телеэкспедиция "Атажұрт", Ақтөбе облысы, Әйтеке би

  Рет қаралды 9,577

Quanysh Baybaqty

Quanysh Baybaqty

5 жыл бұрын

АҚТӨБЕ. 13 тамыз 2015 ж. Ақтөбеде телеэкспедиция жолға шықты. Бұл телеэкспедицияны «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырды. Оның құрамындағы шығармашылық топ облыстағы 12 ауданды аралап, тарихи зерттеулер жүргізіп, тың деректерді тауып, бейнебаян түсіреді. Осы жұмыстардың нәтижесі «Атажұрт» бағдарламасында көрсетілетін болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ғылыми экспедицияның жетекшісі - тарихшы Бекарыстан Мырзабай. Жобаның бас демеушісі - «Көл-Авто-Ақтөбе» көлік орталығы. Ал «Атажұрт» бағдарламасының редакторы, тележүргізуші Ербол Шыма. - Биыл Керей мен Әз Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығына 550 жыл толады. Біздің ұжымның ұйытқы болуымен ұйымдастырылған телеэкспедицияның басты мақсаты - осы ел өміріндегі елеулі оқиғаның өз деңгейінде аталып өтілуіне үлес қосу болып табылады. Біздің өңірде құнды жәдігерлер, тарихи орындар өте көп. Көненің көзіндей сол тарихи орындарды зерттеп, зерделеп, көрермендерге ұсынуды мақсат еткен экспедиция жұмысы Алға ауданынан басталады, - дейді Раукен Отыншин. Шығармашылық топ өз жұмысын Есет Көкіұлы кесенесіне барып, ата рухына тағзым етіп, құран бағыштаудан бастайды. Одан кейін тедеэкспедиция белгілі ақын Ізтай Мәмбетовтің кіндік қаны тамған Табантал-Бесқоспа селолық округіне барады. Жоспар бойынша экспедиция мүшелері әр ауданға бір күннен аялдайды. Телеэкспедицияның ғылыми жетекшісі Бекарыстан Мырзабай уақыттың тығыздығын, осы аз уақыттың ішінде мол мәлімет жинап үлгеру керектігін айтады. Біздің облыстың қай өңірі болмасын, тұнған тарих, толған шежіре екенін алға тартады. Мысалы, Алғада әйгілі Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов дәріс берген мектептің орны бар екенін, Алаш көсемінің мұнда 17 жыл Алға өңірінде болыс болған Ахметкерей Қосуақовтың арнайы шақыртуымен келгенін жеткізді. Ол ағылшын саяхатшысы Джон Кэстльдің Қарғалы, Жаман Қарғалы өзендерінің бойында бірнеше күн аялдап, қорғандарды қазғаны туралы деректер бар екенін де тілге тиек етті. Сондай-ақ, Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған Асан Қайғы бабамыздан қалған керемет жырларды халқымыздың жадында сақталғанын еске сала келіп, телеэкспедиция сапары барысында атқарылар шаруалардың бірқатарына тоқтала кетті. Жиында «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының директоры Раукен Отыншин «Көл-Авто-Ақтөбе» көлік орталығының өкілі Рафаэль Мамбетовке телеэкспедицияның туын табыс етті. Сөйтіп, тарихты түгендеуге бағыт ұстаған телеэкспедиция жолға шықты. Бұл сапардың тағылымды да, табысты болатынына сенім мол.

