Теңгелік депозиті бар салымшыларға келер жылдан бастап сыйақы беріле бастайды

  Рет қаралды 4,804

Информбюро 31

Информбюро 31

Күн бұрын

Елімізде Ұлттық валюта салымдарының тартымдылығын сақтап қалуға 550 миллиард теңге бөлінбек. Бұл қомақты қаржы салымшыларға сыйақы ретінде үлестіріледі. Үкімет депозиттерге өтемақы төлеу ережесін де бекітіп қойды. Енді қаулыға сәйкес салымшыларға сыйақы келесі жылдың 23 ақпанынан бастап төленеді. Бірақ өтемақы алу үшін бірнеше талап қатаң сақталуы тиіс. Яғни, өтемақы 23 ақпандағы сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша өтеледі. Бірақ жинақшоттағы қаржы 20 миллионнан аспауы қажет.
Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс басталғалы ұлттық валюта әлсірей бастады. Бұл жайт әсіресе, теңгелік депозит иелеріне қиынға соқты. Сондықтан салымшылар күн сайын құлдырап жатқан теңгеге құндырақ шетел валютасын алуға асығады. Сөйтіп, долларға деген сұраныс артады. Ал мұның ел экономикасына да әсері мол. Сол үшін билік теңгелік депозиттерге сыйақы беруді ұйғарып отыр. Күні кеше ережесі де бекітілді.
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
- Бұл өтемақыны 2022 жылдың 23 ақпанына өтелетін депозиті бар салымшылар ала алады. Бірақ сома 20 миллион теңгеден аспауы тиіс. Салымшының бір банкте бірнеше өтелетін депозиті болса да тәртіп өзгермейді. Шекті сома 20 миллион. Депозиттегі қаржы 2022 жылдың 23 ақпанынан бастап тұп-тура бір жыл түртілмеген жағдайда 10 пайызға көбейеді. Ал дәл осы аралықта қосымша салым жасалып немесе керісінше алынса да сол 23 ақпан күнгі сауданың қорытындысы бойынша есептеледі. Бірақ ең төменгі қалдық сомасы негізінде. Яғни, мұнда да 10 пайызға артады.
ҚЫМБАТ РАҚЫМЖАНОВА, ҚР ҰБ қаржылық тұрақтылық саясаты басқармасының жетекші талдаушысы:
- Отбасы банкі үшін өтемақы сомасын салымшылардың жинақ шотына есепке жатқызуға жол беріледі. Өтемақы төлеу өтелетін депозиттер бойынша жүзеге асырылады. Өтемақы төлеу мынадай депозиттер бойынша яғни, талап етілгенге дейінгі салымдар, шартты салымдар және ағымдағы салымдар бойынша жүзеге асырылмайды.
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
- Өтемақы алуға ниетті салымшылар 1 қаңтарға дейін өтініш жазуы тиіс. Әр банк өтініш қабылдау мерзімін, тәртібін өздері белгілейді. Үкімет қаулысы болса, 12 қыркүйек күні қолданысқа енгізілмек. Сондай-ақ, билік өкілдері теңгелік салымдарды қорғауға бағытталған бағдарлама аясында бюджеттен 550 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр.
Нұрболат Жаңабекұлы, Геннадий Лукин
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informb...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#Депозит #Сыйақы

Пікірлер: 12
@ГульнарИскакова-ш5й
@ГульнарИскакова-ш5й 2 жыл бұрын
біздің үкімет неге Банкаға АҚША табылады Бірақ Қедей Қазаққа Қомек жоқ
@Medetten
@Medetten 2 жыл бұрын
Не бұнша ақша бөліп тек байларда тұр бұндай ақша депозитте
@nellinelli6151
@nellinelli6151 2 жыл бұрын
Ен биринши мен кордим
@ГалияДаулеткулова-ъ8й
@ГалияДаулеткулова-ъ8й 2 жыл бұрын
20миллон кимде бар сонда
@izetalishakir8129
@izetalishakir8129 2 жыл бұрын
Вольноноемные рабочие Зарплата 50-60-70 тысяч тенге , + ,- , Какой Депозит . Нежевем а Выжываем .
@Mn-ie2hz
@Mn-ie2hz 2 жыл бұрын
ТҮК ТҮСІНГЕН ЖОҚПЫН
@СаматАлтаев-ы5я
@СаматАлтаев-ы5я 2 жыл бұрын
Тағы да милионерлерге ақша беру!железны өкіметтегілер ғой алатын.Жаңа Қазақстан.
@бека-р3ю
@бека-р3ю 2 жыл бұрын
Халыкта депозит турмак кунделикти тцрмыстык кун коруге жетпейди байларгана алады шенеуликтер урлап жемкорлык акшасые салады да
@АйгулБайдаулет
@АйгулБайдаулет 2 жыл бұрын
Байларда бар депазит кедей де депазит жок булар адейлеп оздерине осындай жаналык истейди кедейге ешкандай жаксы жаналык жок кредитти кеширсин билик оз калталарын ойламай кедей ге де жаксы куанышты хабар айтсандаршы 30ж.биррет болсын
@1234Рахман
@1234Рахман 2 жыл бұрын
20 миллион қайдан болсын
@имяфамилия-н8х3с
@имяфамилия-н8х3с 2 жыл бұрын
Сыйакы 100 пайыз болуы керек
@ТимурХунт
@ТимурХунт 2 жыл бұрын
20 млн га бир велик аласын скоро ,
ПОЛНЫЙ ВЫПУСК ИНФОРМБЮРО ОТ 27.09.2024
24:43
Информбюро 31
Рет қаралды 8 М.
Bike Vs Tricycle Fast Challenge
00:43
Russo
Рет қаралды 98 МЛН
Worst flight ever
00:55
Adam W
Рет қаралды 26 МЛН
How Strong is Tin Foil? 💪
00:26
Preston
Рет қаралды 122 МЛН
escape in roblox in real life
00:13
Kan Andrey
Рет қаралды 88 МЛН
Домработница!!! Уральские Пельмени.
9:25
Позитивчик
Рет қаралды 1,5 МЛН
The Golden Migration May Be on Borrowed Time
8:05
Bloomberg Originals
Рет қаралды 85 М.
29 қыркүйек 2024 жыл - 09:00 жаңалықтар топтамасы
14:57
Что не так с едой в США
27:29
Коля Ефимов
Рет қаралды 2,8 МЛН
What the Maker of Ozempic Doesn't Want You to Know: It's Bankrupting America
12:01
Bike Vs Tricycle Fast Challenge
00:43
Russo
Рет қаралды 98 МЛН