Тауға кетіп жоғалып кеткен студенттердің мәйіті қайдан табылған? Тағы екеуінен хабар бар ма?

  Рет қаралды 188,873

Информбюро 31

Информбюро 31

3 жыл бұрын

Түркістан облысында тауға кетіп, қайта оралмаған екі азаматты іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Ал Сайрам-Өгем шатқалында денелері табылған түркістандық Абылай Тоқтасын кеше, ақтөбелік Әлімжан Хайруллин бүгін жерленді. Құтқарушылар олардың бірінің мәйітін Сайрам-Өгем ұлттық паркіндегі Өгем өзенінен алып шықса, екіншісін өзенмен аттас ауылдан үш шақырым жерден тапқан.
Түркістандық жиырма екі жастағы Абылай Тоқтасынның инстаграмдағы соңғы суреттерінен тауға шығып, серуендегенді ұнатаныны аңғарылады. Рүстем досымен тау бөктерінде ұзақ жүргені немесе он шақырым жолды жаяу бағындырғаны жайлы жазбаларымен бөлісіп отырған екен. Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем шатқалында денесі табылған Абылайды жақындары кеше жерледі. Қайтыс болған екі азамат та Назарбаев университетінің түлектері болған.
Ал Әлімжан Хайруллин болса Ақтөбедегі түрік лицейін алтын белгімен бітірген. Оқу ордасында оның суреттері, олимпиададан алған алтын, қола медальдары сақталған. Облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атаныпты. Назарбаев атындағы университеттің төртінші курс студенті. Мамандағы инженер-технолог. Жиырма екі жастағы жастағы марқұм бір үйдің жалғыз ұлы болған. Әлімжанның сүйегі бүгін жер қойнына тапсырды. Қайғылы жағдай Әлімжанның туыстарын ғана емес, алтын белгімен бітірген инновациялық мектеп интернатынының ұстаздары мен достарына да ауыр тиген. Университеттегі достары оның өмір бойы ғылыммен айналысамын деген асқақ арманын еске алады. Университетте зертханада профессордың ассисенті болып жұмыс та атқарыпты. Бірер апта бұрын алғашқы әрі соңғы ғылыми мақаласы жарық көрген екен.
МАДИЯР СҰЛТАН, Университеттегі досы, жерлесі:
- Кішкентай бір, маңызы жоқ жұмыс болғанын қаламаймын дейтін. Мен қоғамға әсер ететін, бүкіл болашақты өзгертетін бір нәрсе істегім келетін деп жүретін жігіт ол.
Жоғалған жетеудің ішінде ақтөбелік Бағдат Төлеу, оралдық Диас Төлегенов және жезқазғандық Саят Өскенов іздеудің үшінші күні табылған болатын. Құтқарушылар тікұшағымен жеткізілген сәтте таудан түсіп келе жатып, екі топқа бөлінгенін айтқан. Жігіттер сұхбат бере алмайтындарын, тергеуге шақырылғандарын, Түркістанға Абылайдың жерлеуіне бара алмағандарын айтты.
ДИАС ТӨЛЕГЕНОВ, Таудан табылған үш азаматтың бірі:
- Сол біз бара алмай қалдық. РОВД-ға кетіп қалдық. Көрерміз Құдай қаласа, кешірерсіз сөйлесе алмаймын мен.
Қазір тауда денесі табылған Абылай Тоқтасынның туған інісі лицей түлегі Қуаныш Тоқтасын мен Назарбаев университетінің студенті атыраулық Нұрдәулет Наурызбайды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кешелі бері Өзбекстан құтқарушылары да қосылған. Олар Өгемнің Шарбақ су қоймасына дейінгі аралығында іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін тау шатқалының 350 шақырымында іздеу жүріп, 170 шақырымда әуеден бақылау жасалған. «Қазавиақұтқару» тікұшағы 2 шақырым жерді шолып өткен.
Ерлан Қуандық, Жанар Қожанова
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#жоғалған_жетеу #Қасқасу #іздестіру #төтенше_жағдай

Пікірлер: 462
@ardakalimbaeva9424
@ardakalimbaeva9424 3 жыл бұрын
Иманды болсын Балалар жандарым ау.Неге абай болмады екен.
@user-qk1pe6rs1d
@user-qk1pe6rs1d 3 жыл бұрын
Кудай-ай кандай жап-жас алтын,билимди балалар.Тауда не бар еди. Журегим езилип кетти.Казагымнын балалары. Алла алдынан жарылкасын
@tyrikaziqazaq9346
@tyrikaziqazaq9346 3 жыл бұрын
ӨЗБЕК ӨЗ АҒАМ АҒАЙЫНДАРҒА РИЗАМЫЗ ЖӘРДЕМГЕ КЕЛІП ІЗДЕУГЕ АТ САЛЫСЫП ЖАТҚАН ДОСТЫҚ БОЛСЫН МӘНГІ АРАМЫЗДА 🇺🇿🇰🇿
@gulmirast79
@gulmirast79 3 жыл бұрын
қҚндай алтын, ақылды жастар қапыда кетті. Иманды болсын! Ата анасы, туғандарына сабыр берсін!
