Тарының ағзаға пайдасы мен зияны.

  Рет қаралды 2,355

Денсаулык - байлык

Денсаулык - байлык

4 ай бұрын

Тары - ұзақ мерзімге сақталатын құнды дақыл. Халқымыз "жауынгер дақыл" деп те атайды. Себебі тары қуаңшылыққа, аңызаққа және ыстыққа төзімді, дихандардан көп күтімді талап етпейді.
Ғалымдар тарының шығу тарихы V-VII ғасырлардан тамыр тартады деп жазып жүр. Әлемде тарының бес жүзден астам түрі өсетіні туралы да деректер бар. Бұл бағалы дақыл тұңғыш Шығыс елдерінде, соның ішінде Үндістан, Моңғолия мен Алтайда шыққан деген пайымдаулар алға тартылуда. Тарының бағалы да құнарлы дақыл екенін ата-бабаларымыз ертеден білген. Сондықтан да артына "Кеспе көже күн батқанша, бидай көже ел жатқанша, тары көже таң атқанша" деген сөз қалдырған.
Тарының тағам ретіндегі құнары мен жұғымдылығы, денсаулыққа пайдасы ғылымда әлдеқашан дәлелденген. Адам ағзасына тоқтықты дарытуымен бірге, емдік қасиетімен де қадірлі. Ол адамға күш-қуат береді, бауырдың жұмысын жақсартады, қан қысымын реттейді және ішек-қарын жұмысын жақсартады. Ғалымдар басқа да емдік қасиетімен бірге, адам ағзасындағы улы заттарды жоюға да септігі бар дегенді айтады.
Тары - адам ағзасына керекті дәрумендердің қайнар көзі. Онда ақуыз жеткілікті. Аллергияға әсер етер глютен жоқ. В тобындағы дәрумендерге, бауырға қажетті холинге бай. Сүйекке, жүрекке, иммунитетті көтеруге керек магний мен фосфор, калий, цинк көп. Онда көз жанарының бұзылуына әсер етерлік заттардың әрекетін тежейтін антиоксиданттар да бар. Өт қабы мен өт жолдарына пайдасы бар.
• Тарының ағзаға пайдасы...
#тарының пайдасы
#тары дайындау
#Тарының емдік қасиеті
#денсаулыққа пайдалы кеңестер
#Пайдалы ақпарат
#бауырды емдеу жолдары
#Пияздың қабығының пайдасы
#Сарымсақтың пайдасы мен зияны
#сарымсақ суының пайдасы
#Құрманың пайдасы мен зияны
#жылқы еті
#Сиыр еті
#қой етінің пайдасы
#Сары майдың емдік қасиеті

Пікірлер: 15
@aseltolegenova215
@aseltolegenova215 Ай бұрын
🎉🎉🎉🎉
@aidanaakbayeva9275
@aidanaakbayeva9275 2 ай бұрын
👍👍рахмет
@user-kf5rv9ry3i
@user-kf5rv9ry3i 3 ай бұрын
Керемет
@Densaulyk98
@Densaulyk98 4 ай бұрын
Тарыны күнделікті қолданасызба??
@munisasadyrhanova930
@munisasadyrhanova930 4 ай бұрын
РАХМАТ ❤❤
@user-ld2dd4vh9v
@user-ld2dd4vh9v 29 күн бұрын
Суғай қайнатпай, суға бір шәіп сүтке қайнатып, пісуге жақындағанда қант пен сары май қосып бұқтырып қоямын. Жетісіне екі рет немерелеріме жегіземін.
@user-yr4dp2ho9u
@user-yr4dp2ho9u 3 ай бұрын
Тарыны қолданамын
@user-fj5yj7gw2r
@user-fj5yj7gw2r 4 ай бұрын
Саламатсыз ба. Я күнделікті жейміз
@user-kf5rv9ry3i
@user-kf5rv9ry3i 3 ай бұрын
Шайға күнде салып жейміз
@user-kf5rv9ry3i
@user-kf5rv9ry3i 3 ай бұрын
Жауап берсеніз
@user-nf2fc8wg3j
@user-nf2fc8wg3j 4 ай бұрын
ТАРЫ МА,СӨКПЕ.АИЫРЫП АИТСАҢЫЗ
@user-kf5rv9ry3i
@user-kf5rv9ry3i 3 ай бұрын
Онымыз дұрыспа
@user-mj2nc5ph1y
@user-mj2nc5ph1y 2 ай бұрын
Бұл айтып отырған кісі тары мен шикі сөктің айрмасын білмейтін сияқты.
@user-nf2fc8wg3j
@user-nf2fc8wg3j 4 ай бұрын
МЫНАУ СӨК ҚОИ.ШАИҒА САЛАТЫН ТАРЫНЫҢ ПАИДАСЫ БАРМА
@user-nh9ib7nt5x
@user-nh9ib7nt5x 3 ай бұрын
Мынаны бізде шикі сөк дейді,шайға қуырылған тары салып ішеді, шикі сөк тең ботқа,көже дайындайды
Is it Cake or Fake ? 🍰
00:53
A4
Рет қаралды 18 МЛН
Cute Barbie Gadget 🥰 #gadgets
01:00
FLIP FLOP Hacks
Рет қаралды 60 МЛН
FOOLED THE GUARD🤢
00:54
INO
Рет қаралды 39 МЛН
30 күн бойы тек су іштім. Су ішудің пайдасы
3:52
Балық майы ең мықты тамырды тазалайды! #балық майы
19:16
Денсаулык - байлык
Рет қаралды 31 М.
Лавр жапырағы сондай мықты ма? #лавр жапырағы
8:34
Денсаулык - байлык
Рет қаралды 2 М.
Is it Cake or Fake ? 🍰
00:53
A4
Рет қаралды 18 МЛН