Тарихы тағылымға толы Жамбыл облысы. «Қазақстанға қош келдіңіз!»

  Рет қаралды 1,210

Jibek Joly TV

Jibek Joly TV

2 жыл бұрын

Welcome to Kz. № 7
Шығарылым сипаттамасы:
Неліктен Жамбыл облысында тасқа қашалған суреттер, яғни петроглифтер көп кездеседі? Қарасай шатқалында жойылып кеткен қандай көне жануарларды кездестіруге болады? Ақыртас сарайының қалдықтарын Римдегі Колизеймен салыстыру орынды ма? Мыңдаған жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан құмдарының ортасында орасан зор кешенді кім салды? Бұл туралы «Қазақстанға қош келдіңіз!» жобасының жаңа шығарылымында баяндаймыз.
Тараз тарихымен танысуды көне заманнан бастау керек. Шынында да, қала маңында біздің заманға дейінгі өнер галереясы сақталған. Бұл - Қарасай шатқалындағы петроглифтер. Олар ерте темір дәуіріне немесе біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдыққа жатады. Петроглифтер патинамен қапталған отызға жуық таста бейнеленген.
Жамбыл облысы петроглифтерге өте бай. Олар Шу-Іле тауларында, Қотыр, Ақсуек, Ақбұлым және басқа да көптеген шатқалдарда кездеседі. Зерттеушілер оларды XIX ғасырдың аяғында анықтай бастады және ежелгі суретшілердің туындылары әлі күнге дейін табылуда. Бір ғана Қарасай шатқалында 500 жуық петроглиф бар, бірақ шындығында бұдан да көп болуы мүмкін.
Ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа қарай тарих толқынымен жылжи отырып, біз Ақыртас сәулет-археологиялық кешеніне ат басын бұрдық. Ол Жамбыл облысының аумағында, Тараздан 45 шақырым жерде орналасқан. Тарихи нысан бүкіл әлем археологтарының назарын аударады.
Сәулет нысаны үлкен қызыл құмтас блоктарынан салынған. Жердің астына түсетін іргетастың биіктігі 4 метрге, ал қабырғаларының қалыңдығы 5 метрге дейін жеткен. Ең жақын су көзі - Ақыртастан 4 шақырым жердегі бұлақтар, бірақ кешен сумен жабдықтауда қиындық көрмеген. Өйткені су құбырлары болған. Бұл - VIII ғасырдағы инженерияның кереметі.
Сарайды арабтардың Орта Азияны жаулап алу жорықтарын ұйымдастырған, Мавераннахрды жаулап алушы Кутейба ибн Муслим салған деген нұсқа ғалымдардың ішінде кең таралған. Бұл нұсқа ғимараттың неге аяғына дейін тұрғызылып бітпегенін және қараусыз қалғанын түсіндіреді. Өйткені кешірек Кутейба сепаратист деген күдікке ілінеді. Шұғыл түрде Бағдадқа шақыртылып, сол жерде өлім жазасына кесілді. Алайда мұндай алып құрылымның жер бетінен ізсіз жоғалмайтыны айтпаса да түсінікті.
Кезінде Ақыртас сарайы 4 бөліктен тұрған, ал оның ортасында 2 тоғаны бар орталық алаң орналасты. Кешенде тек сарай ғана емес, сонымен қатар саябақ, сазды карьер және басқа да нысандар болған. Негізгі ғимараттың бөліктеріне оралсақ, одан шығатын дәліз тәрізді бірнеше бөлме бар, олар салынып бітпеген. Тағы бір бөлігі 12 тұрғын-жай мен 5 шаруашылық нысаннан тұрады. Тағы 13 бөлме үлкен ауланы айнала орналасқан.
Кешеннің құрылысында пайдаланылған барлық материалдар сарайдың өзінен 400 метр жерде өндірілген. Сондай-ақ кешеннен біршама қашықтықта археологтар керуен сарайының іздерін тапты, бірақ ол XIII ғасырға жатады.
Толығырақ: qazaqtv.com/kk/programms/welc...
#WelcomeТoKazakhstan #ЖамбылОблысы #Петроглиф #Колизей #ЖамбылОблысы #Тарих #Археолог #Керуен Сарай #Рим #ҚазақстанғаҚошКелдіңіз #QazaqTV
Qazaq TV: бізді спутниктік арна арқылы және KZbin, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
Qazaq TV: смотрите нас на спутниковом ТВ, в KZbin и социальных сетях. Оставляйте ваши коммментарии под этим видео.
Watch us on satellite TV, KZbin and social networks. Leave your comments under this video!
Qazaq TV арнасына жазылыңыз / Подписывайтесь на Qazaq TV / Subscribe to Qazaq TV
kzbin.info...
Біздің басты шоуларды көріңіз / Смотрите наши топовые шоу / Watch our top shows
Qazaq Golden Hits
• Qazaq Golden Hits
Trails of Nomads
• Trails of Nomads
Байланыс аясынан тыс жерде
• Байланыс аясынан тыс ж...
Біздің сайт / Наш сайт / Our website - qazaqtv.com/
Vkontakte - kazakhtv
Facebook - / qazaqtvkz
Twitter - / qazaq_tv
Instagram - / qazaqtv_kz
Telegram - t.me/Kazakh_tv

Пікірлер
The Worlds Most Powerfull Batteries !
00:48
Woody & Kleiny
Рет қаралды 28 МЛН
1 класс vs 11 класс  (игрушка)
00:30
БЕРТ
Рет қаралды 3,1 МЛН
Они убрались очень быстро!
00:40
Аришнев
Рет қаралды 2,8 МЛН
Жаңалықтар | 13.06.2024 | 19:00
22:27
Khabar NEWS
Рет қаралды 995
Путешествие к началу времён
1:26:46
KOSMO
Рет қаралды 20 МЛН
Тараз қаласы / Туған қала
2:21
Білім және Мәдениет арнасы
Рет қаралды 9 М.
Жамбыл облысы / AŃYZ AIMAQ (16.12.19)
8:04
Atameken Business Programs / Атамекен Бизнес
Рет қаралды 828
ШАҺАР ШЕЖІРЕСІ. Тараз қаласы
20:07
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 1,2 М.
The Worlds Most Powerfull Batteries !
00:48
Woody & Kleiny
Рет қаралды 28 МЛН