@gulmirast79
@gulmirast79 3 жыл бұрын
@Сарыбай Шмидт жастық, албырттық қой
@user-xh6jl4ey9e
@user-xh6jl4ey9e 3 жыл бұрын
Қасақана біреулердің іс әрекеттері емеспе екен? Білімді жастарымыздың көзін жоғалту үшін? Кім білсін ,қазіргі уақытта басқа ұлттарғада сенуге болмайды!
@Becky81cool
@Becky81cool 3 жыл бұрын
Обал ай 😢 Арты қайырлы болсын. Екі бала тірі аман сау табылса екен 🙏🙏🙏
@user-ko2yv7xz9y
@user-ko2yv7xz9y 2 жыл бұрын
Әумин ИНШААЛЛА табылып қалар!
@user-oh9un4nb1u
@user-oh9un4nb1u 3 жыл бұрын
Уйдын жалгыз баласы екен жаным ау , анасы калдыгой артынан жылап. Аллах тагыда ул берсын омиримен берсын. Иншалла бари жаксы болып кетсын аулетерыне
@user-se7pn7xn9z
@user-se7pn7xn9z 3 жыл бұрын
Сол үшін амалың барында 2-3-бала болу керек
@user-oh9un4nb1u
@user-oh9un4nb1u 3 жыл бұрын
@@user-se7pn7xn9z я дурыской енды бари Алланын колындагой.
@user-yq2kd2hu3j
@user-yq2kd2hu3j 2 жыл бұрын
@@user-se7pn7xn9z Алла берсін ұл ,қызды өмірімен!
@user-ns8sg1ds4z
@user-ns8sg1ds4z 3 жыл бұрын
Я Раббым өзің жар болып аман есен отбасына оралта көр !
@user-zd3zg1uw7x
@user-zd3zg1uw7x 3 жыл бұрын
Әттегенай көп білем деген өзіне кәдік болмаса ата анасына деп анамның айтқан сөзің енді түсіндім Өкінішті жастар көп өмірден мезгілсіз қайтыс болуда Амал қанша қаза қайырлы болсын отбасыңа сабыр берсін
@nursultan1547
@nursultan1547 3 жыл бұрын
😢ОКИНИШТЫ КАЗАКТИН АЛТИН УЛДАРИ ЕКЕНГОЙ
@user-te6xp5fh2t
@user-te6xp5fh2t 3 жыл бұрын
Иманды болсын өкінішті.
@vasiliypupkin2074
@vasiliypupkin2074 3 жыл бұрын
Казак елим! Алтын асыктарынды жоғалтып алдың,Алла жар болсын,иманы жолдас болсын,окиништы
@perizatmambetova9857
@perizatmambetova9857 3 жыл бұрын
Алтын асыктаи улдарымыздын аирылдык Алла аке шешелерине сабыр берсин
@user-ex5xc2bk7z
@user-ex5xc2bk7z 3 жыл бұрын
Айтпаңыз, сөз жоқ! туған-туыс болмасақ та,, ішіміз удай ашып жатыр! Аа-анасы не болды десеңізші😞
@janarsalmanova2991
@janarsalmanova2991 2 жыл бұрын
Осындай үлдарымыз кетіп барад біреудің жалғызы ата аналарымызға сабыр беріңізші алдарынан жарылқасын
@user-kt1mv7nw2f
@user-kt1mv7nw2f 3 жыл бұрын
Аллам ай өз қамқорлығыңа панаңа ала көрші. Не болды өлім көбейіп. Жасарып кетті. Адамдардың пейілі өзгеріп кетті гой. Жаратқан ием елімізге. Жерімізге тыныштық бере көрші
@user-mw7rt3vd6v
@user-mw7rt3vd6v 3 жыл бұрын
Жарқырап келе жатқан жұлдыздар,жарық етіп сөне қалады.Кім білсің не болғаның ?.Бір аллаға аян,қалған екеуі аман есен табылса екен.Отбастарына сабыр берсін!.
@gulzhamalsydykova891
@gulzhamalsydykova891 3 жыл бұрын
Қазақтың керемет деген ұлдары кетіп жатыр .Өкінішті.Не бір жауыздар жер басып жүр.
@user-wv6rw1hu3k
@user-wv6rw1hu3k 3 жыл бұрын
Қандай қиын жағдай Баска бермесің аллаға да Жаксы адам керек
@user-xf6yp2pn4r
@user-xf6yp2pn4r 3 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз.
@elmiramamirovna987
@elmiramamirovna987 3 жыл бұрын
Жаткан жерлери жайлы болсын!
