ТАУЫҚ ЕТІНЕН ЕРЕКШЕ КЕШКІ АС.Мен күнде жасаудан жалықпайтын кешкі ас рецепті.ТЕЗ дайындалатын рецепт

  Рет қаралды 96

ASPAZ_KZ

ASPAZ_KZ

Күн бұрын

Саңырауқұлақ қосылған тауық етімен ерекше кешкі ас. Дәмді кешкі ас рецепті. Міндетті түрде жасап көріңіз!
Қажетті ингредиенттер:
3-4 картоп;
3-4 ас қасық май;
Дәміне қарай тұз және дәмдеуіш қоспасы;
Шамамен 1 кг тауық еті;
Шамамен 200 г ірімшік;
Кептірілген насыбайгүл, 3-4 ас қасық май;
1 пияз;
200-300 г шампиньон;
Дәміне қарай тұз;
200 мл қаймақ немесе кілегей;
Дайындау: картопты жұқа тілімдерге кесіңіз. Май, тұз және дәмдеуіштерді қосып, араластырыңыз. Пергаментпен қапталған қалыпқа салыңыз.
Тауық етін маймен, тұзбен, дәмдеуіштер қоспасымен және, әрине, кептірілген насыбайгүлмен себіңіз де, жақсылап араластырыңыз. Картоппен тауықты қосып,араластырып алдын ала қыздырылған пешке 200°C дейін 35 минутқа жібереміз.
Табада аздап майды қыздырып, туралған пиязды қуырыңыз. Туралған шампиньондарды қосып, жақсылап араластырыңыз. Дәміне қарай тұз қосыңыз. Пісіргеннен кейін газды өшіріп, кілегей немесе қаймақ қосып, жақсылап араластырыңыз. Содан кейін пештен шыққан тағамның үстіне біркелкі құямыз. Үстіне үккіштен өткен ірімшікті себіңіз және пешке тағы 5 минутқа жіберіңіз.
АС БОЛСЫН!
Каналыма тіркелуді ұмытпаңыз! Бұл арнаны дамыту үшін өте маңызды және мені ынталандырады!
#кешкіас #тауықеті #тауықетіменкешкіас #қазақшарецепт #қазақшарецепттер

Пікірлер
Bike Vs Tricycle Fast Challenge
00:43
Russo
Рет қаралды 95 МЛН
Миллионер | 1 - серия
34:31
Million Show
Рет қаралды 1,6 МЛН
Minecraft Creeper Family is back! #minecraft #funny #memes
00:26
Как подписать? 😂 #shorts
00:10
Денис Кукояка
Рет қаралды 7 МЛН
Уральские Пельмени - Семейка
1:12:29
Терапия юмором↺
Рет қаралды 6 МЛН
Ақорда маңы неге қоршалып жатыр?
12:16
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 94 М.
Bike Vs Tricycle Fast Challenge
00:43
Russo
Рет қаралды 95 МЛН