын

Биылғы жылдың 8-ақпанында Тараз қаласының Достық үйінде «Жамбыл облыстық Тәжіктер этномәдени бірлестігі» ҚБ ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ақбаржон Исмаиловпен кездесуі өтті. 📌
🔷Тәжік этносының жергілікті өкілдері қонақтарды этномузыкамен және арнайы мәдени бағдарламамен қарсы алды. Оларға тұрмыстық заттар, тәжік этносының музыкалық аспаптары және жәдігерлері кіретін арнайы көрме-экспозиция ұсынылды.
🔷Жиын этносаралық қатынастардың тұрақтылығы және өңірдегі тәжік этносының ахуалын бағдарлау тұрғысында өткізілді. Ғалымжан Махан тәжік этномәдени бірлестіктері құрылу тарихының түпқазығынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тыныс-тіршілігіне тоқталды.
🔷Спикер ҚХА жұмысы, құрылымдардың жүйелі жұмысының маңыздылығы, жастар арасынан жаңа көшбасшылар құрудың, әйелдерді белсенді қоғамдық өмірге тартудың өзектілігін, бірлестік өкілдеріне мемлекеттік тілді үйренуге де зор мән беру керектігі және мемлекет тарапынан бұл іс-қимылдарды жүзеге асыруға қажетті барлық мүмкіндіктер жасалғандығын тілге тиек етті. Өз сөзінде этносаралық бағыттағы көптеген маңызды мәселелерге шолу жасай келе, тәжік мәдениетінде алдыңғы орынға ие қолөнер көрмелері мен музыкалық шығармашылықтарын республикалық деңгейге дейін көтеру мәселесіне аса мән беруді айтып өтті.
🔷Сондай-ақ, Ақбаржон Исмаилов өзге этностардың қасиетті Қазақстан жерінде туылып өскендіктен және Қазақ елінің оларға салт-дәстүрі мен мәдениетін өсіп-өндіруге, сақтауға зор мүмкіндіктер жасап отырғандықтан, мемлекеттік тіл - қазақ тілін үйренуге және мәдениеті мен тарихын білуге ерекше ықылас қою керектігін баса айтты: «Мұндай мүмкіндіктер этностарға тек Қазақстанда ғана жасалған, осының қадірін білу керек. Қазіргі кезде тәжіктер бірлестіктерінің өкілдері қазақ тілін өте жетік меңгерген, 100 пайызға біледі десем де артық болмайды. Жалпы республика бойынша 11 этномәдени бірлестік филиалдары бар, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады».
🔷Бұған қоса, Тараз қалалық Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдырахман Зайнутдинов тәжік этносының тарихына көз жүгіртіп, тәжік және өзбек этностарының өзара тығыз байланысы мен жақындығы туралы баяндап берді. Сонымен бірге, бірлестік төрағасы Махкам Орифов орталықпен атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады.📌
🔷Шара соңы қоғамдық-мәдени жұмыстарға атсалысқан тәжік этносы өкілдері мен жастарының ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісі, ҚХА төрағасының орынбасары Алмас Әзілхановтың Алғысхаттарымен марапатталуымен аяқталды.
🖍️«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі 8 февраля этого года в Доме Дружбы заместитель заведующего Секретариатом АНК Администрации Президента РК Галымжан Махан и заместитель председателя Ассамблеи народа Казахстана Акбаржон Исмаилов
встретились с представителями Таджикского этнокультурного объединения Жамбылской области.
🔷Гостей встречали этномузыкой, культурной программой. Им была представлена экспозиция, в которую вошли предметы обихода, музыкальные инструменты таджикского этноса и т.д.
🔷Во время выступления Галымжан Махан говорил о работе АНК, важности систематической работе структур. Отмечал актуальность изучение государственного языка, генерации новых лидеров из числа молодежи, активного вовлечения женщин в активную общественную жизнь и многом другом. По его словам для этого созданы все необходимые условия.
🔷Также, Акбаржон Исмаилов отметил, что, поскольку другие этносы родились и выросли на священной казахстанской земле, а Казахстан предоставляет им большие возможности для роста и сохранения традиций и культуры, особое внимание необходимо уделить изучению государственного языка, культуры и истории страны: «Такие возможности созданы только для этносов Казахстана и об этом должны знать все. Сейчас представители таджикских объединений примерно на 100%
владеют казахским языком. Всего по республике насчитывается 11 филиалов республиканского этнокультурного объединения».
🔷В своем выступлении председатель Узбекского центра г. Тараз Абдурахман Зайнутдинов провел экскурс в историю, рассказал о взаимосвязи таджикского и узбекского этносов.
🔷Председатель таджикского объединения Махкам Орифов рассказал историю объединения, остановился подробно на проводимой работе.
🔷Мероприятие завершилось церемонией награждения. Активным представителям и молодежи объединения были вручены Благодарственные письма от имени заведующего Секретариатом АНК Администрации Президента РК, председателя АНК Алмаса Азильханова.
🖍️Отдел информационной работы и связей с общественностью

Пікірлер
Жалпақтөбе ауылы | Туған Ел
10:01
Телеканал 24kz
Рет қаралды 1,1 М.
Miracle Doctor Saves Blind Girl ❤️
00:59
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 70 МЛН
Why You Should Always Help Others ❤️
00:40
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 79 МЛН
🍕Пиццерия FNAF в реальной жизни #shorts
00:41
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 6 СЕРИЯ
21:57
Inter Production
Рет қаралды 522 М.
Әлішерді әлекке салған Аида!
22:38
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 2 М.
ТҮЛЕКТЕРГЕ 42 ЖЫЛ
2:23
Манап Өтебаев атындағы ЖЖТК
Рет қаралды 38
Самый богатый человек в Казахстане
7:20
Лариса Юн-Бойевна Пак
Рет қаралды 159 М.
ТарМУ/ТарГУ/TarSU - 2019
4:32
Dulaty University
Рет қаралды 2,9 М.
Последний день зимы 2024
10:39
Владимир Немытов
Рет қаралды 2,8 М.
Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов | Әкім
10:25
3 июня 2024 г.
2:55
Канат Нурмухамедов
Рет қаралды 5
Miracle Doctor Saves Blind Girl ❤️
00:59
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 70 МЛН