@user-ou4oq2ku4h
@user-ou4oq2ku4h 3 жыл бұрын
Қандай ҚАЙҒЫЛЫ оқиға!!! АЛТЫН БАЛАПАНДАР, ЖАНДАРЫҢ ЖӘННАТТЫҢ ТӨРІНДЕ БОЛУҒА ЖАЗСЫН!!!
@dinluck7
@dinluck7 3 жыл бұрын
Обалдағыдай, қыршын кетіпті ғой әп-әдемі елдің болашақтары😥 қалған екеуі аман-есен табылса екен🙏🙏🙏
@user-tk9rd2ei5i
@user-tk9rd2ei5i 3 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз
@user-te3xg2fj4i
@user-te3xg2fj4i 3 жыл бұрын
ыздеуге жардем берып жаткан озбек бауырларга алгыс аитам.ертерек табылуын Аллахым с т насып кылсын.
@user-xz7hq1wu5z
@user-xz7hq1wu5z 2 жыл бұрын
Үйден шығып, тауда не бар бірнеше күн аралайтындай? Альпинистер емес, опыттары жоқ білімде жүрген жап-жас балалар. Иманды болсын. Өте қайғылы жағдай
@user-vy6tx9qq9l
@user-vy6tx9qq9l 3 жыл бұрын
Құдай ай аямаган, не болды енді, мынандай тамаша балаларды жер жастандырып, иманды болсын, жатқан жерлері жарық болсын. Қайдан ғана барып еді 😪
@user-sf2kg8yq7x
@user-sf2kg8yq7x 3 жыл бұрын
Өкінішті, қайран балалар! Неге жалғыз жетекшісіз шықты екен. Балалықпен өздеріне өте сенімді боп тауға кетті- ау. Иманды болсын.
@user-cd1zs8br5i
@user-cd1zs8br5i 3 жыл бұрын
Иманды болсын. Алдарынан жарылқасын. Тауға шығушы турсистер жол білетін таушылардың немесе орманшылардың көмегімен шығуы керек. Жолдасым іздеу жұмыстарына қатысты. Ленгер қаласы ПЧ-5 ұжымы еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер.
@user-yu2sl3vf3i
@user-yu2sl3vf3i 3 жыл бұрын
Аман-есен табылсыншы 🙏
@user-jc1pe5nt6b
@user-jc1pe5nt6b 3 жыл бұрын
Иманды болсын!😪😪😪
@user-qk6ws5rd2l
@user-qk6ws5rd2l 3 жыл бұрын
Иманды болсын. 🤲
@user-cq4ig5he8n
@user-cq4ig5he8n 3 жыл бұрын
Алла екеуі аман есен табылса екен
@user-cm9jt4dt8x
@user-cm9jt4dt8x 3 жыл бұрын
Ойбу бұндай балдарды кауп қатерден спортсмендер сияқты сақтау кк кой. Қап қап өкінішті... Иманды болсын! Ата анасына қайғырып көңіл айтамын😭😭😭
@user-uc5sf4xu1h
@user-uc5sf4xu1h 3 жыл бұрын
Кайтага спортсменнен елге тук пайдасы жок
@user-vj7kj7nt5y
@user-vj7kj7nt5y 3 жыл бұрын
Аттен кыршын киылдау.Жаны жанатта болсын .
@jankas9818
@jankas9818 3 жыл бұрын
Тух енді оқу біткенде қараш. Ажал ғои. Жанбары жанатта болсын. Қалғандары Аллах көмегімен табылсын. 🤲🏻
@nurshatmaxanova6034
@nurshatmaxanova6034 3 жыл бұрын
Иманды болсын🤲
@shahruhumirzakov3992
@shahruhumirzakov3992 3 жыл бұрын
Дурыс айтасыз.Алланынг тагдыры,иманда кеткен болсын иншаАллах.Калгандарды Аллахым тыныштык,амандык,мыкты денсаулык иманда журуымызды насып етсын.Амин.
@user-lp6ec3hs4s
@user-lp6ec3hs4s 3 жыл бұрын
Ажалы осы да
@serikkarlybaev3683
@serikkarlybaev3683 3 жыл бұрын
Иманды болсын
@user-vj6lq4oz9z
@user-vj6lq4oz9z 3 жыл бұрын
Қайғырып көңіл айтамыз ! Ата аналарына , бауырларына сабыр берсін алла ! Қазақстанға тың жаңалықтар әкеліп елді көркейтетін асыл азаматтар ғой ! Қайтыс болу себебін журналистер айтпады
@ruhiyakairatova1666
@ruhiyakairatova1666 3 жыл бұрын
жандары жаннатта, иманды болсын
@user-zv7vi9je3r
@user-zv7vi9je3r 3 жыл бұрын
Өз аяқтарыңмен кетіп мәйітеріңді алып шығады деп кім ойлаған. Алла сабыр берсін ата анасына
@user-ij5fp4us7t
@user-ij5fp4us7t 3 жыл бұрын
Отбасыларына сабыр берсін! Иманын берсин🤲😪😪
@user-uv3zd4bv9m
@user-uv3zd4bv9m 3 жыл бұрын
*Әп-әдемі, арыстай азаматтар... Әттең-ай...(((өмірлері өте қысқа болған екен! Имандары саламат болсын!*
@user-rr1oc2dr1z
@user-rr1oc2dr1z 3 жыл бұрын
Е Аллам балаларымызды аман есен отбасына оралта көр🤲🤲🤲
@user-nc5dx1dl1s
@user-nc5dx1dl1s 3 жыл бұрын
Алла сақтасын балам деп зарлатпасын ешбір ата ананы.
