Рет қаралды 18,911
Қайырлы кеш, Ұлыс апта көрермені. Тағы бір жұмыс аптасы өте шықты. Өздеріңіз білесіздер, біз үшін өңірлердегі жағдай, саяси сахнадаүғы оқиғалар мен халықтың мәселесі басты назарда. Солардың маңыздысын бір саралап өтсек.
Су тасқынына қарсы күреске бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған.
Үкімет тасқыннан зардап шеккендерге 4,5 млрд теңге көлемінде бір реттік көмек берілгенін хабарлады.
Ал Ұлысмедиа редакциясына Оралдан оннан аса адам хабарлып, саяжайлардағы үйлері су алып кеткен олар "енді далада қаламыз ба" деп қорқып отырғанын жеткізді.
Елтаңбаны өзгерту - Тоқаевтың ұсынысы емес. Мұндай мәлімдемені мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринжариялады.
Тасқын кезінде көрінбей кеткен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қайда жүр?
Бишімбаевтың сотына ресейлік журналистер мен түрлі блогерлер араласа бастады. Тікелей эфирде өтіп жатқан сот отырысы бұл жолы тағы да елдің жағасын ұстатты.
Ал “Атамекен” палатасының басшысы Райымбек Баталов ақталып әлек.
Сотта болып қайтқан ресейлік журналист Ксения Собчак “қазақтың ұят ұғымының кесірінен Салтанат Нүкенова құрбан болды” деп мәлімдеме жасады.
Бишімбаевтар да қалыс қалмай, ресейлік коуч Наталья Грейсті миллиондаған сомаға жалдапты деген ақпарат шықты.
Ал пропаганда айтпақшы, ресейлік Алексей Пивоваров деген журналист келіп, «Қазақстанда қалай?» деген фильм түсіріп кетті. Жалпы, бұл жақсы үрдіс емес. Осылайша, орыстар Қазақстандағы қоғамдық пікірдің қалыптасуына қол сұға бастады деген сөз. Қоғамдық пікір үлкен күш, оны сырт ел билемеуі керек.
Қазақстанда тик-ток бұғатталатын сияқты. Мұндай бастаманы депутаттарымыз ұсынып, министрлеріміз қоштап отыр.
Арнаға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз.
Читайте нас и подписывайтесь:
Сайт ulysmedia.kz
Facebook: / samal.ibrayeva
Telegram: t.me/ulysmediatg
Instagram: @samal.live
@ulysmedia.kz @vyhod_k_pravde
@ulysmedia.kz
Донаты для “Ulysmedia”:
+77017932418
Карта Kaspi Gold: 4400 4301 9413 8266
Карта Halyk Bank: 4300 0327 1086 4101
Samal Ibrayeva Kazakhstan
#Ulysmedia #қазақстанжаңалықтары #бишимбаев #собчак