ІШТЕН ШЫҚҚАН ШҰБАР ЖЫЛАН……

  Рет қаралды 186

Қазақ тілі / Тіл білімі

Қазақ тілі / Тіл білімі

29 күн бұрын

ІШТЕН ШЫҚҚАН ШҰБАР ЖЫЛАН……
Ертеде бір аңшының әйелі жылан етіне жерік болыпты. Жарының жерігін басу үшін аңшы жылан аулайды. Әйелі жерігі басылғанша жылан етін жей беріпті.
Тоғыз ай өткенде, әйелдің толғағы жетеді. Бірақ дүниеге жыланға ұқсас ұл туады. Жұрт бұл сұмдықты көріп, шошыпты. Күйеуі де ұлының жанына жуымай, қашқан екен.
Тек әйел ғана балам деп бауырына басады. Ұлына Бапы деп ат қойыпты. Әйтсе де жұрт жабылып, баланы өлтірмекші болады.
Әйел зар жылап «жылан да болса, ішімнен шыққан балам. Өлтіре көрмеңдер!» деп, елден араша сұрапты. Әйелдің көз жасын көргенде, жұрттың жүрегі елжіреп:
- Тар құрсағыңды кеңіткен, тас емшегіңді жібіткен, тоғыз ай, он күн көтерген, мехнат тартқан төтеннен, жылан да болса ұлы ғой жырақ мекендесін. Өлтірмейік, тау-тасқа жіберейік.
Елден жырақ мекендесін, - дейді. Әйел жыланды қимай-қимай, тау-тасқа апарып тастайды. Кейін жылан бала өзге жыланның басын қосып орда құрыпты.
Оған дейін жыландар жеке өмір сүрген екен. Өзі жыландардың патшасы болып, Бапы хан аталыпты. «Ордалы жылан» деген атау да осы кезде басталыпты.
«Іштен шыққан шұбар жылан» деген сөз де осы оқиғадан соң, ел аузында сақталыпты.
«Экософия немес киелі табиғат» кітабынан.

Пікірлер
Follow @karina-kola please 🙏🥺
00:21
Andrey Grechka
Рет қаралды 25 МЛН
Dynamic #gadgets for math genius! #maths
00:29
FLIP FLOP Hacks
Рет қаралды 17 МЛН
WHY DOES SHE HAVE A REWARD? #youtubecreatorawards
00:41
Levsob
Рет қаралды 28 МЛН
Қызылордада "Өнер қырандары" қолға түсті
1:34
Рысбала Жанашыр Жандардың берген заттары.
12:00
Рысбала Икрамбай
Рет қаралды 58 М.
Follow @karina-kola please 🙏🥺
00:21
Andrey Grechka
Рет қаралды 25 МЛН