@user-ex5xc2bk7z
@user-ex5xc2bk7z 3 жыл бұрын
Айтпаңыз
@gulfiyamannabova8452
@gulfiyamannabova8452 3 жыл бұрын
Жаилары жанатта болсын🤲
@user-uw7un5ec7c
@user-uw7un5ec7c 3 жыл бұрын
Жандарым-ай қыршын кеттіңдер ғой, Амал барма жазмышқа.Алла ата-аналарына туған туысқандарына сабыр.берсін.
@user-rf7em6nn3o
@user-rf7em6nn3o 3 жыл бұрын
Ай - ай, кандай балалар... Тау киели жер гой, тауда не бар еди, жастарга. Артынын кайырын берсин
@alihanbazarbaev8604
@alihanbazarbaev8604 2 жыл бұрын
Менин арманым аман есен оралса екен балдарым!!! Ешкимин басына келмесин умитим сол олар оралады!!! ИНША АЛЛА!!!
@user-nv2hh5lz2z
@user-nv2hh5lz2z 3 жыл бұрын
Жандари жаната болсин..оте окиништи..арты каиырымен болсин..
@user-ho4uu2do3k
@user-ho4uu2do3k 3 жыл бұрын
Ата аналарына сабыр берсін! Алтын асықтай балаларымыздан айрылып жатырмыз иманды болсын қайғырып көңіл айтамыз
@user-ic2ht9nd6u
@user-ic2ht9nd6u 3 жыл бұрын
Қазағым қандай азаматтарынан айырылды Жандары жанатта болсын
@iron-di4928
@iron-di4928 2 жыл бұрын
Байдың балалары деп артык кетпеңдер. Атыраулык Нурдəулет өте карапайым семьядан шыккан. Ата анасымен араласып турамын. Өз білімімен тусті Назарбаев универіне. өте білімді акылды бала.Уйінің улкені. Алла тағала ата анасына куш куат бергей! Нурдəулет жарығым касындағы бала екеуі аман есен табылғай тек. катты уайымдеп отырмыз
@aknurkasenova
@aknurkasenova 2 жыл бұрын
Иманды болсын. Әлі еліне берері көп жігіттер еді.Әлі де іздестіріліп жатқан екі жігітіміз дін аман еліне,үйіне,отбасына оралсын деп тілейміз
@kazaxkazax9560
@kazaxkazax9560 2 жыл бұрын
Иманды болсын
@user-yq2kd2hu3j
@user-yq2kd2hu3j 2 жыл бұрын
Сондай азаматтар!Өте өкінішті,балалар Аналарға бағыну керек!Бармай отыр десе тыңдамайды ғой!,,қорқып қашқан ғой,,түнде тым тырақай!
@user-im8xm3dt1x
@user-im8xm3dt1x 3 жыл бұрын
Е АЛЛАМ АЙ Осындай болайын деп турган азаматтарымыздын кеткени оте окиништи аттен ай . Иманды болсын !!!!
@user-im7ff1hx7e
@user-im7ff1hx7e 3 жыл бұрын
Ата анасына кудаи сабыр берсин каиткан баллардын жаилары жаннаттан болсын окиништи
@user-vv7wy4uy5y
@user-vv7wy4uy5y 3 жыл бұрын
Иманды болсын жаны жәннатта болсын 🤲🏻🤲🏻
@user-iy9es5br4s
@user-iy9es5br4s 3 жыл бұрын
Алтын белги анау мнау деми неден кайтыс болганын айтпайма биреу атканба кулаганба суга агып кеткенба? Болмайтын нарселерди айтады
@beriknakyshbekov6349
@beriknakyshbekov6349 3 жыл бұрын
Дурыс айтасын
@yavmeditazii2057
@yavmeditazii2057 2 жыл бұрын
Жетеуы таудын бауырымен бара жатканда тупикке тырелген, он жагында озен, сол жагында отеалмайтын жартас. Тагы быр жолы артка кайту. Олар озеннен отуге бел буган жетеу кол устасып. Цепочкамен турганда ыздеудегы тортеуы алдыда болган, табылган ушеуы артында. Озеннын катты агынынан тортеуы агып кеткен, ал ушеу артка шегынып артка кеткен. Быр бырын байлайтын жып болмаган, ал ушеуынын быреуы колын жыберып койган, сондыктан коркып айтпай отыр.
