Тазалық акциясы өтті

  Рет қаралды 405

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

15 күн бұрын

Бүгін - халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні. Осыған орай «Таза Қазақстан» републикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында әнші Батырхан Шөкенов пен қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіштеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйытқы болған шараға мәдениет қызметкерлері мен мектеп оқушылары атсалысты.
Батырхан Шөкенов саябағындағы жасыл желек- жанға сая. Тынымсыз тіршіліктен шаршаған тұрғындар, бір мезгіл саябаққа келіп, таза ауамен тыныстайды. Сондықтан, саябақты көздің қарашығындай сақтау маңызды. Экологиялық акцияға жиылған көпшілік алдымен Батырхан Шөкеновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, әлемге әйгілі болған әншінің ізбасарлары саябақты әнге бөледі.
Жылда көктем келісімен саябаққа тал отырғызып, тазалық жұмысын жүргізу дағдыға айналған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, «Таза Қазақстан» републикалық экологиялық акциясы аясында көпшілік айналаны күл-қоқыстан тазартып, тал көшеттерін екті. Республика көлеміндегі акцияға тек жастар ғана емес, аға буын өкілдері де атсалысты.
РАМАЗАН ТАЙМАНОВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ // Біз Батырды ешқашан ұмытпаймыз. Батырхан Шөкенов атындағы саябақ біздің жастарға үлкен орын болды. Қазір осы жерге Батырдың туған күні болсын, басқа да даталарда осы жерде музыканттар жиналып, концерттерін өткізуде. Биыл біраз кездесулер болды. //
Экоакция тұтас түркі жұртының тәуелсіздігін ту еткен алаш ардақтысы Мұстафа Шоқайдың ескерткішінде жалғасты. Тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай «әрбір адам қоршаған ортадан бөлек, тіл, діл, ар-ождан мен санасын» таза ұстау керек дейді.
ДАСТАН СӘТБАЙ - ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ // Қызылордада ескерткіштер жетерлік. Тарихи орындар көп. Олардың барлығы да өз дәрежесінде қорғалуы керек. Қорғалып қана қоймай олар насихатталу керек. Мұстафаны халық білуі керек. Оның идеялары бүкіл түркі халықтары үшін өте өзекті. Сондықтан біз оның шығармаларын өте жақсы білуіміз керек. Сондықтан осындай мәдени іс-шаралар көп болуы керек. Олар азаматтық-қоғамдық саясатты оятуға қызмет етуі керек.
ЖАНАТ ҚҰРАМЫСОВА - ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-ПРОДЮСЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Тек ғана мәдениет қызметкерлері ғана емес өзімізбенен өнерді дамытып жүрген мектеп оқушылары бар, студенттер бар, жатсар бар солармен бірге тұлғаларға арналған арнау өлеңдерімізбенен, әндерімізбенен сол есімдерді мәңгілендіру. Ескерткіштерді ұмытпау мақсатында қойылған. Осыны киінгі ұрпаққа аманаттау мақсатында жүргізіп жатырмыз.
Иә, қаламыз жылдан-жылға көркейіп келеді. Ал «Таза Қазақстан» республикалық акциясы әлі де жалғасады.
Сайт - qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook - / qyzylordatv
Instagram - / qyzylordatv
Telegram - t.me/qyzylords_tv
Tiktok - / qyzylorda_tv

Пікірлер
Қираған ауылдың соңғы тұрғыны марқұм ұлының моласын қимайды
12:18
БАЗАРДАҒЫ БАҒА ШАРЫҚТАМАСЫН ДЕСЕК...
3:08
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 527
Парковка Пошла Не По Плану 😨
00:12
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 13 МЛН
ФОКУС С ЧИПСАМИ (секрет)
00:44
Masomka
Рет қаралды 3,8 МЛН
Қармақшыда күріш егу науқаны басталды
6:07
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 159
ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН 3 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖҮГЕРІ ЕГІЛЕДІ
2:15
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 166
«СЫР ЛИГАСЫ» ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСЫ БАСТАЛДЫ
1:33
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 18
В Кармакшы стартовала посевная кампания
2:39
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 25
Заложен фундамент стадиона на 10 тыс. мест
1:17
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 55
ТАЕКВОНДОДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК БАСТАЛДЫ
1:02
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 50
Парковка Пошла Не По Плану 😨
00:12
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 13 МЛН