Пікірлер: 9
@serikzhakupov7543
@serikzhakupov7543 3 жыл бұрын
Осы жерді бұдан ертерек 90 жасқа келген Тауық ақсақал көрсетті деп отырғандары, Тауық нағашымыз. Шатырмасам ол кісі 1905 жылы туған. Ат шаптырады деген бағыты Қарашатау ойпатынан, Сəнді (Шəнті) аралығы дейтінді. Қойлыбайдың жасағын талқандап, өзін қолға түсіретін, Кеңесары ханның інісі Наурызбай. Мектеп деп, тұрғандары ескі мешіттің орыны емес пе? Жабасақтағы мешітті Самұрат, шын есімі Шахмұрат салдырған. Оған имамдыққа Құмқұдықтан (Қарашатау) жағалбайлы руынан шыққан Кəлкештің медресесін бітірген хəзірет Мұқантай Саматұлын шақыртып, алдырады. Мешітті ертеректе Қарасу (Жабасақтың қасындағы жер) мешіті деп келсе, бірде Мұқантай мешіті деп келген. Кейін Самұрат мешіті деп айтылды. Үмбетов Төлебай осы мешітте Мұқантай хəзіреттен білім алуды бастаған. Мұқантай хəзірет 1930 жылы Ырғыз көтерілісіне қатысып, Айжарқынның қолына қосылады. Айжарқын Сүлеймен базы деген жерде қаза тапқан. Қоршаудан шыққан Мұқантай хəзірет екінші ұрыста қолға түсіп, Қазалы абақтысына айдалып, ақыр соңында азапталу салдарынан қаза тапқан.
@user-kl2zc4vc7r
@user-kl2zc4vc7r 3 жыл бұрын
Қызыл мектепті көрсетпеді Т.Жургенов салдырган деп айтатын. Шатастырып алған сияқты. Төбедегі мешітті Алмат Самрат салды деуші еді .ауылдағы улкендер.
@user-rh2zz9gq5j
@user-rh2zz9gq5j 3 жыл бұрын
Ауылды шөп басып кеткен екен.
@user-ms4ow3wd5c
@user-ms4ow3wd5c 3 жыл бұрын
👏👏👏👏
@user-qq4oz5yc2h
@user-qq4oz5yc2h 3 жыл бұрын
Аиналаиын казагым әлі біз білмеитін тарих көп
@user-bx4gp9kn9r
@user-bx4gp9kn9r 2 жыл бұрын
Темирбек Жургенов салдырган кызыл мектепти корсетпеди. Мектеп деп корсеткендери Алмат Самрат салдырган мешити.
@user-qo3bq5ch8o
@user-qo3bq5ch8o 3 жыл бұрын
Мына көрсеткен мектеп емес ескі мешіт қой.Арғы беттегі қырдың басында тұрған.
@Zzara30
@Zzara30 Жыл бұрын
Ия солай неге мектеп деп айтканын тусибедим
@user-kl2zc4vc7r
@user-kl2zc4vc7r 3 жыл бұрын
БҰЛ .ДАЛА ТАБИҒАТЫ .ӘЛЕМДЕ ЖОҚ ШЫҒАР.....Қарашатау.Бестас.Жабасақ.Толыбай .Аққұм.Байжанкөл.Қарасу.....
Ауыл аманаты Әйтеке би ауданы
10:02
AQTOBE TV / Ақтөбе телеарнасы
Рет қаралды 725
МҰРА. Домалақ ана
20:09
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 13 М.
Малышка Поняла, что Её Папа Ушёл... 💔
00:31
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 5 МЛН
Сары Айшық. Индербор кенті.
19:04
Quanysh Baybaqty
Рет қаралды 2,6 М.
Б. Сапарбаев Әйтеке би ауданында жұмыс сапарымен барды (29.10.2015 ж.)
9:43
Болат Темиров "ШАРШЫ АЛАҢНЫҢ ШАНДОЗЫ"
24:02
Сайпеден Сидағалиев
Рет қаралды 234
МЕНІ ТАҢ ҚАЛДЫРҒАН АСТАНА Вокзалы 😱
7:35
Мейрамбек Махамбетов
Рет қаралды 51 М.
Туған өлке. Жанқожа батыр
12:05
УЧТВ-КЫЗЫЛОРДА
Рет қаралды 16 М.
«Ауылдастар». Маңғыстау облысы, Сам ауылы
30:44
Qazaqstan Qogam / Қазақстан Қоғам
Рет қаралды 24 М.