@user-ps2rk9to8c
@user-ps2rk9to8c 3 жыл бұрын
Аман қайтқан балаларды тергеңдер бір шикіліктің бары сезіледі
@yavmeditazii2057
@yavmeditazii2057 2 жыл бұрын
Жетеуы таудын бауырымен бара жатканда тупикке тырелген, он жагында озен, сол жагында отеалмайтын жартас. Тагы быр жолы артка кайту. Олар озеннен отуге бел буган жетеу кол устасып. Цепочкамен турганда ыздеудегы тортеуы алдыда болган, табылган ушеуы артында. Озеннын катты агынынан тортеуы агып кеткен, ал ушеу артка шегынып артка кеткен. Быр бырын байлайтын жып болмаган, ал ушеуынын быреуы колын жыберып койган, сондыктан коркып айтпай отыр.
@user-hi1yv9fn1l
@user-hi1yv9fn1l 3 жыл бұрын
Неге осындай белгілі жігіттер өмірден өтеді. Иманды болсын.
@samalbatyrbaeva9739
@samalbatyrbaeva9739 2 жыл бұрын
Жандарым-ау жандарын жанатта болсын. Тауда нелерин бар еди. Ажалдарын осылай болып турма.
@meirdi_3
@meirdi_3 2 жыл бұрын
Осы нағыз еңбек құтқарушылардікі. Осыншама үй көрмей өртте де,суда да,тауда да,шөлде де,су тасқыны болса да жүретін қайсар адамдар. Қарап отырсам еңбектері ұшан-теңіз,бірақ көзге көрінбейді. Қағаз грамотамен ғана шектелетін шығар құтқарушылар күні деген мерекелерде. Ақшалай сыйлықтар берілсе квартал сайын.Еңбектерінің жемісі де жоқ емес. Мынадай тауға шығып оралмай жатқан балаларды іздеу қаншама уақыт,жүйке де керек.Отбасылары бар. Қаншама жігіттер жүр.Рахмет Алланың нұры жаусын. Енді мына екі өрімдей жігіттердің топырақтары торқа болсын. Алтындай балалар. Имандары салауат болсын.
@user-of6qi4bs6m
@user-of6qi4bs6m 3 жыл бұрын
Иманды болсын,кыршын кеткендери окиништи. Не жагдай болды екен,бирге шыгып неге болинип кеткен. Кандай суйкимди,суликтей улдар. Ата- анасына,туыстарына кайгырып конил айтамын.
@user-kf7oy2px4d
@user-kf7oy2px4d Жыл бұрын
Айдың күннің Бейбіт заманда осындай ақыл жігіттерімізден ауырлығанымыз не сұмдық!? Отбасыларына сабыр берсін Иманды болсын ... Қазақстанның Туризм Министрімен оның басшылығымен бірген орынбасарлары жауап берсін!? Қауіпсіздік шараларын дұрыс ұйымдастырып түсіндірмегені үшін...
@user-zh2sy9ml7b
@user-zh2sy9ml7b 3 жыл бұрын
Алла Тағаланың. Құдіретті кушті ,қалған екі балапаныз аман болсыншы
@user-kf7oy2px4d
@user-kf7oy2px4d Жыл бұрын
Төтенше жағдайлар Министрімен оның қасында орынбасары жауап берсін өз жұмысын дұрыс жүргізбені үшін...
@user-vh8be4lz7y
@user-vh8be4lz7y 3 жыл бұрын
Тауды билмесе бекер шығады, қалғандарынын тергеу. керек , арада. бірдеңе болған шығар мумкін емес Алла биледи
@user-nd5zy9dl7b
@user-nd5zy9dl7b 3 жыл бұрын
Аман есен болсыншы Жастарымыз!Абай болыныздар.!
@user-xn9ts2et8z
@user-xn9ts2et8z 3 жыл бұрын
Иманды болсын.
@user-uc2qs1py1u
@user-uc2qs1py1u 3 жыл бұрын
Обалай иманды болсын Ата анасына Алла сабыр берсин
@jebenoyan4698
@jebenoyan4698 3 жыл бұрын
Аллаһ рахым етсін!
@user-hu9en2dp9j
@user-hu9en2dp9j 3 жыл бұрын
Иманы жолдас болсын😥🤲
@user-rk1gi6zg1h
@user-rk1gi6zg1h 3 жыл бұрын
Ай тау деген қауіпті, ешкімді аямайды аяғың тайып кетсе құздан құлайсың немесе ағып кетесің болмаса адасып кетесің тау деген таңғажайып құпияға толы.Иманды болсын.
