телеэкспедиция "Атажұрт", Ақтөбе облысы, Ойыл

  Рет қаралды 3,075

Quanysh Baybaqty

Quanysh Baybaqty

5 жыл бұрын

АҚТӨБЕ. 13 тамыз 2015 ж. Ақтөбеде телеэкспедиция жолға шықты. Бұл телеэкспедицияны «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырды. Оның құрамындағы шығармашылық топ облыстағы 12 ауданды аралап, тарихи зерттеулер жүргізіп, тың деректерді тауып, бейнебаян түсіреді. Осы жұмыстардың нәтижесі «Атажұрт» бағдарламасында көрсетілетін болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ғылыми экспедицияның жетекшісі - тарихшы Бекарыстан Мырзабай. Жобаның бас демеушісі - «Көл-Авто-Ақтөбе» көлік орталығы. Ал «Атажұрт» бағдарламасының редакторы, тележүргізуші Ербол Шыма. - Биыл Керей мен Әз Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығына 550 жыл толады. Біздің ұжымның ұйытқы болуымен ұйымдастырылған телеэкспедицияның басты мақсаты - осы ел өміріндегі елеулі оқиғаның өз деңгейінде аталып өтілуіне үлес қосу болып табылады. Біздің өңірде құнды жәдігерлер, тарихи орындар өте көп. Көненің көзіндей сол тарихи орындарды зерттеп, зерделеп, көрермендерге ұсынуды мақсат еткен экспедиция жұмысы Алға ауданынан басталады, - дейді Раукен Отыншин. Шығармашылық топ өз жұмысын Есет Көкіұлы кесенесіне барып, ата рухына тағзым етіп, құран бағыштаудан бастайды. Одан кейін тедеэкспедиция белгілі ақын Ізтай Мәмбетовтің кіндік қаны тамған Табантал-Бесқоспа селолық округіне барады. Жоспар бойынша экспедиция мүшелері әр ауданға бір күннен аялдайды. Телеэкспедицияның ғылыми жетекшісі Бекарыстан Мырзабай уақыттың тығыздығын, осы аз уақыттың ішінде мол мәлімет жинап үлгеру керектігін айтады. Біздің облыстың қай өңірі болмасын, тұнған тарих, толған шежіре екенін алға тартады. Мысалы, Алғада әйгілі Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов дәріс берген мектептің орны бар екенін, Алаш көсемінің мұнда 17 жыл Алға өңірінде болыс болған Ахметкерей Қосуақовтың арнайы шақыртуымен келгенін жеткізді. Ол ағылшын саяхатшысы Джон Кэстльдің Қарғалы, Жаман Қарғалы өзендерінің бойында бірнеше күн аялдап, қорғандарды қазғаны туралы деректер бар екенін де тілге тиек етті. Сондай-ақ, Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған Асан Қайғы бабамыздан қалған керемет жырларды халқымыздың жадында сақталғанын еске сала келіп, телеэкспедиция сапары барысында атқарылар шаруалардың бірқатарына тоқтала кетті. Жиында «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының директоры Раукен Отыншин «Көл-Авто-Ақтөбе» көлік орталығының өкілі Рафаэль Мамбетовке телеэкспедицияның туын табыс етті. Сөйтіп, тарихты түгендеуге бағыт ұстаған телеэкспедиция жолға шықты. Бұл сапардың тағылымды да, табысты болатынына сенім мол.

Пікірлер: 5
@esenbainurov
@esenbainurov Жыл бұрын
Халел Досмұхамедұлының ағайындары жатқан Сорқуыс қауымы Тайсойған құмының шығыс бетінде орналасқан. Машақ бидің, Ығылман Шүрекұлының құлпытастары сол қауымда.
@esenbainurov
@esenbainurov Жыл бұрын
Ақтөбе облысының Ойыл ауданын зерттегенде Атырау облысының Қызылқоға ауданын бірге зерттемесе Ойыл өзені бойын толық зерттегенге жатпайды.
@esenbainurov
@esenbainurov Жыл бұрын
Қазыбек би Шеркеш Жауғашты оның Батырғожа бөлімі. Ойыл өзенінің Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмының солтүстік бетінде Қазыбек қауымы бар. Дабыс деген баласына үш қырлы шошақ мазар тұрғызылған.
@temrjantileuke4553
@temrjantileuke4553 5 ай бұрын
Ойыл ауданы жеті совхоздың аты . Саралжын Ауылы .Көсембай.ауылы.Бестамақ ауылы.Шығанақ Берсиев ауылы. Екпітал ауылы.Көптоғай ауылы.Сарыбие ауылы.Жетікөл (Қараой)ауылы . Ақша тау ауылы.Қаракемер ауылы.Ақкемер ауылы.
@user-qn8vr4ff5d
@user-qn8vr4ff5d Жыл бұрын
Юз
WHO'S NEXT?! 🙈👀
00:32
Celine Dept
Рет қаралды 45 МЛН
😅🐱@grechkasan.
00:13
Karina
Рет қаралды 18 МЛН
Which one will take more 😉
00:27
Polar
Рет қаралды 5 МЛН
Ақтөбе облысының 15 көрікті жерлері
1:26
ТАСҚЫН-2024 (25.04.2024ж.)
9:38
Caspian News
Рет қаралды 1,8 М.
Досжан Ишан кесенесі.құлпытас зерттеу.
13:50
Сары Айшық. Индербор кенті.
19:04
Quanysh Baybaqty
Рет қаралды 2,6 М.
Ақтөбе қаласының әкімі мүгедек арбасына отырып, қаланы аралады
2:37
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 68 М.
Бөкей Орда.құлпытас зерттеу.Жаманадай.
18:14
Ақтөбенің Қобда ауданын су басып, жүздеген адам көшірілді
2:31
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 16 М.