@shashak.5838
@shashak.5838 3 жыл бұрын
Иманды болсын,ту не бір талантты,елімізге керек жандардың өмірден ерте кеткенін-ай
@lisasagindikova7036
@lisasagindikova7036 3 жыл бұрын
Болинген и именно орыстар аман калган менинше алтын белгимен битирейин деп турган балдарды адейии тауга шыгуды уйымдастырып олтирген сыйакты
@lisasagindikova7036
@lisasagindikova7036 3 жыл бұрын
Касакана жасалган менин ойым баскаша болуы мумкин емес неге екиге б
@user-tk9rd2ei5i
@user-tk9rd2ei5i 3 жыл бұрын
@@lisasagindikova7036 қазақтарғо олар
@meirdi_3
@meirdi_3 3 жыл бұрын
@@lisasagindikova7036 орыс жоқ қой ішінде
@nishanbaibayanov8137
@nishanbaibayanov8137 3 жыл бұрын
Әттең-әттең бауырларым-ай. Аллаһым екі дүниенің бақытын нәсіп етсін.
@user-md1cc4fm7d
@user-md1cc4fm7d 3 жыл бұрын
Иманды болсын өкініштісін ай
@user-ov9fj8mg5v
@user-ov9fj8mg5v 3 жыл бұрын
Жалындап тұрған жастар, дүниенің бір кетігін табатын азаматтар, әттең орта жолда демі таусылды, иманды болсын.
@user-th3mi5or2q
@user-th3mi5or2q 3 жыл бұрын
Алтын белги иегерима жогалган 4курс студентима😱😱
@kuralai2014
@kuralai2014 3 жыл бұрын
Мектепти алтын белгимен аяктаган. Казир 4 курс студенти.
@user-ff8of1js3z
@user-ff8of1js3z 3 жыл бұрын
Ол университетте тёк дарынды балалар окиды гой. Жандары жаннатта болсын. Екеуи аман табылса екен.
@damelialzapparova8889
@damelialzapparova8889 3 жыл бұрын
Калай кайтыс болады. Тепсе темир узетин жигиттер жолдан адассада тунелтседе тири калуга болатын еди гой. Не жагдай олимге итермеледи екен, тусиниксиз. Имандары саламат болсын.
@user-ex5xc2bk7z
@user-ex5xc2bk7z 3 жыл бұрын
Жандарым-оу елімізді көкке көтеретін-ақ болашағынан үлкен үміт күттіретін есіл азаматтар екен ғой! Ата-аналарына Аллам сабыр берсін! Имандары жолдас болсын!🤲
@user-zf7ps3wg4b
@user-zf7ps3wg4b 2 жыл бұрын
Ауырып калып кеттик дегени сентмсиз бирдене болган сиякты тергеу керек жаксылап тобелесип калуы мумкин
@user-sn1xi4gm1b
@user-sn1xi4gm1b 3 жыл бұрын
Екеуі аман табылса екен.
@Account-xe5ki
@Account-xe5ki 3 жыл бұрын
эх, парнишки((( теряем толковых, целеустремленных. эх :(
@bigor8126
@bigor8126 3 жыл бұрын
Иманды болсын!!! Екеуі тезірек табылсын!!! Білмейтін жердің ой-шұқыры көп деген... Қауіпті уақытта саяхатқа шығуға болмайды. 26.05.2021 ай тұтылды ғой. 10.06. 2021.дейін созылады. Мұндай уақытта өте мұқият болу керек.
@user-ty3ze1bo6f
@user-ty3ze1bo6f 3 жыл бұрын
ай тутылса қаншалықты кері әсері бар? шаршагасын денсаулыктары сыр бергенн шығар
@bigor8126
@bigor8126 3 жыл бұрын
@@user-ty3ze1bo6f адасу, байланыстың жоғалуы, ауырып қалу, осының әсері. Яғни жалғандық, күтпеген жағдай, сәтсіздік көбірек болады.
@user-tg9dv6my2u
@user-tg9dv6my2u 3 жыл бұрын
Иманды болсын!
@user-oj7db7xw4p
@user-oj7db7xw4p 3 жыл бұрын
Балаларга обал болыпты!
@madinasuleeva4614
@madinasuleeva4614 3 жыл бұрын
Алла отбасыларына сабыр берсін өкінішті жағдай 😢
@user-gd9yl9wz4s
@user-gd9yl9wz4s 3 жыл бұрын
Алла шапағатына алсын.Алланың берген ғұмыры өлшеулі.Ерте ме кеш пе,жақсы ма жаман ба қарамайды.Маңдайға жазғаны осы боп тұр ғой.Иманды болсын.
@user-tl9cx7re3m
@user-tl9cx7re3m 3 жыл бұрын
Табылған 3 жігітті тергеу керек Білсе осылар біледі
@yavmeditazii2057
@yavmeditazii2057 2 жыл бұрын
Жетеуы таудын бауырымен бара жатканда тупикке тырелген, он жагында озен, сол жагында отеалмайтын жартас. Тагы быр жолы артка кайту. Олар озеннен отуге бел буган жетеу кол устасып. Цепочкамен турганда ыздеудегы тортеуы алдыда болган, табылган ушеуы артында. Озеннын катты агынынан тортеуы агып кеткен, ал ушеу артка шегынып артка кеткен. Быр бырын байлайтын жып болмаган, ал ушеуынын быреуы колын жыберып койган, сондыктан коркып айтпай отыр.
@sagymkulabilgazina8861
@sagymkulabilgazina8861 3 жыл бұрын
Алла алдарынан жарылқасын Жандары жәннатта болсын
@user-nf8mf9mq8u
@user-nf8mf9mq8u 3 жыл бұрын
Ішің удай ашиды екен. Иманды болсын.
@user-kt8el7re2w
@user-kt8el7re2w 3 жыл бұрын
Кандай окынышты жагдай Алла ата-анасына жар болсын! Кулындарым тауга неге бардындар екен
@user-yy8hd5th2y
@user-yy8hd5th2y 3 жыл бұрын
Құдай жандарым ай.Жарқырап журип.Жоқ болдындар ау өкінішті Сол құрғырға бармасандар қайтетин еді.Алларынан жарылғасын алтын балларым ай.Ата аналарына сабыр берсин.
@user-px5dm5fm2i
@user-px5dm5fm2i 3 жыл бұрын
Тауда не бар еди Ажал айдап барган гой
@user-du2tu6ms7f
@user-du2tu6ms7f 3 жыл бұрын
Калай тауда не бар 🤔Тауда демалган денсаулыкка жаксы брак жолды билу керек
@user-yh1bm9es9w
@user-yh1bm9es9w 3 жыл бұрын
Турист болса калай бармайды
@user-du2tu6ms7f
@user-du2tu6ms7f 3 жыл бұрын
@@user-yh1bm9es9w Казактар мулдем демалу билмейди тауда специально гид болу керек 🙄калай боса солай журсе конечно адасады тауга бару ушин карта керек спичка керек адаспау ушин тау ширкин керемет кой🏔🏕😑🏔
@user-yh1bm9es9w
@user-yh1bm9es9w 3 жыл бұрын
Казактар не истей алады сонда?
@user-du2tu6ms7f
@user-du2tu6ms7f 3 жыл бұрын
@@user-yh1bm9es9w сасык кафеде журеди тау жакта восновном орыстар жаксы демалады олар часто барады
@testtestov7965
@testtestov7965 2 жыл бұрын
Жаны жаннатта болсын иманды брлсын
@hadiwaaydjanova5350
@hadiwaaydjanova5350 3 жыл бұрын
Жандары жаннаттан болсын. Недеген ақылды, білімді жастар, өмірден ерте кеткендері қандай өкінішті, ата аналарына, туған туыстарына Аллам сабыр берсін. Өкінішті қандай.
@user-wb5om5mc7u
@user-wb5om5mc7u 3 жыл бұрын
Кандай окынышты жагдай! Жандары Жанаттын торынде болсын! Тугандарына кайгыларына ортакпыз!
@aqsu7249
@aqsu7249 3 жыл бұрын
Өмір бақи Тауды көрмеген Балаларға кім рұқсат берді Таудға саяхат жасауға Иманды болсын
@user-zf7ps3wg4b
@user-zf7ps3wg4b 2 жыл бұрын
Биреуи труда кулап кетсе сенерсин тортеуи калаи бирден кулаиды не болды екен
@user-ue2li2cq1y
@user-ue2li2cq1y 3 жыл бұрын
Иманды болсын.жайлары жанната болсын
@user-xb8ru7qw2l
@user-xb8ru7qw2l 3 жыл бұрын
Ушеуин тергеу кылу керек не болганын
@nurdauletseidhamilidinuly9663
@nurdauletseidhamilidinuly9663 3 жыл бұрын
Ия..че то арада бір шикілік бар секілді көрінеді маған
@user-uu2dg8hy9c
@user-uu2dg8hy9c 3 жыл бұрын
Дұрыс тергеу керек. Шикілік бар. Неге алтын белгі иегерімен, жалғыз ұл өлді. Тергелсін
@user-df2dh2et5g
@user-df2dh2et5g 3 жыл бұрын
Көмек жібереміз деп оздері елге жетіп улгірмеген де.Жаман зат оиламандар бұл лицейді бітіргнн балдар 5ж бірге тұрып бауырмал болады.Бәрі щет шетінен лидер балдар.Жалько
@guldaureng9859
@guldaureng9859 3 жыл бұрын
Бөлінген себептері 1 жігіт ауырып қалған содан қасында қалып 2 бөлінген
@guldaureng9859
@guldaureng9859 3 жыл бұрын
2 жігіт аман болсын деп тілейміз жолдан адасқан ғой жандарым сол
@user-wc8dj7fj1p
@user-wc8dj7fj1p 3 жыл бұрын
Енді болды толды дегенде қарасаишы оқуын бітіріп болғанда ажалдың тура келгенін аи қандаи өкінішті ата аналарына қиын болды Алланың өзі сабыр берсін туған туыстарына ,жандары жәннәттә болсын
@user-rn6vl5og3g
@user-rn6vl5og3g 3 жыл бұрын
Иманды болсын, ана тірі табылған 3 жігіт бірдемені жасырып өтірік айтып тұрғандай түрлері, түрлерінде қорқыныш бар. Мүмкін қателестім.
@olyagal9044
@olyagal9044 3 жыл бұрын
Аман-есен оралсын деп тілеп едік, бірақ олай болмады ғой. Балалардые жандары жəннатта болсын. Ата-аналаоына көңіл айтамыз. Бірге қайғырвп отырмыз.
@user-vy7fd9ic9v
@user-vy7fd9ic9v 3 жыл бұрын
Иманы саламат болсын мусылман бауырлар, сабыр берсин Ата анасына
@user-ph2jz2bo4e
@user-ph2jz2bo4e 3 жыл бұрын
Аллам сабыр берсин отбасына, 🙏
@user-bc4yf3hh6k
@user-bc4yf3hh6k 3 жыл бұрын
Жап жас өрімдей балдар екен жандарың жәннәтта болсын ! Ата аналарына Алла күш қуат берсін! Сабыр берсін!
@user-lu3th9wg9i
@user-lu3th9wg9i 3 жыл бұрын
30 км жолды жаяу барып қайтқанбыз. 30 км жолды 6 сағат жүргенмін. 10км деген туфта. 10км жолды күнде жүріп тастаймыз. Дәм тұздары таусылып тұрған да.
@Autokenes9737
@Autokenes9737 3 жыл бұрын
Досым 30 км тегис жолда журген шгарсын 10 км тау тастыкта журу онайга сокпайт
@user-vg1tj5pm4n
@user-vg1tj5pm4n 3 жыл бұрын
асфалтка шыгып алып тайрандап журген шигарсын тегис жолда тау мен тас та журсен корер едим бир подьем бир спуск окпен ошеди
@user-lu3th9wg9i
@user-lu3th9wg9i 3 жыл бұрын
@@user-vg1tj5pm4n какой асфальт, асфальт болса машинамен жүрмеймін ба, 5 км жерге жаяу барып жаяй қайту күндегі шаруа.
@user-lu3th9wg9i
@user-lu3th9wg9i 3 жыл бұрын
@@Autokenes9737 тегіс жол емес, тау тас та емес, 30км жерге жаяу барып, жаяу қайтқанмын. Ия, тау таста оңай емес.
@arbagaaiaular...8640
@arbagaaiaular...8640 3 жыл бұрын
@@user-lu3th9wg9i Тауда да жүрдік жас кезімізде.. бірақ ол оңай емес,нагрузка түсіп ,қарын ашып ,шаршайды, шөлдейді.. Ол құттай тас даже ұшып кетсе тауда ,тисе аяққа, ол оңай емес құлап түседі адам...
@user-em4tw3fh6y
@user-em4tw3fh6y 2 жыл бұрын
😥😥😥😥 Аллаөкінішті ата анасына сабыр берсін
36 ЖЫЛДЫҚ ҚҰПИЯ: АНАМДЫ ІЗДЕЙМІН/ KOREMIZ
46:36
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 52 М.
Полный выпуск Информбюро от 22.05.2024
26:04
Информбюро 31
Рет қаралды 467
Joven bailarín noquea a ladrón de un golpe #nmas #shorts
00:17
YouTube's Biggest Mistake..
00:34
Stokes Twins
Рет қаралды 75 МЛН
NO NO NO YES! (50 MLN SUBSCRIBERS CHALLENGE!) #shorts
00:26
PANDA BOI
Рет қаралды 94 МЛН
didn't want to let me in #tiktok
00:20
Анастасия Тарасова
Рет қаралды 12 МЛН
Визуализация гравитации
10:00
Макар Светлый
Рет қаралды 13 МЛН
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 9 МЛН
Open conversation with Khabib Nurmagomedov [ENG SUB]
1:25:41
Нурлан Сабуров
Рет қаралды 1,2 МЛН
Ағасының қызына көз салған інішек!
20:50
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 16 М.
Тауда жоғалған қыздың мәйіті қар астынан табылды
0:59
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 35 М.
Hitler in Colour (4K WW2 Documentary)
1:10:44
Best Documentary
Рет қаралды 4,9 МЛН
Joven bailarín noquea a ladrón de un golpe #nmas #shorts
00:17